Файл: Амола облысы білім басармасыны Аршалы ауданы бойынша білім блімі Волгодоновка ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі кмм таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақмола облысы білім басқармасының
Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі
Волгодоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Тақырыбы: Этикет туралы қарапайым ережелері
Жетекшісі: Ерболат Мендигүл
2023жыл
М ақсаты:
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе
Әдеп
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
- Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қавсиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдептілік әліппесі
( 6 оқушы кезекпен)
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің -
Сәлемдесіп, қол берем.
Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда -
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам маған әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жүрем тура жолменен.
Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Қалдыратын ұятқа -
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа -
Тек шындықты көздеймін.
Көрініс: «Әдептілік»
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.
Слайдпен жұмыс:
Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Слайдпен:
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.
Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру.
Сынып сағатын қорытындылау:
Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік!