ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Ответы на вопросы
Дисциплина: Экономика
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 575
Скачиваний: 4
Макроэкономика
Микроэкономика
сияқты, макроэкономика да экономика
теориясының бөлімі. Грек тілінен
аударғанда: «макро» – үлкен, «микро» –
кішкентай, кішкене, «экономика» –
шаруашылықты жүргізу. Сонымен,макроэкономика
– тұтастай экономиканың немесе оның
ірі жиынтықтарының (агрегаттарының)
тәртібін зерделейтін ғылым.
«Макроэкономика»
терминін ең алғашқы болып 1933 жылы белгілі
норвегиялық ғалым – экономист-математик,
эконометриканың негізін салушыларының
бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Рагнар
Фриш
қолданды.
Бірақ қазіргі макроэкономикалық теория
атақты
ағылшын экономист, Кембридж мектебінің
өкілі, лорд Джон
Мейнард Кейнстің басты
(іргелі) еңбегінен басталады. 1936 жылы
оның «Жұмыстылықтың, пайыздың және
ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын
кітабы жарық көрді. Онда Кейнс
макроэкономикалық талдаудың негізін
қалады. Кейнс еңбегінің маңызы өте зор,
тіпті
экономикалық әдебиетте
«Кейнсиандық
төңкерісі» деген термин, кейнсиандық
макроэкономикалық
модель
(үлгі) пайда
болды. Оның алдындағы – микроэкономикалық
талдау (классикалық модель, үлгі)
Микроэкономика жеке шаруашылық жүргізетін
субъектілердің (тұтынушы немесе өндіруші)
жеке нарықтағы экономикалық тәртіптерін
(мінез-құлықтарын) зерделейді, ал
макроэкономика экономиканы біртұтас
ретінде зерделеп, барлық экономика
үшін ортақ
жалпы мәселелерді
зерттейді.
Макроэкономика жалпы ішкі өнім, ұлттық
табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық сұраныс,
жиынтық тұтыну, инвестициялар, бағалардың
жалпы деңгейі, жұмыссыздық деңгейі,
мемлекеттік қарыз деген жиынтық шамаларды
қолданады. Макроэкономиканыңнегізгі
мәселелері: экономикалық
өсу және оның қарқындары; экономикалық
цикл және оның себептері; жұмыстылық
деңгейі мен жұмыссыздық мәселесі;
бағалардың жалпы деңгейі мен инфляция
мәселесі; пайыз мөлшерінің деңгейі мен
ақша айналымының мәселелері; мемлекеттік
бюджеттің жағдайы; бюджеттік тапшылығын
қаржыландыру мәселесі мен мемлекеттік
қарыз мәселесі; төлем балансының жағдайы
мен валюталық бағам мәселелері;
макроэкономикалық саясаттың
мәселелері.
Барлық осы мәселелер
макроэкономикалық талдау тұрғыларынан,
яғни жеке тұтынушы, жеке фирма, тіпті
жеке сала деңгейінде шешілмейді. Осындай
бірқатар жалпы – немесе макроэкономикалық
мәселелердің болуына байланысты
экономика теориясының жеке бөлімі, жеке
пәні – макроэкономиканың пайда болу
қажеттілігі туды (туындады). Макроэкономиканы
зерделеудің маңыздылығы:
-
ол макроэкономикалық құбылыстар мен үдерістерді жай ғана баяндамай, олардың араларындағызаңдылықтар мен тәуелділіктерді тауып, экономикадағы себеп-салдар байланыстарды зерттейді.
-
макроэкономикалық тәуелділіктер мен байланыстарды білу арқылы экономикадағы жағдайды бағалап, оны жақсарту үшін не істеу керегін көрсету, ең алдымен саяси қайраткерлердің іс-қимылдары, яғни экономикалық саясатының қағидаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
-
макроэкономиканы білу арқылы келешекте үдерістердің дамуын болжауға, яғни болашақ экономикалық мәселелерді көріп, болжам жасауға болады.
1.1.Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кейнстік теорияның өмірге келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэкономика. Осыған байланысты қазіргі уақытта, экономикалық теория микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.
Экономикалық теория күрделі қоғамдық және әлеуметтік, әрі гуманитарлық ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясында біз білетініміздей, қоғамның шектеулі мүмкіндіктер жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты мәселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық теория ғылымын микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз. Сол үшін де макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз. Микроэкономика ғылымын және оның қалай оқытылғаны жөніндегі мәселелерді еске түсіре отырып, оған мынадай анықтама беруге тырысамыз.
Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы. Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген фирмалардың, үй шаруашылықтарының және салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан, ресурстарды тиімді пайдалану және оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады.
Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі проблемаларды зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы.
Алғашқы макроэкономикалық зерттеулер меркантилизм және физиократтар мектептерінен басталады. Ал қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы ретінде атақты ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) саналады. Оның 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген еңбегі негізінде макроэкономика өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Дж. Кейнс өзінің осы еңбегінде нарықтық экономикада үлкен жұмыссыздық пен іске асырылмаған өндірістік қуаттардың тұрақты жағдайы орын алуы мүмкін және осы кезде мемлекеттің дұрыс ұйымдастырылған және жоспарланған бюджет – салық және ақша – несие саясаттары арқылы сол жұмыссыздықты қысқарта және экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын төмендете отырып ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі мәселелерді дәлелдеуге тырысты. Сәйкесінше, Кейнс біртұтас жүйе ретіндегі ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін де дәлелдеді. Кейнстік экономикалық теория макроэкономика және экономикалық саясат салаларында аса басым бағыт болып саналады. Осыған сәйкес, біз мынаны ғана айта аламыз, яғни, макроэкономиканың ғылым ретінде дамуының бастапқы импульсі болып Дж.М. Кейнстің экономикалық идеялары табылады.
