Файл: Философия пнінен емтихан билетіні сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1368

Скачиваний: 28

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

46.Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян).

Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетгі парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.

Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Сонау көне заманда басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сон-дықтан да қытай халқының мәдени туындыларында адамның табиғатпен байланыстары жан-жақты көрсетіліп, тамаша бейнеленеді. Даосизмнің негізін қалаушы — Лао-Цзы өз заманында «кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді. Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б. VI ғасырда қалыптаса бастаған. Лао-Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ жақтары да аз емес. Сол кезеңдегі тарихи деректерге сүйенсек, этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуций Лао-Цзыға арнайы келіп одан өзінің шығармашылық қызметі жайындағы пікірін білгісі келетіндігін білдіреді. Бірақ, «Көрі дана» Конфуцийді «Әлеуметтік жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт кетірдің, оның барлығы да бос әурешілік» деп қатты сынға алады. Лао-Цзының тұжырымдауынша, халық даоны (дао — жол деген мағынаны береді) негізге алуы қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Одан әрі ол былай деп пайымдайды: «Адамзат Жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді». Олай болса дао — адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Дао — жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. «Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі — өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни қағидалары «О пути к добродетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.



Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы — Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фуцзы, яғни Кун — ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 жылы шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы — ата-бабалар дәстүрлері мен зандарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бүл қағида — оның этикалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой түжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Суждения и беседы» деген еңбекте жан-жақты баян- дайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары «Ұстаз былай деген екен» деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып «Жетілген адамның» (цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында», негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: «Мемлекетті басқаратын адам — халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт». Нағыз «цзюнь цзы» болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз.
Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы - ян - ол жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – инь – керісінше, ауыр, қараңғы түсті бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы- бүкіл болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды.

Даосизм ағымы

Даосизм ағымы

Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (Vқ-Vғ.б.ғ.д.) “Даодецзин деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары қV-қққғ.ғ. жинақтаған.



Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.

Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.

Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті, өзгермейді, бітімсіз, танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао- бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.

47.Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).

Антикалық философия, б.з.д. 6 ғасырда Грецияда дүниеге келген, ерте грек және рим философиясы, б.з. 6 ғасырды қамтиды (529 жылы император Юстинианның соңғы грек философия мектебін, яғни Платон мектебін жапқан кезеңі). Антикалық философия шамамен 1200 жыл өмір сүрді. Бірақ оны тек территория және хронологиялық белгілері көмегімен анықтау мүмкін емес.
Антикалық философия – адамзат санасының философиялық дамуының жеке және өзіндік құбылысы. Ол Шығыстан грек қалаларына астрономиялық, математикалық және басқа білімдердің ауысу негізінде, ежелгі мифологияның өнер мен поэзияның ситезделуі, мифологияға қарағанда табиғат пен адам туралы ойлаудың өзгерісіне бет бұрыс жасады. Б.з.д 5 ғасырда философиялық космогендік жүйе туындады, ол – миф негізгі танымның рөлі ғана емес, сонымен қатар ойды білдірудің образды құралы, табиғат философиясы мен білім бір-бірінен алыстаған жоқ. Туындаған гипотезалар саны өте үлкен болды, себебі эксперименталды тексеру әдістері әлі жетілмеген. Философиядағы көп гипотезалар әлемді түсінудің философиялық типінің көптүрлілігін байқатады. Бұл көптүрлілік және гипотезалардың туындауының жоғарғы деңгейі Антик философиясының кейінгі уақыт пен ұрпақ үшін философиялық ойлау мектебі ретінде қалыптасты.
Антик философиясы мәселелерін келесі тақырып түрінде анықтауға болады: космология (натурфилософтар), оның контексіндегі раелды шындық «физис» (табиғат) және космос (тәртіп), мораль (софистер) адам танымы және оның ерекше қабілеті нақтыланған тақырып болды. Метафизика (Платон) интеллегибельді шындықтың өмір сүруін жариялау, шындық пен болмыс біртекті емес, идея әлемі сезімнен жоғары болады; методология (Аристотель, Платон) табиғатты тану және генезис мәселесін жетілдіру, сонымен қатар рационалды іздеу әдісі адекватты ойлау ережесі ретінде түсіндірілді; эстетика өнер және өздігінен тамаша мәселелерді жетілдірді; антикалық философия кезеңінің аяқталуында мистикалық-діни мәселелер қалыптасады, ол грек философиясының христиандық кезеңіне тән.
Негізгі философиялық дүниеге көзқарас түрлері антикалық философия құрамында болып, барлық келесі ғасырларды жетілдіріп отырған, - ол «ежелгі мұражай» емес, теориялық ойлардан құралған, оригиналды идеяларға толы тірі сурет. Ол, антикалық әлемнің нағыз қоғамдық күші ретінде, содан кейін философиялық мәдениеттің дамуының бүкіл әлемдік-тарихы ретінде көрініс тапты. Және әрбір жаңа ұрпақ жоғары білім алған сайын, осы әрқашан жас, өзін жаңа таныған философиялық ойлау ағынына толық енуге бейімделеді.

Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері
1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп болды.
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері
Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде 4 кезеңге бөлуге болады:
1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
2-3) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге кетеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
4) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.

48.Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас).

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін ( қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін .