ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 96
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бүйректе барлық заттардың аралық алмасуының реакциялары интенсивті өтеді. Бүйректе улы заттар, мысалы, глицинмен конъюгирлену жолымен залалсызданады.
Бүйректің эндокриндік қызметі
Бүйректің эндокриндік қызметі- оларда Д3 витаминінің алмасу-активті түрлері, эритропоэтин, ренин және басқа биологиялық активті заттар түзіледі. Эритропоэтин сүйек кемігінде эритроциттердің түзілуін стимулдейді, сондықтан бұл қосылыстың синтетикалық аналогы медицинада анемияны емдеуге қолданылады.Ренин артериалық қысымды реттеуге қатысады, сондықтан бүйрек аурулары кезінде жиі гипертония байқалады.
Нефрондар
Бүйректің негізгі қызметтері нефрондарға байланысты болады. Нефрон –бүйректің құрылымдық-функционалды бірлігі. Нефрондар екі түрлі болады: кыртыстықжәне юкстамедуллярлық. Бұл нефрондар қызметтері бойынша ерекшеленеді.Ағзада су қалыпты мөлшерде болғанда қан плазмасының көлемін қыртыстық нефрондар реттейді, ал су жеткіліксіз болғанда, юкстамедуллярлық нефрондарындаоның реабсорбциясы күшееді.
-
Жүректің құрылысы мен орналасуын сипаттаңыз
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.
Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.
Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.
Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.
Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады.
Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады.
Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады.
Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады.
Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың. Өйткені сол қарыншадан бүкіл денеге тарайтын қолқа қан тамыры басталады. Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді) қақпақшалар жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалардың жиегіне қарыншалардың ішінде орналасқан емізік тәрізді бұлшық еттер бекіп, жақтаулы қақпақшаларды қарыншаларға қарай ашады. Ж-тің қарыншалары мен олардан басталатын артериялық қантамырлардың арасында үш жарты тәрізді қақпақшалар бар. Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады. Ж-тің миокард қабаты да көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады, оның қаңқа бұлшық ет ұлпасынан айырмашылығы – Ж-тің бұлшық ет талшықтары торланып орналасқан және бір-бірімен қосылып жатады. Ж-тің миокард қабатында миофибриллалары аз, көбіне саркоплазмаға бай бұлшық ет талшықтары шоғырланып орналасады. Олар Ж-тің ырғақты жұмысын реттеп отырады. Оны Ж-тің
өткізгіш жүйесі деп атайды. Ондағы бұлшық ет талшықтарында оқтын-оқтын қозу импульстары пайда болып, өткізгіш жүйедегі клеткалар өздігінен жиырылады.
-
Ішектерге жалпы сипаттама беріңіз
Ішек — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.
Ішек (intestinum) – ауыздан басталып, тік ішекпен аяқталатын ас қорыту түтікшесі, (турбелярии, трематодтар, теңіз жұлдыздары т.б. ішектері бітеу аяқталатын жануарларды қоспағанда); ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ішекте ас қорытылады, сіңіріледі және қалдықтары сыртқы ортаға бөлініп шығарылады. Ішек ұзындығы иттерде дене ұзындығынан 5-6 есе, қойда - 35, үй шошқасында -14, адамда -3-4 есе артық.
Ішек екі бөліктен тұрады: аш ішек және тоқ ішек.
Аш (ащы, жіңішке) ішек ас қорту жүйесін құратын ағзалардың ең ұзын және өте қозғалмалы бөлігі болып табылады. Ол асқазанның пилорикалық бөлігінен басталып, соқыр ішектен жоғары тұста (илеоцекальді бұрышта) тоқ (жуан) ішекпен жалғасады. Анатомиялық құрылысы мен физиологиялық қызметіне қарай аш ішектің он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішек атты бөліктері ажыратылады. Кейінгі екі бөлігінің ұзындығы орта есеппен 5-7 м, ал диаметрі 3-5 см тең болып келеді. Он екі елі ішек пен аш ішектің шекарасы Трейц (Treitr) байламасымен белгіленеді, ал аш ішек пен мықын ішек арасында бұндай нақ анықталатындай анатомиялық шекара белгісі жоқ. Аш ішектің көптеген ілмектері ішек шажырқайымен іш қуысының артқы қабырғасына бекітілген. Шажырқай висцеральді ішастардың екі жапырақшасынан және олардың арасында орналасқан майлы жұмсақ клетчаткадан құралады. Аталған клетчаткада қан, лимфа тамырлары және нерв талшықтары өтеді.
Аш ішекке артериялдық қан жоғарғы шажырқай артериясынан (a. mesenterica superior) шығатын 18-24 қан тамыры тармақтары арқылы жетеді. Ол тармақтар шажырқай қабатында өзара байланысып (анастомоз) бірінші және екінші қатарлық доға құрады. Ішекке қан осы доғалардан шығатын тік қан тамырларымен жеткізіледі. Аш ішек парасимпатикалық және симпатикалық нерв жүйелерімен иннервацияланады.
Тоқ (жуан) ішек соқыр ішектен және аш ішектің тоқ ішекке келіп жалғасатын жерінен (илеоцекальді бұрыш) басталады да, тік ішекпен аяқталады. Аш ішек сияқты тоқ ішектің де бірнеше бөліктерін ажыратады. Олар: соқыр ішек (соесит), жоғары бағытталған бөлік (colon ascendens), көлденең жатқан бөлік (colon transversum) пен төмен бағытталған бөлік (colon descendens), сигма тәрізді бөлік (colon sigmoideum) және тік ішек (rectum). Соқыр ішек пен тік ішек тоқ ішектің өзалды жеке бөліктері болып есептеледі Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 180-200 см, ал диаметрі 5-6 см-ге тең. Оның бірнеше иілімдері бар. Біріншісі бауыр (flexura coli dextra), екіншісі көкбауыр (flexura coli sinistra) иілімдері және сигма тәрізді бөлігі мен тік ішек шекарасындағы иілім. Алғашқы аталған екі иілімдер тұсында тоқ ішекті бекітіп тұратын арнайы байламалар бар.
Тоқ ішектің бұлшық ет қабаты екі түрлі бұлшық еттерден қүралады. Біріншісі ішкі немесе циркулярлы және сыртқы бұлшық ет қабаттары. Сыртқы бұлшық ет қабаты ішектің ұзындығын бойлай орналасады. Бұл қабат ішектің сыртқы жағында үш жолақ тәрізді болып көрініп түрады (taeniae) және үшеуі соқыр ішектің күмбезінде, яғни оған құрт тәрізді өсіндінің жалғасатын жерінде түйіседі. Осы себептен аппендэктомия операциясының барысында өсіндіні табу қиын болған жағдайларда, әдетте, оны осы жолақтарды бойлай отыра олардың түйіскен жерінен іздейді. Ішкі жақта орналасатын бұлшық еттер (циркулярлы бұлшық еттер) ішектің белгілі бір аймақтарында қалыңдап физиологиялық қысқыштар (сфинктерлер) құрайды.
Тоқ ішектің инненрвациясы симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Тоқ ішекте, негізінен, су сіңу процесі және аш ішекте ыдырағанмен, толық сіңбеген көректі заттардың одан әрі сіңуі жалғасады.
-
Лимфа жүйесінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
Лимфа жүйесі – жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады.
Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы
— лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың жақтаулары өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.
Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.
Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.
Лимфа жуйесінің қызметі:
-
Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі. -
Лейкоциттер түзеді. -
Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады. -
Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.