ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.09.2021

Просмотров: 802

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

20



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Медициналық биофизика және информатика кафедрасы







ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС






Тақырыбы: «Медициналық ақпаратқа кіріспе. ДК архитектурасы»



Мамандығы 5В130200 «Жалпы медицина»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырушы: Омарбекова Н.К


















Қарағанды, 201

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

____ Хаттама «____»______ 2010

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.


ТАҚЫРЫБЫ: «Медициналық ақпаратқа кіріспе. ДК архитектурасы»

МАҚСАТЫ: Информатикамен ғылым ретінде танысу, ақпарат түрлері мен қасиеттерімен, санау жүйелерімен танысу.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • Информатика пәнін және нысанын білу керек;

  • Информатиканы құрайтын бөлімдерін білу керек;

  • Ақпарат анықтамасын білу керек;

  • Ақпараттың түрлерін және қасиеттерін, оны көрсету тәсілдерін білу керек;

  • Ақпараттың өлшем бірліктерін білу керек;

  • Санау жүйелерінің түрлерін білу керек;

  • Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аударуды істей білу керек;

  • Ақпараттың көлемін анықтауды істей білу керек.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • Информатика анықтамасы, пәні және нысаны, құрайтын бөлімдері.

  • Ақпарат анықтамасы, түрлері және қасиеттері.

  • Ақпараттық процестер.

  • Ақпарат түсінігі: Ақпарат көлемін анықтау, негізгі өлшем бірліктері.

  • Санау жүйелері, олардың түрлері. Сандарды бір санау жүйесінен басқаңа аудару.

  • Есептеу машиналарының негізгі даму кезеңдері, ЭЕМ буындары.

  • Есептеу техникасының архитектурасы.

  • Джон Фон Нейман принциптері. Командалар және адрестеу жүйесін ұйымдастыру.

  • ЭЕМ классификациясы.

  • Дербес компьютердің базалық конфигурациясы.

  • Жүйелі блок құрамына кіретін құрылғылар, олардың тағайындалуы мен сипаттамасы.

  • Енгізу құрылғылары, олардың тағайындалуы мен сипаттамасы.

  • Шығару құрылғылары, олардың тағайындалуы мен сипаттамасы.

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

Сұхбат.

Сабақтақырыбы бойынша материалды талдау. Мысалдарды бірлесіп шығару. (1 Қосымша)


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  2. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  3. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  4. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.


БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Информатиканың ғылым ретінде анықтамасы;

  2. Информатиканы қандай бөлімдері құрайды?

  3. Информатиканың пәні не болып табылады?

  4. Информатиканың нысаны не болып табылады?

  5. Ақпарат дегеніміз не?

  6. Ақпарат түрлерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз.

  7. Ақпарат қасиеттерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз.

  8. Ақпараттық процесстер дегеніміз не, олар қандай негізгі түрлерге бөлінеді?

  9. Ақпарат көлемі дегеніміз не?

  10. Ақпарат өлшем бірліктерін атаңыз?

  11. Алфавит дегеніміз не, алфавиттің қандай түрлерін білесіз?

  12. Код анықтамасы. Кодтау дегеніміз не?

  13. Санау жүйесі дегеніміз не? Санау жүйесінің қандай түрлері бар?

  14. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару тәсілдері.

  15. Аналогты есептеу машиналарының жұмыс істеу принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері

  16. Электрондық есептеу машиналарының жұмыс істеу принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері.

  17. Аналогты-цифрлық есептеу машиналарының жұмыс істеу принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері.

  18. Бірінші буын ЭЕМ сипаттамаларын айтыңыз.

  19. Екінші буын ЭЕМ сипаттамаларын айтыңыз.

  20. Үшінші буын ЭЕМ сипаттамаларын айтыңыз.

  21. Төртінші буын ЭЕМ сипаттамаларын айтыңыз.

  22. ЭЕМ архитектурасы дегеніміз не?

  23. ЭЕМ аппараттық бөлігіне не кіреді?

  24. ЭЕМ программалық бөлігіне не кіреді?

  25. Программа неден тұрады?

  26. Команда дегеніміз не?

  27. Қандай құрылғылар ЭЕМ функционалды құрылымына кіреді?

  28. Компьютердің жалпы схемасын суреттеңіз. Құрылғылар арасында ақпарат және командалар тасымалдау қалай жүзеге асырылады?

  29. Процессор қандай бөліктерден тұрады? Олардың функциялары қандай?

  30. Қазіргі ЭЕМ жұмысы қандай принциптерге негізделген?

  31. Компьютерлер жіктелуі.

  32. Базалық конфигурация дегеніміз не? Қандай құрылғылар компьютердің базалық конфигурациясына кіреді?

  33. Қандай құрылғылар ішкі деп аталады? Атаңыз.

  34. Сыртқы құрылғылар қандай топтарға бөлінеді?

  35. Процессор тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  36. Аналық тақша тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  37. Қандай құрылғылар енгізу құрылғыларына жатады? Атаңыз.

  38. Қандай құрылғылар шығару құрылғыларына жатады? Атаңыз.

  39. Монитордың тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  40. Принтердің тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  41. Графоқұраушы не үшін қажет?

  42. Пернетақта тағайындалуы, негізгі сипаттамалары.

