ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 47
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:___________________Мектеп директоры: А.Мусагалиев№48 жалпы орта білім беретін мектебінің 2022-2023 оқу жылындағылогопед-мұғалімнің жылдық жұмыс жоспарыЛогопед-мұғалім: Э.М.Бисенова2022-2023 оқу жылыМақсаты: Сөйлеу тілі кемістіктерін алдын-ала жолдарын қарастырып, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін қолдану. Балалардың белсенді және енжар сөздік құрамын молайту.Міндеттері:
-
Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тіл қызметінің дамуын зерттеу; -
Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, симптоматикалық белгілерін анықтау; -
Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін анықтау; -
Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау; -
Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу; -
Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын қолдану.
| № | Жұмыс мазмұны | Мақсаты | Мерзімі |
| Логопедиялық тексеру жұмыстары | |||
| 1 | Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін тексеру. Ауызша және жазбаша сөйлеуінде әр түрлі бұзылыстары бар балаларды анықтау. | Логопед, сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың сөйлеу тілін тексеріп, анықтау. | 01.09-15.09. |
| 2 | Медициналық қорытындымен танысу, анамнез жинау. | Сөйлеу тілінің бұзылыстарының себептерін анықтау. | 01.09-15.09. |
| 3 | Сөйлеу карталарын толтыру. | Оқушылардың сөйлеу тілінің тексеру қорытындысын сөйлеу картасына түсіру. | 01.09-15.09. |
| 4 | Сөйлеу тілінің кемшіліктері бар балаларды топтарға жинақтау. | Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балаларды сөйлеу кемістігіне байланысты топтар мен кіші топтарға бөліп, тізімді тіркеу. | 01.09-15.09. |
| 5 | Сөйлеу тілінің кемшіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұнын жоспарлау | Мектеп бойынша сөйлеу тілінің кемістігі бар оқушыларда тіркеу, сабақ кестесін құру, осы оқушылармен жүргізілетін жұмыс мазмұнын жоспарлау. | 03.09-14.09. |
| 6 | Балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу. | Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ауызша және жазбаша сөйлеуінде бұзылыстары бар оқушылармен логопедиялық түзету сабақтарын жүргізу. | 16.09.-19.05. |
| Оқу-әдістемелік жұмыстары | |||
| 1 | Арнайы оқулықтарды оқу, білімін жетілдіру Логопедиялық білімін жетілдіру. | Ғылыми-практикалық семинар, курстар, әдістемелік кеңестерге қатысу арқылы білімді жетілдіру. | Жыл бойы |
| 2 | Кабинетті оқу жабдықтармен толықтыру. | Логопедиялық бөлмеде әдістемелік әдебиеттермен дидактикалық құралдарды жүйелеп, әрі оларды толықтыра түсу. | Жыл бойы |
| 3 | Кабинетке қажетті іс-қағаздар мен құжаттарын, сабақ жоспарларын жүргізу. | Логопедиялық кабинетке қатысты жалпы ережеге сәйкес қажетті құжаттарды толықтыру, күнделікті сабақ жоспарларын жүргізу. | Жыл бойы |
| 4 | Логопедиялық жұмысқа анализ жасау, жылдық қорытындылау. | Атқарылған түзете-оқыту жұмыстарына талдау жасау, жылдық қорытындылау | 22.05-31.05.2023 |
| Ата-аналар, мұғалімдермен профилактикалық ағарту жұмыстары | |||
| 1 | Ата-аналарға профилактикалық ағарту жұмыстарын жүргізу. | Ата-аналар арасында логопедтік сабақтар жөнінде насихат жүргізу, түзету сабақтарының ерекшеліктері туралы ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу. | Жыл бойы |
| 2 | Логопедтік пункттарға келетін балалармен жұмыс жасайтын психолог, педагогтармен жүйелі түрде байланысты жүзеге асыру, сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру. | Сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзеу ерекшелігі туралы бастауыш сынып мұғалімдері арасында кеңестер жүргізу. | Жыл бойы |
| 3 | Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия кеңесіне қатысу, ПДПК-нің мамандарымен байланысты жүзеге асыру. | Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия кеңесінің отырыстарына қатысу, оқушылардың психофизикалық жағдайын нақтылау үшін қажет болған жағдайда дәрігерлер немесе ПДПК-нің мамандарына кеңес алуға жіберу. | Жыл бойы |
| 4 | Дефектология, логопедия сұрақтары бойынша іздену. | Ата-аналар мен балаларға арналған әдістемелік-танымдық бұрыштар шығару, баспасөз басылымдарына мақалалар әзірлеу. | Жыл бойы |
| Кабинеттің жабдықталуы | |||
| 1 | Дыбыс таблицасын жаңарту | Қосымша дыбыс таблицасын дайындау | Жыл бойы |
| 2 | Сөйлеу тілін дамытуға арналған материалдарды толықтыру | Сөйлеу тілін дамытатын қосымша материалдар әзірлеу | Жыл бойы |
| 3 | Әріптер элементтерін дайындау | Әріптерді жеке-жеке үйретуге түрлі жаттығулар даярлау | Жыл бойы |