ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 503
Скачиваний: 1
=Аяктың тромбофлебитін және флеботромбозын емдеу
1) Науқасты төсекке жатқызу. Бұл тәсіл ежелден белгілі. Қазіргі уақытта аурудың толық жазылғанына дейін емес, алғашқы 4—5 тәулігінде науқасты төсекте ұстау қажет. Ауру аяқтың астына шина немесе жастық салып аяқ көтеріледі. Науқасты төсекте ұзақ ұстау тек эмболия қауіпі туғанда қолданылады. Егер кеңіген көк тамырда қатаң қозғалмайтын түйіртпектер анықталса ауқасты ұзақ уақыт төсекте үстаудың қажеттігі жоқ.
4-5 күннен соң аяқтың басын, тізені қозғауға, төсекте қозғалуға рұқсат беріледі. Бұл қимылдар аяқтың қан айналысын жақсартады, болашақта жаңа тромбтар пайда болуы қауіпін азайтады. 4-5 күнен соң тромбтар тамыр қабырғаларына мықтап жабысады да бұдан әрі тромбоз, эмболия қауіпі азаяды. Сондықтан да аурудың алғашқы күндерінде ғана ауруды төсекте ұстау қажеттілігінің мәнісі осында.
Тромбофлебит ауруының күші бәсеңдей басталғанының келесі көріністері бар:
1) Аяқтың ісінуі, ауырсынуы бәсеңдейді, перифлебит көріністері басылады.
2) Жылы процедураларды қолдану - ауыру сезімін бәсеңдетеді, қабынуды басады. Бірақта тромбофлебиттің барлық түрлерінде жылылықты қолдануға болмайды. Жылы процедуралар тромбофлебиттің созылмалы түрінде қолданылса, жедел түрінде денені мұздату - процедуралары (суық су, қар, мұз, хлорэтилмен мұздату) орындалады.
3) Вишневский майымен компресс салу.
4) Антибиотиктерді пайдалану. Антибиотиктер қанның ұйыуын күшейтеді. Бірақта бұған қарамай тромбофлебитте байқалатын инфекцияны басу үшін антибиотиктерді қабыну үрдісі орналасқан денеге еккеннің шипалығы зор.
5) Бұрынғы уақытта тромбофлебитті гирудотерапиямен (сүлік - пиявки) емдейтін. Әрбір сүлік денеден 20-25 мл.қан сорады. 20 сүлік 500мл. қан сора алады. Бұл ауруға зиянсыз. Гирудотерапиядан соң аяқтың ауырсынуы, ісінуі басылады, тромбтар жұмсарады, кішірейеді. Бұл пайдалы өзгерістер қан мен қоса қабыну экссудатының сорылып азаюымен, сүлік сілекейімен бірге қан үюын бәсендететін заттың (гирудин) шығып науқас денесіне тарауымен байланысты.
Гирудотерапияның кемістігі:
а) сүліктің шаққан жерінде тері пиодермиясының пайда болуы мүмкін, қанның ұюы нашарлап қан ағуының күшеюі,
б) бірнеше ауруға қолданылған сүлік арқылы инфекциялы аурулардың жұғуы.
6) Антикоагулянттарды пайдалану
а) гепарин - аз уақытта қанның ұю үрдісін бәсеңдетеді.
б) дикумарин, неодикумарин, пелентан. Бұл препараттарды қан ағуын күшті ауруларға (гемофилия, апластикалы анемия т.б. қан ауруларында), бауыр, бүйрек, ұйқы безі ауруларында, миға қан төгілгенде, операция алдында пайдалануға болмайды.
Антикоагулянтты препараттарды протромбинді индексті анықтаудың нәтижесіне сүйеніп пайдаланады .
7) Әр қашанда тромбофлебит, онымен қатар орналасқан артерияның ишемиясын шақыратындығынан, артерия ишемиясын жою үшін бүйрек аймағының новокоинді блокадасы орындалады.
