Файл: 1 активтiлiк дрежесiндегi тере тіс жегіде олданады емдiк сыпаны олданып пломбалау жылына 3 рет ремтерапия жылына 1 рет ремтерапия iсiкке арсы сыпаны олданып кейiннен пломбалау жансыздандыратын аттарды олданып кейiннен пломбалау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 131
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-беттің төменгі бөлігі
?Тон инексі тең:
+1,35
-1,05
-1,75
-1,45
-1,07
?10 жастағы баланың ауыз қуысын сауықтыру кезінде 1.2, 1.1, 2.1, 2.2 тістерінің мойын аймағының вестибулярлы беткейінде айқын шекаралы емес бор тәріздес дақтар анықталды. Кіреукенің беткейі тегіс, температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы жоқ. Гигиеналық индекс=2, КПУ- кп=6. Осы патологияның патогенезіндегі негізгі фактор болып табылады:
+ деминерализация
- дисминерализация
- реминерализация
-кіреуке ақуызының бұзылуы
- кіреуке көмірсуларының бұзылуы
?12 жастағы бала 2.1 тістің жоқтығына шағымданады. Орталық күрек тіс 7 жасында жұлынған. Тұрақты тісі шықпаған. Объективті: 2.1 тістің жоқтығынан тіс қатарының ақауы байқалады. Жоғарғы жақ сүйегінің сол жағындағы жұлынған 2.1. тістің аймағындағы альвеолалық өсіндінің ауыршаң деформациясы байқалады. Төменде көрсетілгендерден, бірінші кезекте қосымша зерттеу әдісінің қайсысын жүргізген анағұрлым тиімді:
+ауызішілік рентгенография
-панорамды рентгенография
-бас қаңқасының шолушы рентгенограммасы
-ортопантомография
-телерентгенография
?Бала 12 жаста, суық тиіп жиі ауырады, нефрологта диспансерлік есепте тұр, 3.6 тісінің маңында жыланкөздің болуына шағым айтады. Бұрын тісін жиі емдеген. Объективті: 3.6 тісінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы. Тіс қуысы ашылған, зондпен тексеру, перкуссия ауырсынусыз. Рентген суретте: 3.6 тістің түбірінің 2/3 ұзындығы қалыптасқан, түбір ұшы бөлігінде сүйек тінінің шекарасы айқындалмаған деструкциясы байқалады. Осы 3.6 тістің ауруындағы электроодонтодиагностиканың мәні қалай:
+100 - 120 мкА
- 2 - 6 мкА
- 20 - 30 мкА
- 60 - 100 мкА
- анықталмайды
?Бір жылдан кейін дәрігер - стоматолог бірінші сынып оқушыларын қайта қарау кезінде он балада тістерінің кариеспен қайтадан зақымданғанын анықтады. Кариес ауруларының негізгі көрсеткіштерінің қайсысы аталған өзгерісті сипаттайды
+ қарқындылықтың өсуі
-
аурудың таралуы -
кариестің қарқындылығы -
үрдістің белсенділігі -
ағымының сипаты -
?8- жастағы баланың ауыз қуысын сауықтырған кезде 1.1,2.1,3.1,4.1 тістердің вестибулярлы бетінің кесу қырында және 1.6, 2.6, 3.6 ,4.6 тістерінің шайнау бетінде ақ дақтар байқалған. КПЖ кп=8. Гигиеналық индексі=1, Бала өз мерзімінде аз салмақпен туылған. Нәресте сары аурумен, пневмониямен ауырған. Төменде көрсетілгендерден, осы аурудың патогенезіндегі негізгі фактор болып қайсысы анағұрлым сәйкес келеді:
+қалыптасу ақауы
- дисминерализация
- деминерализация
-кіреуке ақуызы мен көмірсуларының бұзылулары
- реминерализация
