Файл: Павлодар облысыны білім басармасы, Атоай ауданы білім бліміні Ыбырай Алтынсарин атындаы жалпы орта білім беру мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 68
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Павлодар облысының білім басқармасы, Ақтоғай ауданы білім бөлімінің
«Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
2022-2023 оқужылының І жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар бойынша ақпарат
Тәрбие жүйесінде басшылыққа алынатын құжаттар
1. Тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы басшылыққа алынып жасалды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде ,
Қазақстан Республикасының заңдары
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж)
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (2007ж)
3.Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» жайлы заңы (02.12.1999ж)
4.Қазақстан Республикасының «Мейрам күндері» жайлы (2001ж)
5..Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» заңы (2002ж)
7.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (10 - бап)
8.Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» (1997ж)
9.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (925,926,927,1124 - баптар)
10.Қазақстан Республикасының Еңбекпен түзету кодексі (96 - бап)
11.Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» (172,177 - баптар)
12.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық жайлы кодексі (12,154 - баптар)
13.Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы
14.Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау туралы(1998)
15.Қазақстан Республикасының «Кәмелекетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың
16. Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» заңы
17. Қазақстан Республикасының «Темекі тартуды алдын-алу және шектеу туралы» заңы (2002 ж.10 шілде)
18.АҚТБ/ЖҚТБ – ның алдын алу жайлы декларация (2001ж)
19. Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша 2019 жылға дейінгі жол картасы;
20. Қазақстан Республикасының 04.12.2009 жылғы “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы” заңы;
21. “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” Ұлттық ақпараттық науқаны;
22. “Қауіпсіз мектеп” республикалық акциясы
23. Қазақстан Республикасының 04.07.2013 жылғы № 127 “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы.
2022-2023 оқу жылына арналған мектептің тәрбие қызметінің басым бағыттары:
1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
2. Рухани-адамгершілік тәрбие.
3. Ұлттық тәрбие.
4. Отбасылық тәрбие.
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: : Отанға ұтымды және эмоционалдық қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылық қақарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматтық алыптастыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отаным - тағдырым», «Атамекен» бағдарламаларындағы бағытқа лайық іс-шаралар өткізу.
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: : "Рухани жаңғыру" құндылық негіздерін тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттерімен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы терең түсінігін қалыптастыру, қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен дәстүрлерімен келісіледі.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» шағын бағдарламасына сәйкес іс-шаралар қарастырылуы керек.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты: жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсету. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкетану», «Тәрбие және білім», «Рухани Қазына».
Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отбасы әлемі» жобасы негізінде
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасыаясында «Саналы азамат» базалық бағытты қарастыру.
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа,эстетикалық объектілердіқабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдени орта құру.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Жоспарланған нәтижелер:
•Түлектің патриот азамат ретіндегі моделі, білімді адам, еркін, мәдени, адамгершілік, өзін-өзі дамытуға қабілетті тұлға, әлеуметтік жетілу, өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік, жеке тұлғаны сезіну, қоғамдық тану қажеттілігі, қажетті білім деңгейі. Оқушылар ұлттық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастырды.
• Оқушылар жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталған оқушылардың өзін-өзі басқарудың ұжымдық шығармашылық қызметіне белсенді қатысады.
• Тәрбие жұмысының жүйесін тақырыптық кезеңдерге батыру арқылы ұйымның арқасында барынша ашық, қисынды болды; мұндай жүйе тәрбие жұмысының әрбір бағытын іске асыруға бағдарланған.
• Оқушылардың ең көп саны қосымша білім беру жүйесіне енгізілген. Үйірмелерде сабақтарды ұйымдастыру адамның таным мен шығармашылыққа деген ынтасын дамытуға бағытталған.
• Сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артты, соның арқасында сыныптардағы тәрбие жұмысының тиімділігі артты.
• Оқу процесінің тиімділігін бақылау жүйесі оқу процесінде болып жатқан өзгерістерді және оларды тудыратын факторларды уақтылы анықтауға және талдауға мүмкіндік береді.
• Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті арттырылды, жұмыс жүйесі ата-аналардың шығармашылық әлеуетін ашуға, Отбасы дәстүрлері мысалында отбасылық тәрбиені жетілдіруге, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейтуге ықпал етеді.
Циклограмма бойынша сынып сағаттарын өткізу (5-10 сыныптар әр –дүйсенбі, 1-4 сыныптар әр сәрсенбі сайын).
