ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.11.2021
Просмотров: 86
Скачиваний: 1
Клиникалық жағдай:«Жедел обструктивті бронхиттің диагностикасы және жүргізу тәсілі».
Ситуацилық есеп: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне2 жасар қыз бала келіп түсті.
-
Анамнез жинап, науқасты қарап тексеріңіз.
-
Зертханалық – аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне интерпретация жасаңыз.
-
Диагноз қойыңыз.
-
Науқасты жүргізу тәсілін таңдаңыз.
Қорытынды нәтиже (outcomes):
-
Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқасты сұрастыру және физикалды қарап тексеру.
-
Жедел обструктивті бронхиттің клиникалық диагностикасы.
-
ЖҚА, қанның ИФА, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы нәтижелеріне интерпретация жасау.
-
Жедел обструктивті бронхиті бар науқасты жүргізудің тәсілі.
-
Науқаспен тиімді қатынас орнату және қорқыныш сезімін басу.
«Жедел обструктивті бронхит және жүргізу тәсілі»
клиникалық симуляцияны
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
№ |
Қадамдарды бағалаудың критерийлері
|
Балл түрінде бағалау |
||
Дұрыс орындады |
Ескертулермен орындады |
Орындамады |
||
1 |
Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
2,0 |
1,0 |
0 |
2 |
Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстығы және кезектілігін сақтау – жалпы қарау, тыныс алужүйелерін тексеру. |
2,0 |
1,0 |
0 |
3 |
Клиникалық симмуляция жағдайында ұсынылған симптомдардың дұрыс интерпретациясы |
2,0 |
1,0 |
0 |
4 |
Болжам диагнозды негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
Зерттеу жоспарын тағайындау |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Салыстырмалы диагностиканы жүргізу |
2,0 |
1,0 |
0 |
7 |
ЖҚА интерпретациясы |
1,0 |
0,5 |
0 |
8 |
ЖЗА интерпретациясы |
1,0 |
0,5 |
0 |
9 |
Атипті флораға ИФА нәтижесінің интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
10 |
Кеуде торы рентгенограммасының интерпретациясы |
1,0 |
0,5 |
0 |
11 |
Қорытынды диагнозды негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
12 |
Емдеу тәсілін негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
13 |
Небулайзертерапияны негіздеді |
2,0 |
1,0 |
0 |
14 |
Емнің тиімділігін бақылау |
1,0 |
0,5 |
0 |
15 |
Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
Барлық балл саны |
20 |
|
|
Стандартты әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің түсініктемесі:
Қыз бала, 2 жаста.
Шағымдары: дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауы, мұрыннан шырышты бөліністер, құрғақ, жиі жөтел, әлсіздік, тәбеті төмендеген.
Сұрақтың мәні |
Әртіске арналған сұрақтар |
Жауап |
Жөтелдің сипатын нақтылау |
Жөтелі құрғақ немесе ылғалды ма? Жөтел үнемі мазалайды ма әлде жоқ па? |
Жөтелі құрғақ,ұстама тәрізді |
Тахипноэ сипатын нақтылау |
Тынысының жиілеуі мен қиындауы байқалды ма? |
Тыныс шығаруы қиындаған |
Қосымша шағымдары |
Тағы басқа қандай шағымдар мазалайды? |
Тәбеті төмендеген, сұйықтық ішуден бас тартады, ұйқысы мазасыз |
Ауру анамнезінен: бала 3 күн бойына ауырады: дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауы болған, мұрыннан шырышты бөліністер пайда болған, жөтеледі.Қызу түсіретін және муколитикалық ем қабылдаған. Қыз баланың жағдайы нашарлаған, жөтелі күшейген,тынысының қиындауы пайда болды, интоксикация белгілері күшейді.
Өмір анамнезінен: бала бірінші жүктіліктен, жедел туыттан, жүктілік ағымы өзгеріссіз өткен. 1 жасқа дейін табиғи тамақтануда болған. Өмірінің бірінші жылында атопиялық дерматиттің көріністері болған,ЖРВИ жылына 5 – 6 ретке дейін болады.
Объективті: дене салмағы 14 кг, бойы 87 см.
Қарап тексеруде жағдайы ауыр. Терісі бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышы цианозды. Жиі, ұстама тәрізді, өнімсіз жөтел байқалды. Тыныс жиілігі 38рет 1 минутта.Тынысы шулы, арақашықтықтан естіледі. Ентігу экспираторлық типті. Тыныс алу актісіне көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпесінде тынысы қатаң, тыныс шығару кезінде көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуторлы – қораптық реңмен өкпелік дыбыс естіледі. Жүрек үндері дауысты, шулы. ЖЖЖ–122соққы мин. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +1 см қабырға доғасынан шығыңқы, көкбауыры пальпацияланбайды.
Жалпы қан анализі
Эритроциттер - 3,2х1012/л,
Гемоглобин - 115 г/л
Лейкоциттер - 8,4х109/л
Таяқша ядролы–2х 109/л
Сегментті ядролы– 12х 109/л
лимфоциттер– 78х 109/л
эозинофилдер–7х 109/л
моноциттер – 1х 109/л
ЭТЖ - 14 мм/сағ.
Жалпы зәр анализі
салыс. салмағы – 1024
Белок – 0,066 г/л
Л – 1 – 3 к/а
Эр – 0 – 2 к/а
ИФАатипті флораға - MycoplasmapneumoniaIgG 1,345.
Рентгенограмма грудной клетки
Қортынды: Өкпе түбірі кеңейген, өкпе суреті күшейген. Өкпе аймағы мөлдірлігінің жоғарылауы анықталады, қабырғалары көлденең орналасқан
«Жеделобструктивті бронхит диагностикасы және жүргізу тәсілі»
клиникалық симуляцияның
жауап эталоны
№ |
Қадамдарын бағалау критерийлері |
Жауаптар эталоны |
1 |
Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
Жөтелдің сипатын нақтылау Жиілеген тыныстың сипатын нақтылау Анамнез morbietvitae Аллергоанамнезі |
2 |
Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстығы және кезектілігін сақтау – жалпы қарау, тыныс алу, жүрек-қантамыр, асқорыту және зәр шығару жүйелерін тексеру. |
Объективті: қарап тексеруде жағдайы ауыр. Терісі бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышы цианозды. Ылғалды, жиі, өнімсіз жөтел байқалды. Тыныс жиілігі 38рет 1 минутта.Тынысы шулы, арақашықтықтан естіледі. Ентігу экспираторлық типті. Тыныс алу актісіне көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпесінде тынысы қатаң, тыныс шығару кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуторлы – қораптық реңмен өкпелік дыбыс естіледі. |
3 |
Клиникалық симмуляция жағдайында ұсынылған симптомдардың дұрыс интерпретациясы |
Интоксикациялық және тыныс жетіспеушілігінің симптомдарын анықтады. |
4 |
Болжам диагнозды негіздеу |
Жедел обструктивті бронхит, ТЖ ІІ дәр. |
5 |
Зерттеу жоспарын тағайындау |
|
6 |
Салыстырмалы диагностиканы жүргізу |
Бронх демікпесімен салыстырмалы диагностика жүргізу |
7 |
ЖҚА интерпретациясы |
Лимфоцитоз белгілері, ЭТЖжоғарылаған |
8 |
ЖЗА интерпретациясы |
Белок 0,066 (микропротеинурия) |
9 |
Атипті флораға ИФА нәтижесінің интерпретациялау |
Mycoplasma pneumonia - IgG 1,345 |
10 |
Кеуде торы рентгенограммасының интерпретациясы |
Өкпе түбірі кеңейген, өкпе суреті күшейген. Өкпе аймағы мөлдірлігінің жоғарылауы анықталады, қабырғалары көлденең орналасқан |
11 |
Қорытынды диагнозды негіздеу |
Жедел обструктивті бронхит, ТЖ ІІ дәр. |
12 |
Емдеу тәсілін негіздеу |
Антибактериальды терапия – макролидтер: ровамицин 150 мыңкгдене салмағына |
13 |
Небулайзертерапияны негіздеді |
Вентолин 0,1 мл 3 рет 20 мин интервалмен+ физ.ерітінді |
14 |
Емнің тиімділігін бақылау |
Дене қызуының қалыпты көрсеткішке келуі, тыныс жетіспеушілігі мен интоксикация симптомдарының қайтуы. |
15 |
Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату |
Науқаспен тиімді қатынас орнату және қорқыныш сезімін басу. |
|
Барлық балл саны |
|
Симуляцияның жабдықталуы:
-
Есебі бар парақ, волонтер (науқастың) үшін сценарий, қадамдарды бағалау критерийлері
-
кеуде қуысы ағзаларыныңрентгенографиясыныңнәтижелері
-
ЖҚА, ЖЗА,
-
ИФА нәтижелері
-
Фонендоскоп, тонометр
1. актер – науқас.
Жағдай: оқу бөлмесі – қабылдау бөлімі.
1. Төсек – 1
2. Аспаптарға арналған үстел – 1
3. Небулайзер
4. препараттармен медициналық шкаф (физ.ерітінді, ровамицин, вентолин).
Құрастырған : Давлетгильдеева З.Г.
Аударған : Жунусова А.Ж.
Рецензент: д.м.н. Катарбаев А.К.
Бекіту күні және ББК мәжілісі хаттамасының номер і: протокол №6, 25.02. 2014 ж.