Файл: Отбасы мен мектепке дейінгі білім беру йымдарыны зара ынтыматастыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы
Отбасы- бұл баланың өмір сүру ортасы; қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиемен, қарапайым біліммен қаруландыратын ,шешім қабылдай білуге үйрететін және ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын.Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда балалар жақсы жетістіктерге жетіп,өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы –өзінің өмірін ,тәжірибесін жалғастыратын салауатты ,саналы ұрпақ тәрбиелеу.Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі,өнегелі тәрбие беру -қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы .Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық »делінген. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып,өмір бойы қалыптасатын құбылыс.Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.Баланы туған жерге,елге ,халқына деген сүйіспеншілікке,патриоттыққа тәрбиелеу-аса жауапты міндеттердің бірі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл »дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар-балабақша мен отбасы.Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса ,ұштаса жүргізіліп ,өзара тығыз байланыста болғанда ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында : ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады. Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым –қатынаста барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар ,ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату ,оларды бір командаға біріктіру,өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу. Осы бағытта біздің балабақшамызда отбасымен ынтымақтастықта төмендегідей жұмыстар жүргізіледі. І.Тәрбиеленушілердің отбасын зерттеу .
Алдымен балабақша келген тәрбиеленушінің отбасы туралы сауалнама жүргізіліп, отбасы туралы мәліметтер жиналады.Алынған деректерге екі бағыт бойынша :отбасының әлеуметтік мәртебесі және отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне талдау жасалады. «Менің отбасым» тақырыбында альбомдар дайындалады.
ІІ. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттыру .Бұл бағытта ата-аналармен өткізілетін жиналыстарда түрлі ситуациялық сұрақтарды шешіп , тренингтер өткізу, балаларда кездесетін әртүрлі жағдайларға байланысты баяндамалар, кеңестер ұйымдастырылады.Күнде «Ата-аналар сіздер үшін» бұрышына балаларға ,ата-аналарға қатысты жаңалықтар ілініп, тәрбиешілер ата-аналарды хабардар етіп отырады.
Ата-аналарды педагогикалық үрдіске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат , міндеттерін түсінуіне ,бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз .Осыған орай,үнемі балабақшада өткізілетін шараларда балалардың ата-аналарымен бірігіп жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, күз мерекесіне байланысты «Күз сыйы» көрмесінде ата-аналар күз көрінісінен тамаша туындылар жасады.8-Наурыз мерекесінде «Ақжелкен» ересектер тобының бүлдіршін қыздары арасында «Анам және мен» сайысы ұйымдастырылды. Сайыста бүлдіршіндер аналарымен бірге қолөнер бұйымдарын жасап, өз өнерлерін көрсетті.Сонымен қатар «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында ұйымдастырылған шарада балалар ата-аналарымен бірге спорттық ойындардан жарысты. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілікте де, ата-аналар салт –дәстүрге байланысты тұрмыстық жиһаздар, оюлы көрпешелер,ағаш аяқтар жинастыруға да көмектесті.Ата-аналармен бірлесе ұйымдастырылған осы шараның балаларға сәби кезінен халық мұраларымен таныстырып, оны қастерлеуге үйретуде тәрбиелік маңызы зор болды.
Балабақша ауласын безендіру де үлкен шеберлікті талап ететіні сөзсіз.Осы орайда ата-аналар да бірі материалдар әкеліп,енді бірі құрастыру жұмыстарын жасап безендіруге өз үлестерін қосты. Ата-аналардың демеу болып,тәрбиешілермен бірге жұмыстануы бөбектерге қуаныш сыйласа, отбасы мен балабақша арасында сыйластық, түсіністік сияқты үлкен қарым-қатынас орнады.
Оқу –тәрбие жұмысын ұйымдастыру ,оны жақсарту ,бала тәрбиесін талапқа сай жақсы жолға қою үшін балабақша ұжымы мен ата-аналардың бірлескен ынта -жігерімен, тәрбиешілердің іскерлігімен атқарылатын жұмыстар алда әлі де жалғасын табады.. Осындай жұмыстарды атқару барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
*Балалар тәрбиесіне бірыңғай әрі жүйелі қарауды қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас орнатылады.
* Ата-аналардың баласының даму мәселесіндегі біліктілігі артады , олармен қарым –қатынасында педагогикалық міндеттер қойып , білігі пайда болады. Біздің мақсатымыз заман талабына сай жаңашыл, шығармашыл ,мәдениетті , жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу десек, ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас ,бірлік , ынтымақ жарасым тапқан жағдайда ғана оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.