Файл: Берілген дістерді сіресе айсысы науасты психикалы жадайын баалауа жатады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 414

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





  1. Берілген тексеру әдістердің қайсысы әсіресе екіншілік психопрофилактикада қолданылатын әдістерге жатады?




  1. науқасты ресоциализациялау

  2. профессоналды оқыту

  3. еңбекке қабілеттелікті қалпына келтіру

  4. отбасылық қарым-қатынасты қалпына келтіру

  5. +психикалық бұзылыстардың қайталануын алдын-алу.





  1. Берілген тексеру әдістердің қайсысы әсіресе үшіншілік псиохопрофилактикада қолданылатын әдістерге жатады?




  1. психикалық бұзылыс диагнозын уақытылы қою

  2. жедел психикалық бұзылыстарды эффективті тоқтату

  3. психикалық бұзылыстардың қайталануын алдын-алу

  4. +науқасты ресоциализациялау және реадаптациялау

  5. психофармакотеарпияны адекватты таңдау




  1. Шизофрениямен ауратын әйел, сандырақ себебімен бөлмені кілттеп, 12 жасар баласымен екі ай изоляцияланды. Себебі анасы (баланың әжесі) «ауаны және тамақты улайды» деп сенімде болды. Әйел үйде уланған ауаны басу үшін үнемі қоқыс өртеген. Психиатриялық станционарға жатқызылғаннан кейін анасы (баланың әжесі) балалар психиатрына келіп, немересінің онымен сөйлеспейтініне, дұшпандық көрсететіне, оның дайындаған тамағынан бас тартатынына шағымданды. Балада берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе дамыған?




  1. реактивті психоз

  2. шизофрения манифесті

  3. +индуцирленген сандырақ

  4. жабысқақ жағдайдағы невроз

  5. наразылықтың

патохарактерологиялық реакциясы


  1. Шизофрениямен ауыратын науқастың анамнезінде жеткіншек шағында тәртіп бұзылыстарының мәліметтергі бар, әр түрлі құқық бұзушылықтары үшін полицияға алып келулер болған. Күн тәртібі бұзылған, «бұлшықеттері сүйектенбес үшін» түнімен спортпен шұғылданған, ал күндіз ұйықтаған. Ауру әжесін мазақтаған, бірақ бұрын әжесімен қарым-қатынасы өте жылы болған. Әжесінің дайындаған тамағын «калориясы аз ,маған жақсы тамақатну керек» деп унитазға төккен.Берілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал?




  1. +гебоидты синдром

  2. парафренді синдром

  3. кататониялық синдром

  4. жабысқақ-фобиялық синдром

  5. Кандинский-Клерамбо синдромы





  1. Әйел, 30 жаста. Госпитализациядан 2 апта бұрын ұйқысы бұзылған, көп сөйлегіш болған, әр кез бір жаққа қашуға дайын тұрған. Тексеру кезінде сөйлеу қозғалысының қозуы анықталған, жеңіл алаңдаулы, дистанция сезімінсіз. Себепсіз күледі, болашаққа жоспары шындыққа сәйкес емес. Айналадағылардың не ойлайтынын білетінін айтады. Арнайы орталыққа орналасқан, сәулетарататын аппараттың әсерін сезетінін айтты.Берілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал?




  1. +аффективті-сандырақтық

  2. психоорганикалық

  3. кататониялық

  4. маниакальды

  5. парафренді




  1. 32 жастағы ер адам «психомоторлы импотенцияға» шағымданды, оны арнайы қызметтегі жұмысшылар тобының оған сыртынан «тіркеуіш пен сәуле таратқыштан тұратын радиоэлектронды құрылғымен» әсер етумен түсіндірді. Бұл құрылғы оның денесіндегі барлық психикалық және физиологиялық процесстерге әсер ететініне сенімді: ойларын, қимылын басқарады дейді; пульсін жиілетеді, денесінде ыстық заттармен жанасқан сияқты сезім тудырады, тіпті күю сезімін тудырады.Берілген синдромдардың қайсысы әсіресе сәйкес?




  1. галлюцинаторлы

  2. кататониялық

  3. +Кандинский

  4. парафренді

  5. Корсаков




  1. Ер адам 42 жаста, 18 жыл бұрын ауырған. Галлюцинаторлы-сандырақты синдромының клиникасымен психиатриялық ауруханада бірнеше рет жатқан. Психиатриялық станционарға түскен кезде, алғашқы кезде тұйық болған, қабырғаға бетімен қарап үнемі бір нәрселерді күбірлеген. Соңғы уақыттарда жүріс-тұрысы бір типті, палатаның бір бұрышында басын төмен түсіріп, халатпен жауып отырады. Бірнеше рет сұрағаннан кейін сыбырлап жауап береді, жиі сұраққа қатыссыз жауап береді. Кейде дәрігердің соңғы фразасын қайталайды.Берілген шизофренияның клиникалық көріністерінің қайсысы әсіресе сәйкес?




