Файл: Трбие саатыны таырыбы Ебек етсе ерінбей, тояды арны тіленбей.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 108
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Топтастыру
Еңбек жыры
Ойлан,тап!
Бұл қай мамандық иесі? Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған,сен маған.
Күндей күліп жүрейік
Күннің нұрын төгейік
Мен саған,сен маған
Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу.
Шығармашылық жұмыс: «Мен анамды мақтан етемін» .Жеке-жеке оқыту.
Құмырсқаның илеуі
Адасқан әріптерді құратып сабақтың тақырыбын таптыру. Еңбек етсең емерсің.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-«Еңбек етсең емерсің» Оқушыларға тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойып әңгіме жүргізу.Мына саулдар арқылы өз ойымызды айтып әңгімелесейік.
-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
-Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Әр топқа Еңбектің пайдасы туралы топтастыру
жүргізу
Әр оқушыға «Еңбек жыры» өлеңдерін оқыту.
Сөз жұмбақ шештіру.(Мамандық)
Қонақтармен сұхбат жүргіздіру.
Суреттер арқылы топқа бөлінеді.
Шығармашылық жұмыстарын жеке-жеке оқиды.
Адасқан әріптерді құрап сабақтың тақырыбын ашады.
Мұғалімді мұқият тыңдап сұрақтарға жауап бере отырып әңгімелеседі.
Топпен ақылдаса топтастырады
Әр оқушы жеке-жеке оқиды.
Ойлана топпен ақылдаса сөз жұмбақты шешеді.
Өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып жауап алады.
.
Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау.
Сергіту сәті.
Сахналау.
VІ.Сабақты бекіту
VІІ. Қорытынды
VІІІ.Үйге тапсырма
ІХ.Рефлекция. «Қазақ биі» қыздар тобы
Көрініс Ө.Тұрманжанов Қайдан келдің бауырсақ? Көрсетіп сұраққа жауап алу.
Шығармашылық тапсырма.(Сурет бойынша әңгіме құрау)
Қол өнер.Бақ-бақ гүлін жасату.
Мен не істей аламын? Шығармашылық жұмыс жасау
Көріністі көріп.Сұраққа жауап береді.
Топ болып ақылдаса сурет бойынша әңгіме құрайды.
Бақ-бақ гүлін жасап қонақтарға ұсынады.
Өз қол өнерлерін жасайды.
.
От шашу
Бекітемін: Тексерілді :
Мектеп директоры-Темірбеков Б Тәрбие ісінің меңгерушісі-Байжұманова Д.
Майлин орта мектебі.КММ.
( тәрбие сағаты)
Сынып жетекші: Рысбекова Ш.
Сабақтың тақырыбы: Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еңбек етуге баулу отырып еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Өз бетіменен еңбек етіп, оны қорғай білуге, жаңа ой тауып, іскерлік, қабілетін арттыруарқылы шығармашылық жұмысқа бейімдеу, еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, қолөнер-бұйымдары т.б.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Ұйымдастыру
Адам еңбекпенен өседі. Еңбек адамды жақсылыққа жеткізеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады. Адал еңбектің жемісі нәтижелі болады.
Хор: «Еңбек»
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты-Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп
Мұның аты-Еңбек.
Қырға шықсаң, өрлеп
Мұның аты-Еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірлесең –Еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек!
Балалар: «Еңбек ет те мақтап,
Ойнап күл де шаттан» демекші, сендерге қызық тапсырма.
Мұғалім: барлығымыз еңбек тақырыбында мақал-мәтел айтып және тақтаға келіп сурет салуымыз қажет. Суреттің бір элементтін салады. Суретті жалғастырып кетеді. Суретті аяғына дейін жалғастырып шығады. (таұтада үйдің суреті салынып шығады.)
Мақал-мәтелдер
1. Адал еңбектің абыройы жоғары
2. Еңбек сүйген еш уақытта кеш болмас
3. Еңбек еткен мұратқа жеткізеді.
4. Еңбекке бейім болсаң қатарыңнан кем болмайсың.
5. Еңбегі өнімді болса, көңілі сенімді болады.
6. Еңбекпен тапқан
Шекер балдан татқаның
7. Еңбек етсең емерсің
8. Еріншекке есік те асу болар.
9. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарының тіленбей.
Мінекей, балалар, бәріміз бірлесіп, еңбектеніп осындай үлкен үйдің суретін салып шықтық. Бұл да еңбектің арқасы . «Бірлік бар жерде,тірлік бар» -деген осы.
Ертегі: «Екі соқа» (ертегіні мазмұндап түсіндіру, балаларға сұрақтар қою арқылы пысықтау.)
Балалар еңбектің түрі шексіз. Көптеген мамандықтың түріде көп, тек адам өз еңбегін жүрегімен сүйіп бар ықыласымен орындаса ғана нәтижелі болады.
Қай еңбекті алсақта ол тек маңдай термен ғана келеді.
Ертегі: «Қайдан келдің Бауырсақ?» (Нұрай мен Ләйлә)
Балалар дастарқанымыз наннан үзілмесін нан дастарқанға келемін дегенше қаншама адамның еңбегіменен келеді.
Балалар өскенде өздерің кім боласыңдар? балалар өздерінің болашақта таңдаған мамандықтары жайлы тақпақтарын айтады.
Мысалы: Дәрігер
Ақхалатты киемін
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін. т.б. тақпақтарын айтады.
Көрініс: «Еңбекпен тапқан тиын»
Қорытынды: Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге , өзіне деген сенімділікке, бақытқа, байлыққа жетелейді. Еңбексүйгіштік адам айналасына сыйлы, беделді,болады. Әрқашан ісіңе адал бол еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбектң бағамен қадірлейік. Балалар өз өнерлерін ортаға салады.
№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Еңбекке үйренем десең, ерінбе »
Сыныбы:2 «Б»
Сынып жетекші: Серімбетова Гаухар