  43. Пернетақта пернелері қандай топтарға бөлінеді, олар қандай функциялар орындайды?

  44. «Тышқан» манипуляторының тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары. Тышқан пернелері қандай функцияларды орындайды?

  45. Тышқанна басқа қандай манипуляторларды білесіз?

  46. Сканер тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  47. Планшет не үшін қажет?

  48. Колонкалар, микрофон, наушниктер не үшін қажет?

  49. Жады құрылғылары не үшін қажет? Түрлері.

  50. Жедел жадының тағайындалуы және негізгі сипаттамалары

  51. Тұрақты есте сақтау құрылғыларындай қандай ақпарат сақталады?

  52. Қатты диск тағайындалуы және негізгі сипаттамалары.

  53. Иілгіш дискілердің тағайындалуы және негізгі сипаттамалары.

  54. Лазерлі дискілердің тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары

  55. Қандай басқа жады құрылғыларын білесіз?

  56. Модем тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  57. BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі деген не?


    1. Есептерді шығару.

  1. "Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы" хабарламасының ақпраттық көлемі қанша. Бір символ бір байтпен кодталады және крші сөздер бір пробелмен ажыратылады.

  2. 12288 биттен тұратын хабарламада неше Кб болады?

  3. Хаттың 2 беті бар, әр бетте – 25 жол, әр жолда – 40 символ. Хаттағы ақпараттың көлемін анықтаңыз.

  4. Төрт, сегіз символдан тұратын екілік қатарлардың барлық саны қанша.

  5. Келесі сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аударыңыз:

345, 501, 315, 268, 112.

  1. Келесі сандарды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аударыңыз:

1111111, 1010001, 11100101, 110000111, 111110011.


    1. «Өз компьютеріңді жина» тапсырманы орындау.

Сіздің компьютеріңізге қандай ішкі және сыртқы құрылғылар кіру керек, сипаттамалары қандай болу керек. Тапсырманы жазба түрінде орындаңыз.

    1. Тест-бақылау.


1 Қосымша

ИНФОРМАТИКА ТҮСІНІГІ

Информатика — бұл ақпараттың қасиеттерін және оны жинақтау, көрсету, өңдеу мен тасымалдау тәсілдерін зерттейтін ғылым. Информатикада негізгі үш бағытты анықтайды: теориялық, практикалық және техникалық. Олар ақпарат теориясымен, алгоритмдер теориясымен, математикалық логикамен және комбинаторлық талдаумен байлансты информатиканың теориялық сұрақтарын; программалау мен қолданбалы бағдарламаларды қолданумен байланысты практикалық сұрақтарды; ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын жобалауды, құрастыруды және қолдануды зерттейді.

Оның басты бағыттары:

  • есептеу жүйелерін мен программалық қамтамасыз етуді құрастыру;

  • ақпаратты тасымалдау, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен байланысты процесстерді зерттейтін ақпарат теоpиясы;

  • математикалық модельдеу, есептеу және қолданбалы математика әдістері, оларды білімдердің түрлі салаларындағы зерттеулерде қолдану;

  • адамның интеллектуалды қызметіндегі логикалық және аналитикалық ойлау әдістерін (логикалық шешім, оқу, визуалды қабылдау, ойындар, т.б.) модельдейтін жасанды интеллект әдістері;

  • түрлі сипаттағы күрделі мәселелер бойынша шешімдерді дайындау және дәлелдеу үшін қолданылатын әдістемелік құралдарды зерттейтін жүйелік талдау;

  • биологиялық жүйелердегі ақпараттық процесстерді зерттейтін биоинформатика;

  • қоғамды ақпараттандыру процесстерін зерттейтін әлеуметтік информатика;

  • машиналық графика әдістері, анимация, мультимедиа тәсілдері;

  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, сонымен қатар, барлық адамзатты бірыңғай ақпараттық жиынтыққа біріктіретін глобальды компьютерлік желілер;

  • өндірісті, ғылымды, білім беруді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын және барлық басқа шаруашылық және қоғамдық қызметтерді қамтитын түрлі қосымшалар.

Медициналық ақпараттану (МА) — бұл медицина мен денсаулық сақтау саласында ақпараттық технология мен техниканы қолдана отырып ақпаратты алу, тасымалдау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету процесстерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

Медициналық ақпараттанудың зерттеу пәні медициналық-биологиялық, клиникалық және профилактикалық мәселелермен жанасқан ақпараттық процесстер болып табылады.

МА зерттеу нысаны денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар болып табылады.

АҚПАРАТ. АҚПАРАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ.

Ақпаратпен біз күнделікті өмірімізде әрдайым кездесеміз. Ол зат және энергия түсініктері сияқты ғылымның негізгі түсініктерінің бірі болып табылады.

Ақпарат — адамның түрлі қайнарлардан қабылдайтын мәліметтер, білімдер және хабарламалар.

Ақпаратты материя қасиеті деп қарастыруға болады. Ол материяның табиғаты мен құрылымы туралы, реттілік пен түрлілік және т.б. туралы көрініс береді. Ол материядан тыс өмір сүре алмайды, яғни ол мәңгі өмір сүреді, оны жинақтауға, сақтауға, өідеуг болады.