Файл: Білім беру йымыны атауы 133мектепгимназия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 34

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беру ұйымының атауы

«№133мектеп-гимназия» КММ

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Бөлім:

«Болашаққа саяхат»

Педагогтің аты-жөні:

Арипова Жазира Дауитбаевна

Күні:

11.05.2023

Сынып: 4

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

97– сабақ. «Роботтың болашағы»

Кішкентай робот туралы ертегі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.2.8.1– эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру.

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстыру

Сабақтың мақсаты

Эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдайды және салыстырады,сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.

Кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен табады.

Білім алушылар шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап береді.




Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Мен Арипова Жазира Дәуітбайқызы. Мен бүгін сендермен бірге әдебиеттік оқу пәнінен сабақ өтемін.

-Балалар, көңіл - күйіміз қалай?

-Ендеше, сабағымызды бастаймыз.

-«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақ қояды. Сыныптастарының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.

Үй тапсырмасын тексеру.

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Ендеше, «Қалықта, ұшқыш кілемім!» өлеңді мәнерлеп оқиық.

-Жарайсыңдар балалар!

-Өтірік өлең дегеніміз не?

-Балалар, өтірік айтып, қиялдай білу қызық. Бірақ өтірік айтуға бола ма? Өтірік айтуға болмайды.

Адам қиялдау арқылы үлкен жетістіктерге жетеді.

-Балалар, қиял- ғажайып мультфильмін көргілерің келе ме?

-Ендеше, тақтаға назарымызды аударайық.

«Қаламаймын, жасамаймын!» мультфильмін тамашалау.

1.Оқушылар мұғаліммен амандасады.

2.Оқушылар сабаққа зейінін салады.

3.Үй тапсырмасына берілген «Қалықта, ұшқыш кілемім!» өлеңді мәнерлеп оқиды.

4.Өтірік өлең туралы ойларын ортаға салады.

5.«Қаламаймын, жасамаймын!» мультфильмін тамашалау.

ҚБ:

Керемет!

Слайд 1

Слайд 2

«Қаламаймын, жасамаймын!» мультфильмін





Сұрақ –жауап әдісі

-Балалар, мультфильмнен некөрдік, не түсіндік?

-Бала бастапқыда қандай бала болды?

-Роботты жолықтырғаннан кейін бала қалай өзгерді?

-Иә, балалар, мультфильмдегі робот жалқау баланы тәрбиеледі.

-Балалар, осы роботтарды кім ойлап тапты?

Иә,роботтарды адамдар ойлап тапты.

-Әртүрлі роботтарды құрастыру үшін қандай болуымыз керек?

Дұрыс айтасыңдар.Ғалымдар, робототехниктер, дарынды адамдар жасап шығарды.

-Ендеше, мен әр топты «Робототехниктер», «Дарынды балалар», «Жас ғалымдар» тобы деп атағым келеді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

ҚБ:

Жарайсың!


Слайд




Ұжымдық жұмыс ережесі:

Сабақта бір - бірімізді : Сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Сабақта уақытты: Үнемдейміз

Сабақта тапсырмаларды: Нақты, дәл жауап береміз!

Сабаққа қатсықанда: Шапшаңдықты, тапқырлықты көрсетеміз!

Белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсетейік!


Ұжымдық жұмыс ережесін сақтайды


ҚБ:

Керемет!

Слайд

Сабақтың ортасы 35мин


Қызығушылығын ояту

97 – сабақ. «Роботтың болашағы»

Сабақтың мақсаты:

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап береді.

Эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстырады, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.

Күн ретін жазады

Оқушылар жаңа білімнің тақырыбы мен мақсатын меңгереді

Жаңа ақпарат алады



ҚБ: Тамаша!


Слайд

Оқулық




Ойлан

Суреттегі болашақтың роботтарына қандай сұрақ қояр едің?

•Роботтар болашақта мұғалімдердің қызметін атқара ма?

•Роботтар көлік жүргізе ала ма?

•Роботтар шахмат ойнай ала ма?


Ширату тапсырмаларды орындайды

Дескриптор

1.Болашақ роботтарына қандай сұрақ қоятынын айтады


ҚБ: Тамаша!


Слайд

Оқулық




Әңгімеле

Тұрмыстық техника құралдарының жұмысымен байланыстырып, роботтың әрекетіне қалай түсіндірер едің? Етістік сөздерді пайдаланып, әңгімеле



2.Тұрмыстық техника құралдарының жұмысымен байланыстырып, роботтың әрекетін түсіндіреді.

