Файл: за мерзімді жоспарды тарауы озалыс Асуат колледжі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 72

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
Қозғалыс


Ақсуат колледжі

Күні:24.05.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Дәлелхан К

Сынып:10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

10.1.6.1 Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу

Сабақ мақсаттары

  1. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысын, миофибрилла құрылысын сипаттау;

  2. Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу




Бағалау критерийлері

  • Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысын,миофибрилла құрылысын түсіндіреді;

  • Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымдық бөліктерін суретке қарап ажыратады;




Дағдылар

  • Білімін шығармашылық тұрғыда қолдана білу

  • АКТ саласындағы дағды



Тілдік мақсаттар

  • Пәнге тән лексика мен терминология

көлденең жолақты бұлшықет, бұлшық ет талшықтары, ультрақұрылым, көп ядролы, митохондрия,

миофибрилла құрылымы: актин/жіңішке жіпшелер/, миозин /жуан жіпшелер/, /зоналар, дискі /, саркомер, сарколемма саркоплазма,

саркоплазматикалық ретикулум, көлденең (T) канал.

  • Кілт түсініктер:

  • Рефрактерлік

  • Изотоникалық және изометриялық жиырылу

  • Кимограф

  • Миограмма

  • Сіреспе

  • Сырғыған жіпше теория

  • Электромеханикалық Т-жүйе қосылу құбылысы

Сабақта қарастырылатын сұрақтар:

  1. Көлденең-жолақты бұлшыет ұлпасының ультрақұрылымы

  2. Көлденең жолақты бұлшықет құрылысын суреттен табу

  3. Бұлшық ет талшығы құрылысына сипаттама



Құндылықтарға баулу

  • Қарым – қатынас жасау қабілеті

  • Денсаулық сақтау әр адамның азаматтық жауапкершілігі.

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тірек-қимыл жүйесіне байланысты ауытқулар мен түрлі ауруларды сипаттауда айтылып өтіледі.




Пәнаралық байланыс

Физика қаңқа бұлшықеттерінің денені қозғалысқа келтіруіне байланысты тікелей байланысты

Дене шынықтыру – қозғалыс

Алдыңғы білім

8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерін сипаттау


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

Кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерге анықтауға

көңілі бөлінеді.Оқушыларды берілген суреттер мен тақырыпқа қарай шағын топтарға біріктіремін.
1. Жүректің көлденеңжолақты бұлшықеті

2. Көлденең жолақты бұлшықет

3. Біріңғай салалы бұлшықет.

«Миға шабуыл»

  • Бұлшықет ұлпасы

  • Бұлшықет жасушасын ата

  • Біріңғай салалы бұлшықет пен көлденең жолақты бұлшықеттің айырмашылығы қандай?





О қушының әр дұрыс жауабына «Автобусқа жолдама» беріледі

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақты игеру.

(М) Тапсырма орныдалған соң жаңа тақырыпқа бағыт береді. Видеоролик көрсетіледі:
ОЙЛАН – ЖҰПТАС – БӨЛІС

(мұғалім сұрақ немесе тапсырма береді; оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап жазады; оқушылар жұптарға бөлініп,өздерінің ең мықты деген сұрақтарын біріктіреді; оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен топтасып бөліседі және постер қорғайды)

әдісімен жаңа тақырып жалғасады.

3 топқа үш түрлі тапсырма беріледі:

Жүректің көлденеңжолақты бұлшықеті тобына тапсырма:

Көлденең-жолақты бұлшыет ұлпасының ультрақұрылымын суретте белгілейді

Көлденең жолақты бұлшықет бұлшықет көптеген функционалды бірліктерден, яғна бұлшықет талшықтарынан немесе бұлшық ет жасушаларынан тұрады. Олар бір-біріне параллель орналасқан цилиндр пішінді болып келеді. Бұл көпядролы жасушаларының диаметрі – 0,01- 0,1 мм, ұзындыңы бірнеше см жетеді. Талшықта ядро оның беткі қабатында орналасқан. Бұлшықет талшықтарының түйіндері коллагенді талшықтармен және дәнекер ұлпасымен айнала қоршалған,талшықтар арасында да коллаген болады. Бұлшықет ұшында коллаген мен дәнекер ұлпасы бұлшықетті қаңқаның түрлі бөліктерімен біріктіру қызметін атқаратын сіңірді түзеді. Әр талшық мембраналық сарколеммамен айнала қоршалған, өзінің құрылысы бойынша кәдімгі плазмалық мембранамен ұқсас болып келеді. Сарколемма – эластинді қозуға қабілетті мембрана, олар ион өзектерінің қозу стимулына жауап ретінде ашылып-жабылу және оларды әрі қарай Т-жүйеге беру қызметін атқарады.
Бағалау критерийі:

  • Көлденең жолақты бұлшықет ультрақұрылысын сипаттайды,суретте белгілейді,

Дескрипторлар

Көлденең жолақты бұлшықет ультрақұрылысын суретте белгілей алады,түсіндіреді
Көлденең жолақты бұлшықет тобына тапсырма:


  • Көлденең жолақты бұлшықет құрылысын суреттен атап көрсетіп, жазу



  • Жауабы



Эпимизий дегеніміз- бұлшық еттің сыртын қаптайтын дәнекер ұлпа

Перимизий дегеніміз- бұлшық еттің ішінен қаптайтын дәнекер ұлпа, бұлшықет шоғырларын өзара бөліп тұрады.

