Файл: Философия пнінен емтихан билетіні сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1357

Скачиваний: 28

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Саналылық — адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті.

Бейсаналылық (бессознательное) — адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларғабиологиялық түрде тұқым қуалау ар-қылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гип- нотикалық күйлер және т.б жатады

 

10.Неміс классикалық философиясындағы ақылдың трансценденталдық негіздері.

 

Жаңа заман философиясында, әсіресе, оның таным теориясында пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған И.Кант (1724 – 1804) болды. Канттың айтуынша, зерде дегеніміз - ол да пайым. Бірақ ол – пайымның жоғары формасы. Зерде таным процесінде категориялар арқылы емес, принциптер арқылы көрініс береді. Канттың тілімен айтқанда,

 адамның “зердесі дегеніміздің өзі - принциптерді тудыру қабілеті”. Кант өзінің философиясында зерденің идеяны тудыратын ерекшелігін айқындап берді. Зерденің негізгі идеялары адам, әлем және Құдай туралы. Бірақ бұл идеяларды тану, оны толығымен зерттеп шығу мүмкін емес. Өйткені олар бір жағынан – жалпылама әрі абстрактылы, екінші жағынан – ешқандай мазмұны, мәні жоқ. Сондықтан зерде әлемді, бүкіл дүниені және олар туралы идеялардың негізін ашамын деп шешілмейтін қайшылықтарға тап болады. Бұл қайшылықтарды Кант өзінің философиясында “зерденің антиномиялары” деп атады. Кант бұл жерде қайшылық тек зерденің табиғатына ғана тән деп анықтама берді. Себебі, зерденің өзі “бүкіл әлемді, дүниені қалай да толық білемін, оның мәнін ашамын” деп өнбейтін іспен айналысады. Осындай ой-пікірлер арқылы Кант өзінің дәуіріне дейінгі философтар мен ойшылдардың арасында кеңінен өркен жайып келген “философия бүкіл әлем туралы ілім” деген көзқарасты қатты сынап отыр. Оның ойынша, бүкіл әлемді білу және оны толығынан тану мүмкін емес.

 Адам тек қана өзін-өзі білуге ұмтылып, өзінің рухани қызметінен шыққан білімдерге ғана ие бола алады. Ендеше зерденің бұл әрекеті қайшылықтан басқа ештеңе тудырмайды. Кант зерде тудырған қайшылықтарға
ерекше назар аудара отырып, оның антиномияларын да жан-жақты талдағанымен, олардың мәнін аша алмады. Олардың белгілі бір шешімге келмейтін себебін зерденің әлемді тануға ұмтылудағы дәрменсіздігі деп білді. Сондықтан Кант ендігі жерде зердені, оның дәрменсіздігін қатты сынға алып, оны айыптауға кірісті. Ал шындығына келгенде, бұл мәселеде ол күтпеген жерден табиғат пен қоғамдағы орын алған қайшылықтарды танимын деп ұмтыла отырып, зерденің диалектикалық сипатына тап болғанын байқамады. Мәселе зердеде емес, дүниедегі шым-шытырық диалектикалық қайшылықтарға толы

 процесте жатыр еді. Таным процесінің мақсаты – осы қайшылықтардың мәнін ашып, оның шешімін табу болмақ.

Кант өз заманының саяси-әлеуметтік тар өрісті жағдайына байланысты бұл қайшылықтардың мәнін түсіне алмады. Сондықтан ол зердені айыптауға, сынауға көшті. Канттың ойынша, зерденің даму тарихының үш кезеңі бар. Алғашқы кезеңде зерде бүкіл әлемге, барлық ойлау процесіне әсерін тигізіп тұрған құдіретті күшке ие болады. Оның қағидалары ешбір өзгермейтін, мәңгі жасайтындай көрінеді. Сөйтіп, ол барлық ғылымдардың