  1. қарапайым

  2. параноидты

  3. +кататониялық

  4. гебефрениялық

  5. дифференценирленбеген




  1. Әйел 44 жаста, психиатриялық станционарға түскен кезде актуальды сандырақты-галлюцинаторлы бұзылысы анықталған. Жиі дәрігердің кабинетіне кіріп, «мазақтауды тоқтатуды, оның ойын алып, орнына бөтен басқа ой салатын аппаратты» өшіруді ашуланып талап еткен. Палатадағы көршісін оны бақылау үшін жіберілген деп соққылаған. Оның ойларын оқып, диктофонға жазып алатындығын айтады, кейде өзі жайлы «экспериментаторлардың» әңгімелерін естиді.Берілген шизофренияның клиникалық формаларының қайсысы әсіресе сәйкес?





  1. қарапайым

  2. баяу ағымды

  3. +параноидты

  4. кататониялық

  5. гебефрениялық




  1. Ер адам 22 жаста, ЖОО студенті. Психиатриялық клиникада 3 рет емделген. Ұсатама кезінде оның соңына біреу түсу ойларын айтқан, оның беделін түсіргісі келеді деп есептеген, көңіл-күйі төмен, оны әр түрлі ауыр күналарға кінәлайтын дауыстар естіген. Емдеу курсынан кейін шығарылған, институттағы оқуын жалғастырған. Бірақ курстастары көп оғаш қылықтарын байқаған: ешкіммен араласпайды, өте қатты ренжігіш. Ол өзінің құлақтарын ұсқынсыз деп есептейді. Сол үшін үнемі дәрігерлік қалпақпен жүреді, қалпақпен ұйықтайды.


Берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе сәйкес?


  1. баяу ағымды шизофрения

  2. паранояльды психопатия

  3. +параноидты шизофрения

  4. жабысқақ невроз жағдайы

  5. биполярлы аффективті бұзылыс




  1. Ер адам 32 жаста, оған ауруханаға келетін әкесінің шын мәнінде әкесі емес, жақсы гримдалған әкесіне ұқсас адам деп есептейді. Берілген синдромдардың қайсысы әсіресе сәйкес?




  1. Котар

  2. +Фреголи

  3. онейроидты

  4. паранойяльды

  5. галлюцинаторлы




  1. Ер адам 36 жаста, шизофрениямен зардап шегеді. «Өзіңізді қалай сезінесіз?» деген сұраққа «сіздің сезім деген сөзді қалай түсінуіңізге қарай. Егер сіз осы сөздің астарында менің сезімдерімнен сіздің не сезінгеніңізді айтатын болсаңыз, онда сіздің өз-өзіңізді сезінуіңіз менің сіздің сезіміңіз жайлы ойыма сәйкес келмейді» деп жауап береді.



Ойлау бұзылысының қайсысы әсіресе сәйкес?


  1. амбиваленттілік

  2. патологиялық байымдылық

  3. паралогиялық

  4. +резонерлік

  5. символизм




  1. Әйел адам 29 жаста, инженер, шизофрения ұстамасынан кейін ауруханадан продуктивті психотикалық симптоматикасыз шығарылды. Бірақ өзін активті қимылға шақыра алмағандықтан жұмысқа бармады. Бұрын өзі жақсы көретін жұмысына ғана емес, адамдармен араласуға да ниеті болмады. Баласына, отбасына аз көңіл бөлді. Уақыт өте өз-өзіне қарауды мүлде қойды, тек ескерткенде ғана жуынып-таранатын болды. Көп уақытын төсекте өткізеді.


Ең ықтимал синдром?


  1. кататониялық

  2. психоорганикалық

  3. +апато-абулиялық

  4. астено-депрессивті

  5. депрессивті-параноидты




  1. Ер адам 56 жаста, ұзақ уақыт шизофрениямен зардап шегеді, ауруы өршігендіктен госпитализацияланған. Қарау барысында көңілді, өзін өте бай санайды, айналасындағыларға миллиондар таратады, сыйлықтар сыйлайды. Өзінің «үш дүркін әлем батыры» екендігін, «күллі әлемнің агентімін»деп жариялайды.


