ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары»
-
Оқылым тапсырмасы.
Мәтінді мұқият оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.
Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.
Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп ал. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.
Адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада табысқа жетеді. Сондықтан мамандықты таңдағанда немен айналысқан қызықты, немен айналысқанда жан рахатына бөленесіз, соған назар аударған жөн. Мамандық – бұл сіздің ақылмен сүретін өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай біліңіз және сонымен бірге өзіңіз де дамыңыз, сонда ғана биікке жетесіз!
-
Мәтінде қандай мәселе көтерілді? -
Мәтіннің негізгі ойы қандай?
-
Кестені толтырыңыз. Кемінде 5 сөзден мысал келтіріңіз.
Термин сөздер | Кәсіби сөздер | Диалект сөздер | Жаргон сөздер |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
3. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында эссе жазыңыз. Сөз көлемі- 150 сөз.
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор Білім алушы Балл | |||
Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, ой тұжырымдайды | 1 | мәтіндегі мәселені анықтайды | 1 | ||
| | мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. | 1 | ||
Термин сөздер, кәсіби, диалект, жаргон сөздерге мысалдар келтіреді | 2 | Берілген сөздерге мысал келтіреді | 4 | ||
Талапқа сай тақырыпты аша отырып, эссе жазады | 3 | Эссе тақырыбын аша отырып, ойын жинақы жазады | 1 | ||
| Эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды | 1 | |||
Сауатты әрі таза жазады | 1 | ||||
Сөз көлемін сақтайды | 1 | ||||
Барлығы | | | 10 |