ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.09.2021

Просмотров: 217

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

7


Ф КГМУ 4/3-06/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ










ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




Тақырыбы: «MS Excel кестелік процессор.Формуламен жұмыс»


Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған: Тажина А.М.







Қарағанды , 2010



Кафедра отырысында бекітілді


_____ хаттама «____»_______________


БЕКІТІЛГЕН


Кафедра меңгерушісі ____________________Б.К.Койчубеков.


ТАҚЫРЫБЫ : ” MS Excel электрондық кесте. Формуламен жұмыс”


Сабақ мақсаты: Студенттерді Excel 7.O қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеуді үйрету.


Студент білуі керек:

  • Excel программасының тағайындалуын

  • Excel программасының мүмкіндіктерін


Студент істеуі керек:

  • Excel программасын қосу

  • бастапқы мәліметтерді енгізу

  • бастапқы мәліметтер кестелерін фоматтау

  • жаңа жұмыс кітабын құру

  • көшіруді орындау

  • беттермен жұмыс істеу

  • формулалармен жұмыс істеу


Базистік сұрақтар

  1. Windows операциондық жүйесі

  2. Терезелермен жұмыс істеу

  3. Менюмен жұмыс істеу

  4. «Тышқанмен» жұмыс істеу

  5. Файлдармен жұмыс істеу (құру, көшіру, атын өзгерту)

  6. Word мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.


Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

  1. Формулалар енгізу

  2. Негізгі математикалық және статистикалық функциялар

  3. Функциялар мастері және оның тағайындалуы

  4. Көшіру операциясы

  5. Суммаларды есептеу

  6. Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер



АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Оқытушымен жұмыс істеу


Формулаларды құрастыру және енгізу

Ұяшықта мәтін мен саннан басқа формула да бола алады, яғни оның ішіндегі мәлімет басқа ұяшықтардағы мәндерді ескере отырып саналады.

Формулаларды енгізу электрондық кестелердің ең маңызды және негізгі операцияларының бірі болып табылады.

ФОРМУЛАЛАРДЫ ЕНГІЗУ кезінде әрқашан =(теңдік) символынан бастау керек. Формулаларды енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталады.

Excel программасында көптеген түрлі математикалық, статистикалық, логикалық және басқа функциялар бар. Енді тек қана олардың аргументтерінің мәндерін беру қалады, ол функциялар мастерінің көмегімен жүзеге асырылады. Функциялар мастерін Стандартная саймандар панелінің x пернесіне шерту арқылы шақыртуға болады. Басқа варианты – Менюдің Вставка пунктінен Функция опциясын таңдау. Алдын –ала қажетті функциясы бар формула орналасатын ұяшықты белсенді ету керек. Экранда функциялар мастерінің терезесі ашылады. Алдымен (бұл бірінші қадам) Категория өрісінде қажетті функция жататын топты таңдайды, ал Функция өрісінде оның атын көрсету керек. Егер функция атынан ештеңе түсініксіз болса, онда терезенің төменгі жағында осы функциямен орындалатын әрекеттер туралы көмекші сөздер шығады (?). Бұл ақпарат жеткіліксіз болса, қосымша Помощник батырмасын басуға болады. Формула таңдалған соң ОК басу керек: осылайша келесі қадамға өтуге болады. Функцияны енгізуді болдырмау үшін Отмена батырмасын басқан жеткілікті.

Функциялар мастерінің екінші қадамы аргументтерді беруден тұрады. Ол үшін формулалар палитрасы қолданады. Бұл жерде бірнеше әдісті қолдануға болады.

Бірінші әдісі - мәндерді және ұяшықтар адрестерін ашылатын өрістерде енгізуге болады, әрбір жаңа аргументті енгізу Tab немесе келесі енгізу өрісіне шерту арқылы аяқталады. Барлық аргументтер енгізіліп болған соң, Enter пернесін немесе ОК батырмасын шерту керек.

Функция аргументтерін берудің екінші әдісі – осы аргументтері бар ұяшықтарды тышқанмен шерту керек (керек болған кезде ұяшықтар тобын да белгілеуге болады). Олардың адрестері формулалар палитрасының ағымдағы енгізу өрістерінде көрініс табады. Егер палитра бөгет жасаса, енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады, сонда ол жинақталады. Оралған палитраны ашу үшін екінші рет енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады.

Функция күрделі формуланың құрама бөлігі ретінде бола алады, және бір формулада бірнеше функциялар қолданыла алады..

Суммаларды есептеу (автосуммалау).

Кестелерді құрастыру кезінде суииалау операциясы жиі қолданылады. Суммалау үшін функциялар мастерін қолдануға болады, басқа да жолы бар: келесі әрекеттер тізбегін орындайды.

  1. Сумма орналасуы қажет ұяшықты белсенді ету

  2. Саймандар панеліндегі Автосумма батырмасын басу.

  3. Суммалау диапазонына сәйкес келетін ұяшықтар блогын тышқан нұсқағышының көмегімен белгілеу.

  4. Enter пернесін басу.


Нәтижесінде белсенді ұяшықта сумма есептеледі.

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС.

Қорытынды тапсырмалар.

