ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 134
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тепловоздардың барлық түрлерінің талаптарын қанағаттандыру үшін біржақты үйлестірілген арба құрылымында қарастырылған: бір электрқозғалтқыштағы (ТЭҚ) тартымдық бәсеңдеткіштің беріліс саны 4,41-ден (75/17) бастап 3,04 –ке (70/23) дейін өзгеруі мүмкін, яғни тартымды бәсеңдеткіштің ортааралық қашықтығының тұрақтылығы қамтамасыз етілген; доңғалақ ортасындағы дисклерді ауыстырғанда немесе олардың қос доңғалақтағы бірігуі 0-2Т ГОСТ9238-83 габаритке енгізілген сақина енінің өзгеруі 1520–дан 1435 миллиметрге дейін.
Матросов тежегіші жабдығының қондырылуы жүк тепловоздарына арналған, ал шет елдерге шығатын тепловоздарға құрылымдық жылдамдығы 120 шқм/сағ және одан да жоғары болатын сатылы басқыштары бар Кнорр үлгісіндегі тежегіштер және т.б. арналған. Арбалардың тартымды-беріктілік сапасы доңғалақ жұптарынан рельске көп күш 226 кН (23тс) түсіруге мүмкіндік береді.
Екінші топтағы үш білекті арба польстер майымен майланған, тұрақты тоқ беріп тұратын ЭД-118А электрқозғалтқышынан немесе тежегішті-білікті айналшықтарды айналымға (циркуляцияға) ыңғайландыру үшін майланған
ЭД118Б электрқозғалтқышынан бір жақты және бір сатылы тартым бәсеңдеткіш арқылы әрбір доңғалақ жұптарының дараланған жетегімен жабдықталған. ТЭҚ-тың арбадағы орналасуы тепловоз қозғалысы кезіндегі тартымнан білік бойынша түсетін күштің бірқатарлы бөлінуі есебінен локомотивтің іліністік салмағын қолдануды (10-12%-ға) жақсарту үшін оларды қатарласып орналастыратын тіректі-білікті болып жасалған.
Арба рамасы 1 доңғалақ жұптарымен біржақты әсер ететін тербелістің қатты біліктік қарыспасы бар тізгінді жақсыз букстері арқылы байланысады. Бұндай байланыс тартым күші, тежелу және арба рамасына доңғалақ жұптарынан сырғанау кезіндегі үйкеліссіз және саңылаусыз түсетін қарыспа күш берілісі үшін, сондай-ақ арба рамасындағы доңғалақ жұптары біліктерінің және оның салыстырмалы тікеден-тік тербелісінің параллельдігін және симмертиялығын қамтамасыз етуге арналған. Букстер тізгіндерінің қаттылығы көлденең бағытта 35-105 Н/м, ұзынынан – 240 105 – 280 105 Н/м. Бұдан басқа тепловоздың жолға әсер етуін азайту үшін, ортаңғы доңғалақ жұптарының көлденең қозғалысы оның букске қондырылуымен +14 мм біліктік екпін арқылы көбейтілген.
Арбаның серіппелер жинағы бар серіппегіштік іліктіргіші әрбір букстік торапта дара. Ол тізгінді есепке алмағанда 126 мм тұрақты иілуді және жол жағдайына тәуелді және тепловоз қозғалысы кезінде туындайтын, серіппегішүсті құрылымының тербелісі кезіндегі соқтығысудан аман болу үшін қажетті, арба рамасының бүйірлері мен букс корпусы арасындағы тұрақты күш түсу кезіндегі саңылаудың 40-50 мм болуын қамтамасыз етеді. Әрбір серіппелі жинақ түсетін күштің тепловоз білігі бойынша бөлінуін реттеу үшін қызмет ететін төсемдермен қондырылған.
Параллельді дара букстік серіппегіштік іліктіргішке тербелістің барлық үш түрін де (секіру, шоқырақтау және көлденеңінен шайқалу) азайтуға қабілетті құрғақ үйкеліс тербелісін дыбыссыз өшіретін сөндіргіштер қосылған. Тербелісінің толастауы үйкеліс күшінің өзгеруін реттеп серпінделген салмаққа 5-6% қамтамасыз етіледі.
