ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 222
Скачиваний: 1
ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ – ФАРМАЦЕВТІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ.АЛЛЕРГИЯ КЕЗІНДЕГІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ.
МАҚСАТЫ
Фармацевтің кәсіби қызметінің негізі ретінде фармацевтикалық қамқорлықпен студенттерді таныстыру.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ
Студенттерді таныстыру:
-
жауапты өзін-өзі емдеудің концепциясыменя;
-
фармацевтикалық көмекті көрсетудегі фармацевтің ролімен;
-
тиісті дәріханалық практика принциптерімен.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ
1. Өзін-өзі емдеу – бұл рецептсіз дәрілік препараттарды пациенттің қолдануы.
2. Өзін-өзі емдеудің басты сипаттамалары.
3. Фармацевтикалық қамқорлық.
ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ
Сұрақтар бойынша пікірталас:
1. Өзін-өзі емдеудегі фармацевтің ролі.
2. Тиісті дәріханалық практика және фармацевтикалық қамқорлық.
Кіші топтардағы жұмыс. Презентация:
1. ҚР ДСМ 27.08.02 № 110 «Рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін бекіту туралы» бұйрығы.
2. Дәрігердің рецептінсіз босатылатын фармацевтикалық тауарлардың түрлері.
3. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі.
4. Минералды сулар, биологиялық белсенді қоспалар.
Тарату материалы
Фармацевтикалық қамқорлық – фармацевтің кәсіби
қызметінің негізгі бағыты
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде ОТС-препараттар деп аталатын (ағылшынша over the counter) рецептсіз босатуға рұқсат етілетін препараттардың тізімі көбейіп кел жатқаны байқалады. Препараттардың бұл категориясының болуының өзі оларды дәрігердің тағайындауысыз, яғни пациенттің өзінің жауапкершілігімен қолдануға болатынын көрсетеді. Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымы анықтауынша, өзін-өзі емдеу – бұл пациенттердің өзі анықтаған симптомдарын және көңіл-күйінің бұзылуын емдеу және алдын алу үшін еркін саудадағы дәрілік препараттарды қолдануы.
1994 ж. рецептсіз препараттарды (AESGP) өндірушілердің Европолаық ассоциациясы «өзін-өзі емдеу» терминін «жауапты өзін-өзі емдеу» ұғымына айналдырды. Соған байланысты ХХ ғасырдың соңында денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық бағыты бүкіл әлемде «пациентке көңіл қою» (фокус на пациента) деп анықталды.
Жауапты өзін өзі емдеу концепциясын дамыту тұрғындарға жетімді, сапалы және арзан қызметтерді ұсынуда позитивті рольді атқарады. Әлемдік практика көрсеткендей, медицина қауымддастығын және тұрғындарды жауапты өзін өзі емдеудің ыңғайлары туралы жан-жақты ақпараттау және рецептсіз препараттар үшін сәйкес нормаларды енгізу денсаулыққа жұмсалатын шығындарды қысқартуға және тұрғындардың денсаулығының жалпы жағдайын жақсартуға әкелуі мүмкін.
Өзін өзі емдеудің басты сипаттамасы – науқастың өз денсаулығы үшін жауапкершілігі. Өзін өзі емдеуге жауапты ыңғайдың негізі – толық ақпараттың болуы. Осындай жағдайда науқасқа сапалы көмекті көрсететін фармацевтің ролі артады. Фармацевт дәрілік препараттың қандай жағдайды емдеуге қажет екендігін, пациентте дәрігердің шұғыл кеңесін қажет ететін симптомдардың жоқтығын анықтайды, қандай дәрілік препаратты алу керектігіне кеңес беріп қана қоймай ұтымды дәрілік қалыпты таңдайды, препаратты қабылдау ережесі туралы айтады, мүмкін болатын жанама әсерлері, препараттың тағаммен, басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеті және т.б. туралы ескертеді, яғни толық фармацевтикалық қамқорлықты жүзеге асырады. Фармацевтикалық қамқорлық дегеніміз фармацевтің нақты пациент алдында дәрілік препаратпен емдеу нәтижелеріне жауапкершілікті алуы.
Фармацевтикалық қамқорлық – бұл дәріні босатқан кезден бастап оның әсерінің толық аяқталғанына дейінгі барлық кезең бойында фармацевт пен пациенттің өзара әрекетінің кешенді бағдарламасы.
