ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 209
Скачиваний: 1
Түзету жұмыстарында ауытқушылықтың түріне сәйкес дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқытуды жүзеге асыратын арнайы білім беру мекемені қамтамасыз ететін және оқу-әдістемелік жабдықталу мен материалды-техникалық талаптардың ережелеріне сай компенсаторлық арнайы көмекші техникалық құралдар қолданылады.
25. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған ұйымдар қызметі оқытудың арнайы түрі мен нысаны, оқулықтарды қолдану, көрнекі оқу құралдарын (көрмейтіндерге арналған рельефті-графиктер, нашар көретіндер үшін ірі шрифтер), тифлотехникалық құралдар, арнайы кабинеттер, жабдықтаудың санитарлық-гигиеналық талаптары және емдік тәрбиелеу жұмыстары негізінде жүзеге асырылады.
Оқу мен жазу тактильді-қимылды сезу негізінде Брайль жүйесімен қамтамасыз етіледі.
26. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектептің қызметі көру-есту негізінде сөйлеу тілін қалыптастыруды дамытуды, психикалық және дене дамуындағы ауытқушылықты түзету және орынын толықтыруды, жалпы білім беру, еңбек және өз бетінше өмір сүруге әлеуметтік даярлауды қарастырады.
Естімейтін балалар дыбысты қатайтатын аппараттарды қолданумен есту және есту көру арқылы сөйлеу тілін қабылдау үшін сақталған есту қабілеттерін қолдануға үйренеді.
Есту қабылдауды дамыту және ауызша сөйлеуді қалыптастыру бойынша топтық және жеке сабақтар жүргізіледі.
Жүре пайда болған, нашар еститін балаларды оқыту үшін дифференциалды амалдармен қамтамасыз ету үшін арнайы бөлімшелер құрылады:
есту қабілетінің ауытқушылығына негізделген жеңіл түрде сөйлеу тілі толық дамымаған 10 адамнан көп емес;
есту қабілетінің ауытқушылығына негізделген сөйлеу тілі терең зақымдалған 8 адамнан көп емес.
Есту және есту-көруді қабылдауды дамыту және дыбыстап сөйлеуді қалыптастыру мен түзету жеке есту аппараттарды, дыбысты қатайтушы аппаратты ұжыммен қолдану негізінде жеке және топтық сабақтар жүргізіледі.
Есту арқылы қабылдауды дамыту және айту дағдыларын автоматизациялауда фонетикалық ырғақ сабақтары жүргізіледі.
27. Сөйлеу тілінде ауытқушылығы бар балаларға арналған арнайы мектептің қызметі сөйлеу тіліндегі ауытқушылықты жеңе білу мақсатында жүзеге асырылады және психикалық ерекшеліктеріне негізделе отырып бөлімшелер құрылады:
сөйлеу тілінде ауыр түрдегі бұзылыстары бар балалар үшін (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар жалпы сөйлеу тілі зақымдалған, тұтықпасы бар балаларға арналған;
сөйлеу тілі толық дамыған, бірақ ауыр түрде тұтықпасы бар балаларға арналған.
Кохлеарлық импланты бар, 1 жастан 4 жасқа дейін кохлеарлық импланты қойылған балалар, имплантацияға дейін есту аппаратын 6 ай қолданған, аутизм мен сөйлеу тілінде ауыр түрдегі бұзылыстары бар балалар қабылданады.
Барлық сабақтарды оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде сөйлеу тілінің талаптарын сақтау негізінде сабақтан тыс арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау көрсетіледі.
28. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы мекеменің қызметі арнайы бағдарламаға сәйкес қимыл функцияларын қалыптастыру және дамыту, қалпына келтіруді, баланың сөйлеу тілін психикалық тежелуін түзетуді, әлеуметтік еңбекке бейімдеу, қоғамға ықпалдастыру қимыл тәртібі мен пәндік-тәжірибелік қызметтерді арнайы ұйымдастыру негізінде қоғамға кіріктіруді қарастырады.
