ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.09.2021

Просмотров: 189

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

12



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Медициналық биофизика және информатика кафедрасы







ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС






Тақырыбы: «Кіріспе. Информатика пәні, объектілері және оның құрайтын бөлімдері.Есептеу жүйелері»




Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырушы: Оқытушы Букеева А.С


















Қарағанды, 2010

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

____ Хаттама «____»______ 2010

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.


ТАҚЫРЫБЫ: «Кіріспе. Информатика пәні, объектілері және оның құрайтын бөлімдері.Есептеу жүйелері»

МАҚСАТЫ: Информатикамен ғылым ретінде танысу, ақпарат түрлері мен қасиеттерімен, санау жүйелерімен танысу.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • Информатика пәнін және нысанын білу керек;

  • Информатиканы құрайтын бөлімдерін білу керек;

  • Ақпарат анықтамасын білу керек;

  • Ақпараттың түрлерін және қасиеттерін, оны көрсету тәсілдерін білу керек;

  • Ақпараттың өлшем бірліктерін білу керек;

  • Санау жүйелерінің түрлерін білу керек;

  • Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аударуды істей білу керек;

  • Ақпараттың көлемін анықтауды істей білу керек.


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • Информатика анықтамасы, пәні және нысаны, құрайтын бөлімдері.

  • Ақпарат анықтамасы, түрлері және қасиеттері.

  • Ақпараттық процестер.

  • Ақпарат түсінігі: Ақпарат көлемін анықтау, негізгі өлшем бірліктері.

  • Санау жүйелері, олардың түрлері. Сандарды бір санау жүйесінен басқаңа аудару.


БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

Сұхбат.

Сабақтақырыбы бойынша материалды талдау. Мысалдарды бірлесіп шығару. (1 Қосымша)


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  2. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  3. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  4. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.




БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Информатиканың ғылым ретінде анықтамасы;

  2. Информатиканы қандай бөлімдері құрайды?

  3. Информатиканың пәні не болып табылады?

  4. Информатиканың нысаны не болып табылады?

  5. Ақпарат дегеніміз не?

  6. Ақпарат түрлерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз.

  7. Ақпарат қасиеттерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз.

  8. Ақпараттық процесстер дегеніміз не, олар қандай негізгі түрлерге бөлінеді?

  9. Ақпарат көлемі дегеніміз не?

  10. Ақпарат өлшем бірліктерін атаңыз?

  11. Алфавит дегеніміз не, алфавиттің қандай түрлерін білесіз?

  12. Код анықтамасы. Кодтау дегеніміз не?

  13. Санау жүйесі дегеніміз не? Санау жүйесінің қандай түрлері бар?

  14. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару тәсілдері.



    1. Есептерді шығару.

  1. "Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы" хабарламасының ақпраттық көлемі қанша. Бір символ бір байтпен кодталады және крші сөздер бір пробелмен ажыратылады.

  2. 12288 биттен тұратын хабарламада неше Кб болады?

  3. Хаттың 2 беті бар, әр бетте – 25 жол, әр жолда – 40 символ. Хаттағы ақпараттың көлемін анықтаңыз.

  4. Төрт, сегіз символдан тұратын екілік қатарлардың барлық саны қанша.

  5. Келесі сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аударыңыз:

345, 501, 315, 268, 112.

  1. Келесі сандарды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аударыңыз:

1111111, 1010001, 11100101, 110000111, 111110011.



    1. Тест-бақылау.


1 Қосымша

ИНФОРМАТИКА ТҮСІНІГІ

Информатика — бұл ақпараттың қасиеттерін және оны жинақтау, көрсету, өңдеу мен тасымалдау тәсілдерін зерттейтін ғылым. Информатикада негізгі үш бағытты анықтайды: теориялық, практикалық және техникалық. Олар ақпарат теориясымен, алгоритмдер теориясымен, математикалық логикамен және комбинаторлық талдаумен байлансты информатиканың теориялық сұрақтарын; программалау мен қолданбалы бағдарламаларды қолданумен байланысты практикалық сұрақтарды; ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын жобалауды, құрастыруды және қолдануды зерттейді.

Оның басты бағыттары:

  • есептеу жүйелерін мен программалық қамтамасыз етуді құрастыру;

  • ақпаратты тасымалдау, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен байланысты процесстерді зерттейтін ақпарат теоpиясы;

  • математикалық модельдеу, есептеу және қолданбалы математика әдістері, оларды білімдердің түрлі салаларындағы зерттеулерде қолдану;

  • адамның интеллектуалды қызметіндегі логикалық және аналитикалық ойлау әдістерін (логикалық шешім, оқу, визуалды қабылдау, ойындар, т.б.) модельдейтін жасанды интеллект әдістері;

  • түрлі сипаттағы күрделі мәселелер бойынша шешімдерді дайындау және дәлелдеу үшін қолданылатын әдістемелік құралдарды зерттейтін жүйелік талдау;

  • биологиялық жүйелердегі ақпараттық процесстерді зерттейтін биоинформатика;

  • қоғамды ақпараттандыру процесстерін зерттейтін әлеуметтік информатика;

  • машиналық графика әдістері, анимация, мультимедиа тәсілдері;

  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, сонымен қатар, барлық адамзатты бірыңғай ақпараттық жиынтыққа біріктіретін глобальды компьютерлік желілер;

  • өндірісті, ғылымды, білім беруді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын және барлық басқа шаруашылық және қоғамдық қызметтерді қамтитын түрлі қосымшалар.


Медициналық ақпараттану (МА) — бұл медицина мен денсаулық сақтау саласында ақпараттық технология мен техниканы қолдана отырып ақпаратты алу, тасымалдау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету процесстерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

Медициналық ақпараттанудың зерттеу пәні медициналық-биологиялық, клиникалық және профилактикалық мәселелермен жанасқан ақпараттық процесстер болып табылады.

МА зерттеу нысаны денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар болып табылады.

АҚПАРАТ. АҚПАРАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ.

Ақпаратпен біз күнделікті өмірімізде әрдайым кездесеміз. Ол зат және энергия түсініктері сияқты ғылымның негізгі түсініктерінің бірі болып табылады.

Ақпарат — адамның түрлі қайнарлардан қабылдайтын мәліметтер, білімдер және хабарламалар.

Ақпаратты материя қасиеті деп қарастыруға болады. Ол материяның табиғаты мен құрылымы туралы, реттілік пен түрлілік және т.б. туралы көрініс береді. Ол материядан тыс өмір сүре алмайды, яғни ол мәңгі өмір сүреді, оны жинақтауға, сақтауға, өідеуг болады.