Арба құрылымында (әрбір доңғалақ үшін) еспелі тежегіш қалыпты екі жақтан басатын пневматикалық қалыпты тежегіш қолданылған. Әрбір доңғалаққа жалпы беріліс саны 7,8 болатын иінді беріліс арқылы бір тежегіш цицлциндрінен қызмет көрсетіледі; иінді берілістің көлденең қисық сызықтары (триангели) тежегіш қалыптар арасындағы қалыптың бандаждан сырғып кетпеуін ұстап тұрады және (ТЭ109 үлгісіндегі экспорттық тепловоздар) еспексіз секциялық тежегіш қалыпты қолдануға мүмкіндік береді.
Қалып пен бандаж арасындағы саңылау 7 мм болған кезде тежегіш серіппе тетігінің шығып тұруы 55 мм болады деп белгіленген. Тетіктің пайдалану кезіндегі шығып тұру шамасы 55-120 мм. Оны реттеу үшін бойлық тартымда иінді беріліске тежегіш серіппелер тетігінің шығып тұруын реттейтін «бұрама-тегір» түріндегі реттегіштер қондырылған. Тежегіш қалыптар тозу шегіне жеткенге дейін бандаж бен қалып арасында тұрақты саңылау ұстауды қолмен реттемеу үшін, тетіктің шығып тұруын реттейтін реттегіштері бар «ТЦР-10» тежегіш серіппелерін қолдану мақсатында тәжірибелік-құрастыру жұмыстары жүргізілуде.
Тепловоздың арбаүсті құрылымынан түсетін күш арба рамасының бүйірлерінде орналастырылған резеңкеметалл элементтері бар жинақталған аунақшалы төрт тіреуге беріледі. Әрбір тіреуіш арбаның бұрылу ортасына қатынасы бойынша аунақшалық бөліммен арбаның бұрылысы және қайтарым мезеті қамтамасыз етілетіндей орналастырылған, ал шанақтың көлденеңінен жылжуы шүбіреннің көлденең еркін-серпінді қозғалғыштығымен және аунақшалық тіректің жоғарғы плитасында орналастырылған әрбір резеңкеметалл 7 элементтері жинағының жылжуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Тіректің қайтарым мезеті де және серпінді күш мезеті де тепловоз 120 км-сағ жылдамдықпен қозғалған кезде (қосымша толастатқыш орналастырылмағанда) тіреу шанақтың және арбаның көлденең жазықтықтағы салыстырмалы тербелісін өшіреді. Бұндай тіректі-қайтарымды құрылымда арбаның шанаққа қатысты ең жоғарғы тұрақты бұрылуы (көлденең жылжуды есепке алмағанда) 5о дейін болуы мүмкін, шанақтың қарсыпалы тірелуінен тепловоздың серіппегіш іліктіргіші 20мм дейін қосымша иіледі.
Тартым күші арба рамасынан шанаққа шүберіндік тораптар арқылы беріледі, шанақ шүберіндісінің берілген көлденең еркін-серпінді қозғалғыштығы + 40мм. Шүберін арбаның көлденең жазықтықтағы бұрылу білігі болып табылады. Арбаның доңғалақты базасының ең төменгі мәнінің бірдей болуы (1850х2 мм) және ТЭҚ-тің қатарласып орналасуы себебінен шүберін торабы бойлық арқалықта доңғалақ жұптарының орта білігінен 185мм ығыстырылып қойылған.
Жақсыз арбаның құрылымы, тартым жетегі, оның шанақпен байланысу әдісі үлкен іліктіру коэффициентіне, сондай-ақ есептелген іліктіру салмағын қолдану коэффициентіне жетуге бағытталған.