Бүгінгі күні фармацевтің ролі біршама өзгерді, ол тек дәрілік препараттардың ассортиментінің (әлемдік фармацевтикалық нарықта олардың 350 000 мыңнан аса атауы бар) көбеюі туралы ғана ойламауы керек, тек қана препаратты босатпауы керек, оның кәсіби қызметінің негізгі мақсаты нақты науқастың дәрілік терапиясының қауіпсіздігін және тиімділігін арттыру болуы керек. Әрине бұл жағдайда дәрігердің ролін фармацевтпен ауыстыру туралы болып отырған жоқ. Өзін өзі емдеу тек өмірге қауіп төндірмейтін симптомдар мен синдромдар пайда болғанда және оларды әртүрлі топтағы (антацидтер, іш жүргізетін, анальгетиктер, ыстық басfтындар, спазмолитиктер және т.б.) ОТС-препараттар баса алатын жағдайларда ғана мүмкін. Адам –p өмірінде «қауіпті емес» симптомдар (бас ауруы, суықтау, асқазан қыжылы, метеоризм, ішьің қатып қалуы және т.б.) байқалғанда дәрігердің көмегіне жүгінбей қанша рет өзін өзі емдеумен айналысқаны туралы ойланбайды да. Дәріханаға келгенде фармацевтен кеңес сұрадық, оның көмегін қажет еттік немесе өзіміздің білімімізге, көршілердің кеңесіне құлақ салдық?
Тиісті дәріханалық практика (Good Pharmaceutical Practice, GPP) талаптарында «фармацевтикалық қамқорлық» термині науқас пен қоғамды фармацевтің қызметін біріншілік пайдаланушылар ретінде анықтайтын практика идеологиясының атауы ретінде бекітілді. Тиісті дәріханалық практика фармацевтикалық қамқорлықты жүзеге асырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Тиісті фармацевтикалық қамқорлықтың негізі фармацевтің кәсіби білімі мен тәжірибесі, медициналық этика мен деонтологияның нормасы, фармацевтің науқасқа қайырымды қарауы және өз қызметіне жауаптылықпен қарауы болып табылады.
Аллергия – организмнің қандай да бір затқа немесе заттар тобына (аллергенге) жоғары (өзгерген) сезімталдылық көрсететін жағдайы.
Аллергия ауру ретінде бұрыннан белгілі, бірақ ХХ ғасырдың ортасынан бастап аллергендердің саны күрт көбейді, ал соңғы онжылдықтың ішінде аллергия әлемдегі маңызды медициналық-биологиялық мәселелердің біріне айналды. Мегаполистің тұрғындарының 30-60% осы аурумен ауырады. БДҰ-ның мәліметтері бойынша, қазіргі кезде аллергиялық аурулар үшінші орынды алады, ал болжам бойынша болашақта аурушаылық құрылымында біріншгі орынға шығады, және ХХІ ғасыр «аллергия ғасыры» болады.
Ауру полиэтиологиялы, яғни оны бірқатар факторлар тудырады. Экзогенді (физикалық - температуралық, механикалық; химиялық – дәрілік препараттар, тағам өнімдері және т.б.) және эндогенді (органдар ішіндегі патологиялық процесстер – ас қорыту жолындағы, ағзаның эндокринді және басқа да жүйелеріндегі) факторлар болады.
Аллерген – сезімталдылығы жоғары адамдарда аллергия тудыратын кез келген антиген. Аллергияның клиникалық көріністері әртүрлі – бұл тек терінің қышынуы, бөртуі, түшкіру, ринорея, құрғақ жөтел, көздің жасаурауы ғана емес, сонымен бірге дене температурасының көтерілуі, жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауруы, жалпы жайсыздық сипмтомдары (бұлшық еттің әлсіздігі, тез шаршау, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, тітіркену).
Себептері
Аллергиялық реакцияны бізді қоршаған орталағылардың барлығы тудыра алады: тұрмыстық техника құралдары, жануарлардың жүні, өсімдіктердің тозаңдары, жәндіктер, дәрілер, үйдегі шаң-тозаңдар және т.б..
Көп тараған экзогенді аллергендер:
-
тағам өнімдері – сиыр сүті, жұмыртқа, шоколад, цитрусты жемістер;
-
тұрмыстық – үй және кітапхана шаң-тозаңы, үй жануарларының жүні және қайызғағы, балықтарға арналған құрғақ жем;
-
өсімдік тозаңдары – ағаштардың, арамшөптердің тозаңдары;
-
контактылық – жуу заттары, синтетикалық бұйымдар, косметикалық заттар;
-
химиялық - лактар, бояғыштар, полимерлер, платина, сынап тұздары;
-
инсекталық – у және аралардың аллергенді субстанциялары;
-
дәрілік – барлық дәрілік заттар деуге болады.
