ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 143
Скачиваний: 1
трамадол
еңгізу қажет.
5. Коронарлы қан айналымды жақсарту үшін динитрат-изосорбит инфузиясын 10 мг АҚ бақылай отырып к/т баяу тамшылату.
6.
Қарсы көрсеткіштері болмаса атенололды
ішке 50-100 мг береді.
7. Коронарлы қан айналымды қалпына келтіру үшін:
- стрептокиназа 30 минуттан соң 30 мг преднизалоннан кейін 1 500 000 МБ к/т тамшылатып;
-
актилиз, альтеплаз, плазминогеннің
тіндік активаторы: 90 минут ішінде 3
этапта – 15 мг к/т болюсті, 30 минут
ішінде 50 мг к/т тамшылатып жəне 60 минут
ішінде 35 мг к/т тамшылатып, бір уақытта
гепарин тағайындау керек дозасы 5000 МБ
к/т болбсті жəне аспирин дозасы
160-300 мг.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
1. * Нитроглицерин: таблетка 0,0005 г; ерітінді 0,1% инъекцияға 10 мл ампулада, аэрозоль.
2. Изокет (изосорбит динитрат) таблетка 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 60 мг; 0,1% инъекциялы ерітінді 10 мл; аэрозоль.
3. * Ацетилсалицил қышқылы таблетка:100-150 мг.
4. * Морфин инъекциялы ерітінді ампулада 0,1% 1 мл- ден.
5. * Фентанил инъекциялы ерітінді ампулада 0,005% 2,0.
6. * Прометазин инъекциялы ерітінді ампулада 50мг/2мл.
7. * Дроперидол 2,5% инъекциялы ерітінді 10,0.
8. * Трамадол 50мг. 1мл-де.
9. * Преднизалон 25мг 1 мл-де.
10. * Декстроза 5% ерітінді 200,0, 400,0 фл.
11. * Оттегі: ингаляция үшін (медициналық газ).
12. * Атенолол таблетка 50мг, 100мг.
13. * Гепарин 5000 МЕ, фл.
14. *Стрептокиназа: ұнтақ инъекциялық ерітінді дайындау үшін флоконда 1 500 000МЕ.
15. * Актилиз 50мг лиофилизирленген ұнтақты ерітінді.
Ем
тиімділігінің индикаторлары:
1. Ауыру сезімді жою.
2. Ентікпені жою.
3. Артериялық қан қысыммен жəне жүрек ритмін тұрақтандыру.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Қан құйылу тəрізді белгісіз инсульт немесе инфаркт
Диагностика
Диагностика
критерилері
Ми
қан айналымының жіті бұзылыстары
бірден пайда болады (минуттар, сирек
сағаттарда) жəне ошақты немесе жалпы
милық менингеалды неврологиялық
симптомдардың пайда болуымен сипатталады.
Ошақты неврологиялық симптомдар:
- қозғалмалы (геми-, моно-, парапарездер);
- сөздік (сенсорлы, моторлы афазия, дизартрия);
- сезімталдық (гемигипалгизия, терең жəне күрделі сезімталдықтың бұзылыстары);
- координаторлы (вестибулярлы, мишықтың атаксиясы, астазия, абазия т.б);
- көру (скотомалар, квадрантты жəне гемианопсиялар,амавроз,фотопсиялар т.б);
-
ми қабы қызметінің бұзылысы (астериогноз,
апроксия жəне т.б).
Жалпы милық симптомдар:
- бастағы сергектіктің төмендеуі, субъективті сезінулер «түсініксіздік», «тұмандауы» сияқты жеңіл сезімдер мен терең комаға дейінгі жағдайлар;
-
бастың ауруы, жүйеусіз сипаттағы бастың
айналуы, жүрек айнуы, құсу, бастың
шуылдауы.
Менингеалды симптоматика:
- мойын арты бұлшық етінің тартылуы;
-
Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы,
төменгі), Бехтеров симптомдарының
оң болуы.
Геморрагиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
- бастың бірден ауруы, құсу;
- тез арада (немесе кенеттен) есінің тежелуі, ошақты симптомдармен қатар жүруі;
- сергек кезде, күндіз, аяқ - астынан пайда болады;
-
беттің қошқылдануы (плетор), көздің
жабылуы , кейде көп мөлшерде тердің бөлінуі,
зəрді ұстай алмау, пульстің қатқылдануы,
жарты шарға массивті қан құйылу
кезінде - артериялық қысымның көтерілуі.
Ишемиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
- біртіндеп (сағат немесе минут ішінде), зақымданған тамыр бассейніне байланысты ошақты симптомдардың үдеуі;
- жалпымилық симптомдар көріністері анық болмайды;
- артериялық қысым қалыпты немесе төмен;
-
кейде ұйқы кезінде дамиды.
Транзиторлы
ишемиялық шабуылдар
диагнозы ретроспективті қойылады.
Жіті гипертониялық энцефалопатияның диагностикалық крийтерилері:
- бастың бүкіл жерінің, қатты ауруы;
- жүрек айну, құсу;
- сезімталдықтың төмендеуі, кейде тырысу синдромымен қатар жүреді;
-
ошақты неврологиялық симптоматика.
Субарахноидалды қан құйылулардың диагностикалық критерийлері:
- аяқ-астынан бастың ауруы, кейде омыртқаға ауырсынудың берілуі, басты бір нəрсемен ұрған сияқты ауырсыну («баста бірнəрсенің жарылуы»);
- психомоторлы қозу, бастың айналуы, көздің қарауытуы, құлағының шуылдауы;
- есінің тежелуі, кейде комаға дейін; Көбінесе есі қалпына келеді, бірақ есеңгіреу күйінде болады;
- қайталамалы құсу;
- генерализацияланған немесе фокальді қояншық ұстамалары;
- тыныс алу ритмнің бұзылуы немесе оның патологиялық түрлері;
- артериялық қысымның жоғарылауы;
- жүрек соғысының өзгеруі (жиі брадикардия);
-
гипергликемия.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті қызметтерді бағалау: ес, тыныс алу, қан айналу.
2. Визуальді бағалау: бастың жұмсақ ұлпасын жақсылап қарау жəне пальпацииялау (бассүйек ми жарақатын анықтау үшін).Сыртқы құлақ қалқанымен мұрын қуысын қарау ( ликвор мен гемотореяны анықтау үшін).
3. Пульсті бақылау (аритмиялық), жүректің соғу жиілігін (брадикардия), артериялық қысымды анықтау.
4. Жүрек аускультациясы: митральді қақпақшаның пролапсты шуы жəне жүректің басқа да шуылдары.
5. Мойын тамырларын аускультациялау: ұйқы артериясының үстінен шуылды анықтау, əсіресе анамнезінде транзиторлы ишемиялық шабуыл жəне қантты диабеті болса.
6. Неврологиялық статусты анықтағанда келесі белгілерге мəн беру керек:
- аяғында қозғалыстың бұзылысын: науқасқа 10 сек. аяғын көтеріп тұруын сұраймыз, салданған аяғы тезірек шаршайды (Баре сынамасы).
- сөйлеудің бұзылуы (дизартрия, афазия), дизартрия кезінде науқас түсінеді, бірақ түсініксіз сөйлейді; афазия кезінде науқас түсінеді бірақ мүлдем сөйлей алмайды.
- бассүйек иннервациясының бұзылуы :беттің ассиметриясы, дисфагия (жұтынудың бұзылуы- қатты немесе сұйық тағам ішкенде қақалуы);
- сезімталдықтың бұзылуы: денесінің немесе аяғының симметриялық бөліктерін инемен сұққанда бір жақты ауырсыну байқалады;
- естің төмендеуі (есеңгіреу, сопор, кома);
- көру алаңының дефектісі (геми анопсия- сол немесе оң көзінің көру алаңының төмендеуі).
7. Қандағы глюкозаның мөлшерін анықтау.