 ғылымына айналды. Кант бұл жерде зерденің тарихы арқылы философияның бір кезде, яғни жаңа дәуірде барлық ғылымдар үшін шешуші рөл атқарғанын көрсетіп отыр. Шынында да, сол бір кезде философия ғылымдарының атасы болғаны сөзсіз.Екінші кезеңзерденің идеялары мен принциптеріне деген сенімсіздіктің, күмәннің бірте-бірте пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде зерденің қағидалары әрі жалпы, әрі абсолюттік рөл атқарудан қала бастады. Сондықтан оның негізгі идеялары мен принциптері жаңа заман ағымына ілесе алмай, өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Дәл осы кезде ағылшынның атақты ойшылы Давид Юм өзінің скептицизмі мен агностицизмі арқылы зерденің бүкіл дүниені, әлемді тануға болады деген қағидасына алғаш рет күмән келтірді. Зерденің дамуының үшінші кезеңі, Канттың ойынша, сыншылдық дәуір деп аталады. Бұл кезең Канттың өз философиясынан басталады.

Канттың бұл ойын кейбір зерттеушілер түсінбей, “Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялады” деп айыптады. Ал, шындығында, бұл дұрыс емес еді. Өйткені, ол дәл осы кезде өзінің “Дін зерденің шектелуінде” атты атақты шығармасын жазған болатын. Ұлы философ бұл еңбегінде зерденің дінге шек қойып, оның аумағын тарылта беретінен айқын көрсетті. Жалпы зерде мен пайым ұғымдарын текфилософиятарихы үшін маңызды “ескірген категориялар” ретінде қарастыруға болмайды. Қазіргі заманғы философиядағы дүниені рационалды және иррационалды қабылдау пішіндерін зерттеу ойлаудың зерде мен пайым түріндегі пішімдерінің мәнін терең зерделеумен тығыз байланысты.

Зерде категориясы, сондай-ақ, қазіргі заманғы психология, педагогика ғылымдарының болашақ даму

 бағдарларын анықтауда да маңызды рөл атқарады

 

 

 

 

11.Шәкәрімнің үш анығы.

 

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты фәлсафалық трактаты – отандық, гуманитарлық білім жүйесінде ерекше орын алатын шығарма.

Қара сөзбен жазған «Үш анық» толымды, мағынасы терең шығарма. Қазақ ғылымында мұндай шығарма Шәкәрімге дейін жазылмаған. Әрине, есімізге хакім Абайдың қара сөздері, әсіресе отыз сегізінші сөзі оралады. Шәкәрімнің «Үш анығының» ерекшелігі, ол өзі ғұмыр кешіп отырған замандағы ғылымның, техниканың, философияның, діни, өзге де қоғамдық ғылымға қатысты ілім, теория, жаңалық деректерді және иррационалдық: спиритизм, телепатия, т.б. сол кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қап­таған ақпараттарды талқыға салған. Осылардың анық-қанығына толыққанды шолу жасаған.

Сонымен, бiрiншi анық-сезiм мүшелері қабылдайтын болмыстың заттық көрiнiсi .Бiрақ болмыстың бұл көрiнiсi ақиқат емес, яғни толық болмысты бiлдiрмейді. Толық болмысты, яғни акиқатты ақыл көзімен  ғана көруге болады. Ақыл көзi дегенiмiз,адамның логикасы немесе ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім ақыл деген сөзді  оның кең мағынасында пайдаланады. Акыл адамның акыл-есін, ой-өрісін, сана-сезiмiн анықтайды. Сондықтан осы бiр сөзбен адамның адами қасиетi белгiленiп отыр.

 

Екiншi анық- өлімнен соңғы тiршiлiк, яғни болмыстың көзге көрінбейтiн бөлiгi. Болмыстың бұл бөлiгi эзотерикалық, көзге көрінбейтін әлемге жатады.

