Файл: Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.11.2021

Просмотров: 199

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Елімізде «Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат» сияқты радикалды ұйымдардың өкілдері көбейді. Олар насихаттап жүрген Конституциямызға қарсы уағыздар қазір қазақстандықтарға таңсық болудан қалды. Егер де жоғарыда аталған радикалды ұйымдар дәл осы қарқынмен тарала берсе, ол Қазақстан халқының ортақ мемлекеттік мәдениетке бірігуіне, демократиялық реформалардың халық санасында орнығуына әжептәуір кедергі болады. Сондықтан, Қазақстан халықтарының индустриалдық қоғам құрып, ортақ мемлекеттік мәдениетке бірігуі үшін ең алдымен бұған кедергі болатын діни фундаментализмнің табиғатын анықтап, теократиялық елдердегі ортодоксальді исламның ерекшеліктерін байыптауымыз керек. Өйткені, халқының 60 пайызы мұсылман болып саналатын отанымыздың ендігі тағдырына исламның әсері мол болатыны анық. Елімізде ислам дінін ұстанушылардың көбейе бастауы бұл діннің принциптеріне ерекше назар аударып, жан-жақты талқылау қажеттігі сөзсіз. Ислам дінінде саяси - қоғамдық, рухани өмірдің барлық саласы қамтылған. Солардың бірі діни сенім және діни төзімділік мәселесі. Ислами идеяларды өркениеттік тұрғыда қабылдап, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында қолдана білсек, біздің қоғамдағы біраз мәселелер шешімін табар еді.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

Нағима Байтенова,

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, философия ғылымдарының докторы, профессор