Файл: Ебек орауа нсау беру жмыстарына Кіріспе нсауын беру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сондай-ақ, ауаның құрамындағы оттегі 14 - 16% - ға дейін азайғанда жану тоқтайды, ал оттегі 8 - 10% - ға түскенде шоқ сөнеді.

Өндірісте пайданылатын заттарды олардың жану қабілетіне қарай үш топқа бөлуге болады: жанатын заттар, жанбайтын заттар және жануы қиын заттар.

Жануды тоқтату әдістері және от сөндіргіш заттар

Жануды тоқтатудың үш жолы бар:


  1. Жанатын заттың отқа келуін тоқтатып, басқа жаққа алып кету;

  2. Жанып жатқан жерге оттегінің келуін тоқтату немесе оны азайту;

  3. Жанып жатқан жерге оттегінің келуін тоқтату немесе оны азайту;

Отты сөндіру үшін от сөндіргіш заттар пайдаланылады. Олар: су, көбік, көмір қышқылы, инертті газдар, құм, ұнтақтар және түрлі жапқыш құралдар: брезент, киіз асбест.

Су - өрт сөндіру үшін көп қолданылатын зат. Судың ағыны жалынды бөліп, тұншықтырады. Сондай - ақ, су жанып жатқан затты салқындатып, отты сөндіреді. Су отқа тигенде буға айналып, ол жерге оттегінің қатысуына жол бермейді, сөйтіп жануды тоқтатады.

Бірақ суды уақытта пайдалануға болмайды. Ол ток өткізгіш, ол арқылы адамды ток ұруы мүмкін. Қатты қызған темірге тигенде су сутегі мен оттегіне бөлініп, қопарылыс пайда етеді. Сондай - ақ, су кальций карбидіне тигенде ацителен бөлінеді, әктасқа тигенде жоғары жылу бөлінеді. Мұның бәрі адамның денесін күйдіруі мүмкін.

Судың салмағы жанармайдан ауыр. Сондықтан су жанып жатқан майды сөндірудің орнында оны ұлғайтып жіберуі мүмкін. Су төмен температурада қатып қалады.

Көбік - жақсы от сөндіргіш зат. Көбікті қысылған ауамен немесе химиялық жолмен алады. Қысылған ауамен алынатын көбік ауаның түйіршіктерінен тұрады, ал химиялық жолмен алынатын көбік қышқыл газдан тұрады. Көбік жеңіл болады, оны жанар - жағармайларды сөндіру үшін пайданылады. Көбік бензиннің бетінде қалқып жүреді және отқа ауаның, будың, газдың баруына жол бермей, сөндіреді.

Көбікпен еріткіш сұйықтар, электр тогы жүріп тұрған желілерді, адамның үстіндегі киімді сөндіруге болмайды. Ол үшін түрлі жапқыш заттарды пайдалану керек (киіз, брезент, асбест).

Көмірқышқыл газын түрлі отты сөндіруге пайдалануға болады. Ол тоқ өткізбейді, ауаны келтірмейді. Оған қоса, көмірқышқыл газының қар сияқты массасы - 72 С температурасымен отты салқындатады. Ол ауадан 1,5 есе ауыр.

Демек, ол оттың арасына кіріп, тұншықтырады.


Көмірқышқыл газымен этилді спиртті, целлулоидты, термитті сөндіре алмаймыз. Өйткені олар оттегінің қатысуынсыз жанады.

Отты сөндіруге, сондай - ақ, инертті газды (азот), өрт сөндіргіш ұнтақтарды (кальцилендірілген сода - графит, тальк, т.с.с.) пайданылады.

Құм да отқа оттегіні келтірмей салқындатады.
Өрт сөндіргіш құралдар

Өрт сөндіру үшін түрлі техникалық құралдарды пайданылады. Олар үнемі жарамды күйде болуы тиіс.