 

Ал үшінші анық- екi өмiрге де, яғни көзге көрiнетiн заттық әлем мен көрінбейтін әлемге де керек - ұждан. Ұждан, немесе ұят-жан қасиеті. Ал бұл қасиет  адамның рухымен байланысты. Ұят Ғазиз Жанның шыбын жанмен байланысы. Бұл байланыс неғұрлым тығыз болса-соғұрлым ұят жоғары.Жан сипаты болып табылатын рух тәнмен осы адами қасиет аркылы байланысады. Адамды адам ететiн адами қасиет дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезiмнiң рухтанған, яғни рухпен нұрланған қалпы. Жануарларда бұндай қасиет жоқ. Себебі, олардың рухы өте әлсіз, әлі дамымаған. Адамның жануарлардан негiзгi айырмашылығы осында болса керек.

 

Шәкәрім философиясы  «Өзiңді таны, соның нәтижесiнде адамды таны>> деуге келеді. Шәкәрім зерттеулері бойынша адам болмысы үш бөліктен тұрады: тән, рух және жан. Тән табиғаттың негiзгi элементтерi топырақ, су, ауа, от және эфирден тұрады. Ол-материалдық болмыс. Рухқа - сезім, ой-өріс, ақыл-ec, түйсік және әркімнің өзіндік «мені» жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы қуат көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-бiлiмге және рухани ләззатқа құштар. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге асады. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелдi келедi. Жан тәндi тек рух арқылы билейді. Адамның материалдык болмысын жан мен рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз жетілген адам содан шығады.


 

12.Шәкәрім рух туралы.

 

Ұждан-дегеніміз ынсап,әділет,мейірім.Бұл сөздерден болмыс көріністерін адам бас көзімен көретінін білеміз.Бірақ бас көзімен көрген нәрсе ақиқат емес. «Бас көзі» деп бұл арада адамның екі көзі ғана емес,адамның сыртқы бес сезім мүшелері де айтылып отыр.Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды.Бұл оның өлеңдерінен де байқалады.

Абай тәрізді Шәкәрім де көрінетін және көрінбейтін әлемдердің байланысын жақсы түсіне білген.Шәкәрім осы сөздерімен көрінбейтін жоғарғы әлемдердің байланысын жақсы түсіне білген.Шәкәрім осы сөздерімен көрінбейтін жоғарғы әлемдердің осы көрнеу әлемге жасаған ықпалын көрсетіп отыр.Пайғамбарлар Жаратушының адамзатқа жіберген елшілері.Пайғамбарларды Жаратушы белгілі бір мақсатпен жіберіп,оларға ерекше рухани қуат береді.Сол қуаттың көмегімен пайғамбарлар адамдарды өздеріне сендіре біліп,олардың қатып қалған жүректерін жібітіп,сенімдерін оятады.бірақ өздеріне берілген бақытты түсінбей,Пайғамбар сөзіне сене алмаған бейбақтар да болады.Олар-өздерінің ескі сенімдерінен шыға алмаған бақытсыздар деп айтқан.

 

13.Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты.

 

Дене ретінде адам өмірге уақытша келіп-кетсе, рух ретінде Құдайға қосылуға құмартады, ал екі ортада абыржыған жан бар. Егер ол рухпен бірге болса, өлместік дәрежесіне көтеріледі, ал денеге жабысса, сонымен бірге құриды. Олай болса, адам өз-өзіне терең үңіліп, рухтың талаптарына сәйкес өмір сүруі керек.

 

Ұлы А. Августин адамның рух екенін мойындап, онда өмірде зұлымдық неге бар, оның себебі неде деген сұрақ қояды. Егер Құдай еш мінсіз, құдіретті болған болса, оның жаратқан Дүниесі де еш мінсіз, керемет, ғажап. Олай болса, кінә адамның өзінде. Ол аспан құндылықтарының орнына жердегі өтпеліні таңдады. Сондықтан өмірге зұлымдық келді.