Тромбофлебитті операциямен емдеу
1. Саяз көк тамырлар тромбофлебитінде Троянов-Тренделенбург операциясы, тромбозданған саяз көк тамырды тері және тері асты майымен қоса алып тастау.
2. Терең көк тамырлар тромбофлебитінде:
-
идеальды тромбоэктомия,
-
тромбоэктомияға қоса флебоэктомия,
-
флебоэктомияға қоса реконструктивті операция.
Консерватипті терапияның принциптері:
-
Венозды ағынды жақсарту, эластикалы компрессия- шұлық кигізу, бинтпен орау, аяқты көтеріп ұстау,
-
қан ұю процессін түзету - фибринолитикалы терапия, (антикоагулянттар), ферментотерапия - стрептокиназа, тромболизин,
-
қабыну процессін жою гливенол, тросилол, десенсебилизация- димедрол, пипольфен, супрастин.
Тромбофлебиттің қайталанып басталуына қарсы – нәурызы аз диета, кұрамында "К" витамині көп тағамдарды пайдаланбау (капуста, шпинат) майлы тағамдарды, сілтілі тағамдарды аз пайдалану қажет.
Тромбофлебиттің қатерлі ақыры
а) Тромб қатайып, фиброзды тінге айналып, қөк тамырдың қабырғасына қатаң жабысып тамырдың "көзін" бітейді.
б) Кейде тромб жартылай жұмсарып, қан тамырының '"көзі" ашылады.
в) Тромбтың іріндеуі. Бұл өте қатерлі. Өйткені қан ағынымен инфеқцияның басқа денеге жайылуына әкеліп соғады. Бұндай қатері мүмкін ауруларды керуетке жатқызғанда басын төмендету қажет.
г) Іріңдемеген тромбтың бөлшектеніп эмболға айналып эмболияға ұшыратуы.
Тромбофлебиттің қатерсіз ақыры.
а) Тромбта тұз байланып - флебиттер пайда болуы.
б) Терең көк тамырдың тромбпен бітелуі саяз көк тамырдың компенсаторлы кеңейуіне соғуы.
Флеботромбоз - алдымен тамыр тромбозданады, ал кейіннен тромбоз салдарынан көқ тамырдың қабынуы басталады. Бұл аурудың клиникасы тромбофлебитке өте ұқсас. Флеботромбозге ұшыраған көк тамырдың ауырсынуы, қабыну көріністері анық емес. Флеботромбозға ұшыраған тері астының тамырлары жуанданған.
Флеботромбозде келесі симптомдар байқалады:
1) Малер симптомы - дене қызуы көтерілуінен көп бұрын қан тамырының соғуы жиіленеді. Дене қызуы көтерілмеген, бірақ тамыр соғуы жиі.
2) Хоменс симптомы - тізе буынында жазылған аяқтың басын бірнеше рет шапшаң қозғағанда аяқтың күшті ауырсынуы.
3) Левенберг симптомы : аякқа Рива- Роччи аппаратының манжеткасын салып оны 35 40 мм. сын.бағ. дейін желдеткенде ауру аяқтың қатты ауырсынуы. Сау аяқ 130-140 мм.рт. бағаналы қысымды ауыру сезімінсіз көтереді.
Флеботромбозды емдеу - тромбофлебитті емдеуге қолданылатын тәсілдерге қоса десенсибилизациялық емдеу пайдаланылады. Антигистаминді препараттар — димедрол, этизин, салицилаттар пайдаланылады. Көп мөлшерлі сұйықтар ішкізіледі. Антикоагулянттар - дикумарин, неодикумарин, пелентан қолданылады.
Операциямен емдеу - жамбас немесе сан көк тамырлары тромбозында тері астының көк тамырымен жалғау орындалады.
