Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1900
Скачиваний: 2
Бұл жерде педагогикалық технология көздеген мақсатқа жеткізетін жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады. Мұнда ол бір пән, бір сынып, бір мұғалім шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы (пәндерді оқытудың әдістемесі, белгілі бір танымдық қызмет дағдыларын қалыптастыру әдістемесі, мұғалім, тәрбиеші жұмысының әдістемесі ретінде қарастырылады.
Элементтік (бөлімді) модульдік деңгей. Мұндай оқу-тәрбие процесінің жекелеген бөлігінің технологиясы қарастырылады жеке іс-әрекет түрлерінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру технлогиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу технологиясы, сабақ технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен (өздік) жұмыс технологиясы.
Сонымен педагогикалық технология ұғымының өзегі болып берілген білімді толық игеруге, жалпы білі сапасын көтеруге кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін атаймыз. Әрине мұндағы нәтиже білім сапасы, оны өз бетімен игерген оқушы болса, алгоритмнің басты бөлігі болып, оқушының өз бетімен меңгеруіне бағытталған білім мазмұны қарастырылуы қажет.
Оқыту технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімдлігін қамтамасыз ету оқытудың әдіс, құрал түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мақсат әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр байланысты қажетті мазмұнына тиімді әдістер мен құралдардың бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Педагогикадағы технология объектісі тірі организм (оқушылар) болғандықтан, мұнда ынта (мотив), белсенділік, білім, білік, дағды, өзін-өзі басқару т.б. тәрізді дидактикалық психологиялық физикалық, кибернетикалық ескеруге тура келеді.
Осы айтылғандарды ескере отырып, біз академик В.П.Бепалько берген «педагогикалық технология деп практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасын айтады» деген анықтаманы мейлінше толық деп есептейміз. Педагогикалық жүйе деп В.П.Беспалько әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процесітердің жиынтығын айтады.
Дидактикалық процесті В.П.Беспалько мотив, танымдық қызмет және басқару компоненттерінің бірлігінен тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Ол ұсынған педагогикалық технологияның анықтамасын толықтырып тұрған педагогикалық жүйені жобалауға қойылатын мына шарттардың жиынтығы:
А) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет. Оқу процесінің нәтижелі болуына 100% кепілдік беруі қажет;Ә) ол оқушының өз бетімен жасайтын оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;Б) оқу мақсатын диагностикалық түрде нәтиже беретін жолмен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп, объективтік түрде бағалау қажет.В) дидактикалық процестің толықтығы қамтамасыз етілуі тиіс.Оқу процесі оқушылардың денсаулығына зиян келтірмеуі үшін Ресей ғалымдары М.МПоташник, А.М.Моисеев, т.б. оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технологияларын енгізуді ұсынды. Мұндай технологиялар жоғарыда келтірілген дидактикалық талаптарға қосымша мынадай 4 шартты қанағаттандыруға тиісті:1) Оқушының жеке бас ерекшеліктерінің (интеллектік, мотивациялық, эмоциялық т.б. ескерілуі, оқу материалын қабылдау сипатының, темпераментінің, еске сақтау қабілетінің) ескерілуі.2) Оқу материалын меңгеру кезінде жүйкеге күш түсіретін интеллектуалдық, эмоциялық әсерлерден аулақ болу, оқушының уақытты аз жұмсап, тиімді нәтижелер алуына жағдай жасау. 3) Сабақтың сынып ұжымына жайлы моральдық-психологиялық климат жағдайында өтуін қамтамасыз етіп, дөрекі қатынастарға жол бермеу. 4) Оқу процесінде оқушы денсаулығына зиян келтірмейтін тәсілдерді қолданумен қатар оларды өзін-өзі психологиялық қорғауға үйрету. Практикаға енгізілген педагогикалық технологияларға жасалған талдау – оларды құраламаның төмендегідей компоненттерден тұратынын көрсетті.1. Оқу материалын оқушылардың меңгеруін байқау мақсатында алдын-ала жүргiзiлетiн диагностика және оқушыларды қабiлеттерiне кapaй iрiктеу. Мысалы, l-сыныпқа келген оқушылар оқи, санай, жаза бiлy қабiлетrерiне қарай дайындық деңгейлерi әр түрлi сыныптарға бөлiнедi. 2. Мотивация және оқу-танымдық қызметтi ұйымдастыру. Қай технология болмасын оқушының осы технологияғa сәйкес дайындалған оқу құралы мен өз бетiнше iзденic жұмысын жасауды қажет ететін болғандықтан, оқушының қызығушылығын, ынтасын туғызу – танымдық қызметті ұйымдастырудағы аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.3. Оқу құралдарымен жүргізілетін іс-әрекет. Бұл компонент оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын оқу процесінің негізгі бөлігін құрайды. Оқу-таным процесі оқушының қолданылып отырған технология талаптары негізінде жасалған дидактикалық құралдармен (пәнді оқытудың календарлық жоспары, танымдық әрекеттердің бағдарлық негiзiн салуға арналған нұсқаулар, әр модyль бойынша өздiк жұмыс тапсырмалары, өзiн-өзi тексеруге арналған және бақылау жұмысына арналған тесттер жүйесi, т.б.) жүргiзiлген танымдық қызметi арқылы жүзеге acады.
Жалпы технологиялық негiзде құрылған сабақта негiзiнен оқушы дидактикалық құралдармен ғана жұмыс iстеп, ал мұғалiм iзденiс-таным процесiн ұйымдастырушы рөлiн атқарады. 4. Оқу материалын меңгеру сапасын бақылау. Толық меңгерту деңгейі " Технологиялық негiздегi оқу процесi бақылау мен ic-әрекетке қажет болған жағдайда түзету (коррекция) енгiзуге аса үлкен мән берiледi. Оқушының әр модульдi (бөлімдi) меңгеруi сәйкестi бақылаy жұмысын (әр түрлi формадағы) жүргiзу арқылы бағаланады. Оқу материалын меңгере алмаған оқушылар үшiн қосымша нұсқаулар берiлiп, қайта бақылаy жұмысы жүргiзiледi. Оқушының оқу материалын меңгере алмауы себептерi қаралады және қажеттi коррекциялық әрекеттер жасалады. Оқу мақсаттаpы диагностикалық түрде қойылған жағдайда жаңа квалиметриялық негiзде бiлiм сапасын бағалауға болады.
Лекция № 5-6 Педагогикалық технологиялардың проекттері: ғылыми жандасулар. Қазіргі заманауи тәлім-тәрбиедегі әртүрлі жандасуларЖоспар:
-
Дәстүрлі жандасу -
Системалық жандасу -
Технологиялық жандасу