Олар:

- өрт сөндіру жабдықтары (су құятын бактар, өрт шелектері, құм салатын жәшіктер, өрт крандарының жәшіктері, өрт сөндіргіш аспаптардың тақтасы, өрт қауіпсіздігінің белгілері);

- өрт сөндіру қондырғылары (өрт гидранттары, гидрант - колонкалары, өрт крандары, сорғылар, көбік араластырғыштар;)

- өрттен құтқару құралдары (сатылар, арқандар);

-өрт сигнализациясы (автоматты немесе қолмен қосылатын қондырғылары - дыбысты, жарықты, аралас);

- от сөндіргіштер - олардың ауа мен көбіктің қоспасын, химиялық көбікпен, сұйықпен, ұнтақпен, қышқылмен сөндіретіні болады.

Өртті жергілікті өшіру үшін бөлмеде көмірқышқылды өрт сөндіргіш УО- 5, ұнтақ типті ОП - 5, ОП - 6 орнатылған. Өрт сөндіргіштер шыға беріс жерлерге жақын орналастырылады.

Өрт болған жағдайда қызметкерлер мен материалдық құндылықтарды шығару жоспары, өрт сөндірушілермен байланыс телефоны бар тақталар бар.

Адамдарды өрт кезінде эвакуациялау үшін есіктердің биіктігі 2м, ені 1,5 м, және дәліз ені 2,5 м болуы қажет.

Өрт бола қалған жағдайда бөлмеде оңай жерде бөлмедегі жарықтан өзге, электрлік қоректенуді өшіруші қосалқы сөндіргіш орнатылады.

Өрт қауіпсіздігінің арнайы инвентарларының күйіне арнайы бақылау

жасалады. Өрт сөндіргіштердің, қосалқы шығыс есіктердің болуы және олардың күйі.


      1. Техника қауіпсіздігі


Техника қауіпсіздігі – жұмыскерлерге әсер ететін қауіпті өндірістік факторларды болдырмайтын өндірістік және техникалық шаралар мен құралдар.


                  1. Электро қауіпсіздік


Электроқауіпсіздік – адамдарды қауіпті және зиян электр тогының, электро доғасының, электромагниттік өрісінің және статикалық электр көзінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін өндірістік және техникалық шаралар мен құралдар.

  • ЭЕМ құрамына кіретін барлық электрлік қондырғылар адамға үлкен қауіп төндіреді, өйткені эксплуатация үрдісі кезінде немесе профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде адам денесі кернеуде тұрған бөлікке тиіп кетуі мүмкін.


Токтын мынадай тгүрлері болады:

  • сезілетін ток (1 мА ауспалы кернеу үшін);

  • жібермейтін ток 10-15 мА;

  • өлтіретін ток 0,1 А.

Авариялық жағдайлар пайда болған кезде қоректенуді автоматты түрде өшіру қарастырылады. Техникалық себептереге байланысты автоматты түрде өшіру жұмысын іске асыру қиын жағдайға ұшыраса, қоректенуді өшірудің орталықтандырылған түрі қамтамасыз етілед.

Қондырғының барлық түрі торға (жүйеге)фильтро-үлестіруші блогы арқылы жалғанады.

Жұмыс орындары қондырғының ток журетін, су құбырының және жылу батареяларының бөліктерімен әсер етпейтіндей ұйымдастырылған.

Дене кедергісі. Адам денесі электр тізбегінде активті жіне сыймдылық кедергілерінің үйлесімділігі болып табылады. Олардың шамасы көптеген шарттарға тәуелді. Адам денесі электр кедергісінің сандық мәні физикалық және биофизикалық факторларына және ағзаның биологиялық активтілігіне тәуелд.

Адам денесінің кедергісі ішкі мүшелердің кедергісінен және дененің сыртқы жамылғыларынан салынады, әдетте терінің сыртқы қабатынан – эпидермистен.

Адам ағзасына өте қауіпті ток – откізгіштерден өзекрімен босатыла алмайтын ток, өйткені адам ағзасына өтетін ток өте жылдам өсіп отырады.

20-30 мА асатын ауыспалы ток та өте қауіпті болып табылады. Ал 50 мА астам ток өлімге де әкеп соқтыруы мүмкін, 100 мА - өлтіретін ток.