Жіктелуі
Аллоергияның бірыңғай жіктелуі әзірге жоқ. Аллергиялық реакцияларды келесілер бойынша жіктеуге болады:
-
этиологиялық фактор бойынша – дәрілік, тағамдық, поллиноз, инсекталық және т.б.;
-
өту сипаты бойынша - маусымдық, жыл бойындағы;
-
клиникалық көріністің локализациясы бойынша - ринит, конъюнктивит, дерматоз және т.б.;
-
өту ауырлығы бойынша – ауыр емес (аллергиялық ринит, конъюнктивит және т.б.) және ауыр өтетін (анафилактикалық шок, сарысу ауруы, Стивенса - Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, бронхиалды астма).
Кейбір авторлар келесі жіктеуді қолданады:
-
Респираторлық аллергоздар - аллергиялық ринит, аллергиялық риносинусит, аллергиялық трахеобронхит, бронхиалды астма.
-
Тағамдық аллергия.
-
Аллергияның теріде өтетін формалары (оның ішінде шырышты қабаттың зақымдалуы) – есекжем, Квинке ісігі, атопикалық дерматит, экзема, аллергиялық конъюнктивит.
-
Анафилактикалық шок.
-
Сарысу ауруы.
Аллергодерматоздар (терінің аллергиялық ауруы) аллергиялық патологияның көп тараған формаларының бірі. Балаларда кездесетін терінің аллергиялық ауруының арасында бірінші орынды атопикалық дерматит, ал үлкендерде – есекжем және ангионевротикалық Квинке ісігі алады.
Аллергиялық реакциялардың дамуына мүмкіндік жасайтын факторлар:
-
аллергиялық реакцияларға тұқым қуалайтын бейімділіктің болуы;
-
ерте жаста аллергенмен жанасқан кездегі сенсибилизация (оның ішінде жатырда жатқанда);
-
темекі түтінінің әсері;
-
сенсибилизацияға мүмкіндік жасайтын өнеркәсіптік қалдықтардың әсері;
-
ағзаның гормональды қайта құрылу кезеңдері – жыныстық жетілу кезеңі, жүктілік, менструалды кезең, климакс;
-
рационында жеңіл сіңетін көмірсулардың көп мөлшерде болуы (тәттілердің);
-
құрт инвазиясы.
Аллергияның кез келген көрінісі аллергенді идентификациялау, емдеу тактикасын таңдау, аллергиялық реакциялардың қайталануының алдын алу үшін дәрігердің кеңесін талап етеді!
Дәрігерге қаралуды талап ететін, қауіп төндіретін симптомдар
-
Ентігудің ауыр түрі, тыныс алудың қиындауы, АҚ тез төмендеуі, жүйке жүйесінің бұзылуы, құрғақ жөтел, ысқырған тәрізді тыныс алу, тыныстың тарылуы.
-
Тамақтың ісігінің белгілері – дауыстың қарлығуы, «иттің үргені» тәрізді жөтел, тыныс алудың қиындауы.
-
Абдоминалды синдром – жүректің айнуы, құсу, интенсивтілігі әртүрлі болатын іштің ауруы.
-
Анық байқалатын тынышсыздықтың, қорқыныш сезімінің, әлсіздіктің, қозғалыс белсенділігінің жоғарылауының байқалуы.
Келесі жағдайларда дәрігерге қайталап көріну керек:
-
аллергияның жаңа белгілерінің пайда болуы (мысалы, есекжемімен қатар тыныс алудың қиындауы, тыныстың тарылуы байқалады);
-
аллергия бұрын тағайындалған дәрілік заттармен емделмейді.
Аллергиялық реакция бірінші байқалған кезде міндетті түрде дәрігерге көріну керек және аллергияның шығу себебін анықтауға тырысу керек.
Аллергиялық реакцияның қандай да бір аллергенмен байланысы анықталғаннан кейін онымен әрі қарай жанасуды болдырмаудың барлық жолы қаралуы керек.
Поллинозы бар пациенттерге берілетін кеңестерге кіреді:
- поллиноздың асқынуы кезеңінде басқа аллергендерге деген сезімталдылық бірден жоғарылайды - үй шаң-тозаңына, дәрі-дәрмектерге, косметикалық препараттарға және т.б.;
- ауадағы тозаңдардың концентрациясының жоғарылауы таңертеңгісін және құрғақ ыстық күндері байқалады, сондықтан уақыттың осы кезеңінде ашық ауада болмаған дұрыс;
- жұмыста және үйде мүмкіндігінше терезені ашпаған дұрыс,
- ауа тазартқышты қолдану қажет;
- сырттан оралған бетте душ қабылдау керек;
- поллинозы бар науқасқа асқыну кезінде дәрілік шөптерді қолданбағаны дұрыс.
1-буындағы антигистаминді препараттар ұйқыны келтіреді, шаршау сезімін тудырады, реакция жылдамдығын, көңіл қоюды төмендетеді.
