Файл: Берілген дістерді сіресе айсысы науасты психикалы жадайын баалауа жатады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 412
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
+депрессивті-ипохондриялық -
галлюцинаторлы-параноидты -
обсессивті-фобиялық -
апато-абулиялық -
паранойяльды
-
Ер адам, 30 жаста, даусы қарлыққанша көп сойлейді, кез-келген науқастармен сөйлесуге тырысады, бірақ аяғына дейін тындамай, басқа адамға әуестеніп, өлең айта бастайды. Еденді жуғалы жатқан санитар қызметкерін көріп, оған көмектесуге ұмтылады, бірақ бастаған жұмысын тастап, шахмат ойнап жатқан науқастарға ақыл айта бастайды. Ол шаршамайды, жаңылтпаштап сөйлейді, көңілі көтеріңкі.Төмендегі синдромдардың қайсысына тән?
-
психопат тәрізі -
галлюцинаторлы -
кататониялық -
+маниакальды -
Сандырақтық
-
21 жастағы қыз, көшеге мүлдем шықпайтын болған, ЖОО тастап кеткен. Таңертеңгілік өзінің көңіл-күйі нашар, ешкіммен араласпайды, сөйлеспейді, төсегінен кешкісін ғана тұрады. Өзін еш нәрсе қуантпайтындығын, айналадағысының барлығын түнерген түсте қабылдайды, кейде өмір сүргісі келмейтіні туралы ойлар келеді.Төмендегі синдромдардың қайсысына тән?
-
+апатиялық депрессия -
ипохондриялық депрессия -
апато-абулиялық синдром -
астено-невротикалық синдром -
депрессивті-сандырақтық синдром
-
17 жастағы жасөспірімде тырысулы ұстама дамыды. Ұстамалар бірінің соңынан бірі әртүрлі ұзақтықпен болды. Ұстама арасында науқас есін жинаған жоқ.Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысына тән?
-
ұстаманың жиілеуі -
коматозды жағдай -
+эпилептикалық статус -
эпилепсиялық ұстама -
ес бұзылысы синдромы
-
Ер адам, 30 жаста, кезеңдік түрде түнгі уақытта кенеттен пайда болатын ұстама, ұстама кезінде бірден айқайлайды, сосын тонико-клоникалық тырысу байқалады. Осы кезеңде сыртқы ортаға мән бермейді. 2-3 минуттан кейін есін жинайды. Болған жайттар есінде жоқ.Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысына тән?
-
абсанс -
кіші ұстама -
моторлы автоматизм -
фокальды ұстама -
+үлкен тырысулық ұстама
-
19 жастағы жасөспірімде қимыл-әрекеттің, сөздердің оғаштығымен, ақымақтықпен сипатталатын қозу байқалды. Ол гримасалар жасайды, келемеждейді, билейді, оғаш сөздер мен фразаларды айтады. Бірақ оның көңілділігі, қисаңдауы және қалжыңдары айналадағыларға берілмейді.Психомоторлық қозудың қай түріне тән?
-
маниакальды -
кататониялық -
психопатиялық -
+гебефрениялық -
психапат тәрізді
-
Қыз бала 19 жаста, күйеуімен жанжалдан кейін, туысқандарының алдында төсекке құлады, көзін алартты. Біраз уақыт өткеннен кейін қолында тоникалық ұстама байқалды, ұстама 5 минутқа созылды және ол тіл тістеуінсіз, бүкіл денеге таралатын клоникалық ұстамаға ауысты. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, жанжалға қатысты бір жеке сөздерді айтып қайталады. Барлық ұстама жарты сағатқа созылды.Төмендегі бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
-
генерализацияланған тырысулық ұстама -
«самайлық эпилепсия» ұстамасы -
джексондық ұстама -
+истериялық ұстама -
абсанс
-
Ер адам, 27 жаста, бас-ми жарақаты бойынша ем алуда. Стационардағы 3-ші күні кешкісін психикалық бұзылыстар байқалды. Үрейлі, алаңдаулы, ұйқысы бұзылған. Айналасындағыларды қате қабылдайды, қызметкерлерге, медициналық іс-шараларға күдікпен қарайды. Кейіннен уақыт пен орын бағдары бұзылды. Қозғыш, іш пыстырарлық, барлық уақытта бір нәрсені іздейді, қолымен ауаны ұстағандай болады.Психомоторлық қозудың қай түріне тән?
-
галлюцинаторлы -
кататониялық -
+делириозды -
реактивті -
аментивті
-
23 жастағы студетте жүріс тұрысының өзгешеліктері байқалды. Баяу, сөйлегенде сөзді созып сөйлейді. Күні бойы қайталанатын бірнеше секундқа тежеліп қалады. Осы уақытта ешнәрсе естімейді және сұрақтарға жауап бермейді. Ол бұл бұзылыстарды байқамайды және ол туралы есінде жоқ.Төмендегі бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
-
+кіші ұстама -
депрессивті ступор -
кататониялық ступор -
джексондық ұстама -
сананың қарауытуы
-
Ер адам, 30 жаста, кенеттен бетпен құлады, 3-5 минутқа созылған тоникалық, сосын клоникалық ұстама болды, сосын ұйықтап қалды. Бұл ұстама есінде қалмады.Төмендегі бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
-
+генерализацияланған тырысулық ұстама -
«самайлық эпилепсия» ұстамасы -
джексондық ұстама -
истериялық ұстама -
абсанс
-
Қабылдау бөлімінде 17 жасар жасөспірімде тырысулық ұстама дамыды. Ұстама бірінен соң бірі жалғасты. Ұстама арасында аз уақытқа есін жинады.Төмендегі диагноздың қайсысы әсіресе сәйкес?
-
коматозды жағдай -
эпилепсиялық статус -
эпилепсиялық ұстама -
+эпилепсиялық ұстама сериясы -
сана бұзылу синдромы
-
Ер адам, 27 жаста, периодты түрде қайталанатын тырысулық ұстамаға байланысты ем алып жатыр. Қандай терапияны науқасқа тағайындаған жөн?
-
психотерапия -
инсулинотерапия -
+биологиялық терапия -
электротырысулық терапия -
шартты рефлекторлы терапия
-
19 жастағы әйел адам, күйеуінің көзіне шөп салғанын естіп, терезеден секірмек болады, бірақ оны тоқтатады. Сосын төсекке құлайды және бір нүктеге қарап не сөйлемейді, не қимылдамайды және қойылған сұрақтар мен өтініштерге жауап қайтармайды, қимылсыз жатады. 4 сағаттан кейін жедел жәрдем көмегімен психиатриялық стационарға алып келінді.Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
-
психикалық анестезия -
+истериялық ступор -
депрессивті синдром -
дереализационный синдром -
апато-абулиялық синдром
-
39 жастағы ер адамда аптасына бірнеше рет келесідей жағдай байқалады: кенеттен үндей қалады, себепсіз айналасына алайып қарай береді, киімін түзей береді. Ұстама 10-15 минуттан кейін басылады, есінде ештеңе қалмайды.Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
-
+амбулаторлы автоматизм -
психосенсорлы ұстама -
джексондық ұстама -
аменция -
аура
-
12 жастағы қыз бала тәулігіне бірнеше рет қолын сермеп, артқа қарай шалқайады, көзі аларып кетеді (закатывает) . 15-20 секундтан кейін есін жинайды. Есінде ештеңе қалмайды.Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
-
транс -
+кіші ұстама -
идеаторлы автоматизм -
кататониялық синдром -
амбулаторлы автоматизм
-
Көшеде жүріп келе жатқан адам бірден айқайлап құлап қалды. Денесі керілдітартылыа қалды, барлық бұлшықеттер бірден тырысты, беті бозарып, кейіннен цианозды болды, тынысы жоқ, ешқандай рефлекстерді шақыру мүмкін емес. Жарты минуттан соң бұлшықеттер ритмді жиырыла бастады, ол 1 минутқа созылды. Сосын ұйқтап қалды, есін жинағанда болған жайт туралы есінде жоқ.Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
-
естен тану жағдайы -
истериялық ұстама -
гипогликемиялық кома -
+үлкен тырысулық ұстама -
сананың күңгірттенуі
-
Жасөспірім, 15 жаста, әңгімелесу барысында кенеттен бірнеше рет 1-2 секундқа үндемей қалды. Бет әлпеті маска тәрізді болды. Кейіннен ұстаманың болуын теріске шығарып, ешқандай оғаш нәрсе байқамағанын айтады.Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?
-
аура -
транс -
+кіші ұстама -
идеаторлы автоматизм -
джексондық ұстама
-
Жедел қызметтің сарбазы, 18 жаста, соңғы уақытта баяу, күніне бірнеше рет бірнеше секундқа қатып қалуы байқалды, бұл уақытта ештеңе естімейді және сұрақтарға жауап бермейді. Өзі бұл бұзылыстарды байқамайды.Төмендегі берілген синдромдардың қайсысы әсіресе тән?
-
депрессивті -
кататониялық -
апато-абулярлық -
психикалық автоматизм -
+эпилепсиялық (абсанс)
-
Әйел адам 32 жаста, баспашы, жұмыс үстінде жазуын кенеттен тоқтатып, орнынан тұрып, өз киімдерін шеше бастады. Ескертуге мән бермеді. 2 минуттан соң өз-өзіне келді, үстіндегі киімінің шешілгенін көріп, таң қалды. Төменде келтірілген психикалық бұзылыстардың қайсысы ең мүмкін?