  1. Арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесінің қосындысын табатын кесте құр. Арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесін мына формула арқылы шығарылатының еске түсірейік. Мұнда а1- прогрессияның бірінші мүшесі, ал d арифметикалық прогрессияның разность түрі. Арифметикалық прогрессияның бірінші n мүшесі мына формулмен шешіледі . Есепті шешпес бұрын прогрессияның бірінші мүшесін табу керек. Мысалға 2 санын алындар. Бұл тапсыраманы орындау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет.

  2. Екінші жолды белгіленіз.Талап қойылған өлшемді орнатыныз: қаріптерді курсивпен, ол үшін саймандар тақтасында К қаріпімен белгіленген пиктограммасын басып, қаріп өлшемін Times New Roman 12 пт өзгертеміз.

  3. А1 ұяшығын белгілеп кестеміздің тақырыбын «Арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесін жән n –мүшесінің қосындысын есептеу» деп қойамыз.Тақырып бір жолға орналасып, бірнеше ұяшық алуы мүмкін.

  4. Тақырып жолының бағандарын түрлендіру керек. Ол үшін А2 ұяшығына «d» қаріпін, В2 – ұяшығына «n», С2 –ұяшығына «an», D2 –ұяшығына «Sn» қаріптерін енгізініз. Жоғарғы индекстерді бегілеу үшін алдымен мына индекстерді белгілеу керек (сізде алдымен жолға әдеттегідей n қаріпін С2 және D2 ұяшығына енгіземіз ). Келесі мәзір жолынан ФорматҰяшық командасын орындап, Шрифт вкладкасын орындап Эффекты ажыратып қосу тобынан төменгі индекс ажыратып қосқышын айрықшалау қажет.

  5. А3 ұяшығына арифметикалық прогрессияның айырымын енгізіп, мысалы 0,725 санын енгіз. Осылайша төменгі ұяшықтар қатарын осындай сандармен толтыру керек. Ол үшін А3 ұяшығын белгілеп Маркер толтыру көмегімен А3 ұяшығынан төмен орналасқан 10-шы ұяшыққа дейін созамыз.

  6. Келесі бағанға қатарынан 1 ден 10-ға дейінгі сандарды орналастыр. В3 ұяшығына 1 санын, В4 ұяшығына 2 санын орналастырып, екі ұяшықты яғни В3, В4 ұяшықтарын белгілеп Маркер толтырғыш көмегімен төменге қарай 8 ұяшық А12 дейін созыныз. Сол кезде баған автоматты түрде 1ден 10 дейін толтырылады.

  7. С бағанына арифметикалық прогрессияның мүшелерін орналастыр. С3 ұяшығына арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі, мысалы -2 енгіз. Енді С4 ұяшығын арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесін есептейтін формуланы енгіз. Ол үшін С4 ұяшығын белгілеп, міндетті түрде латынға көшіп, осы ұяшыққа =С3+А3 формуласын жаз. Enter батырмасын басу арқылы ұяшықтағы формуланы бекітініз.С4 ұяшығын белгілеп, Маркер толтыруды С12 ұяшығына дейін соз. Сонда белгіленген ұяшықтар арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесін есептейтін формуламен толтырылады.

  8. D3 ұяшығына арифметикалық прогрессияның бірінші n –ші мүшесінің қосындысын септейтін мына =(-2+С3)*B3/2 формуланы енгіз. D3 ұяшығын белгілеп Маркер толтыру көмегімен төменгі D12 ұяшығына дейін созу арқылы толтыр. Енді кесте толығымен толтырылды. Тек көркемдеу ғана қалды.

  9. Мәліметтерді автоматты түрде баған бойымен туралау керек. Ол үшін ұяшық аралықтар белгіленіз А2:D12. Формат мәзірінен СтолбецАвтоподбор ширины командасын орындаймыз.

  10. Енді кестенін тақырыбын көркемдеу керек немесе тақырып орналасқан ұяшықты: «Арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесін жән n –мүшесінің қосындысын». А1 ден D1дейінгі ұяшықтарды белгілеп, ФорматЯчейки командасын тандап, Выравнивание закладкасында түзетуді және Выравнивание по горизонтали тобында по центру выделению айырып қосқышын орнатып,ал Отображение тобынан сөздерді ауыстыру керек. ОК батырмасын басыныз. Бұл кесте тақырыбын бірнеше жол және белгіленген ұяшықтардын ортасына орналастыруға мүмкіндік береді.

  11. Кестеге түзетулер енгізініз. Ол үшін А2:D12 ұяшық аралықтарын белгілеп (тақырыпсыз кесте), ФорматЯчейки командасын орындап, Граница закладкасын тандап, сызық түрін тандап, ішкі және сыртқы қосқыштарды айрықшалау қажет. ОК батырмасын басыныз.Содан кейін тақырыпқа қатысты ұяшық блоктары: А1 ден D1 дейін, және осы әрекеттерді қайталай отырып ішік қосқышты орнатыныз. Бұл жағдайда барлық ұяшықтарда емес тек белгіленген ұяшықтарда жақтаулар пайда болады.

  12. Кестенің сонғы түрін ФайлПредварительный просмотр командасын орындау арқылы көре аламыз.