Файл: Берілген дістерді сіресе айсысы науасты психикалы жадайын баалауа жатады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 413
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
сананаң истериялық тарылуы -
сананың аментивті тарылуы -
сананың делириозды тарылуы -
+сананың күңгірттенуі -
сананың дисфориялық күңгірттенуі
-
42 жастағы науқас, өзін-өзі өлтірмек болып, күшті әсер ететін дәрілер ішіп, 2 күн кома жағдайында болды. Төсекте жатып қоршаған ортадан бөлектенген, сұрақтарға жауап бермейді, тынышсыз, үнемі байланыссыз күбірлеп сойлейді, төсегін қолымен ақтарады. Осы жағдайдан шыққан соң есінде ештеңе қалмаған. 2 апта бойы әлсіз, солғын, адинамия, есінде ештеңе сақтай алмайды.
Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
-
амнестикалық -
кататониялық -
делириозды -
+аментивті -
онейроидты
-
30жастағы ер адам, аз мөлшерде алкоголь қолданғаннан кейін өзін-өзі адекватсыз ұстай бастады. Кенеттен бір сөз айтпастан, столда жатқан пышақты ұстап алып, себепсіз қасында отырған адамды ұра бастады. Ұсталғаннан кейін не істегенін есіне түсіре алмады, істеген агрессиялық ісінің себебін айта алмады, өз істегеніне сенбей, таң қалды. Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
-
есеңгіреу -
онейроид -
+қарауыту -
делирий -
аменция
-
32 жастағы эпилипсиямен ауыратын ер адам кенеттен басқа қалада есін жиды, ол жерге қалай барғанын есіне түсіре алмады. Келтірілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал?
-
астениялық -
ипохондриялық -
психопат тәрізді -
обсессивті-фобиялық -
+сананың қарауытуы
-
29 жастағы ер адам, бірнеше минут ішінде киімін шешіп, жалаңаштанды. Есін жинаған кезде болған жағдай туралы ештеңе білмейді.Келтірілген сана бұзылыс синдромдарының қайсысы ең ықтимал?
-
онейроид -
делирий -
аменция -
кома -
+фуга
-
32 жастағы әйел әдеттегідей таңертең жұмысқа кетті, бірақ кешке жақын өзінің қала шетіндегі бақта қыдырып жүргенін байқады. Ол жерге қалай келгені есінде жоқ. Келтірілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал?
-
фуга -
+транс -
абсанс -
сомнамбулизм -
ұйқылы ояу
-
Ер адам 35 жаста, үйінен шыққанда мәңгірттенген болып көрінді, себепсізден жанынан өтіп бара жатқан екі адамды өлтірді. Полиция бөлімшесінде өз өзіне келіп. Есін жиды. Болған жайттар есінде болмады. Соттық-психиатриялық сараптамада оның психикалық жағдайы қалай квалификацияланады?
-
алкогольді делирий -
маниакальды жағдай -
диссоциальды психопатия -
катотониялық қозу -
+сананың күңгірттенуі
-
65 жастағы ер адамның жоғарғы температура фонында ауыр инфекционды ауруы бар, орын және уақыт бағдары бұзылған. Үрейленген, алаңулы, тәртібіне қарап қорқыныш сипаттағы көру галлюцинациясы бар екендігі білінеді. Тығылады, қорғануға талпынады, себепсіз агрессивті, ұстау кезінде қарсыласады. Аталған синдромның әсіресе қайсысы мүмкін?
-
деменция -
аментивті синдром -
+делириозды синдром -
галлюцинаторлы синдром -
психомоторлы қозу
-
Төменде келтірілгендердің қайсысы K.Jaspers бойынша сана бұзылысына қатыстылығы бар?
-
дереализация -
деперсонализация -
ойлаудың үзілуі -
парейдолиялық иллюзия -
+айналасындағыны түсінбей оқшалану
-
Төмендегілердің қайсысы делирийлі сана күңіртеннуінің басқа типтерінен айыратын ең маңызды дифференциалды- диагностикалық критерийі болып табылады?
-
кенеттен жедел басталу -
ағымының қысқалығы -
шынайы көру галлюцинацияның болуы -
сана бұзылысы кезеңінің толық амнезиясы -
+тұлғалық бағдарының сақталуы
-
Ер адам, 28 жаста, бетінде,мойнында және кеуде аймағындағы айқын герпестік бөртпелермен инфекциялық бөлімшеге түсті. Ұйқысыздыққа, көңіл-күйдің төмендеуіне, үрейге шағымданады, ашушыңдық көрсетеді. Ұйқысының бұзылысы фонында кешкі және түнгі уақытта қозады, төсекті ақтарады, төсеніштерді сілкілейді, денесінде және төсекте жәндіктер барын және оларды ұстауға тырысатынын айтады. Аталған психикалық бұзылыс синдромдарының қайсысы ең ықтимал?