Емдеу тактикасы
Медициналық
көмек көрсету тактикасы
Жедел көмектің мақсаты:
1. Инсульт жəне ми бұзылыстарындағы рефлекторлы реакцияларды тудырған патологиялық үрдістерді басу.
2. Ми құрылымының тікелей бұзылуына байланысты, морфофункцияналды өзгерістерді шектеу.
Базисті
жəне дифференциалды терапияны қатар
жүргізу арқылы дұрыс еммен қамтамасыз
етуге болады.
Базисті терапияны эпилептикалық статус жəне өмірге қажетті қызметтердің бұзылысын басу үшін қолданады. Бұл ем тек инсульттің түрін жəне оның бар-жоғын анықтағанға дейін жүргізіледі.
Дифференциалды
терапия - инсульттің ишемиялық жəне
геморрагиялық түрлері анықталғанда
қолданылады. Ол тек ауруханада ғана
жүргізіледі.
Базисті
терапия бір-бірімен
байланысқан үш компоненттен тұрады:
1. Өмірге қажетті қызметтерді коррекциялау- тыныс алуды, гемодинамиканы, жұтынуды қалыптастыру, эпилептикалық статусты басу.
2. Инсульт əсерінен болған гомеостаздық бұзылыстарды түзеу - бассүйек ішілік қысымды төмендету, су электр тепе-теңдігін түзеу, қышқыл - негіздік жағдайды жəне инфекцияның алдын алу.
3.
Метаболикалық қорғаныс, мидың дисфункциясын
басуға, церебральді қан айналымының
жедел бұзылысын жоюға:
антигипоксанттарды, нейротрофикалық
жəне мембрана стабилизаторларды,
антогонист глутаматтарды қолдануға
болады.
Дифференциалды
емес терапия
1.
Тынысты қалыптандыру- жоғарғы тыныс
жолы мен ауыз қуысын тазалау.
2.
Естен тану кезінде-оксигенотерапия.
Брадипноэ (ТАЖ-12 мин. ішінде), тахипноэ
(ТАЖ-35-40 мин. ішінде), цианоздың өршуінде
- өкпені жасанды желдендіру.
3.Артериалды гипертензиясы болса (сист. арт. қысым-200 мм с.б.б, диаст.арт. қысым-110 мм с.б.б) қысымды баяу түсіру керек, өйткені ми ишемиясы тууы мүмкін.
- эналаприлат 0,625-1,25 мг тамыр ішіне тамшылатып 5 мин.
-
магний сульфатын тамыр ішіне баяу
1000-2000 мг (бірінші 3мл 3мин ішінде) 10-15
мин ішінде, тырысу синдромы болған
жағдайда тағайындалады
4. Артеиалды гипотензияда (сист.арт. қысым- 100 мм .с.б.б.) тамырға тамшылатып полиглюкин 400,0 мл немесе пентокрахмал 500 мл.
Артериалды
гипотонияның айқын түрінде - тамырға
200мг допаминді 250мл 5% декстроза
ерітіндісіне араластырып 1 мин. ішінде
10-12 тамшыға дейінгі жылдамдықта құю
керек.
5. Тырысу синдромы дамыса диазепам бастапқы мөлшері 10-20 мг, керегінше 20мг тамырға,бұлшық етке енгізеді.
Жалғасатын
тырысу құламасында 20% оксибат натрий
ерітіндісі изотониялық ерітіндісімен
немесе 5% декстроз дене салмағынан 70 мг
/кг .
6. Қайталамалы құсықта, қатты ықылық тигенде:
- метоклопромид 2 мл ,10мл-0,9% бұлшық етке;
- пиридоксин гидрохлориді 2-3 мл 5%, 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен тамырға;
-
нəтижесі болмаса - 1-3 мл 0,25 % дроперидол%,
0,9% натрий хлорид ерітіндісімен к/т,
б/е.
7.Бас
ауырғанда: кеторолак 30 мг бұлшық
етке.
