ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1359
Скачиваний: 28
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоғамдық сананың түрлері:
- саяси сана таптар, ұлттар, әртүрлі топтардың, мемлекеттердің қатынасын қарастырады;
- құқықтық сана мақсаты - демократиялық заңдар арқылы теңдік, әдептілік қағидасын, адам бостандығын қорғау;
- моральдық сана (лат mores - әдет-ғұрып) – ар-ұждан, міндет-парыз, абырой, адамгершілік және әдептілікті өмір мақсаты тұтып, өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт;
- эстетикалық сана – өнер, әдемілік адам қызметінің өзгеше түрі. Көркемдік тұрғыдан берілетін шындықтың бейнесі, дүниені игерудің аса маңызды тәсіл;
- ғылыми сана – қоғамдық саналардың бәріне тікелей қатысты теориялар жиынтығы және т.б.
64.Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам.
ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТИПТЕРІ: 1.ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМ
2.ИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМ 3.ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМ
ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - БИЛІК. ИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - АҚША.
ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - БІЛІМ.
ҚОҒАМНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ: 1.материалдық игіліктерді өндіру;
2.дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру;
3.рухани игіліктерді өндіру;
4.еңбек өнімдерін бөлу;
5.адамдардың мінез-құлқын және қызметін реттеу, басқару.
Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
65.Постиндустриалды қоғам
— қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды.
Постиндустриалдық Қоғам - экономикалык дамыған елдердің "индустриялықтан", "индустриялықтан кейінгі" қоғам типіне өтуімен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым.
66.Діннің анықтамасы
Діннің жүздеген анықтамасы бар. Діннің анықтамасы бір кітап боларлықтай көп. Түрлі ғылым тармақтарының ғалымдары өзінің түсінігіне сай дінге анықтама берген. Бұл анықтамалардың ешқайсысы бір байламға келмеген. Дін жан-жақты білім саласы. Сондықтан әрбір ғалым діннің бір жағына баса назар аудара отырып анықтама берген. Дін адамның мәңгілікті түсінуін нығайтатын, ақыл-ойға жол бермейтін бір қабілет Макс Мюллер.
Дін, адамзатпен бірге пайда болды, адаммен бірге тіршілік етуде және куә болғанымыздай адамзатпен бірге болмысын сақтайтын тәңірлік жүйе.
Қысқаша айтар болсақ діннің анықтамасы. Сенім мен іс-әрекет түрлері және адамдар арасындағы қарым- қатынасты ретке келтіретін, сонымен адамдардың ізгі істер жасауын, бейбітшілік пен тыныштық ішінде, бір жерде өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы.
Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады. Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады.
Мұндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің мақсаты.
Философтардың идеалистік топтары (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік.
Ол Құдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Қүдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді. Қүдай туралы Кант былай дейді: … Қүдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Қүдай туралы мәселе — діннің ісі. Біз Қүдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Қүдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады.
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:
1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;
2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды;
4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;
5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;
6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді;
7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.
67. Дін және өнер
Үнділік Салва Расул (Salva Rasool) есімді қылқалам шебері Жаратушыға деген махаббатын каллиграфиялық және абстрактілік өнер арқылы бейнелейді. «Түрлі- түсті палитрамен кенеп бетіне түсірілген Құран аяттары үшөлшемді бейнеде көрінеді»
«Дүниежүзілік діндер» феномені.
Дін өзінің таралуы мен маңызына қарай әлемдік және ұлттық дін болып бөлінеді.Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін бар:
1.Христиан діні;
2.Ислам діні;
3. Буддизм.
Христиан діні-Христиан діні 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде пайда болған.Христиан діннің 3 тармағы бар: •католик;
•протестант;
•православие;
Ислам діні Ислам діні 610 жылы Арабия түбегінде пайда болды.Ислам дінін ұстанушылар 2 тармаққа бөлінеді:
•Суниттер
•Шииттер
Буддизм-Буддизм әлемдік діндердің ең ежелгісі. Буддизмнің негізін қалаған б.з.б VI ғ. Үндістанда тұрған принц Сидхартха Гаутама. Буддизм таралған аймақтар:Қытай, Жапония, Корея,ШриЛанка,Тибет,Тайланд,Мон янма.
Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері
(пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі.
Түрлі діндердің түрлі белгілері бар, әлемдегі діндерді бір түсінікпен түсіну мүмкін емес, дегенмен олардың ең басты ортақтығы: киелі, қасиетті заты, не орыны болуы, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культы болуы, табиғиаттан тыс құдіретке, немесе обсолютті, трансцендентті күшке өмірін арнауы, өмірден тысқары өмір туралы фантазиясының болуы.
