Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 437
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ишемиялық инсульт
сілкілдек ұстама
455 Ер адам 50 жаста. Таңғы уақытта жүрегі айнуымен, кейде құсумен қатарласа жүретін, тұрақты, өте ауыр бас ауруына, басайналу, жалпы әлсіздікке, көру қабілеттілігінің төмендеуіне ("тоннелді көру" типі бойынша), есте сақтау қабілеттілігінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен: соңғы 3 апта бойы ауырады, ахуалы соңғы күндері күрт нашарлаған. Қарау барысында: АҚ 150/90 мм.с.б., пульс минутына 90 соққы, мойын бұлшықеттерінің қатаюы байқалады, Кернинг симптомы оң. Екі жақта да рефлекстер жоғары. Ауруды анықтауда диагностикалық тұрғыдан маңыздысын атаңыз:
бас сүйек рентгенографиясы (түрік ер-тоқымы)
эхоэнцефалография
көздің түбін зерттеу
люмбальді пункция;
бас ми МРТ +
456 Әйел адам 52 жаста. Оң жақ аяқ-қолдарының қимылдарының шектеуіне шағымданады. Анамнезінен: жақын күндері себізгі (душ) қабылдап шыққан кезде, аяқ-асты басы айналып, оң жақ аяқ-қолдарының саусақтарының ұйығанын сезінген. Созылмалы аурулары: АГ, 2 типті қантты диабет. Қарау барысында: есі анық, уақыт және кеңістікте ориентациясы бар. АҚ 160/100 мм.с.б. Ps 68/мин, Т -36,6 С. Дизартрия анықталған: сөздерді анық айтпайды, сөз тіркестердің соңын "жұтып қояды". Оң жақ ерін ұшы төмен түскен. Оң жақ аяқ пен қолдың ауырсыну, температуралық және сипап-сезі сезімталдығы төмендеген. Бұлшықет-сіңірлі сезім, вибрациялық және қысым сезімдері де оң жақ аяқ пен қолда төмендеген. Жүрісі өзгерген: аздап оң жақ аяғын сүйрейді. Аталғандардың ішінен диагностикалық тұрғыдан маңыздысын таңдаңыз:
бас ми МРТ +
электрокардиограмма
ангиография
электромиография
электроэнцефалография
457 Науқас 48 жаста, дене бітімі нормастеникалық, ұйықысының нашарлауы, жалпы әлсіздікке, ұйықышылдыққа, ашушаңдыққа, анальгедиктер қабылдаса ғана басылатын "тұла бойының ы сезіміне" шағымданып келген. Қарау барысында: m. Trapesius бұлшықетті төмпешігінің пальпациясы, омыртқа жотасының мойын бөлігінің, төменгі бел бөлімдері, кеуде бұлшықеттері, әсіресе екінші қабырғааралығы, жоғарғы жамбас бөлімі және тізе буындарының медиальді май төмпешіктері интенсивтілігі әртүрлі ауыру сезімі бар. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
Неврастеникалық синдром.
Склеродермия.
Омыртқаның мойын-кеуде бөлімінің остеохондрозы
Фибромиалгия. +
Омыртқаның бел бөлімінің остеохондрозы
458 ЖПД (ВОП) дәрігер қабылдауында 63 жастағы ер адам қатты бас ауруына, бас айналу, сөйлеудің бұзылысына, оң жақ аяқ-қолдарының күрт әлсіреуіне шағымданады. 16 жыл бойы ГР 4 дәрежелі АГ диагнозымен "Д" есепте тұрады, ұзақ уақыт бойы АПФ ингибиторлары мен несеп айдайтын препараттарды қабылдайды. Бүгін жағдайы күрт нашарлады. Бас ауруы күшейіп, оң жақ аяқ-қолдары ұйып, әлсіреген, сөйлеу бұзылыстары байқалады. Объективті: есі анық, тері жабындылары бозыңқы, оң жақ мұрынеріндік қатпары тегістелген, айқын дизартрия, оңжақтық гемипарез. АҚ 185/100 мм.с.б.б. Ең болжамды диагноз:
Субдуральды қанкету
Геморрагиялық инсульт
Ишемиялық инсульт +
Субарахноидальді қанкету
Гипертониялық криз
459 Ер адам 25 жаста, бетінің сол жақ бөлімінде ұстама тәрізді ауырсынулардың пайда болғанын айтады. Ауырсыну сезімі күйгендей кенеттен басталады, ұстама ұзақтылығы 1 минут. Ауырсыну оң еріннің жоғарғы жағынан басталып, шайнау, жуынған, қырынған кезде өршей түседі. Ауырсыну оң жақ беттің қызарумен, көзден жас ағумен қоса жүреді. Болжамды диагоз:
Бет нервінің нейропатиясы
Әкетуші нервтіің нейропатиясы
Блоктаушы нервтің нейропатиясы
Үштік нервтің невралгиясы +
Тіл-жұтқыншақ нервтің невралгиясы
460 67 жастағы науқастың үй шақыруына келген ЖПД (ВОП) аяқтарының толық қозғалысы жоқтығын анықтаған. Объективті: аяқтардың рефлекстері жоқ, аяқ бұлшықеттерінің ауқымды атрофиясы. Шат қатпарларынан бастап ешқандай сезімталдық түрлері анықталмайды. Топиялық ең болжамды диагнозы:
Жуанданған бел бөлімінің жұлыны зақымдалған +
Жұлынның жартысы зақымдалған
Жоғарғы-мойын бөлімнің жұлыны зақымдалған
Жуанданған мойын бөлімінің жұлыны зақымдалған
Кеуде бөлімінің жұлыны зақымдалған
461 "56 жастағы әйелге үйге патронаж жасаған дәрігер, науқаста қан қысымының 200/110 мм рт.ст. дейін жоғарылағанын тіркеді. Беттің сол жағы ұюы және сезгіштігі әлсіреуі, дизартрия, бас айналу, жүрісі тұрақсыздығы пайда болды. Объективті тексеруде: есі бар, адекватты, әр жаққа қарағанда нистагм бар. Ромберг позасында шайқалу байқалады. Саусақ және тізе-өкше сынамаларын 2 жағынан орындау кезінде атаксия. Шұғыл госпитализация мен қажетті көмек көрсетілгеннен кейін барлық патологиялық көріністер төмендеді.
Сіздің болжамдаған диагнозыңыз?
"
жіті гипертониялық энцефалопатия
Геморрагиялық инсульт
Ишемиялық инсульт
Бас миы тамырларының жіті тромбозы
Транзиторлық ишемиялық шабуыл +
462 Пациент 45 жаста, профилактикалық қарау барысында флюорография нәтижесінде С1-2 сол жақ өкпеде біркелкі емес құрылымды инфильтрат ошағы анықталған. Туберкулезбен ауратын науқаспен контактіге түсу мүмкіндігін жоққа шығарады. Қақырық бактериоскопиясы БК +. Болжамды диагнозды атаңыз:
Өкпенің инфильтративті туберкулезы +
Спецификалық емес пневмания
Кавернозды туберкулез
Орталық ісік
фиброзды-кавернозды туберкулез
