ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түсініктеме хат
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ұлттық және бүкіл азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталғын білім алу үшін қажетті жағдалар жасау» деп көрсетілген. Бұл жағдайда оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, профильдік оқытуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу, білім сапасын арттырудың бір тәсілдері болып саналады. Осыған орай орта буын оқушыларына «Физикалық есептер әлемінде» атты факультативті курсы жасалып отыр. Бұл жобаның тағы бір тиімді жағы информатика пәнімен кіріктірілсе оқушылардың потенциалы дамиді. Сындай кіріктірілген курстар оқушыларды қоршған ортаны белсенді тануға, логикасын дамытуға Эпитет, метафораларды психологиялық тұрғыдан өмірдегі, табиғаттағы көп құбылыстар эмоционалдық деңгейде толығымен қабылданады. физикалық құбылыстарды орта буын оқушыларына әдебиеттегі бейнелеулер арқылы түсіндіру өте дұрыс деп есептеп, осы курсты мектеп жоспарына енгізуді жөн көрдім. Көптеген физикалық түсініктермен заңдарды эмоционалды түсіндіруге поэзия өзінің жарықтығымен ашықтығымен үлесін қосады.
Жаңашылдығы және өзектілігі: Орта буын сыныптарының әдебиет материалдарын қарастырып, және сабақтарына қатысып оқушылардың қойып отырған сұрақтарын өзіме белгілеп отырдым. Солардың үштен біреуі физикалық құбылыстарға байланысты болды. Әсіресе эпитеттер, метафораларды, салыстырмалы тіркеулерді талдағанда, әдебиетші мұғалімнің ғылыми тұрғыдан түсініктеме беруі қиынға түсетініне куә болдым. Сондықтан оқушылардың кейбір сұрақтарына үстірт жауап берілетін болды. Менің ойымша, бала өз сұрағына бірден қанағаттанарлық жауап алмаса, екінші ретте бұл сұраққа жауап іздемейді, қызығушылығы төмендейді.
Сабақтарда физика мұғалімдері бұл әдісті жие қолданады, бірақ жүйелі түрде физикалық құбылыстарды көркем бейнелеу әдістер арқылы ешкім талдаған жоқ.
Курстың мақсаты:
Әдебиеттегі көркем бейнелеу арқылы оқушыларға шығармашылық ойлау деңгейлерінде ғылыми тұрғыдан физиканың ұғымдарын және құбылыстарын түсіндіру.
Курстың міндеттері.
- Оқушылардың танымдық деңгейін арттыру;
- Физика пәніне және нақты ғылымдарға қызығушылығын арттыру;
- Оқушыларды физикалық құбылыстарымен таныстыру;
- Физикалық құбылыстар туралы мағлұматтар жинау;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- Әр оқушының ғылыми тілінде сөйлеу қабілетін толық ашу
- Берілген шығарамада физкалық құбылысты тауып, физика пәнінің қай
бөліміне жататынын анықтау, оған талдау жасап түсіндіру
- Ізденіс жұмыс арқылы білімдерін толықтыру;
Болжау.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ғылыми тілмен қарапайым түрде физикалық құбылысты жеңіл түсіндіруді көздейді
Қолданбалы курсты оқытуда ең басты әдістемелік жүйе элементі алда күтілетін нәтижелер, мен бағалау болып табылады.
Оқушылар курсты арнайы құрылған бағыт бойынша теориялық мәлеметтерді блоктап оқып берілген тапсырманы орындау арқылы бағаланады.