Психологиялық-медициналық-педагогтік кеңестің ұсынысы негізінде ата-аналардың (қамқоршыларының) келісімімен тірек-қимыл аппараты ауыр түрде зақымдалған, қозғала алмайтын және өзіне қызмет көрсете алмайтын балалар үйде оқытылады.
29. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептің қызметі ақыл-ойы кенжелеп қалған жеңіл және орташа түрдегі ауытқушылығы бар балаларды түзету оқыту мен еңбекке даярлаудың құралдарымен, сонымен қатар қоғамға біріктіру үшін әлеуметтік психологиялық оңалту арқылы жүзеге асырылады.
Балалар зердесінің зақымдалу деңгейлеріне қарай зерде бұзылыстары бар балаларды саралап оқыту үшін екі бөлім құрылады:
бірінші бөлімде жеңіл түрде зақымдалған балаларды оқыту бірінші үлгідегі оқу жоспары бойынша;
екінші бөлімде орташа түрде зақымдалған балаларды оқыту екінші үлгідегі оқу жоспары бойынша жүзеге асырылады. Орташа түрде зақымдалған балаларды оқыту жеке білім беру бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
Арнайы мектепке дейінгі тәрбие мен білім алмаған балалар мектеп алды даярлықпен, оқытудың бастапқы деңгейімен және негізгі деңгейімен, сондай-ақ кәсіби еңбекке баулумен қамтамасыз етіледі.
Педагогтік кеңес шешімі бойынша жеңіл және орташа ақыл-ойы кенжелеп қалған оқушыларды біріктіріп оқытуға рұқсат етіледі.
Жағдайлардың болуына қарай тереңдетілген кәсіби дайындық сыныптары ашылады.
Бірінші бөлімнің оқушылары арнайы оқу бағдарламасын меңгерумен қоса бір мезгілде еңбек әрекетіне бағытталған кәсіби дайындық біліктілігін алады. Оқу аяқталған соң еңбекке баулудан оқушыларға қорытынды аттестация жүргізіліп, белгіленген үлгіде куәлік беріледі.
30. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептің қызметі түзету және қалпына келтіру бойынша арнайы бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады. Оқушылардың бойындағы ауытқушылықтарды түзету деңгейі мен білім алуындағы жағымсыз мәселелерді жою негізінде жалпы білім беру мектебіне ауысуға мүмкіндігі сақталады.
31. Балалардың денсаулығының нашарлауына байланысты ұзақ мерзім үйінде оқытылған жағдайда станционарлық көмек, қалпына келтіру емдік шаралары мен медициналық оңалту дәрігерлік кеңес беру комиссиясының қорытындысы мен психологиялық-медициналық-педагогтік кеңестің ұсыныстары бойынша баланың денсаулық күйін есепке ала отырып бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламасы немесе арнайы бағдарламасы негізінде оқытылады.
32. Мектепке дейінгі арнайы ұйымдар мен бастауыш, негізгі, орта арнайы білім беру ұйымдары 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасы бойынша білім беруді жүзеге асырады:
1) толық болу;
2) жарты күн болу;
3) тәулік бойы.
Ата-аналардың (заңды өкілдерінің) сұрауы бойынша демалыс және мейрам күндері жұмыс ұйымдастырылады, интернатта тұру, ерекшелігін есепке алғандағы тұрақты орналасуын қамтамасыз етіледі.
33. Психологиялық-педагогтік түзеу кабинеттеріне, оңалту орталықтарына, арнайы мектептер мен мектепке дейінгі арнайы ұйымдарға психологиялық-медициналық-педагогтік комиссияның шешімімен қабылданады.
34. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымының педагогтік кеңесі оқуында қиындығы бар балаларға арналған оқытудың жеке бағдарламасын бекітеді.