Қайғылы зардаптарды болдырмау үшін қорғау құралдары қолданылады, нақтырақ, изоляцияланған саймандар, резина қолғаптары мен кілемшелері. Изоляцияланған қорғау құралдарын тексеру іске асырылып отырады (жылына бір рет), мұндай гшараның жүргізілуінің іске асқандығын арнайы журналға енгізіп отырады.

5.3.3 Адам ағзасына электр тогының әсер етуі

Электрожарақат. Электрожарақат кезіндегі жергілікті терінің өзгеруі, күйіктің әртүрлі дәрежеде екенін білдіреді. Ортақ өзгеріс жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты дамиды. Жүйке жүйесінің бұл өзгерісі күйіктің қандай дәрежеде екенін көрсетеді.

Шаршау, қорқу сияқты сипаттама күйіктің жеңіл дәрежеде екенін білдіреді.

Терінің бозаруы, көгеруі, тыныс алуының нашарлауы, сіңір тартылуы, жүрек соғысынң бұзылуы, дем алыстың жиілеуі, тамыр соғысының нашарлауы, аяқ-қол сал болып қалу орта дәрежені білдіреді.

Ауыр жарақат алғанда естен танып, клиникалық өлім жағдайында болады.

Ортақ жарақат алуда токтың адам ағзасынан көп мөлшерде өтіп кетуіне және тірі тканьдардың қозғалуынан жүректің, өкпенің, бұлшық еттің тартылуы және жұмыс жасауының толық тоқтауы


5.3.4 Электр тогымен зақымдалған кездегі алғашқы көмек

Электр тогы зақымдаған адамды ең бірінші ток әрекетінен босату қажет. Ол үшін зардап шегушіні ток кернеуінен ажырату қажет.

Токка жалғанған бөлшектерді құрғақ таяқ, ағаш, күрек және басқа заттардың көмегімен ажыратады. Зардап шегушіні құрғақ киіммен де тартып алуға болады. Егер де зардап шегушіні ток жалғанған бөлшектерден ажырату мүмкін болмаған жағдайда сым өткізгішті құрғақ кебу балта мен шауып немесе изоляциялайтын тұтқасы бар басқа затпен заладауға болады. Жалаңаш қолмен зардап шегушіні ұстауға болмайды.

Алғашқы көмек көрсетудегі табысқа жетудег басты шарт – ол аса тез қимыл, себебі бес минуттан кейін адам жүрегін қорғау иүкін емес. Егер зардап шегуші биіктікте болса, онда ток кернеуін өшірмес бұрын зардап шегушінің құлауын қауіпсіздендіру керек. Ток әрекетінен айырғаннан кейін зардап шегушінің жағдайын анықтау қажет. Егер зардап шегуші ақыл-есінде болса, онда оны жатқызу немесе жайлырақ отырғызып, дәрігер келгенше толық тыныштық сақтап, оның дем алысы мен жүрек соғысын бақылап отыру қажет.

Егер зардап шегуші ес түссіз жатса, бірақ тыныс алуы мен жүрек соғысы қалыпты болса, онда оны жайлы жатқызып, жағасы мен белдігін шешіп, мұрнына нашатыр спирті тамызылған мақтаны апарып, бетіне су шашып, толық тыныштық сақтау керек. Жүрек пен тыныс алудың тоқтап қалуы – электр тогының ең ауыр салдары.

Зардап шегушінің тыныс алуы тоқтап қалғанымен тамыр соғысы сезіліп тұрса, онда жасанды тыныс алдыру қажет. Сонымен қатар, жүрек соғысы тоқтап қалған болса, жасанды тыныс алдыру мен қатар жүрекке сыртқы массаж жасау керек.

Зардап шегуші өз-өзіне келгенде, және жеңіл жарақат алғанда оған анальгин немесе амидопирин беріп, көп мөлшерде су беру қажет, және күйген жерді таңып емдеу бөлімшесіне жеткізу қажет.

іне, сигнализация жүйелеріне жоспарлы бақылауды өрт инспекторлары жүргізеді. Әрбір объектінің өрт қауіпсіздігіне жауаптылар болады.