10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ
Аяқтың терең көк тамырының тромбозынан кейін басталатын симптомокомплекс, созылмалы венозды кемістік ауруының бір түрі. Бұл ауру барлық адамдардың 1,5-5% байкалады. Бұның басталуына көк тамыр ішінде пайда болған тромбтың ұзақ уақыт ерімей сақталуы себеп болады.
Тромбоздану реканализациямен немесе көк тамырдың облитерациялануымен аяқталады. 2-3 жұмадан 3-5 жыл арасында. Зақымданған көк тамыр қатайған. Ондағы қысым жоғарылануына байланысты компенсаторлы артериоло-венулярлы анастомоздар ашылады. Бұның әсерінен капиллярлар кемістігі, ишемия басталады.
Аурудың алғашқы көріністері- зақымдалған аяқтың ауырлануы, ауырсынуымен сипатталады. Олар көп жүргенде күшейеді, ал аяқты көтеріп жатқанда бәсеңдейді. Аурулардың 63-70% аяқтың тері асты көк тамырының созылғандығы байқалады.
Тірсектің төменгі бөлігінің терісі индурациясы, тіндер фиброздануы, терінің қоңырқайланып - қараюы, онда дымқыл экзема, қышыну байқалуы. Көбінесе пигментация сирақтың төменгі бөлігін айналдыра орналасады. Бұл бөлікте ісік жоқ. Аяқтың ісігі оның жоғарғы бөлігінде анық.
Тромбофлебиттен соңғы синдромның ауыр түрлерінде трофикалық ойық жаралар ашылады. Алдымен олар ішкі толарсақ айналасында орналасады.
Жаралар инфекцияланып катты ауырсынады .
Синдромның клиникалық көрінісіне сәйкес 4 түрін бөледі ісініп-ауырғыш, варикозды, ойық жаралы, аралас .
Диагноз - анамнез, клиника, Дельбе—Пертес, Пратт- 1, Вальсальва сынақтары, флебография көмегімен анықталады.
Синдромның алғашқы жеңіл түрлерінде қонсервативті ем - аяқты эластикалы бинтпен орау, кейініректе - реканализация аяқталғаннан соң хирургиялық емдеу қолданылады - саяз көк тамырды кесіп алу, Тренделенбург-Троянов, Бебкок-Нарат операцияларымен қоса аутовенозды шунтирлеу, Линтон, Фельдер операциясы қолданылады.
22-ші науқас - 39 жасар әйел. Шағымдары: оң тірсектің шаншып, түйреп, қысып ауырсынуы, аяқтың ісінуі және қан тамырының варикозданып созылуы. Бұдан бұрын ауырмаған және ешқандай операциямен емделмеген. Шылым шекпейді, шарапты сирек ішеді, тұрмыс жағдайы жақсы. 17 жасынан официант болып, кейінгі жылдары сатушы болып қызмет жасайды. Бұдан 6 жыл бұрын оң аяқтың варикозы басталған. Варикоз өте жиі кабынуға шалдығып, аяқ терісі ісініп - қызарады.
Аяқтың тірсек терісі пигменттелген, ауырсынады, ісінген. Аяқтың терісі қатайған, астыңғы шел майымен жабысқан. Хоманс симптомы (аяқтың басын қозғаудың ауырғыштығы). Левенберг симптомы (Рива- Роччи аспабымен екі тірсекті қысқанда ауру аяқтың балтыр етінің ауырсынуы) анық.
Венографияда аяқтың терең және саяз көк тамырларының анастомозы көрінбейді, аяқ көк тамыры кеңіген. Аяқтар температурасы 27,3 С және 28,2 С, ЭТЖ—31. Сонымен науқастың тромбофлебиты жоқ, бірақ терең көк тамырдың флеботромбозы бар. Бұны тромбофлебиттен соңғы синдром деп атауға болады.
Флебиттен соңғы синдром - немесе тері асты көк тамырының екіншілік варикоздануы терең көк тамыр тромбоздануынан соң пайда болады. Сондықтан мұны жеке ауру емес- тромбоздың асқыну синдромы деп тайды.
