Файл: 21. 04. 2023 ж бжб 10 жмб 4тосан Тарих таылымы блімі бойынша жиынты баалау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 61
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
21.04. 2023 ж БЖБ 10 ЖМБ 4-тоқсан
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау
жасау арқылы шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме )
жазу
Білім алушы
Үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады
Көтерілген мәселені анықтап, шығармашылық
жұмыс жазады
Қолдану
20 минут
Тапсырма
-
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан алынған үзіндіні мұқият оқып, қарамен берілген Мүсіреповтың сөзіне талдау жасаңыз.
Нұрхан: Апыр-ай, Сталиннің жаны ашымаса, құдайдың да жаны ашымағаны ғой.
Мүсірепов: Солай болғаны да. (Ойланып.) Ал Голощекиндікі көпе-көрнеу зорлық. Зорлықтың түбі – қорлық. Қорлықтың түбі – қу тақыр. Соны да көрдік біз пақыр. Нұрхан: Голощекин біздің жерді өртей беретіндей не жаздық? Осы өрттің отына бас-сирақ үйіте ме, қайтеді? Сондай бір зымиян ойы жоқ па?
Мүсірепов: Елдің – егесі, бөрінің – тәңірісі бар. Мәскеудегі азаматтарымыз: Рысқұлов, Нұрмақов... қарап қалмас.
Нұрхан: Ал... Алматыдағы азаматтар не бітіріп отыр? Тек бас шұлғи бере ме? Мүсірепов (күрсініп, алысқа қарап): Ұлық өзінен акылдыны ұнатпайды. Орнымды алып қояды деп қорқады. Біздің бетке ұстар, білімді, арлы азаматтарымызды Голощекин сырттатып жіберді. Алматыда қалғандарына күн көрсетпейді. Ал соның сөзін сөйлеп, сойылын соғатын Құрамысов сияқтылар қомпиып отыр.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
-
Үзіндіден ақпараттар қолдана отырып, «Ұлық өзінен ақылдыны ұнатпайды» деген ойды ашып жазыңыз, көзқарасыңызды білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
-
«Балым (торыққандай). Әй, білмеймін, енді ел болып оңбаспыз да...
Мүсірепов (өтінгендей). Олай деме, жеңеше. Омыртқаң опырылса да, рухың сынбасын» Сол бір азапты басынан кешіріп жатқан адамдарға арнап, рухтандыратын, жігерлендіретін мәтін (шығармашылық жұмыс, өлең т.б) жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бағалау критерийі | № | Дескриптор | Балл | |
| | тапсырма | Білім алушы | |
Үзінділерді | | 1 | қарамен берілген үзіндіге талдау жасайды; | 1 |
шығармашылық | | | көзқарасын білдіріп, дәлелдейді; | 1 |
жұмыстарда қолданады | 2 | берілген ойды ашып жазады; | 1 | |
| | | үзіндідегі ақпаратты қолданады; | 1 |
| | | көзқарасын білдіреді; | 1 |
| | | ойын тұжырымдайды; | 1 |
Көтерілген | мәселені | 3 | мәселені анықтайды; | 1 |
анықтап, шығармашылық | | өзіндік көзқарасын білдіреді. | 1 | |
жұмыс жазады | | | көркемдік қолданыстарды қолданады; | 1 |
| | | ойын шығармашылықпен жеткізеді. | 1 |
Барлығы | | | | 10 |