Файл: Философия пнінен емтихан билетіні сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1366

Скачиваний: 28

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
,тірі организмдердің қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға әсері,реакциясы.

• Сезімталдық — тірі организмдердің сезім мүшелері арқылы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу қабілеттілігі.

• Психикалық бейнелеу.Психикалық бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады.Психика – адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат — мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбекктенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.

Сана - биологиялық бейнелеудің жоғарғы түрі.Жануарлардың санасынан адамның санасының айырмашылығы ерекшеленеді:

• тереңдігімен;

• еңбекке қабілеттілегі;

• абстракциялау мүмкіндігі;

• сананы жеткізу мүмкіндігі;

Адамның санасының негізгі қасиеттері:

• идеалдық;

• интенционалдық;

• идеаторлық;

Идеалдық —сананың ерекше, материалдық емес мәні. Өзінің табиғаты бойынша идеалдық сана:

• материалдық дүниеге қарама қарсы ;

• материядан тәуелсіз;

материалдық құралдармен танылмайды;

Интенционалдық - обьектіге деген бағыт.Сана затсыз, обьектісіз болуы мүмкін емес.

Интенционалдық сана:

• сана обьектісі;

• түрлері.

Сананың негізгі түрлері:

қабылдау;

• түсін;

• бағалау;

• еске ал;

• фантазия;

• өмірлік тәжірибе.

Сананың обьектісі:


қоршаған дүние, оның заттары,құбылыстары;

• ерекше, тәуелсіз рухани әлем.

Идеаторлық сана — идеяларды жасау және жаңғырту қабілеті — қарапайым бейнелеудің шеңберінен шығатын ішкі өзіндік жұмыс. Абстракциялдық идеяларды дамыту қабілеті — адамның санасының жануарлардың санасынан негізгі айырмашылығы.

Сана рухани таза жанға тән,жалпы алғанда сананы үшке бөлуге болады:

• материалдық болмысқа жататын сыртқы тән сезімі;

• ішкі ой-өріс сезімі;

• рухани болмысқа жататын алғашқы таза сана — рухани сана.

Сана құрылымына  эмоциялық, соның ішінде адамның көңіл-күйлері сезімі,сонымен бірге ерік процестері,ол адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады.
20.Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары.

Сананың құрылымы Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейінелес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Бейсана (ағылш. unconscious) — саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау.[1]

Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады.[2] *Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесалық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.



Сана (ағылш. mind) – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді.

Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, ниеттенулік, ар-намыстық және кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекше субстанция ретінде түсіндірілді, дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары деңгейлі жануарларға тән ішкі қасиет және қабілет ретінде қарастырады.
21.Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу.

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді.

Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды . Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.


Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған ортаның, қажетті алғышарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі. Басқаша айтқанда, тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған табиғи ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналды. Бұрын табиғатта дәл осындай дайын күйінде болмаған, адамдар өз қолы мен ақыл-ой күші арқылы жасап шығарған, өндірген жаңа заттар мен процестердің, жағдайлардың тұтас дүниесі пайда болды. Ғылымда мұны «екінші табиғат» деп те атайды

22.Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.

Онтология-болмыс мәселесін зерттейтін философияның бөлімі. Онтос сөзін алғаш рет антикалық ойшыл, Парменид қолданған. Грек тілінен аударғанда (ontos – барлық тіршілік, бар нәрсе; logos – сөз, ақыл, ой, ілім ) дегенді білдіреді. Яғни, онтология – бар дүниенің негіздері туралы ілім немесе болмыс туралы ілім. Онтология жалпы негіздерді, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын зерттейді.

Онтологияның қарастыратын екі мәселесі: болмыс мәселесі және болмыс пен сананың арақатынасы мәселесі.

Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.

Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.


23.Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон).

Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді - от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендігін аңғартады. «Болмыс - бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады», - дейді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл  - әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс  әрқашан  да  тұтас  және  бөлінбейтін  болғандықтан,  ол  туралы  ой  да бүтін  және  бөлінбейді,  оның  үстіне  оның  өзінің  болмысы  бар.  Нағыз болмыс  -  бұл  ақыл  -  оймен  игерілетін  болмыс.  Болмыс  пен  ой  тепе  -  тең.

Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне

жеткізе  алатын  және  оның  дәйектілігі  мен  күмәнсіздігін  негіздейтін  ой

адамға сенімділік береді.

Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті,

практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты  іс  - әрекеттері мен

ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол

батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де

бұрын  оның  нақты  өмірлік  қажеттіліктерін  бейнелейтін  нақты  да  айқын

экзистенциалдық негіздер болып табылады.

Осылайша  Парменид  болмыс  мәселесін  философияның  ең  басты  мәселесі

ретінде  негіздеп  қана  қоймай,  оның  болмыс  туралы  ілімі  метафизика  үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та,  материалдық  емес  те  болмыс  туралы,  табиғи  мәнділіктердің  соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты.

Зенон (б.з.д. 490 - 430 жж.) - Элей өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс - жалған (елес) болмыс. Зенон философия тарихында «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. Aporia – тығырыққа тірелу, шарасыздық) - ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама - қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес