ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 121

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қолданылатын гидротежеуіш сұйықтықпен (сумен немесе антифриз қосылған сумен) толтырылуы керек, толтырылған сұйық ақпау қажет. Гидротежеуіш фиксаторы бұзылған (сыну немесе серіппелердің бүлінуі) болса, бұрғылау шығырымен жұмыс істеуге тыйым салынады.

Барлық қосылыстардың беріктігін және мұздатқышқа берілетін судың жиілігін бақылап отыру қажет, себебі құрамында құм немесе басқа да механикалық қосылыстар болған жағдайда гидравликалық тежеуіш істен шығуы мүмкін. Мойынтіректерден шығатын суға арналған стакандардағы дренажды ойықтар (отверстие) таза болу керек. Ойықтан аққан аз ғана су тығыздауыштың ақаулы екенін көрсетеді.

Бұрғылау шығырының тежеуіш жүйесі мен басқа да механизмдерін зауыттың пайдалану инструкциясындағы талаптарға сай реттеу қажет.

Бұрғылау шығырындағы барлық үйкелетін жерлерді зауыттың майлау картасына сай майлау керек. Ондағы келтірілген талаптарды ауытқусыз

орындау қажет. Май сортын механиктің келісімімен өзгертуге болады. Шығырлар жұмыс істеп тұрғанда, оларды майлауға және жөндеуге болмайды.

Майды ылғалдан және кірден қорғау үшін арнайы сыйымдылықта сақтау қажет. Майсауытты майлаудан бұрын мұқият сүрту қажет. Май кірлеген жағдайда оны майлау картасында көрсетілген мерзімге дейін ауыстыру қажет.

Қыс мерзімінде шығырды іске қосар алдында майды зауыт инструкциясында көрсетілген температураға дейін қыздыру қажет. Оны беріліс қорабы корпусының иілген түтігіне берілетін бу немесе ыстық
сумен қыздырады.

Шығыр барабанында жарықшақтар мен бүлінулер болмау қажет. Шығыр барабанында тартылу соңын бекітуге арналған арнайы құрылғы қарастырылған. Бекітілу арқан үзілмейтін болып орындалу қажет. Болттар соңына дейін бұралып, бекітілу керек. Арқанды бекітуге арналған құрылғының күйін мұқият қадағалап тұру қажет.

    1. Шығыр тежеуіштерінің техникалық қауіпсіздік талаптары



Ажыратқыш кранды тежеуіш пневмоцилиндріне қосып тұрған ауаөткізгіште екі тығыздауыш резеңке төсеніштер арасында орналасқан өткізу тесігінің диаметрі 1,9 мм болатын дроссельді шайба орнатылу қажет. Дроссельді шайба болмаса, ажыратқыш шайбаны қолдануға тыйым салынады.

Ажыратқышты төменгі температура жағдайында қыздыру қажет. Тәл жүйесін жылжытуға қатысты тәлді блоктың көтерілуін шектеуіш құралда кез- келген ақау табылған жағдайда қандай да бір жұмыс жасауға тыйым салынады.

Шектеуішті пайдалану кезінде пневможүйе мен екіжүрісті кранда конденсаттың тамшылауын болдырмау керек. Құлаған конденсат төменгі температураларда мұзды тығынды құрауы мүмкін, ал ол өз кезегінде өткізу қимасын жауып тастайды. Көтеріп-түсіру операцияларын бастамас бұрын ажыратқышты тексеру қажет.

Суық климат жағдайларында да ажыратқыштың жұмысқа жарамдылығын тексеру қажет. Ажыратқышта ақау табылған жағдайда көтеріп-түсіру операцияларын жүргізуге тыйым салынады. Ол жөнделмесе, онда екіжүрісті кранды, пневможелінің тығындалып қалмауын, шығыр тежеуішінің пневматикалық цилиндрі мен дроссельді шайбаның ақаусыздығын тексеру қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ



Бұл дипломдық жобада бұрғылау қондырғысы қарастырылған. Модель талданып, 2300 м тереңдікке бұрғылау үшін ең жақсы нұсқа таңдалды.бұрғылау

шығыры тікелей егжей-тегжейлі қарастырылады. Пайдалану, монтаждау шарттары, істен шығу себептері және жөндеу ерекшеліктері толығымен қамтылған.

Есептік бөлімде бұрғылау шығыры бөлігінің беріктігі есептелді. Тәл жүйесінің арқанын және шығыр жетегінің қуаты анықталды. Көтергіш білікке ерекше назар аударылады. Шығыр барабанының білігі беріктікке есептелді. Шығырдың иілу және айналдыру моменттерінің эпюралары тұрғызылды. Олар бойынша негізгі есептеулер жүргізілді.

Сонымен қатар, дипломдық жобада өндірістің қауіпсіздігі мен экологиялық мәселесі қарастырылған. Өндіріс процестерінің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері қарастырылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Ильский А.Л. Буровые машины и механизмы: Учебник для техникумов. изд., перераб. и доп. -М.: Недра, 1980. 391 с.

  2. Баграмов Р.А. Буровые машины и комплексы: Учебник для вузов. -М.: Недра, 1988. 501 с.

  3. Алексеевский Г.В. Буровые установки Уралмашзавода. -М.: Недра,

1981.

  1. Кузнецов В.С. Обслуживание и ремонт бурового оборудования. -М.:

Недра, 1973.

  1. Кирсанов А.Н., Зиненко В.П., Кирдыш В.Г. Буровые машины и механизмы. -М.: Недра, 1981. -456 с.

  2. Лисецкий В.А., Ильский А.Л. Буровые машины и механизмы. -М.: Недра, 1980. -342 с.

  3. Северенчик Н.А. «Машины и оборудования для бурения скважин» - М.: Недра, 1986.

  4. Ахметов Н.М., Мардонов Б., Ахметов С.М. Исследовние режимов торможения ленточного тормоза буровой лебедки при действии постоянных и переменных усилий. //Нефть и газ. №3. Атырау, 2002г. -с. 71-78.

  5. Тимофеев В.Е. К расчету параметров гидродинамического и ленточного тормозов буровой лебедки. //Машины и нефтяное оборудование.


№5. 1986.-с. 8-10.

  1. Аванесов В.А., Смолина А.К., Москалева Е.М. Расчеты буровых машин и комплексов с применением ЭВМ: Учебное пособие. Ухта: Ухтинский индустриальный институт, 1989. 134 с.

  2. Курмаз Л.В. Детали машин. Проектирование: учебн. пособие / Л.В. Курмаз, А.Т. Скойбеда. - Мн.: УП «Технопринт», 2002. - 290 с

  3. Волков А.С. «Охрана труда при бурении нефтяных скважин». -М.: Недра, 1985.