Бұның негізі көріністері: аяқ- қол жуандауы, саяз көк тамырлар кеңеюі, тілерсектің төменгі бөлімінің терісінің түсі қоңыр-көкшіл, тері құрғаған немесе дымқылданған, ойық жара пайда болады, аяқ ауырсынады, ауырланады, қышынады. Ауру ұзаққа созылады, жиі-жиі ауырланып тамыр қабынып тұрады.
Терең көк тамырдың тромбоздануына гиподинамика, травмалар, дәрілерді қажетсіз көп пайдалану, жүрекке, өкпеге т.б. мүшелерге ауыр операциялар жасалуы да себеп балады.
Жамбас тамырлары тромбоздануына жалпы инфекция- тұмау, баспа, пневмония т.б., әйелдерде жыныс аурулары және оларға жасалатын операциялар себеп болады. Еркектерде- қуық асты безіне жасалатын операциялар. Аяқтың терең көк тамырының тромбозы жедел басталады, аяқ қатты ісінеді, ауырсынады.
Жамбас тамыры тромбозында аяқ тұтас ісінеді, терісі сұрғылт көкшілденеді, мұздайды. Науқастың жалпы жағдайы ауыр ол әлсіз, дене қызуы жоғары, науқас қалтырайды. Терең көк тамырдың бойы ауырғыш, тері асты көк тамырының суреті анық көрінеді, өйткені тромбпен бітелінген терең көк тамыр арқылы қан ағыны тоқтап, коммуникантты тамырлар арқылы қан саяз көк тамырларға төгіліп бұзылған қан ағыны орын алады.
Қалыпты жағдайда саяз қан тамырынан қан терең көк тамырға құяды. Терең көк тамыр тромбозында қан саяз көк тамырға құйылып оны кеңейтеді.
Тромбтың орнына, жайылуына сәйкес тері асты тамырының созылып кеңейгендігі 4-7 тәулікте көріне бастайды. Тромб терең тамырдың шапқа дейінгі бөлшегінде орналасса саяз көк тамырдың созылуы тұтас аяққа жайылады. Ал егер жамбас тамырында орналасса- іш бетінің және жыныс мүшесінін тамырларыда кеңейеді.
Терең көк тамыр тромбозы әсіресе алғашқы 4-5 күндері қатерлі асқынуларына -өкпе артериясы тромбоэмболиясына ұшыратуы мүмкін. Өйткені бұл уақытта тромб қан тамырының ішкі бетіне жабысып бекімеген, оның қан ағынымен қозғалуы мүмкін. Мұндай тромб төменгі қуыс көк тамыр арқылы жүректің оң бөлігіне, одан өкпе артериясына өнеді де шокқа ұшыратады және қан айналысын, тыныс алуды бұзып, жедел өлімге әкеледі. Сондықтан аяқ еттерінің ауырсынуында, аяқ ісінуінде науқасты төсекке жатқызып оны жедел дәрігерге көрсету қажет.
Тромбтың ерекшелігіне байланысты тромбозды консерватитвті немесе оперативті тәсілімен емдейді. Тромбэктомия операциясы 5-7 тәуліктерде орындалады. Операциядан соңғы кезенде антикоагулянтты терапия және арнайы дене шынықтыру, ерте аяғына тұрғызу орындалады. Аяқ эластикалы бинтпен оралады. Егер тромб үзілсе арнайы сүзекі- фильтр төменгі қуыс көк тамырға орнатылады.
Консервативті терапия – аяқты жоғары көтеріп орналастыру, жылыту немесе мұздату (кварц, соллюкс, инфрақызыл сәуле, диатермия). Жергілікті ем қабыну үрдісін басады.
Жалпы ем: сұйықты мол қабылдау, диета, антикоагулянттар, фибринолитиктер, десенсибилизаторлар, қабынуды бәсеңдендіру шаралары орындалады.