?12 жастағы бала тісінің түнімен солқылдатып ауыратынына шағымданып қаралды. Ауру анамнезінде: 2 күн бойы ауырған. Қарап тексергенде: 1.6 тісінде пигменттелген дентинді тісжегі қуысы анықталды, сауыты оңай ашылады, сүңгімен тексергенде түбір өзегінің ұшы күрт ауырады. Төменде көрсетілген тексерудің қосымша әдістерінің қайсысы осы жағдайда анағұрлым тиімді:
+электроодонтометрия
-трансиллюминация
- рентгенография
- визиография
- реография
?13 жастағы баланың дене бітімі қалыпты, тамақтануы төмен. Тері қатпарлары бозғылт. Тістерінің тез, ауырсынбай бұзылуына шағымданады. Суық және ыстық тағам қабылдағанда, тістерін тазалағанда ауырсынады. Объективті зерттеу көрінісі: КПЖ=14. Кариозды қуыстары жоғарғы және төменгі жақ сүйектері тістерінің фронтальды аймағының мойын бөлігінде орналасқан. Вестибулярлы беткейде және мойын аймағында пломбаланған және пломбаланбаған тістермен қатар бор тәріздес дақтар да бар. Төменде көрсетілгендерден, диагнозды толықтыру үшін, қолданылатын қосымша зерттеу әдісіне қайсысы жатады:
+өмір тіршілігін сақтап бояу әдісі
- КПЖ индекстерін есептеп визуальды тексеру
-талшықты оптика көмегімен зерттеу
- рентгенологиялық зерттеу
- ультрафиолетті сәулемен стоматоскопия
?Дәрігер - стоматологтың қабылдауына 12 жастағы бала, бұрын емделген 1.6 тістен жағымсыз сезімге шағымданып қаралды. Дистальды - шайнау беткейінде тіс қуысымен жалғасқан кариозды қуыс. Сүңгілеу және перкуссияда ауырмайды, тіс түсі боз - қызғылт түске өзгерген. Тіс айналасындағы сілемейде өзгеріс жоқ. Рентгенологиялық тексеруден кейін 1.6 тіске созылмалы фиброзды периодонтит деген диагноз қойылды. Рентгенограммада осы ауруға тән Келесі көрініс көруге болады:
+периодонтальды саңылаудың біршама кеңеюі
-сүйек тіндерінің айқын пішінді ыдырауы
-сүйек тіндерінің айқын емес пішінді ыдырауы
-сүйек тіндерінің түбір ұшы аймағында ыдырауы
-сүйек тіндерінің бифуркация аймағында ыдырауы
?Тіс дәрігеріне 4 жастағы баланың анасы дене қызуының 38С көтерілуіне, ауыз қуысының қызаруына шағымданып келді. Балада жөтел, мұрыннан шырыштың көп бөлінуі, жарықтан қорқу байқалады. Қараған кезде: қатты және жұмсақ таңдайдың сілемейлі қабығында ашық қызыл энантемалар. Ұрттың сілемейлі қабығында моляр проекциясында ақ дақтар анықталады, және ашық қызыл щеңбер қоршаған. Төменде көрсетілген қоздырғыштардың ішіндегі қайсысы осы аурудың даму себебі болуы мүмкін:
+фильтрлеуші вирус
-А гемолитикалық стоматит
-Лефлер таяқшасы
-Коксаки вирусы
-кандида зеңі
?Бала 15 жаста. Ернінде көпіршіктердің пайда болуына шағымданады. Объективті: еріннің қызыл жиегі ісінген, терімен шекарасында бір - біріне тығыз орналасқан қызарған көпіршіктердің топтары анықталады. Зақымдану элементтері пальпацияда ауырады. Төменде көрсетілген тексерудің қосымша әдістерінің қайсысы осы жағдайда анағұрлым тиімді:
+цитологиялық
-сиалографиялық
-бактериоскопиялық
-тері- аллергиялық сынамасы
-Ясиновский сынамасы
?Бала 8 жаста. Ауыз қуысының күрт ауырсынуына, жалпы әлсіздікке, мазасыздыққа шағымданады. Тексергенде: ұрттың сілемейлі қабығында айқын қызыл түсті эрозия, шеттерінде үлбіреу қақпақшағы бар, ұртты пинцетпен тартқанда оңай алынады. Төменде көрсетілген тексерудің қосымша әдістерінің қайсысы осы жағдайда анағұрлым тиімді:
+цитологиялық
-ренгенологиялық
-микробиологиялық
-иммунологиялық
-биохимиялық
?Бала 16 жаста. Дәрігерге ауыз қуысында "ойық - жаралардың" пайда болуына шағымданады. Объективті: бет терісінің және ауыз қуысы сілемейлі қабығының бор тәрізді бозаруы. Төменде көрсетілгендерден, Келесі қосымша лабораториялық зерттеу жүргізу анағұрлым тиімді:
+цитологиялық зерттеу, жалпы қан сараптамасы
-сілекей рН зерттеу, жалпы қан сараптамасы
-зақымдалған аймақтың биопсиясы, ауыз қуысы микротоғын зерттеу
-цитологиялық зерттеу, люминесцентті диагностика
-Вуд сәулесінде зерттеу, серологиялық реакция
?Бала бір жарым жаста, екі апта бұрын ЖРА ауырған, екі күн бойы дене қызуы 39°С, құсады. Бала тамақтан бас тартады. Педиатр ЖРА диагнозын қойған. Қазіргі тексеру барысында: жақ асты лимфа түйіндерінің домбығуы, көп мөлшерде сілекей ағу, күрт қызарған екі еріннің, тіл ұшы және ұрт сілемейлі қабығында – айқын шекаралы кішкентай көптеген эрозиялар, фиброзды қақпен жабылған. Қызыл иегі қанағыш, домбыққан. Төменде көрсетілгендерден, осы ауру патогенезіндегі қайсысы анағұрлым тиімді:
+иммунитет деңгейін төмендеуі
-ауру баламен жанасу
-суық тию
-жақында ЖРА ауыру
-тұмау
?13 жастағы бала тістерін тазалағанда және қатты тағам қабылдағанда пайда болатын ауырсыну және қанауға шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Объективті: тістерінде жұмсақ тіс қағы, қызыл иегі қызарған, ісінген, тегіс, аспап тигенде тез қанағыштығы байқалады. Төменде көрсетілгендерден, Келесі нақтамалау әдісін жүргізу қажет және неге:
+РМА индексі, себебі қызыл иектегі қабынуды анықтайды
- Ясиновский сынамасы, себебі лейкоциттердің миграциясын анықтайды
- Шиллер - Писарев сынамасы, себебі тістердің тазалығының сапасын анықтайды
- Грин - Вермильон индексі, себебі тіс қағын анықтайды
- рентгенография, себебі сүйек құрылымындағы деструктивті өзгерістерді анықтайды
?14 жастағы бала тағам қабылдағанда пайда болатын ауырсынуға, күю сезіміне, қызыл иектің қансырауына шағым айтады, ауызы құрғап, күю сезімі болған. Объективті: науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жоғарғы және төменгі жақтағы тістерінде тіс қақтары, тіс түзілістері бар. Тіс аралық қызыл иек емізікшелері қызарған, ісінген, ойылған, өлі еттенген қақпен жабылған, ауыздан жағымсыз иіс сезіледі. Жақ асты лимфа түйіндері ісінген, ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. Төменде көрсетілгендерден, осы ауруда микробтардың қай түрі басым болады:
+ Венсан спирохетасы, фузобактериялар
- қарапайым ұшық вирусы
- стрептококктар, стафилококктар
- Кандида зеңі
-желшешек вирусы
?14 жастағы жасөспірім стоматологқа қызыл иегінің қанағыштығына шағымданып қаралды. Қарау кезінде: қызыл иегі ісінген, қою-қызыл түсті, вазопарез симптомы айқын, қол тигізгенде қанайды. Көптеген тіс шөгінділері бар. Тіс шөгінділерін алу үшін Келесі аппаратты қолданған анағұрлым тиімді:
+Пьезон;
-Кулаженко;
-Биоптрон;
-Галомед;
-ЭОМ.