Эндомизий дегеніміз- бұлшықет шоғырының ішінен қаптайды
Бағалау критерийі:

  • Көлденең жолақты бұлшықет құрылысын түсіндіріңіз, жазыңыз

Дескрипторлар

Көлденең жолақты бұлшықет құрылысын талдайды, жазады



  • Біріңғай салалы бұлшықет тобына тапсырма

Бұлшық ет талшығы құрылысына сипаттама


Сарколемма —екі қабаттан тұрады плазмалемма мен негіздік жарғақтан.

Көлденең (T түтікшесі)-бұл плазмалық мембранадан түзілген қуыс. Мұнда негізгі әрекет жүреді

Саркоплазма- бұл бұлшықет жаушасының цитоплазмасы. Оттегі молекуларымен байланысатын қызыл түсті миоглобин нәруызы болады.Миоглобин оттегін бөледі, бөлінген оттегі АТФ түзуі үшін қажет

Саркоплазмалық ретикулум
Әрбір миофибрилланы қоршап тұратын қалташа болып табылады
(Ca+) сақтап Ca+ шығу, жиырылу процесін жүзеге асырады

  • .Бағалау критерийі:

  • Бұлшық ет талшығы құрылысына сипаттаңыз

  • түсіндіріңіз

Дескрипторлар

Бұлшық ет талшығы құрылысын түсіндіреді

Сергіту сәті:

Оқушылар көңіл - күйін ширатып, белсенділіктерін арттыру.
Өздері мен оқытушы арасындағы қарым – қатынасты нығайту
Барлық сынып оқушыларына тапсырма:

«Суретпен жұмыс» әдісі.

Қабілеті жоғары оқушылар: берілген суретте не көрсетілген және аталған нысандардың атқаратын қызметі қандай екенін сипаттайды

Қабілеті орта оқушылар: суретте қандай бөліктер бар екенін түсіндіреді

Қабілеті төмен оқушылар: суретте берілген терминдердің қайда орналасқанын көрсетеді және дәптерге жазады



Бағалау критерийлері



Көлденең-жолақты бұлшыет ұлпасының ультрақұрылымын суретте белгілейді




Миофибрилла, саркомер, саркоплазманың қызметін біледі.




Z сызық, I-аймақ, H- аймақ және A- аймақты ажыратады.




Көлденең (T) канал, миозин, актин, F-актин, G-актин бейнелерін ажыратады.







Видеоролик көрсетіледі:

Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу https://www.youtube.com/watch?v=FTYwZpdmXUc

О қушының әр дұрыс жауабына «Автобусқа жолдама» беріледі

https://learningapps.org/40024



Сабақтың соңы

Қорытынды. «Журналист» әдісі арқылы қорытынды жасау. Сабақ қаншалықты түсінікті болғанын білу үшін бір оқушы микрафонмен барлық оқушыдан сұхбат алады. Ол жерде оқу мақсатына байланысты сұрақтар болады

  • Қаңқа бұлшықетінің қызметтік бірлігі қандай?

  • Бұлшықет талшықтарының жиырылу аппараттарын не құрайды?

  • Миофибриллада қандай бөліктер бөлінеді


Кері байланыс

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



.

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы қалай

түрлендіресіз?


Оқушылардың барлығы: Көлденең -жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын суретте белгілей алады,зерттей алады;

Оқушылардың басым көпшілігі:Қаңқа бұлшықетінің микрофотографиялары арқылы оның ультрақұрылымының ерекшелігін түсіндіре алады;

Оқушылардың кейбірі: Қаңқа бұлшықеті ультрақұрылымының негізгі аймақтарын сызбаларда белгілей алады.


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



  • Сабақ басындағы сұрақтарға жауап беру және топтық тапсырмалар бойынша жұмыстың орындалуы арқылы:

  • Суреттегі тапсырмаларды бөліктерді дұрыс белгілей алуын дескриптор арқылы бағалау;

  • Бұлшықеттің микрофотографияларындағы аймақтардың дұрыс ажырата алуы



Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру дененің қозғалысымен тікелей байланысты

Физика қаңқа бұлшықеттерінің денені қозғалысқа келтіруіне байланысты тікелей байланысты

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Қайталау арқылы еске түсіру

2. Қалыптастырушы бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. Тапсырмаларды топта талқылау

  2. Тест жұмыстары

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтағы оқушылардың тапсырманы орындауға толық қатысып отырғанына көңіл бөлу қажет