-
психикалық автоматизм -
джексондық ұстамада -
психосенсорлы ұстама -
+амбулаторлы автоматизм -
үлкен эпилептикалық ұстама
-
Жас жігіт, 20 жаста, кенеттен бозарып, құлап қалды, біртүрлі созылды, тынысы тоқтап қалды, бет бұлшық етінің және бүкіл денесінің ұстамалық тырысуы басталды. 2 -3 минуттан кейін есін жинап не болғанын білмеді. Одан кейінгі 2-3 сағат ішінде солғын, ұйқышыл болды. Диагноз қою үшін төменде келтірілген тексеру әдістерінің қайсысы ең мүмкін?
-
эхоэнцефалография -
пневмоэнцефалография -
+электроэнцефалография -
компьютерлік томография -
магнитты резонансты томография
-
47 жастағы ер адам, иіс газымен уланғаннан кейін көңілі көтеріліп, көп сөйлеп, сосын үрейге ауысып, қорқа бастады. Ұйқысы беткей, көп қорқынышты түс көреді, түн ішінде шошынып оянады. Сосын үрейлі болып, айналасын иллюзорлы қабылдайды. Психикасының бұзылысының ең жоғарғы сатысында галюцинаторлы образ көбейе бастады, оның ішінде өзі де бар.Келтіріген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
-
деперсонализациялық синдром -
+сана қарауытуы -
дереализация синдромы -
сандық синдромы -
метаморфопсия
-
Инфаркт миокардымен ауыратын науқастың психикалық жағдайы өзгерді. Науқас төсек маңында қозған, қолдарымен төсекті ақтарады, айналасындағылардан бөлектенген. Көзқарасы мағынасыз, контактіге түспейді, уақыт, орын, жеке түлғалық бағдары бұзылған.Келтірілген сана бұзылысының қайсысы ең ықтимал?
-
делирий -
+аменция -
онейроид -
есеңгіреу -
обнубиляция
-
18 жастағы солдат жауынгерлік кезекте тұрып, кенеттен қолындағы қаруын лақтырып тастап өзінің киімін шеше бастады. Айтқан ескертуге назар аудармады. 3 минуттан кейін есін жиып, шешінген киімін көріп таң қалды. Келтірілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал.
-
онейроидты синдром -
психикалық автоматизм -
аффективты бұзылыс -
императивты галлюцинациялар -
+сананың қарауыту бұзылуы
-
16 жастағы жасөспірім, крупозды пневмониямен ауыру кезінде соматикалық жағдайы әлсіреген, тері жабындысы бозарған, температурасы 37,4 С. Өкпенің оң жағында құрғақ және ылғалды сырыл бар. Рентгенограммада оң жағында пневмонияның қалдық көріністері бар. Отырған орны және уақыт бағдары бұзылған, өзінің атын дұрыс айтады. Жан-жағына үреймен қарайды.''Тышқан, мысық, жәндіктерді'' көретінін айтады, үстінен бірдеңкені қағады. Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
-
интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром -
интоксикациялық психоз, параноидты синдром -
+сананың делириозды күңгірттенуі -
сананың аментивті күңгірттенуі -
жедел реактивті қозу
-
70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, үнемі басын, аяқтарын қозғалтады, төсенішті қолымен сілкілейді. Кейбір кезде жылайды, күледі, сөзі байланыссыз, бөлек-бөлек сөздер айтады. Кешке жақын тынышсыздығы ұлғаяды, қорқады. Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
-
сананың делириозды күңгірттенуі -
сананың қарауытуы -
+сананың аментивті күңгірттенуі -
Корсаков психозы -
реактивті психозда
-
17 жастағы қыз, температурасы жоғары, тұмауланған, қараған кезде тынышсыз, үрейлі, мазасыз, назары тұрақсыз. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы бағдары бұзылған.Төсектен жиі атып тұрады, жастық астынан бірдеңе іздейді, төсек астын қарайды, қабырғаны қолмен сипалайды, көрінген жәндіктерді ұстап алғысы келеді. Кейбір кезде шошып аларып қарайды, өзімен-өзі сөйлеседі. Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
-
галлюцинаторлы -
+делириозды -
параноидты -
онейроидты -
аментивті
-
37 жастағы ер адам ұрсысу нәтижесінде белсенді қимыл-қозғалысымен, вазо-вегетативті көрінісімен, сананың тарылуымен және қарауытуымен көрінетін жүріс-тұрысының орындылығының жоғалуымен, сол кезде автоматтандырылған әлеуметтік қауіпті іс-әрекеттерімен көрінетін эмоционалды реакция дамыды. Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?