Соғыстан кейінгі жылдары және 60-шы жылдарға дейін макроэкономикалық саясаттағы кез келген талдау кейнстік қағидаларға сүйенді. Кейнстің қалыптастырып кеткен идеяларын, оның ізбасарлары – неокейнстік бағыттың негізін салушылар – Джон Хикс, Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Рой Харрод, Евсей Домар сияқты ғалымдар әріқарай дамыта түсті.
Бірақта, уақыт өте келе пайда болған жаңа теоретикалық бағыттар кейнстік экономикалық теорияның маңызын төмендете бастады. Кейнстік бағытқа аса салмақты түрде сын айтушы оппонент – монетаризм теориясы қалыптасты. Ал оның негізін салушы американ экономисі Милтон Фридмен (1912-2006) болды.
«Макроэкономика» терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист Рагнар Фриш (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Ал ол ғылыми айналымға Кейнстің басты еңбегі дүниеге келгеннен кейін нақты енгізіліп қолданыла бастады. Бірақта, жоғарыда атап өткеніміздей, макроэкономикалық талдау сұрақтары бірқатар ғасырлар бұрыннан-ақ маңызды түрде қарастырыла бастаған. Француз экономисі-физиократ Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің натуралдық және құндық элементтері арасындағы баланстық пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың маңызды жақтары ағылшын экономисі Д. Юмның төлем балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі. Қоғамдық ұдайы өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды К. Маркс те өзінің моделінде қолданды, ол «Капитал» еңбегінің 2-ші томында (1885 ж.) жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық және құндық құрылымдар арасындағы сәйкестіліктер мен байланыстарды зерттеді.
Ал қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж.В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономикалық бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) және де «жаңа кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланчард, Н.Г. Менкью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді. Тіпті осындай көптеген алуан түрлі мектептердің бар болуына байланысты, олардың макроэкономикалық ой-пікірлері мен көзқарастарының бірдей еместігіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін әлемдік макроэкономикалық ғылымға ангосаксондық бағыт үстемдік жүргізіп келеді деген ой айтылады, соңғы онжылдықтарда осы ғылымның төңірегінде Германияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің және басқа да бірқатар елдердің ұстанымдары, көзқарастары мен беделдері кеңейіп, маңызды түрде дамып келеді.
Сонымен, макроэкономика экономикалық теория ғылымының негізгі бөлімі ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктері және шектеулі экономикалық ресурстар сияқты іргелі проблемаларды ұлттық экономика деңгейінде зерттейтін ғылым саласы. Макроэкономика экономиканы біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Макроэкономикалық
реттеу — экономиканы басқару
тәсілі. Макроэкономикалық
реттеу жалпы
елдің экономикалық
жүйесінің жұмыс істеуіне
бағытталған. Макроэкономикалық
реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл
ережелері белгіленіп, қажет болған
жағдайда түзетулер енгізіліп отырады.
Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста
макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық
жүргізуші субъектілердің өзін-өзі
реттеуі ұштастырылады.
Макроэкономикалық
реттеу экономикалық жүйені межеленген
бағытта ұстауды көздейді және екі түрге
бөлінеді: межелі бағыттан ауытқу бойынша
реттеу және қайсыбірпараметр жол
беруге болмайтын мүшкіл деңгейге
жеткенде реттеу. Бірінші жағдайда
белгілі бір макроэкономикалық
көрсеткіштердің белгілі
бір кезеңге арналып межеленген бағдардан
ауытқығаны байқалғанда мемлекет
ахуалды түзету
үшін шаралар қолданады.
Мысалы, инвестицияның жетіспеуі
себепті белгілі бір өндіріс тым қожырап,
құлдыраған кезде жалпы өндірушілерге
немесе тек инвестицияға ғана салынатын
салықтың төмендетілуі, шетелден несие тартылуы,
әлсіз кәсіпорындардың неғұрлым тиімді
меншіктенушілерге жекешелендіріліп
берілуі, өнімге сұранымның ынталандырылуы
сияқты макроэкономикалық реттеу
нұсқалары қолданылуы мүмкін. Екінші
жағдайда келешекке арналған
жоспарда әлеуметтік
дүмпу қатерін
төндіретін жұмыссыздықтың белгілі
бір күйзелістік шектегі деңгейін
белгілеуге және осы көрсеткішке
жақындаған кезде жұмыспен қамтылуды
арттыру мақсатында шұғыл шаралар (жаңа
жұмыс орындарын ашқаны үшін кәсіпкерлерді
көтермелеу, шағын бизнестің қалыптасуына
көмектесу, т.б.) қолдануға болады.
Реттеудің макроэкономикалық
құралдарына салықтар, үлестемелер,
фирмалардың рыноктағы әрекетінқұқықтық
реттеу, жалақы мен зейнетақы саласындағы
шектеулер жатады.
Ал нарықтық экономика жағдайындағы макроэкономикалық реттеудің негізгі құралдарына ақшасаясаты құралдары қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, орталық банктің несиелік эмиссиясы, коммерциялық банктерге қойылатын сақтық қор талаптары, бағалы қағаздар рыногіндегі алыс-берістер, қазынылық саясат тікелей және жанама салық салу, бюджет тапшылығын басқару, ұлттық валютаның айырбас бағамы саясаты айырбас бағамы жүйесі, валютаның айырбас бағамы жатады.