Файл: Оыту аза тілінде 9сынып білім алушылары шін емтихан материалдары іі нса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 79

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2022-2023 оқу жылында қазақ тілі пәнінен (оқыту қазақ тілінде)9-сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарыІІ нұсқаТөменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.А мәтіні:Е.Ертайұлы, «Жұбайыңның жүрегін жаралама, жаула» кітабынан

Отан — отбасынан басталады. Отбасы — қоғамның ең кіші бөлшегі. Яғни мемлекет немесе ұлт отбасылардан құралады. Егер отбасы деген кіші бөлшектер құнды болса, онда қоғам да мықты болмақ. Ал егер отбасында шаңырақ шайқала бастаса, қоғам да іріп-шіри бастады дегенге саяды. Сондықтан қоғамды түзету үшін отбасы институтына ерекше көңіл бөлуіміз керек.

Еліміз ажырасу статистикасы бойынша әлемде алғашқы ондыққа кіреді. Жыл сайын жүз мыңнан астам жұп отбасын құрса, оның жартысына жақыны ажырасып кетеді екен. Сонымен қатар, жыл сайын 40 мыңнан астам бала жартылай отбасыда тәрбиеленушілер қатарына қосылады немесе халық арасында қолданылатын атаумен атасақ, «тірі жетім» атанады.Осы көрсеткіштердің өзі-ақ отбасы институтына ерекше көңіл бөлінуі керек екенін байқатады. Әрбір адам бақытты отбасын құруға немесе бақытты отбасы болуға тырысу керек. Өйткені бақытты отбасы шаңырағынан бақытты ұрпақ дүниеге келеді. Бақытты ұрпақтан құралған ұлт та, қоғам да бақытты болмақ.

Бақытты отбасы қалай боламыз? Бақытты отбасы болуға отбасы мүшелері бірдей ұмтылуы керек. Бірге ұмтылып, бақытты отбасы болудың қыры мен сырын бірге зерттеп, үйренгендерін отбасылардың басты қағидасына айналдыра алса, олардан бақытты жандар болмайды. Ең бастысы «менде бәрі жақсы», «мен бәрін білемін» деген секілді алдамшы түсініктерден арылып, өзімізді жан-жақты дамытуға, жарымыздың жан дүниесін түсініп, әркім өз рөлімізді жетік орындауға тырысайық.

(188 сөз)
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді (өңделген)

Қазақстанның демографиялық жағдайы қандай күйде?


Кез келген елдің экономикалық дамуы көбінесе демографиялық процестердің сипатына байланысты. Қазақстанның қазіргі демографиялық жағдайының бүгінгі күйіне Skifnews.kz ақпараттық порталы сараптама жасап көрді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда демографиялық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ әр шаңырақты қолдаудың кең тетігі мен тәсілдерін қарастыратын институционалдық орта мен нормативтік құқықтық актілер жүйесі қалыптасты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында еліміздегі демографиялық ахуалдың күрделі екеніне тоқталып, бұл бағыттағы жағдайды жақсарту үшін Үкіметке бірнеше тапсырма бергені белгілі.

«Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын», – деді Президент. 

Тұрақты демографиялық көрсеткіштерді және ұдайы өндірістің қарқындылығын қолдау еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы болып қала береді және бүгінгі күні оның стратегиялық маңызы бар. 2021 жылға қарай халық саны қазірдің өзінде 19 миллион адамға жетті.

Осылайша, Қазақстанда экономикалық даму қарқыны мен үдерісінің қозғаушы күші болып саналатын тұрақты демографиялық үдерістер елдің негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді.

Халық құрылымының өзгеруі әлемдік еңбек нарығын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін, зейнетақы жүйесін жаңа жағдайларға қояды. Адами капиталдың сапасын арттыру мемлекеттің ұзақ мерзімді кезеңге арналған одан әрі дамуының негізгі векторына айналуға тиіс. Бұл ретте халық туралы деректерді жинау мен талдау жүйесіне және ел азаматтарының нақты мұқтаждықтарын ескере отырып, әлеуметтік қолдау тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылуға тиіс.

(246 сөз)

Екі мәтіндегі отбасы және демографиялық өзгеріс туралы ақпараттарды талқылай отырып, «Бақытты отбасы - қоғам мен мемлекеттің берік тірегі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.