 

Егер көне заманның ойшылы Сократ зұлымдық адамның надандығында, білетін адам зұлымдық жасамайды деген пікірде болса, Августин: «Ақыл — біледі, ырық — таңдайды, соңғы шешім адам ырқында, мен оның жаман екенін білемін, бірақ, мен соған қарай ынталанамын, ақырында оны жасаймын, күнәға батамын», -деген пікір ұстайды. Олай болса, зұлымдықтың түп-тамыры адамның өзімшілдігі, тәкаппарлығы мен өркөкіректігінде. «Тек қана Құдайды, оның жаратқан Дүниесін барлық жан-тәніңмен сүйген кезде ғана жан-дүниеңді құтқарып, мәңгілікке ие боласың», — дейді ұлы ойшыл.


 

Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласағұн да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады. «Құдайға жан-тәніңмен сену, ізгілік, ар-ұжданның талабынан шықпау, әділеттілік — адам рухын мәңгілікке әкеледі», — дейді ұлы ойшыл.

 

14.Тәндік және руханилық.

 

Философия мен мәдениет тарихындағы ең алғашқы жүйелерден бастап, қазіргі күнге дейін қайта-қайта қойылып, бiрак өз шешімін таба алмай келген мәселеге адам болмысындағы рухани және тәндік бастаулардың арақатынасын анықтау жатады. Ешкім тәнін тастап кете алмайды және осыны тек рухы арқылы түсінеді. Тек фантастикалык, аныздык, мифологиялық киялдарда ғана жан дененi уақытша қалдырып, алемді аралап, сосын кайтадан оған ене алады. Бiрак, жанын күтiп бос жаткан тән феномені нақтылы адамдық тәжірбиеде кездестi деген куәлікті немесе кездестіре алмаймыз. Бұл айтылғандар аксиоматикалық қағидалар сиякты. Алайда, түсінбеушілік пен пікірталас осы екi адамдык болмыс бастауларын айғақты ұғындырамын деген әрекеттердің қалтарыстарынан көрініп тұрады. Тіпті, жәй көзқарас үшін қарапайым тәрізді болып көрінетін жан мен тәннің табиғатын түсіндіруде талай шешімі қиын түйіндер мен алынбаған белестер кездеседi.

Аристотель адам өмірінің барлық игіліктерін үш топқа:сыртқы, жандық және тәндiк ген. Бірақ олар бір-бірінен ажыратыла әрекет етпейді. Сол себепті, дейді Аристотель, «мынадай деп ажыратқан маңызды болар: ен биiк игілік кайсысы, қайырымды жаннын болуы ма, әлде соны колдану ма, жанның қасиеті ме, әлде іс пе? Олимпия жарысындағы бәйгені ең сымбаттылар мен күштiлер емес, жарыска катынаскандар алатыны сиякты.... емiрде де ен тамаша әрі игілікті жемістер дұрыс іс істегендерде ғана болады. Ондайларға Сондай өмiрдiң өзі ләззат» дейді.

Егер өлі және тірі табиғатта оның осы ішкі күштері денесінен болiнбей омiр сүрсе, адам дүниеге келіп, абстрактілік ойлау мүмкіндіктері пайда болысымен-ак, олар оны н санасында бейнеленiп, неше түрлі категориялар, принциптер, нормалар, идеялар кундылықтарды тудырады.

Аса ескеруге алатын нәрсе - адам Дүниенің заңдылықтарын өз санасында тек бейнелеп қана қоймай, оны өзгертуге, жетiлдiруге, кемеліне келген модельдердi калыптастыруға, бүгiнгi өмiрде жок, бiрак болуға тиістіні ойлап шығаруға тырысады. Оны философия тiлiнде «кол астындағы болмыстың шеңберінен шығу, трансцендiлеу» дейдi. Мiне, осының арқасында қоғам өмірінде тиістілік, болуға тиіс, яғни құндылықтар әлемi дүниеге келеді. Ол - Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат пен Шындық, Әділеттілік, Еркіндік пен Теңдік, Сүйіспеншілік сияқты адами құндылықтар. Мұны рухтын ең биік кызметi деп айтсақ та болады.Ол тұлға өмірінің мән-мағынасын құрап, соны өмірге енгізуге бағытталған күш-жігерді тудырады.