Файл: Бастауыш білім беру дегейіні 1сыныбына арналан Цифрлы сауаттылы пнінен жаартылан мазмн бойынша лгілік оу бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 90
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «7» наурыздағы
№105 бұйрығы
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Цифрлық сауаттылық» пәнінен
жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
6 тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы – білім алушылардың бойында «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
2-тарау. «Цифрлық сауаттылық»
пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
7. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта, аптасына – 0,5 сағат, оқу жылында – 17 сағат.
8. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) перифериялыққұрылғылар: принтер, сканер, көшірутехникасы, интерактивті проектор/интерактивтітақта;
4) робототехникаға арналған жиынтықтар.
9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) компьютер;
2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
3) Интернет желісінде жұмыс істеу;
4) есептей білу;
5) робототехника.
10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
11. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедиа.
12. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
14. «Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
15. 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;
2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңының интерфейсі (Scratch); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу;роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі
16. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: «2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі.
17. Оқыту мақсаты жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген:
1) Компьютер
Білім алушылар міндетті | |
Бөлімше | 1-сынып |
1. Компьютердің құрылғылары |
|
2. Программалық қамтамасыз ету |
|
3. Қауіпсіздік | 1.1.3.1 информатика кабинетіндетәртіпережелерінсақтау; |
2) Ақпаратты ұсыну және өңдеу
Бөлімше | 1-сынып |
1.Мәтіндер | Мәтіндермен жұмыс жасау |
2. Графика | Сурет салу, кескіндермен жұмыс жасау |
3. Презентациялар | Презентация жасау |
4. Мультимедиа | Дыбыс, аудиомен жұмыс |
3) Интернет желісінде жұмыс істеу
Бөлімше | 1-сынып |
1. Ақпараттар іздеу | 1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну; |
2. Ақпарат алмасу | 1.3.2.1. желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсінгенін көрсету; |
4) Есептей білу
Бөлімше | 1-сынып |
1. Алгоритмдер | 1.4.1.1. сызықтықалгоритмдііскеасыру; |
2. Программалау | 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch) |
-
Робототехника
Бөлімше | 1-сынып |
1. Жалпы робототехника | 1.5.1.1. білім беру роботыныңнегізгімоделінжинау; 1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу; |
2. Роботтың қозғалысы | 1.5.2.1. белгілі бір жылдамдықта роботтың қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.3. роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру; |
3. Датчиктер мен қозғалтқыштар | |
18. Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.
Бастауыш білім деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша
Бастауыш білім деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша
үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың
ұзақмерзімді жоспары
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) | Пән тақырыптары | Оқумақсаттары |
3 тоқсан | ||
1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат») | Өз денсаулығымызды сақтаймыз | 1.1.3.1 информатика кабинетіндетәртіпережелерінсақтау; |
Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік | 1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну; | |
1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну; | ||
2-бөлім. Бағдарламалау (ортақ тақырыбы: «Дәстүр және фольклор») | Менің алғашқы программам | 1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру; 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch); |
4 тоқсан | ||
3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусындар», «Дені саудың – жаны сау») | Роботпен алғашқы танысуым | 1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау; |
Роботқа арналған программа | 1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу; | |
Роботтың қозғалысы | 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | |
Лабиринттен шығу | 1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру |
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ 1-сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар Аптасына 1 сағат, барлығы 17 сағат | |||||||||
№ | Сабақтың тақыры-бы | Сағат саны | Мер зімі | Сабақтың мақсаты | Оқыту мақсаты | Күтілетін нәтиже | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Үйрену мақсатында оқытуды бағалау | Оқу үдерісін ұйымдастырудағы тәсілдер |
1 | § 1. Өз денсаулығымызды сақтаймыз | 1 | | Компьютермен және цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң есте сақтайды | 1.1.3.1 информатика кабинетіндегі тәртіп ережелерін сақтау. | Информатика кабинетіндегі тәртіп ережелерін білу | «Көңілді танысу» жаттығуы «Суреттер сөйлейді» әдісі, «Анықта», «Орында тапсырмалары Рефлексия (жеке, жұпта, топта) «Бас бармақ» кері байланысы | Бағалау парағы арқылы топтарды топ сарапшысы өзара бағалау жүргізеді. Әр тапсырмада бағалау парағына смайлик жапсырылып отырады. Сол арқылы оқушының сабаққа қандай деңгейде қатысқаны көрінеді. | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
2 | §2. Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік | 1 | | Интернет желісімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелеріне сүйенеді. | 1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну. | Берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолданады.. | «Көңілді амандасу» жаттығуы, «Анықта» тапсырмасы, «Бағдаршам» әдісі, «Сұрақ саған, жауап маған» | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. Мұғалімнің бағалауы. | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
3 | §3. Желідегі қажетсіз байланыстар | 1 | | Желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдері туралы түсіне алады, желіде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтайды. | 1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну. | Желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну. Желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екендігін түсінеді. | «Жақсы сөз-жан азығы» психологиялық ахуал, «Анықта» тапсырмасы, «Жұлдызды баспалдақ» әдісі, «Сұрақ саған, жауап маған» | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