Робот адамның қызметтері мен іс-әрекеттерін толық атқарады. Роботтар ас пісіреді, кір жуады, кептіреді, үй жинайды, қаржыны есептейді. Роботтар күндіз-түні демалмай жұмыс істей береді.

ҚБ: Жарайсың!


Слайд

Оқулық




Бейнетаспа «Роботтар әлемі»

-Балалар, роботтар туралы толық мағлұмат алу үшін мына бейнетаспаға назарымызды аударамыз.(көріп болған соң)

-Балалар, Робот – қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғары технологиясы екен.

Оқушылар бейнетаспаны тамашалайды.

ҚБ:

Жарайсың!

Бейнетаспа «Роботтар әлемі»




Пікіріңді айт

Адам өмірі болашақта роботтармен қалай байланысты болмақ?

Болашақта роботтар адамның ақыл-ойымен теңесе алады. Себебі, жыл өткен сайын роботтар дамып келеді.

Оқушылар адам өмірі болашақта роботтармен

қалай байланысты болатынын айтады

ҚБ: Жарайсың!


Слайд

Оқулық




-Балалар, оқулықтағы

«Кішкентай робот туралы ертегіні» тыңдайық. Бұл ертегінің авторы жазушысы Эрнест Ильин

Аударған Ә Біржанқызы.

-Ертегі мазмұны түсінікті болды ма?

«Кинометофора» әдісі арқылы «Кішкентай робот туралы ертегі» мәтінді тыңдау. Мұғалімнің түсіндірілуі


Жаңа ұғым алады

Дескриптор

1.Мәтіндегі оқиғаны болжайды

2.Нақты сұрақтарға жауап береді

ҚБ:

Өте жақсы!

«Кинометофора» әдісі




Түсініп оқы

«Кішкентай робот туралы ертегі»



Балалар, «Топтық жұмыс». Мәтінді жылдам оқу әдістері арқылы оқимыз.

«Робототехниктер» тобы спиральды оқу әдісі арқылы оқиды.

«Дарынды балалар» тобы толқынды оқу әдісі арқылы оқиды

«Жас ғалымдар» тобы секіртпелі оқу әдісі арқылы оқиды.

Кемпірқосақ оқу әдісі арқылы кім тақтаға шығып оқып береді?

Оқылым; Айтылым,

Оқушылар «Мәтінді жылам оқу әдістері» арқылы оқулықта берілген ертегіні түсініп оқиды.

Дескриптор:

- Түсініп оқиды.

-Мәтінді жылдам оқу әдістері арқылы жылдам оқуға жаттығады.

- Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: Жарайсың!


Слайд

Оқулық




«Қуыршақ театры»

«Рөлге бөліп оқу әдісі»

-Ал енді соңғы бөлімдегі қыз бен роботтың диалогын кім сахналап береді?

Робот, Маша, Миша және автор ертегі желісі бойынша ролге бөлініп сахналайды.

Мұғалім: Ертегінің осылай аяқталғаны сендерге ұнады ма?

-Робот балаға айналуы мүмкін бе?

-Әрине, бұл ертегі. Ертегі адамның қиялынан туындайды. Ендеше, адам мен роботты слыстырып көрейік

Оқушылар рөлге бөлініп ертегіні сахналайды.

«Рөлге бөліп оқу әдісі» дауыс ырғағы, кейіпкер мінездемесі, театр образдарын жасау

ҚБ: Тамаша!

«Қуыршақ театры» сахналау




«Merge cube» «Explorer» программасы арқылы адам мен роботты салыстырамыз..

-Балалар, тақтаға назар аударайық.

-Робот қандай?

-Неден жасалған?

-Ал енді адамның құрылысы қандай? Қолдарыңа берілген текше арқылы адам құрылысын бақылып көрейікші.

Оқушылар адам мен роботты зерттеп салыстырады

Дискриптор

1.Кішкентай роботтың

сыртқы бейнесі туралы айтады.

ҚБ: Тамаша!

Merge cube»

«Explorer» программасы




«Топтық жұмыс»

«Робототехниктер» Конструктор арқылы роботты құрастыру

«Дарынды балалар»

«Мозайка» әдісі. Топқа сурет қиындыларын тарату. Оқушылар сурет қиындыларынан робот құрастырып,суреттегі роботты сипаттайды.