?17 жастағы жасөспірімді қараған кезде қызыл иегінің сілемейлі қабығы ісінген, қансыраған. Тістерінің вестибуло - оральды бағытта (І деңгей) қозғалғыштығы анықталады. сүңгілегенде пародонтальды қалталар 3 - 3,5 мм дейін жетеді. Төменде көрсетілгендерден, осы ауруда рентгенографияда Келесі көріністі байқайсыз
+тіс мойнынан 1/3 ге дейін альвеоланың резорбциясы
-тіс мойнынан ½ дейін альвеоланың резорбциясы
-тіс мойнынан ½ ден аса альвеоланың резорбциясы
-тіс аралық перденің толық резорбциясы
-сүйек тінінің лакунарлы еруі
?14 жастағы бала тағам қабылдағанда пайда болатын ауырсынуға, күю сезіміне, қызыл иектің қанағыштығына шағымданады. Төрт күн бұрын жұтынғанда тамағының ауыруы, аузының құрғауы, күю сезімі пайда болған. Объективті: науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,8°С. Жоғарғы және төменгі жақтағы тістерінде тіс қақтары, тіс тастары бар. Тіс аралық қызыл иек емізікшелері қызарған, ісінген, ойылған, өлі еттенген қақпен жабылған, ауыздан жағымсыз иіс сезіледі. Жақ асты лимфа түйіндері ісінген, ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. Төменде көрсетілгендерден, осы аталған ауру үшін Келесі қосымша нақтамалау әдістері қажет
+ қанды серологиялық зерттеу, ЖҚС, бактериологиялық зерттеу
- қанды серологиялық зерттеу және ЖҚС
- жалпы қан сараптамасы, жалпы зәр сараптамасы
- цитологиялық зерттеу
- рентгенологиялық зерттеу
?9 жастағы бала төмеңгі жақ сүйегінің сол жағының тығыз домбығуына шағымданып қаралды. Оны бір ай бұрын байқаған. Емдеу жүргізілмеген. Төмеңгі жақ сүйегінің сол жағының домбығуынан бетінде аздап асимметрия бар. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалғыш, ауырсынбайды. 7.3, 3.6 аймағының өтпелі қатпарды пальпациялағанда сүйектің тығыз ауырсынбайтын домбығуы анықталады, 7.4, 7.5-флюктуация ошағы. – 7.4, 7.5 пломбаланған. 3.6 тісте кариозды қуыс. Тістердің түсі алқызыл түсті, қозғалғыш, перкуссияда ауырмайды. Салыстырмалы диагностикалау үшән Келесі қосымша зерттеулер қажет:
+ рентгенография
- ЭОД
- тістердің перкуссиясы
- өтпелі қатпарды пальпациялау
- қанның клиникалық сараптамасы
?Стоматологиялық клиникада 15 жастағы жасөспірімнің төмеңгі жақ сүйегінің тікелей панорамды рентгенографиясында: 1.2,2.6,3.5,4.2,4.3 тістердің альвеола аралық перденің кортикальды табақшаларының жойылуы түріндегі пародонтиттің белсенді сүйектің көрінулері, олардың 1/3 биіктікте бұзылуы. Аталған жағдайда Келесі рентгенологиялық көріністі күтуге болады
+деструктивті өзгерістер
-қызыл иек бүртіктерінің өлі еттенуі
-қызыл иек бүртіктерінің гипертрофиясы
-үдемелі остеолизис
-дистрофиялық өзгерістер
?13 жастағы бала профилактикалық қарау мақсатында қаралды. Объективті: ауыз қуысы сілемейі боз - қызғылт түсті, қызыл иек тістерге тығыз жабысып тұр, қол тиіп кеткенде қанамайды, тіс қағы жоқ. Тістесуі ортогнатиялық. Аталған жағдайда Келесі рентгенологиялық көріністі күтуге болады
+тісаралық перде биіктігінде кортикальды табақша айқын шектелген
-тісаралық перде биіктігінде тұйықталу табақшасы жоқ
-тісаралық перде биіктігі кіреуке - дентин шекарасы деңгейінде
-альвеоларалық перде биіктігі жазықталған түрде
-альвеоларалық перде шұңқыр тәріздес түрде
?Науқас 17 жаста, шағымы: қызылиек қанауы және ауырсынуы, ол екі күн пайда болған, жалпы әлсіздік. Тексергенде: қызылиек күрт қызарған, ісінген, лас + сұр түсті қақпен жабылған, ауыз қуысында шіріген иіс бар. Көрсетілгендердің ішінде, нақтамалаудағы келесі тиімді қадам:
- бактериоскопилық зерттеу
- ГИ индексін анықтау
- РИ индексін анықтау
- РМА индексін анықтау
- рентгенологилық зерттеу
?Бала 8 жаста. 2.6 қойылған. ДЗ: созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы. Эндодонттық емдеу жүргізілгеннен кейін түбірлері қалыптаспаған тістерді алғашқы диспансерлі бақылау қашан жүргізіледі - 10 күннен кейін