Ең ықтимал синдром?


  1. гебефрениялық

  2. маниакальды

  3. +парафренді

  4. параноидты

  5. дементті




  1. Әйел адам, 30 жаста. Тұқым қуалайтын ауруы жоқ. Психиатриялық стационарға дұрыс емес мінез-құлқы себебімен әкелінді: «Марсиандардың жердегі өкілімін, ғарыш кемесін ұшыруға қатысамын, Марсқа ұшамын» деп айтады. Қозған, түсініксіз заттар айтқан, қай жерде екенін түсінбейді. Күнді, айды шатастырады. Бірде Марстамын, бірде ауруханадамын деп хабарлайды. Сахналық көрініс ойналып жатыр және онда анасы мен әжесі қатысып жатыр деп мәлімдейді.


Келтірілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе сәйкес?


  1. обсессивті-компульсивті бұзылыс

  2. +шизоаффективті бұзылыс

  3. шизотиптік бұзылыс

  4. маниакальды эпизод




  1. Ер адам, 24 жаста, шизофрениямен ауырады. Соңғы үш тәулікте ұйықтамаған, қозған, көңіл-күй фоны адекватты емес жоғарлаған, көп сөйлегіш, өзін жоғары бағалайды, болашаққа адекватсыз жоспар құрады. Бүкіл әлемдік әділетті қоғамды орнатуға өзін міндеттімен деп санайды.


Берілген препараттардың қайсысы осы психикалық жағдайды тоқтатуға әсіресе сәйкес?



  1. феназепам

  2. ноотропил

  3. +оланзапин

  4. мелипрамин

  5. амитриптилин




  1. Ер адам, 35 жаста параноидты шизофрениямен зардап шегеді, бір халықаралық ұйым соңына түсіп, оны басқарады деп ойлайды. Басында олардың дауысын естиді.


Берілген психотропты препарттардың қайсысы осы жағдайда ең ықтимал көрсетілген?


  1. амитриптелин

  2. +галлоперидол

  3. финлепсин

  4. пирацитам

  5. аминалон




  1. Әйел адам, 38 жаста, ішіндегі белгісіз ауру сезімініе шағымданып дәрігерге қаралды. Өзінде ісік бар екеніне сенімді. Толық клиникалық тексеруде ешқандай патология анықталмады. Соған қарамастан ісік бар екеніне сенімділігін жалғастыра берді, дәрігер оны таппады деп ойлады. Таңғы 4-те тұрады. Соңғы 6 апта ішінде 8 кг жоғалтты (ісікпен байланыстырады), сөйлеуі монотонды, өзін пайдасыз сезінеді және ешкімнен аяушылық қаламайды. Әсіресе таңертең өзін жаман сезінетінін айтады, күні бойы көңілі төмен болады.


Келтірілген синдромдардың қайсысы әсіресе сәйкес келеді?


  1. обсессивті-фобиялық

  2. аффективті-конфабуляциялық

  3. галлюцинаторлы-параноидты

  4. +депрессивті-ипохондриялық

  5. дереализациялық-деперсонализациялық




  1. Әйел адам, 50 жаста, мамандығы бойынша дәрігер-терапевт. 1 ай ішінде бөлектенуі және көңіл-күйінің төмендеуі байқалды. 1 айда 6 кг жоғалтты, тәбеті жоқ, бір уақытта «жан ауруынан» қатты ыңырсиды, түнде ұйықтамайды. Өмірдің мәнін көрмейді, госпитализацияға дейін клофелиннің жоғары дозасын ішіп өзіне қол жұмсамақ болған.


Келтірілген депрессияның клиникалық типтерінің қайсысы ең мүмкін?


  1. үрейлік

  2. дисфориялық

  3. анестетикалық

  4. ипохондриялық

  5. +меланхолиялық




  1. Әйел адам 35 жаста, мамандығы бойынша педагог. Жалпы мазасыздықпен байланыстыратын төмен көңіл-күйге шағымданды. Тәбеті жоғалды, ұйқысы бұзылды. Кешке «жақындап келе жатқан өлім» туралы үрейлі оймен мазасыздығы күшейеді. «Ішінде бәрі шіріген, тамырлары босады, басы бос» екенін айтады. Қандайда бір инфекционды аурумен ауыратынын, қызына жұқтыратынын, қызы енді тұрмысқа шыға алмайтынын айтады. Тексергенде соматикалық аурулар анықталмады. Келтірілген депрессияның клиникалық типтерінің қайсысы ең мүмкін?