Көк тамырдағы тромб емнің әсерінен ериді немесе қатайып бекиді. Егер тромб ерісе-ауыру, ісіну жоғалады, тері асты тамырымен қан ағыны дұрысталады. Егер тромб қатайып өзгерсе барлық симптомдар сақталады. Кейініректе қалған тромбта жаңа қан тамырлары пайда болып- реканализация орын алады.
Флебиттен соңғы синдромның ауыр түрінде венозды қанның кішкене қан тамырларында жиналуы және лимфа ағыны бұзылуы байқалады. Бұның салдарынан (слоновость) - венозды және лимфа тамырларының деструкциялануынан аяқтын ісінуі, жуандануы байқалады. Ісік теріні созып жұқартады, оның трофикасын нашарлатып экзема, дерматит, трофикалық ойық жараның қабынуына ұшыратады.
Диагнозды анықтауда көк тамырдың контрасты тексерісі - флебография (верографин, гиппак, урографин немесе диадон) егіліп орындалатын тәсілдің маңызы зор. Флебографиямен кедергінің орналасқан орыны, патологиялық үрдістің жайылуы, клапандар жағдайы анықталады.
Дегенмен, флебографияның асқынулары (аллергия, іріңдеу, остеомиелит) бұл тәсілдерді зиянсыз функциональды тәсілдермен (осциллография, реовазография) алмастыруды қажет етеді.
Флебиттен соңғы синдромды көбінесе консервативті жергілікті және жалпы тәсілдермен емдейді .
Емді жалпы шаралардан- жеңіл диета, емдік гимнастика, аздап жүру, аяқты жоғары көтеріп ұстап жатудан бастайды. Егер жүрек, өкпе т.б. маңызды мүшелер сау болса физиотерапиялық шаралар- сероводородты ванна, шипалы балшық, майлы компресс пайдаланылады.
Жүкті әйелдер варикозы- екі қабат әйелдердің жүрек тамыр ауруларының арасында ең жиі кездесетін ауру. Ол жүктілердің 10-25% кездеседі. Көк тамырлар ауруларының 90-95% жүктілікпен, жаңа босануымен байланысты. Сары дене гормоны көбейгенде мускулатура және көк тамыр қабырғалары жұқарады, жұмсарады, сондықтан көк тамыр созылады. Картайғанда байқалатын дисгормондық бұзылыстар да әсер береді. Екі қабат әйелдер көк тамыры кеңейуіне үлкейген жатырдың жамбас қан тамырларын қысуы және екі қабат жатырдағы ағатын қанның мөлшернің (20 рет) өсуі. Осы себептерден жамбас тамырлары қанмен толысып аяқтардан келетін қанды толық ағыза алмайды. Мұндай әйелдерге қандай көмек көрсетіледі?
Склеротерапия - гливенол және венорутон ішкізіп көк тамырлар қабырғасын қатайтып олардың өткізгіштігін жояды. Кейде варикоз күшейе берсе тері асты көк тамыры жүктіліктің 6 айына дейінгі кезеңінде кесіліп алынады. Дегенмен аталған емдерден гөрі варикоздың алдын алу дұрыс. Ең алдымен іш кебуін диетамен (жемісті диета, өсімдік майын, нәжіс шығуын жеңілдеткіш дәрілерін қолдану), таза ауада жүру, эластикалы бинт немесе шұлық қолдану орындалады.
Босанғаннан кейін жүктілер варикозы тромбозды асқынуларға ұшыратуы мүмкін. Бұның себептері - гормональдық алмасу үрдістеріндегі өзгерістер, эмоциональдық құбылыстар, гемодинамикалық, алмасу үрдістеріндегі өзгерістер, токсикоздер, қан жоғалту, операциядан соң жыныс мүшелерінің қабынуы т.б. Сондықтан тромбозды асқынулардың алдын алуды жүктілікке дейін, онын үстінде және босанғаннан соңғы кезеңдерде жүргізілуі қажет.