Ағымдық бақылау тәжірибелік сабақтарда оқушылардың ауызша жауаптарынан құралады және мына пунктермен бағаланады
Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) "Жылулық құбылыстар". Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия, температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары, ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару, табиғаттағы және техникадағы жылу берілу, жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі, жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы, отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуы, жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және басқа түрге айналу заңы;
№ 1-зертханалық жұмыс: әртүрлi температурадағы суларды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру;
практикалық жұмыстар: денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу, заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау, заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу, жылу мөлшерінің дене массасына тәуелділігін зерттеу, жылу мөлшерінің қыздыру температурасына тәуелділігін зерттеу, әртүрлі отынның жану тиімділігін бағалау;
2) "Заттың агрегаттық күйлері". Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы, булану және конденсация, қаныққан және қанықпаған булар, қайнау, меншiктi булану жылуы, қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау;
№ 2-зертханалық жұмыс: мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, заттың фазалық ауысу графигін зерттеу, мұздың балқу температурасын зерттеу, булану жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу;
3) "Термодинамика негiздерi". Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы, жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары, жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті, Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу, жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу;
4) "Электростатика негіздері". Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер, электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды, электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, бір-бірінен қандай-да бір арақашықтықта орналасқан және жіңішке жіпке ілінген екі бірдей ауа шарының әрекеттесуін зерттеу, электроскопты жасау;
5) "Тұрақты электр тогы. Электр тогы, электр тогы көздері, электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу, тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы, өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат, өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы, металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік, электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар, электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы);
№ 3-зертханалық жұмыс: электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу;
№ 4-зертханалық жұмыс: тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу;
№ 5-зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу;
№ 6-зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу;
№ 7-зертханалық жұмыс: электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, тізбектегі ток күшін өлшеу, тізбек бөгіндегі кернеуді өлшеу, өткізгіш кедергісінің материал тегіне тәуелділігі, қыздыру шамының қуаты мен жұмысын өлшеу, тізбектей қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу, параллель қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу;
6) "Электромагниттік құбылыстар". Тұрақты магниттер, магнит өрiсi, тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi, тогы бар шарғының магнит өрiсi, электромагниттер және оларды қолдану; магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш; электр өлшеуіш құралдар, электромагниттiк индукция, генераторлар;
№ 8-зертханалық жұмыс: тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу;
№ 9-зертханалық жұмыс: электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, су компасын (құбылнамасын) жасау, магнит өрісінің түрлі материалдар арқылы өтуін зеттеу, түрлі тиындардың магниттік қасиеттерін зерттеу, үйкеліс арқылы магниттеу, магниттің қасиетіне температураның әсері;
7) "Жарық құбылыстары". Жарықтың түзу сызықты таралу заңы, жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар, сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу, жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу, линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы, линзаның көмегімен кескiн алу, көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері, оптикалық аспаптар;
№ 10-зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
№ 11-зертханалық жұмыс: жұқа линзаның фокустық қашықтығын анықтау;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, қарапайым перископты жасау, калейдоскопты жасау,жазық айнадағы кескінді зерттеу,ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі, жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі, көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру;
«ФИЗИКА» ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
72 сағат, аптасына 2 рет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Тақырып/ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Күні | |||
1 – тоқсан 17 сағат | 8 А | 8В | |||||
8.1A Жылу құбылыстары (11 с) | Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.1.1 – молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және сапалық және сандық есептер шығаруда қолдану | 1 | | | ||
Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.1.3 – температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау; 8.3.1.2 – температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу | 1 | | | |||
Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау; | 1 | | | |||
Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру | 1 | | | |||
Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.2.3 – техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру | 1 | | | |||
Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі. ТТТ | 8.3.2.4 – әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру | 1 | | | |||
Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау; 8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру | 1 | | | |||
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану | 1 | | | |||
Жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.ТТТ | 8.3.2.9 – жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану | 1 | | | |||
№ 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»(БЖБ) - 1 | 8.3.2.8 – жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу; 8.1.3.2 – тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |||
8.1 В Агрегаттық күйлер (4 с) | Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.1.4 – молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау; 8.3.2.10 – балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану; 8.3.2.11 – заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау | 1 1 | | | ||
№ 2 зертханалық жұмыс.«Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» | 8.3.2.12 – эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |||
Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар (БЖБ) - 2 | 8.3.1.5 – молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау; 8.3.2.13 – заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау; 8.3.2.14 – су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау | 1 | | | |||
Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.2.15 – меншікті булану жылуын анықтау; 8.3.2.16 – қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру | 1 | | | |||
Тоқсандық жиынтық бағалау | 1 | | | ||||
ТТТ | 1 | | | ||||
2 – тоқсан 16 сағат | | | | ||||
8.2 А Термодинамика негіздері (8 с) | Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.Сапалық мәтінде есептер шығару | 8.3.2.17 – термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру, сапалық және сандық есептер шығару. | 2 | | | ||
Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы.Сапалы мәтінде есептер шығару. | 8.3.2.18 – термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру | 1 | | | |||
Жылу қозғалтқыштары | 8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау, ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу 8.3.2.20 – іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау | 1 1 | | | |||
Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау; 8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну, жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу; | 1 1 | | | |||
Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер.ТТТ (БЖБ) - 3 | 8.3.2.23 – жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау (БЖБ) | 1 | | | |||
8.2 В Электростатика негіздері (7 с) | Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.4.1.1 - электр зарядын сипаттау, электроскопты жасау; 8.4.1.2 – Үйкеліс және индукция арқылы электрлену құбылысын түсіндіру; 8.4.1.3 электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру; | 1 | | | ||
Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.4.1.4 электр зарядының сақталу заңын түсіндіру; 8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану, бір-бірінен қандай-да бір арақашықтықта орналасқан және жіңішке жіпке ілінген екі бірдей ауа шарының әрекеттесуін зерттеу, | 1 | | | |||
Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі Сапалық және сандық есептер шығару. (БЖБ)- 4 | 8.4.1.6 - электр өрісі ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру және оның күштік сипаттамасын анықтау; 8.4.1.7 – біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу, сапалық және сандық есептер шығару, 8.1.4.8 - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу; | 1 1 | | | |||
Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.4.1.9 – потенциалдар айырымының және потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру; 8.4.1.10 – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау | 1 1 | | | |||
Тоқсандық жиынтық бағалау | 1 | | | ||||
ТТТ | 1 | | | ||||
3 – тоқсан 20 сағат | |||||||
8.3 А Тұрақты электр тогы (14 с) | Электр тогы, электр тогы көздері | 8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру | 1 | | | ||
Электр тізбегі және оның құрамд бөліктері, ток күші, кернеу тізбектегі ток күшін өлшеу; тізбек бөгіндегі кернеуді өлшеу; Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.4.2.2– электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану; 8.4.2.3 - кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру | 1 | | | |||
№ 3 зертханалық жұмыс. «Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшi мен кернеуді өлшеу» | 4.2.4 – электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |||
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру; | 1 | | | |||
Өткізгіш кедергісінің материал тегіне тәуелділігі. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану | 1 | | | |||
№ 4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу» | 8.4.2.5–сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру; 8.1.3.1 – эксперименттен деректерді жинақтау, талдау және қателіктерін ескеріп жазу 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |||
Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы сапалық және сандық есептер шығару; | 8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану; | 1 | | | |||
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. | 8.4.2.11 –өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу | 1 | | | |||
№ 5зертханалық жұмыс.«Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу» | 8.4.2.9 – өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарынэксперимент арқылы алу; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |||
№ 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу» | 8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |||
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Сапалық және сандық есептер шығару. | 8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану | 1 | | | |||
Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы қыздыру шамының қуаты мен жұмысын өлшеу | 8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану; | 1 | | | |||
№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» | 8.4.2.14– эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; 8.1.3.3– физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 8.4.2.15 – кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау; | 1 | | | |||
Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік. Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар. Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы) (БЖБ) - 5 | 8.4.2.16 – металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау 8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру; 8.4.2.18 – сұйықтардағы электр тогын сипаттау. | 1 1 | | | |||
8.3 В Электромагниттік құбылыстар (5 с) | Тұрақты магниттер, магнит өрiсi. № 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу» | 8.4.3.1 – магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу; | 1 | | | ||
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi.Тогы бар шарғының магнит өрiсi су компасын (құбылнамасын) жасау;магнит өрісінің түрлі материалдар арқылы өтуін зеттеу;түрлі тиындардың магниттік қасиеттерін зерттеу | 8.4.3.2 – магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру; 8.4.3.3 – тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағыөріс сызықтарының бағытын анықтау | 1 | | | |||
Электромагниттер және оларды қолдану. № 9 зертханалық жұмыс. «Электромагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау» (БЖБ)-6 | 8.4.3.4 – жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |||
Тоқсандық жиынтық бағалау | 1 | | | ||||
Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдарүйкеліс арқылы магниттеу;сапалық және сандық есептер шығару; | 8.4.3.5 – магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау; 8.4.3.6 – электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру | 1 | | | |||
4 – тоқсан 19 сағат | | | | ||||
8.4 А Жарық құбылыстары (15 с) | Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. | 8.5.1.1 – Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу; | 1 | | | ||
Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар Жазық айнадағы кескінді зерттеу | 8.5.1.2 – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау; 8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру; 8.5.1.4 – жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау | 1 1 | | | |||
Сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу Ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі | 8.5.1.5 – дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау | 1 | | | |||
Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы Сапалық және сандық есептер шығару | 8.5.1.6 – жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу; 8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару; | 2 | | | |||
№ 10 зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау» | 8.5.1.9– экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау; 8.5.1.10– сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау | 1 | | | |||
Толық іштей шағылу | 8.5.1.8 – тәжирибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру | 1 | | | |||
Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу Жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі | 8.5.1.11 – жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану; 8.5.1.12 – линзаның сызықтық ұлғаю формуласынсандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану; 8.5.1.13 – жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру | 1 | | | |||
№ 11 зертханалықжұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау» | 8.5.1.14 – жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | 1 | | | |||
Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері | 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау | 1 | | | |||
Оптикалық аспаптар қарапайым перископты жасау. Калейдоскопты жасау (БЖБ) - 7 | 8.5.1.16 – қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, Обскура камерасы) құрастыру | 1 | | | |||
Көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салу | 8.5.1.16 – қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, Обскура камерасы) құрастыру | 1 | | | |||
Тоқсандық жиынтық бағалау | 1 | | | ||||
Қайталау | 1 | | | ||||
Есептер шығару (Жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі) | 1 | | | ||||
Қайталау (Ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі) | 1 | | | ||||
Есептер шығару (Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік.) | 1 | | | ||||
Есептер шығару(Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшi мен кернеуді өлшеу) | 1 | | | ||||
Барлығы | 72 |