35. Психологиялық-медициналық-педагогтік кеңес қызметі (бұдан әрі - ПМПК) мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтауға, 0 жастан 18 жасқа дейін мүмкіндігі шектеулі балаларды есепке алу, диагноз қою, балалардың медициналық, арнайы білім беруді алу, арнайы әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етуді, олардың дамуындағы ерекшеліктерін психологиялық-медициналық-педагогтік зерттеуге бағытталған.
Балаларды зерттеу және медицина бағытындағы қызметкерлерге кеңес беруді жүзеге асырады: бала психиатр-дәрігері, бала невропатолог-дәрігері, бала офтальмолог-дәрігері, педагогтік қызметкер: психолог, логопед, дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог.
Жоғарыдағы көрсетілген мамандардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ортақ қорытынды мен ұсыныстар жасалынады.
ПМПК мамандардың жұмыс мерзімі аптасына 24 сағат, ал меңгеруші, тіркеу жасаушы, статистика жүргізетін мамандардың жұмыс мерзімі 30 сағатты құрайды.
36. Оңалту орталығының қызметі тууылған сәттен 18 жасқа дейін даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мен психологиялық-педагогтік түзету түрінде және кешенді психологиялық-медициналық-педагогтік көмек көрсетуге бағытталған.
Оқытудың мақсаты баланың мүмкіндігі мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, жеке дамыту бағдарламасы құрастырылады, дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, психолог, әлеуметтік педагогтердің топтық жеке, ұжымдық сабақ түрінде жүзеге асырылады.
Ата-аналарға (заңды қамқоршы) арналған кеңес беру пункті, кіріктіру топтары, балалардың топта уақытша болуына мүмкіндік беретін дамуында әртүрлі ауытқушылығы бар мектепке дейінгі және ерте жастағы балаларға арналған топтар құрылады.
Медицинамен қамтамасыз ету дәрігер қызметкерлерімен жүзеге асырылады: емдік дене шынықтыру инструкторы, дәрігерлер (физиотерапевт, педиатр, невропатолог, психиатр, психотерапевт), медбике, массажистер және т.б.
37. Психологиялық-педагогтік түзету кабинеттерінің қызметі арнайы мектепке дейінгі мекемеге бармайтын 0 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға, 3 жастан 6 (7) жасқа дейінгі дамуында ауытқушылығы бар балаларға түзете қолдау көрсетуге бағытталған.
Түзете-дамытушылық оқыту баланың жеке мүмкіндіктері мен психикалық және дене дамуының мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке дамытушы бағдарламалар анықталады.
Жеке және топтық сабақтарды дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, психолог, әлеуметтік педагог жүргізеді.
Ескерту. Бастауыш, негізгі және орта білім беру ұйымдарында 14-16 жинақталған сынып, ал арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда сөйлеу қабілеті бұзылған 15-20 бала болған жағдайда ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде ауытқушылықты түзету және алдын алу мақсатында логопедиялық пункттер құрылады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 258 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші
жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1) Арнайы білім беру ұйымдарының үлгiлерi мен түрлерiнің тiзбесiн, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажеттi орын санын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 787 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 желтоқсанда № 2619 тіркелді, жариялануы: ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2003 ж. № 37-42, (883);
2) «Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын сандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 787 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 202 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 2 мамырда № 4219 тіркелді, жариялануы: "Заң газеті" 2006 жылғы 2 маусым № 99-100 (906), "Ресми газет" 2006 жылғы 17 маусым № 25 (286);
3) «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметiн ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 744 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 19 қазанда № 3162 тіркелді, жариялануы: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2005 ж., № 15, 94-құжат);
4) «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 712 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізіміндегі актілері № 3128 тіркелді, жариялануы: "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені", 2005 ж., № 15, 93-құжат.);
5) «Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 желтоқсанда № 3303 тіркелді, жарияланды: Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2005 ж., № 9-13);
6) «Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 526 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 9 желтоқсан № 5965 тіркелді, жариялануы: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл 20 сәуір);
7) Білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 145 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 сәуірде № 5647 тіркелді, жариялануы: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жыл № 7; «Заң газеті» 2009 ж. 9 қазан № 154 (1577).