4 | §4. Интернет әлеміне саяхат. Жобалық жұмыс | 1 | | Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтай алады | 1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну. | Желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екендігін түсінеді. | «Сәлемдесу» жаттығу атты психологиялық тренинг, деңгейлік тапсырмалар. «Жеміс ағашы» әдісі, «Сұрақ саған, жауап маған» әдісі | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
5 | §5. Менің алғашқы программам | 1 | | Scratch ойын программалау ортасымен танысу. | 1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру | Компьютерде жұмыс жасау программалар арқылы жүзеге асырылатынын түсінеді. | Психологиялық ахуал «Гүлмен тілек», «Анықта», «Орында» тапсырмалары, «Ойымды жалғастыр» әдісі, Рефлексия «Бағдаршам» | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» |
6 | §6. Scratch программалау ойын алаңында жобаны құру | 1 | | Scratch ойын программалау ортасында қарапайым жобаларды құра алады | 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру | Scratch программалау ойын алаңында кейіпкерді қозғалысқа келтіре алады | «Шаттық шеңбері» тренингі, «Кім тез ойлайды» әдісі, «Анықта», «Орында» тапсырмалары, «Кім көп біледі» әдісі | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. Мұғалімнің бағалауы. | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту» |
7 | §7. «Қош келдің, Наурыз!» Жобалық жұмыс | 1 | | Scratch программалау ортасында практикалық тапсырмаларға жобалар жасай алу | 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру. | Блоктарды дұрыс пайдаланып, қарапайым жоба құра алады. Scratch программалау ортасында практикалық тапсырмаларға жобалар жасай алады. | «Амандасу-таныстыру» тренингі, деңгейлік тапсырмалар, Көңіл күй рефлексиясы | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. Мұғалімнің бағалауы. | «Оқытуда ақпараттық-коммуникциялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
8 | §8. Scratch программалау ортасында жобаны сақтау және ашу | 1 | | Программалау ортасында жобаны сақтауды және ашуды біледі. | 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch); | Программалау ойын алаңында шағын жобаны құрып, сақтай алады. | «Көңілді танысу» жаттығуы, «Кім тапқыр!» әдісі, «Анықта», «Орында» тапсырмалары, «Үш минуттық кідіріс» әдісі, Рефлексия «Сабақ соңындағы көңіл-күйім» | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. Мұғалімнің бағалауы. | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
9 | §9. Музыкалық аспаптар. Жобалық жұмыс | 1 | | Блоктарды дұрыс пайдаланып, қарапайым жоба құра алады. | 2.4.2.2 пернетақтаданспрайттыбасқарудыұйымдастыру | Scratch программалау ортасында практикалық тапсырмаларға жобалар жасай алады. | «Сәлемдесу». атты психологиялық тренинг, деңгейлік тапсырмалар, Рефлексия: «Көңіл күй ағашы» | Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы. Мұғалімнің бағалауы. | «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
10 | §10. Роботпен алғашқы танысуым | 1 | | EV3 білім беру роботының моделін жинай алады; | 1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау; | Базалық жиынтық пен ресурстық жиынтықты ажырата алады. | «Заряд алу» жаттығуы, «Анықта», «Орында» тапсырмалары, Зертте тапсырмасы, Рефлексия (жеке, жұпта, топта) «Бағдаршам» әдісі | Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы | «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
11 | §11. Роботқа арналған программа | 1 | | LEGO MINDSTORMS Education EV3 программалық жабдықтамасымен танысады. | 1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу; | LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасын Интернеттен жүктей алады. Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру біледі.. | «Көңілді амандасу» жаттығуы, Деңгейлік тапсырмалар, «Бағдаршам» әдісі, «Сұрақ саған, жауап маған» | Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы | «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
12 | §12. Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысы | 1 | | Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын программада ұйымдастыра алады. | 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | LEGO MINDSTORMS Education EV3 бөлшектерін нұсқаулық бойынша жинай алады | «Біздер тату баламыз» тренингі, Анықта, «Кім білгір» әдісі, Орында тапсырмалары, «Поезд» рефлексиясы | Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы | «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
13 | §13. Роботтың қозғалысы | 1 | | Қозғалыс кезіндегі дөңгелек айналымын түсінеді. Дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастырады. | 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасын роботқа жүктей алады. | «Шаттық шеңбері», «Жетістікке жету жолы» әдісі, «Зертте» тапсырмасы / топтық жұмыс/ | Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» |
14 | §14. Жүретін робот. Жобалық жұмыс | 1 | | Дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру | 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру. | Роботты қозғалысқа келтіру үшін блоктарды қолданып, мұғалімнің көмегімен қарапайым программа жобасын құра алады. | «Менің есімімнің тарихы» тренингі, деңгейлік тапсырмалар, Көңіл күй рефлексиясы | Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету |
15 | §15. Роботтың алға, артқа жылжу қозғалысы | 1 | | Роботты алға, артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастырады | 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. Роботтың жылжуын ұйымдастыра алады. | Программалау ортасында жобаны сақтауды және ашуды біледі. Роботты қозғалысқа келтіру үшін блоктарды қолданып, мұғалімнің көмегімен қарапайым программа жобасын құра алады. | «Көңілді танысу» жаттығуы, «Тез жауап бер» әдісі, Анықта, Орында тапсырмалары, «Дауыстап ойлау» әдісі, «Зертте!» тапсырмасы, Рефлексия: «Көңіл-күй шыршасы» | Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы, мұғалімнің бағалауы | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» |
16 | §16. Лабиринт | 1 | | Роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыруды үйренеді. | 1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру | Қарапайым лабиринттен шыға біледі. | «Шаттық шеңбері» тренингі, «Суреттер сөйлейді» ойыны, «Кім тез ойлайды» әдісі, Рефлексия: «Түстер рефлексиясы» | Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы | «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» |
17 | §17. Лабиринт-тен шығу | 1 | | Бұрылыстардың біледі, роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру | 1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру | Бұрылыстардың біледі, роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру. Лабиринттен шығуды ұйымдастыра алады. | «Ашық микрофон» тренингі, «Кім тапқыр!» әдісі , Анықта, Орында тапсырмалары, Ойлан, жұптас, бөліс! әдісі, Рефлексия «Сабақ соңындағы көңіл-күйім» | Өзін-өзі бағалау, топ басшыларының бағалауы | «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту» |