Арба рамасы мен букс корпусының тұрақтылық қоры коэффициенті 2 кем емес. Тартым бәсеңдеткішінің сенімділігі мен ұзақ мерзімділік модулі 11 мм қатты тісті берілістің модулі 10 мм беріліске ауысуы және серпінді тісті доңғалақпен (СТД) ауыстырылуы арқылы 1,2-1,8 млн шақырым жүріске жеткілізген. Шанақтың қатты тірегі резеңкеметалл элементтері бар құрылымды тірекпен ауыстырылғаннан кейін экипаждың жүріс бөлігінің тік және көлденең динамикасы тепловозбен түзу, құламалы қисық жол телімдерінен және бағыттық ауысулардан өтуге шек қоймайды. Алдыңғы арбада қолмен тежеу иінді берілісі, тепловозға кіру үшін арналған ілме баспалдағы және жылдамдық өлшейтін жетегінің болғанынан басқа тепловоздың екі (алдыңғы және артқы) арбасы да өздерінің құрылымы жағынан бірдей болады.
Үшінші топтағы арба – үш білікті, жақсыз, теңгестірілген серіппегіштік іліктірмесі, тіректі-рамалы тартымды жетегі бар. Бұл арба қуаты 2х2940кВт (2х4000 л.с.), біліктік күші 245 кН дейін болатын 2ТЭ121 жүк тепловозына арналған. 2ТЭ121 тепловозының экипаж бөлігінің құрылымына әсер еткен айырықша ерекшеліктері тіректі-рамалы тартымды жетегі және барлық магистральды және маневрлі тепловоздардың қолданыстағы доңғалақтарымен (1050 мм дейін) салыстырғанда доңғалақ диаметрінің (1250 мм) үлкендігі болып табылады. Бұл арба салмағының 2ТЭ16 тепловозы арбасымен салыстырғанда 40%-ға көбеюіне себепші болды.
2ТЭ121 тепловозының жалпы пішіні 6.3. суретте көрсетілген. Тіректі-қайтарымды қондыру 2 әдісі 2ТЭ116 тепловозымен бірдей (резеңекеметалл тіректер).
2ТЭ121 тепловозының жақсыз арбасы.
1- табақ серіппегіш іліктіргіш; 2- тіректі-қайтарым қондырғы; 3-серіппелер; 4-букс; 5-тартымды электрқозғалтқыш;
6-тартымды бәсеңдеткіш.
Арбашаның ақаулары және пайдалану процессінде
қойылатын талаптар
Арбашалардың ең басты ақаулары- қозғалмалы деталдардың қажалуы, қисық көлденең раманың сынуы, жарылуы, бекітпелердің босауы т.б.
Фрикционды бәсеңдеткіш тербелісті деталдарынан басқа, тежегіш башмак валигі ілмесінің кронштейін тесігі де соқтығысудан қажалады, сонымен қатар көлденең бекітпелердің деталдары, көлденең қораптың букса орындары қажалады.
Арбашаның көлденең рамасында, букса, рессор орналасатын ойықтарда, көлденең үстіңгі және астыңғы белдікте, тежегіш башмактарының валик ілмесінің орындарында жарықтар болады.
Егерде арбашаның көлденең қорабының және рессор үсті балкасының жарылуы, сырғанақ қақпағының сынуы және бекітпенің болттары кем болса жылжымалы құрамға жіберілмейді.
Егерде ақаудың біреуі арбашасында табылса, ағытылып аралық жөндеуге жіберіледі.
Арбашаларды күрделі және деполық жөндеу кезінде кіру бақылауды жөндеу позицияларына қойғаннан соң жүргізеді.
Сонан соң рессорлық комплекті деталдарының жағдайын тексереді. Рессор үсті балкасына қатысты фрикционды клиндердің көтерілуін т.б. тексереді. Тексерудің нәтижесіндегі ақауларды арнайы ведомостқа тіркеп, оны деталь мен түйідерді жөндеу кезінде қолданады.
Құйылған деталдардың қызмет көрсету уақытын тексереді, яғни олардың қызметі 30 жылдан аспауы қажет.
Жоспарланған жөндеу түрінде арбашаларды жөндеу арнайы арбаша бөлімінде ағымды немесе ағымды-конвейерный әдісімен орындалады.
Арбаша бөлімінде жөндеу әдісімен бөлек жуу, шашу, жинау, жөндеу және дайын арбашаларды қабылдау позициялары болуы қажет.