Дін ритуалдардан, мерекелерден, еске алу мен сыйынулардан, немесе шоқынулардан, тежем-тиымдардан, транстардан, ән-күй-би немесе әлеуметтік топтық жиналыстардан, басқа да мәдение шаралардан тұрады. Оның қасиеттендірілген тарихы, және сол туралы ертегі- аңыздары болады, сол арқылы ол адамдарға өмірдің сондай түрдегі шындығы ең дұрыс дегенге сендіргісі келеді. Дәстүр, наным, табыну және құлшылық діни сенімнің негізі.
68.Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев).
Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Строс)
Діннің қоғамдық-рухани көрінісінің әралуандылығына қараңыз: шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену (Д.Б.Пратт) және тағы басқа.
3 Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Строс)
Діннің қоғамдық-рухани көрінісінің әралуандылығына қараңыз: шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену (Д.Б.Пратт) және тағы басқа. Дін – күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дін құрылымына келсек, оған: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.
Леви-Стросс дінді құрылымдық тұрғыдан түсінді. Діни феномендердің жүйелі динамикасының негізінде іргелі құрылымдар жатыр деп санады. Діни феномендер тұлғасыз құрылымның «функциясы» болып табылады. Осылайша, құрылым – мәнділік, ал дін – феномен ретінде бекітіледі. Леви-Стросс үшін дін, магия және ғылым, символдық жүйелерден құралатын бүтін мәдениет сияқты, бұл символдар бейсаналық құрылымдармен реттелген. Оның пікірінше, дін – табиғат заңдарын адамиландырудан, ал магия – адам іс-әрекеттерін табиғи қылудан тұрады. Леви-Стросс мифологияны тілмен салыстыра келе, тілдің қалыптасуы сияқты мифологияның қалыптасуы да түсініксіз екендігін көрсетеді.
69.Буддизм және оның негізгі бағыттары.
Теравада (хинаяна)
Теравада ("ақсақалдар туралы ілім") монахтар мен монахтар үшін шарап ережелерін қатаң сақтау мектебі болып саналады. Олар үшін Будда - рухани жетілу процесінде ағартушылыққа қол жеткізген, жүздеген туылу кезінде әр түрлі формада болатын тіршілік иесі. Теравада ізбасарлары рухани тәжірибе ретінде әртүрлі медитация әдістерін кеңінен қолданады. Философиялық ізденістер осы бағытты ұстанушыларға тән емес.
Махаяна
Махаяна ("ұлы күйме") - буддизмдегі екінші тарихи бағыт, біздің дәуіріміздің басында тәуелсіз бағыт ретінде қалыптасты. Махаяна Вьетнам, Қытай, Корея, Тайпей (Тайвань) және Жапонияның әртүрлі мектептерімен ұсынылған. Махаянада бодхисаттв идеясы дамыды-басқа тіршілік иелерін құтқаруға көмектесетін жоғары тіршілік иелері. Бұл ағартушылыққа қол жеткізген, бірақ басқаларға көмектесу үшін сансарда бірқатар туылуды жалғастыратын аспан жаратылыстарының класы.
Вайраяна
Вайраяна ("Алмаз күймесі") ерте буддизм мұрасы жаңа тәжірибелермен, мәтіндермен, мифологиямен және рәсімдермен толықтырылған үшінші ірі бағытқа айналды. Вайраяна Үндістанда V ғасырда қалыптаса бастады, ол бастамалар мен рәсімдерге баса назар аударумен, йоганың жаңа түрлерін өсірумен сипатталады. Моральдық тыйымдарды орындау міндетті емес деп санайды. Буддисттік тантризмге сәйкес, жердегі өмірдегі кез-келген сенуші үшін Будданың ең жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады, ол үшін сиқыр, йога, түрлі рәсімдер, мантраларды оқу қолданылады, әйелдердің рухани-йогикалық жетілуіне ерекше мән беріледі
Ламаизм
Ламаизм-бұл пригималай аймағының халықтарының махаяна, вайраяна және архаикалық сенімдерінің синтезі. Рәсімдерді орындау ламаизмде қайта туылу тізбегінен шығудың негізгі жолы ретінде түсіндіріледі. Ғибадатханаларда қасиетті заттарға табыну, канондық мәтіндердің жинақтары, ең құрметті фигуралардың суреттері сақталған. Ламаизмде дұғалардың мәтіндері бар айналмалы дұға барабандары танымал болды. Ламаизмнің әртүрлі бағыттары қалыптасты және ТАМЫРЛАДЫ, соның ішінде XV ғасырда дамыған "қызыл қалпақ" және "сары қалпақ" (гелукпа). Гелукпа басшысы-Далай-лама ("лама-Мұхит [даналық]") - Авалокитешвараның бейнесі ретінде құрметке ие. Тибетте басым, Моңғолия, Бурятия, Қалмақияда таралған лламалардың некесіздігін талап ететін бұл бағыт. XVII ғасырда. Далай лама ұзақ уақыт бойы ламаистік дәстүрдің орталығына айналған Тибеттің рухани және зайырлы басшысы ретінде танылды. Ламаизм Орталық Азия қоғамдары мәдениетінің маңызды элементіне айналды