463 Пациент 32 жаста, 2,5 аптаға созылған жөтелге, кеуде қуысының оң жағының ауру сезіміне, әлсіздік пен шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: әпкесімен тұрады, анасы өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезымен ауырады, әпкесі сау. Қарау барысында: Т-37,2 С. Тері жабындылар түсі боз, құрғақ, тургоры төмен. Қолтық, шат, жамбас, жақасты лимфа түйіндері оң және сол жақтан да эластикалық болып пальпацияланады, диаметрі 1 см, ауырмайды, терімен жабыспаған. ЧД -20/мин. Тыныс беткейлік, ырғақты. Дауыс дірілі оң жақ төменгі бөлімдерінде аздап ұлғайған. Аускультация кезінде: сол жақтан тыныс везикулярлы, оң жақтан бірең-сараң ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі, тыныс алу әлсіз, плевра үкелісінің шуы естіледі. Аталғандардың ішінде қайсысы диагноз қоюда диагностикалық тұрғыдан маңызды болып табылады:
БК үшін қақырықты бактериоскопиясы, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы +
спирография, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
ҚЖА (ОАК), кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
фибробронхоскопия, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
ЭКГ, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
464 Бала 6 жаста, 3 күн бұрын манту сынамасы жасалған. Инфильтрат өлшемі 5 мм құрады. Манту сынамасы нәтижесін бағалаңыз:
оң +
күдікті
теріс
гиперергиялық
қалыпты жағдай
465 Науқас 33 жаста, көшуге мәжбүрлілер қатарынан. Шағымдары: әлсіздік, іштің жайылмалы ауруы, тершеңдік, ішқату, ішөту, іш кебу. Кейде менструальді циклдың бұзылуы болады. Арасында кешкі уақытта дене қызуы көтеріледі. Соңғы екі жыл ішінде қатты азған, онысын жиі көшіп-қонып, түрмыстық тұрақтылықсыздықпен байланыстырады. Жарты жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған. Объективті: тік тұрғанда ішінің тығыздалуы, перкусия кезінде бүйірі мен төменгі бөлімдерінде тұйық. Пальпация кезінде - диффузды орташа ауыру сезімі бар, бұлшықеттік қорғаушылық жоқ, Кеуде қуысы флюорографиясында - екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде фиброзды өзгерістер, одан сол жақта диаметрі бірнеше см болатын доңғалақ инфильтрат бар. Берілген ақпаратты негізге ала отырып, болжауға болады:
Бауырдың бірінші реттік ісігі
Туберкулезды перитонит. +
Бадда—Киари синдромы.
Гемохроматоз.
Бауыр циррозы.
466 Бала 1 жаста. Ауруханада БЦЖ егілді – тыртық жоқ. Манту сынамасы 2 ТЕ – теріс. Сіздің тактикаңыз қандай?
Сынақ нәтижесіне қарамастан, Манту химиопрофилактиканы тағайындау үшін фтизиатрға жіберілуі керек:
бастапқы тексеру кезінде Манту сынамасы 8-10 аптадан кейін қайталанады, R-гр. жасушалар
Мантудың теріс нәтижесін есептей отырып БЦЖ екпесін салу +
Манту 2 ТЕ сынамасын 6 аптадан кейін тексереді және рентгенография гр. Жасушалар:
Бір жыл бойы учесткеде бақылау және одан кейін тексеру
467 36. пациент 85 жаста, өзінің жақындары мен таныс адамдарын танымай бастады. Балалық шақта, жас кезінде болған жайттар есінде, алайда осы кездегі болып жатқан құбылыстарды есте сақтауы күрт төмендеген. Аулада өз бетінше серуендей алмайды, себебі қайтар жолды есіне түсіре алмайды. Ойлау темпі баяулаған. Анамнезінде - АГ, инсульт болған. Кейде агрессивті, ашушаң. Аталмыш пациенттің негізге синдромын атаңыз:
депрессивты синдром
амнестикалық синдром
дементті синдром +
парафренді синдром
онейроидный синдром
468 Пациент К, 58 жаста, ішімдікке салынып кетуді доғарғаннан кейін ұйқысының бұзылған, белгісіз адамдарды көре бастаған, "Құдай алдына келетін уақытын" келді деген ер адамның "дауысын" естейтін болған. Ішімдікке салынғанына 5 ай болған. Анамнезінен: ішімдікке әуезқой болғанына 20 жылдан асқан. Соңғы ішімдікке салыну 5 айға созылған. Қарау барысында: сұрақтарға арасында кідіріп, қате, таңдамалы түрде жауап береді, әңгіме барысында бірдеңкелерге құлақ салып, жан-жаққа қарайлап отырады. Санасы делириозды тип бойынша бұлыңғырланған. Уақыт және кеңістікте дезориентацияланған. Әңгіме барысында жоғары қарап, саусақпен біреуді меңзейді. Сұрақтарға ашулана жауап береді. Бет әлбетінде шошу белгілері. Аталған ахуал (күй) аталады:
амбулаторлы автоматизм
сопор
кома
онейроид
делирий +
469 Бойжеткен қыз, 17 жаста, ұйқысының бұзылуына шағымданады, онысын жұмысқа тұрудағы сұхбатпен байланыстырады. Сұхбат нәтижесі келесі апта белгілі болады. Ұйықтататын дәрілер қолданған, алайда олар көмектеспеген. Қарау барысында қолдардың дірілі, ЧДД 18/мин, АҚ 120/80 мм.с.б., ЖЖЖ (ЧСС) минутына 86 соққы. Ахуалды (күйді) анықтаңыз:
Мания
Үрей +
Аффекті ұстамау
Қорықу
Дисфория
470 "20 жастағы жас әйелде біртіндеп 10 күн ішінде көңіл-күйдің төмендеуі, қарым-қатынас пен оқуға деген қызығушылық төмендеді, тамақтанудан ләззат алмайды. Ол қатты шаршауға, өмірлік белсенділік тонусының төмендеуіне, мезгіл - мезгіл ұйқының бұзылуына шағымданады. Суицидтік идеялар келетінін айтты.
Синдромның алдын-ала диагнозы қандай?"
Астениялық синдром
Психопат тәрізді
Депрессивтік синдром +
Невроз секілді
Истериялық
471 "Ер бала 6 жаста. Анасының айтуы бойынша өздігімен киімін кие алмайды, қимыл қозғалыстары баяуланған. Бейтаныс мамандармен тексеру кезінде ол жылады, содан кейін күлді, ескертулерге жауап бермей құшақтауға тырысты. Ұсынылған суреттер оны қызықтырмады (ол ойнады, лақтырды, жыртып тастады). Бірақ оның назарын аударған кезде, ол көрсетуді сұраған 5-6 суреттің ішінен таңдай ала білді. Сөздік қоры өте шектеулі. Жалпы категориялар (ойыншықтар, киім, аяқ киім, тамақ және т.б.) іс жүзінде игерілмеген, ата-аналар мен логопед үнемі онымен айналысса да, оң-сол жағын шатастырады.
Балаға қандай диагнозды болжауға болады?
"
Эпилепсия
психикалық дамуы кешіктірілген
Резидуалды-органикалық жетіспеушілік
Жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі
Орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігі. +
472 ЖПД қабылдауында 30 жастағы ер адамның әйелі 10 күн бұрын ол өте ашуланшақ болғанын, өзін-өзі сезінудің жоғарылағанын және жақын адамдарына дөрекілік танытқанын айтады. Көңіл күйі және назар аударуы бұзылған, дұрыс ұйықтамайды, өзін бос ұстай алмайды, жұмыста ол үнемі жаңа "идеяларға" алаңдайды - ол көптеген қоңыраулар жасайды, содан кейін ол бір күн ішінде өзі туралы 15-20 егжей-тегжейлі бейнелер түсіреді, оларды бірден Интернетке жүктейді. Ысырапты болды. Белсенді қызмет көрсетеді, жаңа таныстарға ұмтылады. Синдромның алдын-ала диагнозы қандай?
Психопатикалық
Гипоманиакальді +
Кататоникалық
Истерикалық
Маниакалық
473 ЖПД/ВОП қабылдауына анасымен бірге 19 жасар қыз келді, ол соңғы үш апта бойы таңертең көңіл-күй болмайды, тәбеті нашарлаған, салмағын жоғалтуда, фитнеске және жүзуге деген қызығушылығын жоғалтты. Сондай-ақ, тәулік ішінде көңіл-күйдің айтарлықтай ауытқуы байқалады. Көптеген шағымдарды ұсынады, жылайды. Ұсақ түйекке ызаланады. Тексеру кезінде іс жүзінде сау. Бұл науқасқа психотропты препараттардың қандай тобын тағайындау керек?
Нейролептиктер
Антиконвульсанттар