Файл: Viii тарау. 17(Viia), 16(via), 15(VA), 14(iva) топ элементтері жне оларды осылыстары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 56
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: 9.8 | VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары. |
Педагогтің аты-жөні: | Эрикова Алина Эриковна |
Күні: | 18.02.2022 |
Сыныбы: 9 «А» | Қатысушылар саны:23 Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Аммиак. №12 зертханалық жұмыс. «Аммиак молекуласының моделі» |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсіндіру; 9.2.1.21 аммиакты алу және қасиеттерін қолданылуын түсіндіру. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын жазады; Оқушылардың басым бөлігі: Аммиакты алу және қасиеттерін қолданылуын біледі; Кейбір оқушылар: Аммиактың химиялық қасиеттеріне теңдеулер жазады, есептер құрастырады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ыстық лебіз» арқылы көңіл-күйлерін көтеру Үй тапсырмасын пысықтау үшін «Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен сабақты тексеремін. | Оқушылар амандасып, «Ыстық лебіз» айту арқылы көңіл-күйлерін көтереді. Өткен тақырып бойынша тапсырма орындайды. | Берілген тапсырмасының нәтейжесі бойынша. Баллдық көрсеткіш арқылы. | карточка | ||
Сабақтың ортасы | Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіремін. Аммиак. Құрылысы. Азоттың сыртқы энергетикалық қабатында бес электрон бар және оның үшеуі дара. Сол дара электрондар аммиак NH3 молекуласын түзуге қатысады. Ортақ үш электрон жұбы электртерістілігі жоғары азот атомына қарай ығысады. Молекула пирамида пішінді. Физикалық қасиеттері. Аммиак-суда өте жақсы еритін, өткір иісі бар түссіз газ. Бөлме температурасында бір литр суда 700 литр аммиак ериді. Бұл ерітінді аммиак суы немесе мүсәтір деп аталады. Алынуы. Зертханада аммиак алу үшін аммоний алу үшін аммоний тұздарына күшті сілтілерді қосады: NH4Cl + NaOH = NH3↑ + NaCl + H2O (NH4)2SO4 + Ca(OH)2 = 2NH3↑ + CaSO4 + 2H2O Өндірісте аммиак алу үшін сутекке азотпен тікелей әсер етеді: N2(г) + 3H2 (г) =NH3(г) + 92кДж Аммиактың суық ерітінділері медицинада және күнделікті өмірде қолданылады. Бірақ өнеркәсіпте өндірілген аммиактың көп бөлігі азот қышқылын, сондай-ақ басқа азотты қосылыстарды өндіруге жұмсалады. Олардың ең маңыздысы-азотты тыңайтқыштар, аммоний сульфаты, аммоний нитраты және несепнәр. №12 зерханалық жұмыс «Аммиак молекуласының моделі» Алдымен аммиактың құрылымдық формуласын құрастырыңдар. Молекулалардың сфералық модельдерін құрастыруға арналған жиынтықтан екі түсті шар алыңдар. Шарлардың аммиак молекуласы үлгілерін жасаңдар. Аммиак молекуласындағы атомдар арасындағы химиялық байланыстардың санына назар аударыңдар. | Оқушылар аммиактың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысады. Қайда қолданылатындығы жайлы ақпарат алады. Реакция теңдеулерін жазып теңестіре алады.Оқушылар есеп шығару алгоритміне сүйеніп келесі есептерді шығарады. (33 бет) 2-тапсырма. («Сандар сөйлейді» әдісі) 1. Массасы 100 г 20%-дық күкірт қышқылы арқылы қанша көлем (қ.ж.) аммиакты өткізгенде: а)аммоний гидросульфаты; ә)аммоний сульфаты түзіледі? (Жауабы: a)V(NH3)=4.48л; ә) V(NH3)=8.96 л ) 2. Көлемі 5 л аммиак пен 15 л хлорсутекті араластырды. Реакция нәтижесінде қай зат артық қалды? Ол заттың массасы қанша? 3. Массасы 112кг азот N2 сутекпен H2 әрекетескенде түзілетін аммиактың көлемін есептеңдер. Реакция теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда шығымы 80% ответ бар ма Ермексаздан аммиактың моделін жасайды; -плакатқа аммиактың моделін салады; - шар стержінді модельдерден аммиактың моделін құрастырады. | Есеп шығару деңгейіне байланысты. Тапсырма нәтейжесі баллдық көрсеткіш арқылы. Оқушылар өзара бағалау | Презентациялар Тақта | ||
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма: Оқулықтағы 36 беттегі cұрақтар мен есептер шығару. | Кері байланыс. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін айтады. | | Стикер | ||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
«Ыстық лебіз», «Тапсырма», «Сандар сөйлейді» Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін айтады. | Компьютерлік сыныпта қауіпсіздік ережесін сақтау, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау, сергіту сәтінде көзге арналған жаттығулар жасау. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: |