Файл: ыз сыны, Аружана Сз басы слем дейді дана халым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Таныстыру

(«Қыз сыны», Аружанға)
«Сөз басы - сәлем» дейді дана халқым,

Дәстүрден мен де үлгі таба алармын.

Армысыз, жиналған жұрт, барша қауым,

Салтына берік болған бабалардың.

Аружан – менің атым сұрасаңыз,

Өнермен бұл сайыста сыр ашамыз.

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында,

Құрдаспен қатар-құрбы сынасамыз.

Жасымнан зерделі де зерек болдым,

Айдай сұлу келбетпен бөлек тудым.

Бойдағы өнерімді танытуға,

«Қыз сыны» байқауына келіп тұрмын.

Еркін боп әкем аты Сізге таныс,

Жанұя жағдайымды сұрасаңыз,

Тереңнен тамыр тартқан шежіресі

Полатов әулетінен тараламыз.

________________– асыл анам мәпелеген,

Аялы мейіріммен әлпештеген.

Ұстазым Зейнеп апай қамқор болып,

Санама ақыл құйып жетелеген.

Мектеппен алтын ұя мақтанамын,

Ұстаздар үлгісінен бақ табамын.

Алтыншы «Ә» сыныбым қолдағанда

Сайыста тек жеңіске қол созамын.

Тәуелсіздік мереке тұсында бұл,

Тойлаймыз мерекені ұлан асыр.

Бірлікті тұмар еткен халқымыз бар,

Әлемге әйгіленген ұраны асыл!

Жеткізген ел тілегі осы күнге,

Халқымның қуанышпен қосы бірге.

«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзбен

Әлпештеп аруларын өсіруде.