1-буындағы антигистаминді препараттарды автокөліктің рөлінде отырғанда қолдануға болмайды, өйткені олар қозғалыс координациясына және көңіл бөлу концентрациясына әсерін тигізеді, және де оператордың жұмысын атқаратындарға да қолдануға болмайды.
Антигистаминді препараттарды алкогольмен, седативті, ұйқы тудыратын дәрілік заттармен, транквилизаторлармен, нейролептиктермен, есірткілік әсері бар анальгетиктермен бірге қолдануға болмайды – препараттардың ОЖЖ әсерін күшейтуі мүмкін. Құрамында прометазин (Дипразин, Пипольфен) бар препараттар АҚ ауытқуын тудыруы мүмкін. 1-буындағы антигистаминді препараттар, әсіресе ципрогептадин, астемизол, тәбетті жоғарылатады және ұзақ қолданған жағдайда дене массасының ұлғаюына әкеледі.
Антигистаминді препараттарды (әсіресе 1-буындағы) ұзақ қолданған кезде олардың терапевтикалық тиімділігінің (тахифилаксия) біршама төмендейтіні байқалады.
Үлкен клеткалардың мембраналарын тұрақтандырғыштар тек профилактикалық мақсатпен ғана қолданылады (аллергенмен жанасудан 3-4 апта бұрын қолдануды бастау керек). Үлкен клеткалардың мембраналарын тұрақтандырғыштардың тұрақты тиімділігі ұзақ емдеу курсынан кейін – 10-12 апта тұрақты қабылдаудан кейін байқалады. Құрамында фенирамин және хлорфенирамин препараттарды предстата безінің гипертрофиясы бар науқастарға және де глаукомамен ауыратындарға қолдануға болмайды. Фексофенадин, акривастатинді 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды; азеластин, клемастинді 6 жасқа дейінгі балаларда; лоратадин, цетиризин – 2 жасқа дейінгі балаларда абайлап қолдану керек.
Фармацевтің дәріханаға келушілермен әңгіме жүргізу алгоритмі
А
уру
диагнозын дәрігер қойды ма?

ИӘ
ЖОҚ
Сіз тек дәрігер тағайындаған Сізде аллергияның бір немесе
препараттарды қабылдауыңыз керек бірнеше сипмтомы бар ма:
- түшкіру
- қышыну және көздің қызаруы
- мұрыннан сулы бөлінулер
- терінің бөртуі
- терінің қышуы?
ИӘ ЖОҚ
Диагнозды анықтау үшін дәрігерге
Көрсетілген симптомдар мен аллергенмен көрінуіңіз керек
мүмкін болатын жанасу арасында байланыс
бар ма:
- үй жануарлары, балықтарға арналған құрғақ жем;
- өсімдіктердің гүлдеу кезеңі;
- химиялық заттармен жанасу;
- дәрілік препараттарды қабылдау?
ИӘ ЖОҚ
Сізге дәрігерге көріну керек, симптомдарын уақытша
жеңілдету үшін антигистаминді препаратты қолдану
керек. Сіздің мамандығыңыз тез реакцияны талап ете-
ді ме (оператордың жұмысы, көлік жүргізу)?

ИӘ ЖОҚ
Сіз седативті әсері жоқ, антигистаминді Сізге кез келген антигистаминді
препаратты қабылдауыңыз керек қабылдауға болады
ӘДЕБИЕТ
Негізгі:
1. Кодекс Республики Казахстан от 18.09.2009 № 193-IV ЗРК «О здоровье народа и системе здравоохранения».
2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004
3. Зупанец И.А., Черных В.П. Фармацевтическая опека, атлас. – Киев: Фармацевтическая практика, 2007.
4. Харькевич Д.А. Фармакология – Москва: Медицина, 2008.
5. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.
Қосымша:
1. Фармация Казахстана – 2005, 2006, 2007, 2008, 2009 гг. – Алматы.
2. Дремова Н.Б. и др. Фармацевтическая помощь: термины и понятия // Ж. Фармация. – 2005. – № 2. – С. 37-45.
СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ
1. Жауапты өзін өзі емдеудің концепциясы.
2. Өзін өзі емдеудің сипаттамасы.
3. Фармацевтикалық қамқорлық.
4. Дәрігердің рецептінсіз босатылатын фармацевтикалық тауарлардың түрлері.
5. Өзін өзі емдеудегі фармацевтің ролі.
6. Тиісті дәріханалыцқ практиканың фармацевтикалық қамқорлықпен байланысы.
«Фармацевтикалық қамқорлық – фармацевтің кәсіби қызметінің негізгі бағыты»