«Жас ғалымдар» Менің болашақ робот досым» тақырыбында әңгіме жазу

Дискриптор

Конструктор арқылы роботты құрастырады.

Оқушылар сурет қиындыларынан робот құрастырып,суреттегі роботты сипаттайды.

«Менің болашақ робот досым» тақырыбында әңгіме жазады.


ҚБ:

Өте жақсы!

Конструктор.

Аппликация

Дәптер. Оқулық


Сергіту сәті

«Робот қонақта»

-Сәлем, балақайлар!

-Маған сигнал түсті. Робот жайында айтып жатырсыңдар ма?

-Расында да балалар, біз робот жайында айтып жатырмыз.Солай емес пе?

-Балақайлар, менімен дос болғыларың келе ме?

-Балақайлар, робот биін билейік. Кәне, орнымыздан тұрайық. Менің биімді қайталаңдар.

Балалар, жарайсыңдар, робот биін билеп бір сергіп алдық.

-Бұл не киім?

-Балалар, робот досымызға ұлттық құндылықтарымызды таныстырайық.

-Түсіндім, тақия , камзол, көйлек ұлттық киім.

-Бұ не?

-Қабылданды. Бұл асық.

-Бұл не?

-Түсіндім. Бұл домбыра. (ән айтып болған соң)

-Тамаша, қазақ елі ғажап ел!

-Ендеше, менің тапсырмамды орындап көріңдер!

Роботтың тапсырмасы. Бекіту сұрақтары

«view.genial.ly» платформа арқылы тапсырманы орындау

-Балалар, роботтың тапсырмасын орындайық.

-Жарайсыңдар, өте білімді екенсіңдер!

Роботтың 10сұрағына нақты әрі дүрыс жауап бердіңдер. Барлықтарыңа 10балмен бағалаймын.

-Жарайсыңдар, өте дарынды балалар екенсіңдер! Мен сендерге мақтау қағазын беремін.

(Жазира мақтау қағазды оқып береді. Оқушыларға тараптып береді)

-Робот дос, мынау қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сізге сыйға тарту етеміз. Қабыл алыңыз!

-Сізге көп рақтет! Сау болыңдар!

Оқушылар роботпен танысады.

Дескриптор

Роботтың қимыл-қозғалысын, им-ишарасын келтіріп, топ болып билейді

Робот биін билеп, серігіп алады.

Дескриптор

Тапсырманы орындайды

Сұрақтарға жауап береді

1.Кішкентай робот неден жасалған?

Топырақтан.

Ағаштан.

Темір және пластмасса

2. Робот қандай себеппен балаға айналды?

Ақылының себебімен.

Мейірімділіктің себебімен.

Шеберханада жасалғандықтан

3. Маша адамға айналған роботқа қандай ат қойды?

Паша. Миша. Саша.

4. Роботтың қолынан не келмейді?

Есептейді.

Жинайды.

Жылайды.

5. Робот неліктен күнделікті өміріне риза болмады?

Достары көп болды..

Көп жұмыс істеді.

Ешкімге керек емес екенін сезінді.

6. Ертегіні оқығанда қандай сезімде болдың?

Білмеймін.

Маған ұнамады.

Жаным ашып кетті, роботты аядым.

7. Ертегіні осылай аяқталғаны саған ұнады ма?

Білмеймін.

Жоқ.

Маған қатты ұнады.

8. Кішкентай роботтан қандай үлгі алар едің?

Жалқаулық.

Шыдамсыздық.

Еңбекқор.

9.Кішкентай роботтың балаға айналуы шындыққа жата ма?

Жатады.

Білмеймін.

Шындыққа жатпайды.

10. Адам еңбегін жеңілдету үшін роботтың пайдасы бар ма?

Пайдасы жоқ.

Білмеймін.

Көп пайдасы бар.



ҚБ:

Өте жақсы!




Үйге тапсырма.

Қорытын

дылау.

Балалар, үйге тапсырма « Менің болашақ робот досым» деген тақарыпта қиял -ғажайып мазмұнды сурет сал немесе қиял-ғажайып әңгіме жаз.

Ұлтымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, болашақта ақпараттық технологияларды меңгерген мықты дарынды, білімді азаматтар болатындарыңа сенемін!