Білім күнін өткізу туралы ақпарат.
2022-2023 оқу жылы 1 қыркүйекте «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –де дәстүрлі форматта басталды.
Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды және «Әліппе» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етілді.
2022 жылдың 1 қыркүйегінде 1-10 сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу өткізу жөніндегі ісшаралар туралы ақпарат.
Мектебімізде оқу жылынан басын бастап, «Құқықбұзушылықтың алдын алу» жоспары құрылып «Құқықтық Кеңес» құрамы жұмысын жандандырды. Кеңес құрамы ДТІЖО. –Раисова Т.С., ДОІЖО –Өміртай Ж.Ө., Тасболатов Е.С. -ұлдар ұйымының жетекшісі, Шынболат Ерлан- психолог, Абетова Ж.И.-тәлімгер, осы аталған адамдар егер мектебімізде қатер тобына жататын оқушыларды анықтау, тәртіп бұзған немесе тәрбиелеуге аса қиындық туғызған оқушылар туындаса кеңес отырыстарын өткізеді. Кеңестің басты мақсаты – тәрбиеленушілердің құқықтық санасын кеңейту, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру және құқықтық тәрбие саясатын жүргізу.
Оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап, олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсаты көзделеді. «1- қыркүйек-Білім күні», «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы өткен алғашқы тәрбие сағатында мектептің ішкі тәртібі түсіндіріліп, мектеп ережесіне сай нақты талаптарды орындау керектігі үнемі ескертіле отырып, қандай жағдайда да құқықтары қорғалатындығы айтылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп психологы Шынболат Е. «Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік», «Мектеп арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында қысқа мерзімді видио көрсетілім көрсетті. Мектеп тәлімгері Абетова Ж.И. оқушыларға оққыс жағдайлар кез- келген уақытта орын алуы мүмкін, оның алдын алу үшін абайлап жүру керек екендігі жөнінде түсіндірмелер мен ескертпелер айтып өтті.
Қараша айында, Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы-адам құқығы" онкүндік аясында іс-шара өткізілді, 28.10.2022 жылы «Бақытты бала- бақытты ана-бақытты отбасы -бақытты ел» атты тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа 1-10 сынып ата-аналары қатысты. Жиналыс барысында тәрбие ісінің меңгерушісі Т.Раисова ата-аналарға ата-ана құқықтары жайлы мағлұмат берді, видео рөліктер көрсетті.
11 қазан - Халықаралық қыздар күніне орай
өткізілген іс-шаралар
11 қазан - Халықаралық қыздар күніне орай қоғамда қыз баланың алар орнын дәріптеу, қыздар арасында кездесетін мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту мақсатында қыздар күніне арналған жоспар бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.
«Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында 5-10 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатында қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттерін имандылық, инабаттылық, ізеттілік пен ісмерлілікке тәрбиелеу мен жан-жақты білімді болуға, әсемдік пен сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.
«Мен қандаймын» бастауыш сыныптар арасында суреттер сайысы және «Он саусағы майысқан» қолөнер көрмесі өткізілді. Оқушылар өнер туындыларын эстетикалық талғаммен жасап, бұйым жасау мен сурет сайысында өнерге деген қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділік танытты.
Мектеп психологы Е. Шынболат «Шынайы достықты бағалай білесің бе» атты 5-6 сынып қыздарына психологиялық тренинг жүргізді. Оқушыларға достық ұғымы туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, кешірімділікке, шынайылыққа баулу. Достық сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезімін қалыптастыру мақсатында тренинг өткізілді.
«Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді» тақырыбында қыздар клубы таныстырылым жасап, әлеуметтік вацап желісінде құрылған «қыздар» тобында жариялады.
«Менің мамандығым менің болашағым» тақырыбында фотоколлаж көрмесі ұйымдастырылып, 9-11 оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша кеңестер беріліп, «Бойжеткен қыз ережесі» жадынамасы таратылды.
Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі ісшаралар туралы ақпарат
2022-2023 оқу жылында 9-20 қараша арасында оқушылар мен қызметкерлердің құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында зорлық-зомбылық фактілерімен күресу мақсатында мектептің кіре беріс дәлізінде «Сенім жәшігі» орнатылған болатын. Білім алушыларға сенім жәшігінің қызметі туралы «Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?» атты жадынамалары таратылды.