Файл: 3тосан блім бойынша жиынты баалау тапсырмалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 45

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ


Оқу мақсаттары

8.4.2.2 - электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану

8.4.2.11 - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

8.4.2.13 - Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану


Бағалау критерийлері


Білім алушы

  • Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді

  • Токтың энергетикалық параметрлерін табу үшін тұрақты ток заңдарын есептер шығаруда қолданады




Ойлау дағдыларының

деңгейлері


Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

  1. Суретте берілген схемалардың дұрыс жалғанғанын дөңгелектеңіз [1]



  1. Кедергілері R1=5 Ом; R2=2 Ом; R3=3 Ом; R4=3,8 Ом болатын резисторлар суреттегідей жалғанған. Тізбектегі жалпы кернеу 15 В.



а) Тізбектің ВС бөлігіндегі кедергіні есептеңіз. [1]
b) Тізбектің жалпы кедергісін есептеңіз. [1]



  1. Оқушы тұрмыстық техника дүкенінен үтік, шам және теледидар сатып алды. Ол техникаларды ток көзіне қоспай тұрып, олардың пайдалану нұсқаулығын оқыды. Техникалардың нұсқаулықтарында әрқайсысының бір сипаттамасы белгісіз. Сол сипаттамаларды анықтап, кестедегі бос орынды толтырыңыз.




Үтік

Шам

Теледидар

Ток күші

2 А

0,45 А




Кернеу

220В




210 В

Уақыт

30 с

15 с

20 с

Жылу мөлшері




1,5 кДж

15,1 кДж












Бағалау критерийлері

Тапсыр ма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады

1

Электр шамының жануы үшін қай кілттерді қосу керек екендігін анықтайды

1

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді

2

Паралель және тізбектей жалғауларды ажыратады


1



Электр шамының жануы үшін тізбекті жалғану нүктесін табады


1

Токтың энергетикалық параметрлерін табу үшін тұрақты ток заңдарын есептер шығаруда

қолданады



3

a) Амперметр дұрыс жұмыс жасау үшін тізбекке қандай өзгеріс жасау қажеттігін анықтайды

1

b) Амперметр қандай шаманы өлшейтінін анықтайды

1

d) Джоуль-Ленц заңын қолданады


2


Жалпы балл




9



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

төмен

орташа

жоғары

Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады

Электр схемасына талдау жасау қиындық тудырады.

Электр схемасын түсінеді, сапалы есептерге талдау жүргізгенде кішігірім қателіктерге жол береді.

Электр схемасын түсінеді, дұрыс талдайды сапалы есептер шығарғанда қолдана алады.



Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігін есептеуге аранлған заңдылықтарды қолдану қиындық тудырады.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігіне арналған заңдылықтарды біледі, бірақ қолданғанда қате жібереді.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігіне арналған заңдылықтарды нақты сапалы есептер шығаруға қолданады.

Токтың энергетикалық параметрлерін табу үшін тұрақты ток заңдарын есептер шығаруда қолданады

Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын есептеуде қиындық тудырады.

Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын есептеуде кезінде кіші-гірім қателіктерге жол береді.

Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын есептеулер жүргізеді.