Арбашаны жуудан бұрын қос доңғалақтан раманы ажыратуы, технологиялық арбашаға орналастыруы, ал арбашаны жуу машинасына апарады.
Буксаға толық ревизия қажет емес арбашаларды жуу машинасына қос доңғалақғымен жіберуге рұқсат етілмейді.
Жуу жұмысы 600 С t-ға дейін, МЛ-52, МС-8, « Ламобид-101» типті ерітіндімен, 30г/л концентрация 19кгс/см қысымда орындалады.
Арбаша рамасын тазалаған соң шашу позициясына орналастыруы
, ретімен рычаждық берілісті, рессорлық ілмені, шкворень, сырғанақ деталдарын және көлденең раманы шашады.
Көлденең раманы және рессор үсті балкасын бақылауға көзбен қарауды қосады, қажалу мен ақауларды өлшеу арнайы шаблонмен бақылау және бұзылмайтын бақылау арқылы орындайды.
Бұзбайтын бақылау әдісі бойынша көлденең рамамен, рессор үсті балкасын вихретоковый дефектоскоп ВД-12 НФ немесе феррозонды бақылау ДФ (ДФ-1, ДФ-103, ДФ-105, ДФ-201) типті бақылау жасайды.
Дефектоскоппен тексеру алдында бақылайтын деталдарды стенд-контовательде жеті есе үлкейтететін лупа қолдану арқылы 12 немес 36В кернеудегі сүйретпелі шам арқылы, металл щетка, шаблон арқылы қарау жүргізіледі.
Визуальды қарау кезіндегі барлық ақауларды бормен белгілейді және қайтадан вихретоковый, феррозондовый немесе магнит ұнтақшасы әдісімен тексереді.
Еріту және дәнекерлеу жұмыстары арнайы дәнекерлеу позициясында орындалады. Ол позиция электрлі дәнекер, газды дәнекер және т.б. құрылғылармен қамтылған.
Жөнделген және тексерілген арбаша деталдары жинау позициясына беріледі.
Жиналған арбашаның жөндеу сапасын тексеріп, арбашаға арнайы клеймо, жазу, таңба басылады, сырлайды, вагон астына орналастырылған соң арбашаға шығу бақылауы жүргізіледі.
Арбашаның бөлігімен бөлшектерін жөндеу
Арбашалардың негізгі жарамсыздығы болып құйылған қапталды рамалары мен рессор үсті арқалықтарының үйкелген бөлшектерінің тозуы, жарықтары мен сынуы, үйкелме фрикционды планкаларының әлсіреуі, скользундер саңылауларын бұзып тастау саналады.
Фрикционды бәсендеткіш бөлшектерінен басқа, үйкеу салдарынан қарқынды тозуға тежеуіш башмагы ілмелерінің білікшелеріне арналған кронштейн саңылаулары, өлі нүкте ұстағышының кронштейні саңылаулары, көлбеу беттер мен рессор үсті арқалығының подпятниктері, көлденең скользундер бөлшектері, сондай – ақ қапталды рамаларының букстік ойықтарының бағыттаушы және тіреуіш беттері ұшырайды. Подпятниктерде вагонның бойлық білігімен сәйкес келетін білік бойындағы сыртқы бурттың ішкі беттері және тіреуіш беттері айрықша жылдам тозады. Олардың тозуының орташа қарқындылығы жылына шамамен 0,8 және 0,4 мм құрайды. Едәуір тозған кезде подпятниктер мен рессор үсті арқалықтарда салыстырмалы жылжу мен бірге соғылу және жарықтардың пайда болуына жағдай туады.
Арбашалардың қапталды рамаларында букс және рессорлы ойықтар бұрыштарында, көлбеу, төменгі және жоғарғы поястарды, тежеуіш башмактары ілмелерінің білікшелеріне арналған үдеулерде жарықтар пайда болуы әбден ықтимал. Рессор үсті балкаларын бақылаған кезде подпятник аумағына, скользундер тіреулеріне, көлбеу беттерге және құйма саңылауларының орналасқан жеріне аса зор назар аударған жөн.