8. Нейропротективті терапия:
- актовегин 10 мл (40мг/мл) к/т баяу, бұлшықет ішіне егізуге де болады, 5 мл – ден көп емес;
- глицин тіл астына 1 г;
- 25 % магний сульфаты ерт. 5 – 10 мл к/т баяу тамшылатып 100-200 мл 0,9% натрий хлориді ерт. – мен.
- Мексидол к/т 5-7 мин ішінде құю немесе 100-500 мг тамшылатып 200-400 мл 0,9% натрий хлориді ерт. – де 60 – 80 там/мин жылдамдықпен;
- Церебролизин 5-10 мл к/т баяу құю немесе 10 -60 мл – ді 200 мл 0,9% натрий хлориді ерт.- де тамшылатып 60-90 мин ішінде енгізу, немесе глиатинді 4 мл (1000 мг) 10-20 мл 0,9% натрий хлориді ерт. – де баяу енгізу, не болмаса эмоксипин 15 мл 1 % ерт.- сін к/т тамшылатып, карнитин хлориді 7-10 мл 1 % ерт.- сін 300-500 мл 0,9% натрий хлориді ерт. – де к/т 6 там/мин жылдамдықпен енгізу;
-
пирацетам 10-20 мл к/т сұйылтылмаған күйде
(инсульттың ауыр өтетін ағымында,
терең сана бұзылысымен қабаттаса
жүруінде қрлдануға болмайды).
9. Микроциркуляцияны жақсарту жəне тромбоэмболияның қайталануының алдын алу үшін пентоксифиллинді к/т тамшылатып 0,1 г мөлшерде(бір ампула) 250-500 мл 0,9% натрий хлориді ерт.-де 90-180 мин ішінде , немесе варфарин 2,5 мл ішке, не болмаса ацетилсаллицил қышқылын 500мг ішке қолданады.
Ми
қан айналымын жақсарту, мидағы қан
ағысын көбейту, мидың шеткері қан
тамырларының кедергісін тұрақтандыру,
нейрондардың оттегімен қамтамасыз
етуін жақсарту, ми тінінің метаболизмін
жақсарту үшін - 0,3 мг винкамин
қолданылады.
10.
Қанның ұю қасиетінің бұзылыстарын
реттеу – гепарин 5000 ЕД к/т.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Оттегі, м3.
2. *Эналаприл 1,25 мг 1 мл, амп.
3. *Магний сульфаты 25% 5,0 мл, амп.
4. *Пентакрахмал 400,0 мл, фл.
5. *Допамин 0,5% - 5 мл, амп.
6. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.
7. *Диазепам 10 мг 2,0 мл, амп.
8. *Натрий оксибат 20% - 10,0 мл, амп.
9. *Метоклопромид 0,2 мг 1,0 мл, амп.
10. *Пиридоксин гидрохлориді 5% 1,0 мл, амп.
11. *Дроперидол 25 мг – 10,0 мл, амп.
12. *Кеторолак 30 мг – 1,0 мл, амп.
13. *Пирацетам 20% - 5,0 мл, амп.
14. *Пентоксифиллин 100 мг – 5,0 мл, амп.
15. *Варфарин 2,5 мг, табл.
16. *Гепарин 5000 ЕД, амп.
17. Кальций надропарин ерітіндісі алдын ала толтырылған шприцтерде иньекция түрінде 2850 МЕ анти-Ха/0,3мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8мл.
18.
*Винкамин, 30 мг, капс.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Полиглюкин 400,0 мл, фл.
2. *Ацетилсалицил қышқылы 500 мг, табл.
3. *Декстроза 5% - 400,0, фл.
4. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.
5. Актовегин 10 мл, амп.
6. Глицин 100 мг, табл.
7. Мексидол 500 мг, амп.
8. Церебролизин 5 мл, амп.
9. Глиатилин 1000 мг, амп.
10.
Эмоксипин 1% - 5,0 мл, амп.
Ем
тиімділігінің индикаторлары: науқас
жағдайының тұрақтануы.
* – Негізгі
(өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне
кіретін препараттар