-
аментивті -
+делириозды -
обсессивті-фобиялық -
онейроидты-катотониялық -
галлюцинаторлы-параноидты
-
Ер адам, 25 жаста, автобус жүргізушісі. Жедел көмек бойынша психиатрия ауруханысна жеткізілді. Түскен кезінде атын, тегін, жасын дұрыс айтады. Уақыт, орын бағдары бұзылған,
гараждамын деп есептейді, айналасындағыларды өзінің жолдастарының атымен атайды. Тұрғанда қолымен стереотипті қимылдар жасайды. Дәрігердің не істеп жатсыз?-деген сұрағына «Аузымна шашты шығарып жатырмын» деп жауап береді. Жанындағылардың айтуынша психикалық бұзылыстар басталуынан 4 сағат бұрын автобус жөндеген, жанармай детеальдарын жуған.
Келітірілген синдромның әсіресе қайсысы?
-
жедел галлюциноз -
+интоксикациялық делирий -
астено-невротикалық синдром -
сананың күңгірттенуі -
сананың онеройдты күңгірттенуі
-
Келтірілген психотропты препаттардың қайсысы нормотимиктердің-көңіл-күй стабилизаторлардың тобына ең ықтимал жатады:
-
зипрекса -
анафранил -
сиднокарб -
респолепт -
+литий карбонаты
-
Келтірілген психотропты препаттардың қайсысы нейролептиктерді қолданғанда болатын жанама әсерлерді тоқтату үшін және профилактикасында ең ықтимал қолданылады:
-
+циклодол -
аминазин -
пирацетам -
церебролизин -
амитриптилин
-
Қай клиникалық эффект антидепресанттарды қабылдағанда ең ықтимал көрінеді:
-
седативті -
миорелаксациялайтын -
антипсихотикалық -
+тимоаналептикалық -
вегетостабилизациялайтын
-
Транквилизаторларды қолданғанда қандай клиникалық эффект ең ықтимал көрінеді:
-
активизациялаушы -
+анксиолитикалық -
антипсихотикалық -
тимоаналептикалық -
тимостабилизациялаушы
-
Психикалық бұзылыстарды емдеу кезіндегі медикаментозды емес биологиялық әдістерге ең мүмкін жатады:
-
+инсулиношокты терапия -
рационалды психотерапия -
суггесивті терапия -
ұйқының депривациясы -
еңбектік терапия
-
Берілген психикалық бұзылыстардың қайсысында электроқұрысулық терапия ең мүмкін қолданылады?
-
+фебрильді шизофрения -
эпилептиформды синдром -
психиомоторлы қозу -
псиохоорганикалық синдром -
Альцгеймер ауруындағы деменция
-
Берілген іс-шаралардың қайсысы әсіресе біріншілік психопрофилактикаға жатады?
-
пациенттің аурумен бұзылған қоғамдық функциясын қалпына келтіру шаралары -
психикалық ауруларды уақытылы анықтауға бағытталған шаралары -
+психикалық бұзылыстардың пайда болуын алдын алатын шаралар -
психикалық ауруларды эффективті емдеуге бағытталған шаралар -
инвалидизация профилактикасына бағытталған шаралар
-
Берілген шаралардың қайсысы екіншілік психопрофилактикаға қатысты:
-
психикалық аурулар реабилитациясы -
инвалидизация профилактикасына бағытталған шаралар -
психикалық бұзылыстардың пайда болуын алдын ала ескертетін шаралар -
+психикалық аурулардың қайталануын алын алу бағыталған шаралар -
пациенттің аурумен бұзылған қоғамдық функциясын қалыпна келтіру шаралары
-
Берілгендің қайсысы екіншілік профилактиканың ең ықтимал негізгі міндетіне жатады?
-
аурудың этиологиясы мен патологиялық пайда болу механизмін түсіну -
ауруды басынан өткергеннен кейінгі науқастың қоғамдық байланысын қалпына келтіру -
аурудан кейін науқасты ресоциализациялау және профессионалды оқыту -
есі ауысқан науқастардың қоғамдық статусын сақтау және қалыпна келтіру -
+сапалы ремиссияларды құру, рецидивтерді алдын алу
-
Берілгендердің қайсысы үшіншілік психопрофилактиканың ең ықтимал негізгі міндетіне жатады?
-
психикалық аурулардың қайталануын алдын алу -
психикалық арулардың сапалы ремиссиясын құру -
ұстама аралық кезеңдегі науқастардың еңбекке қабілеттілігін қолдау -
аурудың этиологиясы мен патологиялық пайда болу механизмін түсіну -
+жоғалған функцияларды қалпына келтіру, аурудан кейін науқасты ресоциализациялау
-
Аурудың қайталануын алдын алуға бағытталған шара қай психопрофилактика түріне жатады?
-
біріншілік профилактикаға -
+екіншілік профилактикаға -
үшіншілік профилактикаға -
әмбебап профилактикалық шараларға -
арнайы профилактикалық араласуларға
-
Берілген тексеру әдістердің қайсысы әсіресе эндогенді психикалық бұзылыстардың біріншілік психопрофилактикалық шараларына жатады?
-
эхоэнцефалография -
электроэнцефалография -
КТ -
серологиялық зерттеу -
+генетикалық консультациялау
-
Берілген тексеру әдістердің қайсысы әсіресе біріншілік психопрофилактикада қолданылатын әдістерге жатады?
-
инвалидизация профилактикасы -
психикалық ауруларды эффективті емдеу -
пациенттің қоғамдық функциясын қалпына келтіру -
психикалық ауруларды уақтылы анықтау -
+психикалық аурулардың пайда болуын алдын ала ескерту