Файл: Математикалы сауаттылы іі нса 1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 138

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Математикалық сауаттылық

ІІ нұсқа
1. Аулада тауықтар мен қояндар жүр. Олардың бастарының саны 15, ал аяқтарының саны 44. Аулада неше қоян бар?

  1. 8

  2. 4

  3. 10

  4. 7

2. 8 кг 18%-дық ерітіндіге 12 кг 8%-дық сол ерітінді араластырылды. Алынған жаңа ерітіндінің концентрациясын табыңыз.

  1. 15%

  2. 18%

  3. 10%

  4. 12%

3. Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см, Жер бетіндегі арақашықтығы 175 км. Осы картаның масштабын табыңдар.

  1. 1: 2 000 000

  2. 1: 5 000 000

  3. 1: 2 500 000

  4. 1: 1 500 000

  5. 1: 3 000 000

4. Диаграммада адамның тұтынатын тағам құнарлылығының тәуліктік мөлшері процентпен көрсетілген. Адам бір тәулікте тұтынатын тағам құнарлылығы орта есеппен 1500 ккал болса, оның қаншасын таңғы аста тұтынады.



  1. 675 ккал

  2. 150 ккал

  3. 538 ккал

  4. 375 ккал

5. Шаруашылық қожалығындағы тракторлардың 65% пайызы Павлодар зауытынан шығарылған. Кездейсоқ алынған трактордың Павлодар зауытынан шықпау ықтималдығын табыңыз.

  1. 0,65

  2. 0,45

  3. 0,35

  4. 0,5

6. Заңдылықты анықтап, белгісіз санды табыңыз: 12; 13; 15; 19; *; 43

  1. 31

  2. 23

  3. 27

  4. 29

7. 10%-дық 200 г қант ерітіндісі мен 20%-дық 300 г қант ерітіндісі араластырылды. Пайда болған қоспаның концентрациясын табыңыз.

  1. 12%

  2. 16%

  3. 20%

  4. 84%

8. Бактерия әр секундта 2-ге бөлінеді. Егер 1 бактерияны пробиркаға салса, 5 секундтан кейін олардың саны қанша болады?

  1. 72

  2. 128

  3. 32

  4. 64

9. Жарастың сынақ тестілеуден бір пәннен алған ұпайлары:

15, 14, 13, 13, 11, 13, 15, 14 болса, осы сандық қатардың модасы мен арифметикалық ортасын табыңыз.

  1. 14; 13

  2. 11; 14,5

  3. 13; 13,5

  4. 13; 14,5

10. Сабақтан кейін үшінші сыныптың оқушылары мұражайға барды. Мұражай кіреберісінде мұғалім оқушыларды үш қатармен сапқа тұрғызды. Ералы, Ибрагим, Әли үшеуі әр сапқа қатар тұрды да өздері алдынан санағанда 8-ші, артынан санағанда 5-ші қатарда тұрғанын білді. Мұражайға қанша оқушы барғанын табыңыз.

  1. 36

  2. 33

  3. 24

  4. 35

11. Оқушы дүкеннен 20 дәптер және бір күнделік сатып алып, оған 125 теңге төледі. Егер бір дәптер мен бір күнделікті сатып алу үшін 30 теңге төлеу қажет болса, онда күнделік пен дәптердің әрқайсысының бағасы қандай?

  1. 10тг; 20 тг

  2. 20тг; 30 тг

  3. 25тг; 5 тг

  4. 10тг; 50 тг

12. Тапсырманы 7 жұмысшы 20 күнде орындайды. Осы тапсырманы 10 жұмысшы неше күнде орындайды?

  1. 14 күн

  2. 28 күн

  3. 16 күн

  4. 18 күн

13. Шахмат турниріне 10 ойыншы қатысты және шахматшылардың әрқайсысы өзгелермен бір-бір ойыннан ойнады. Турнирде барлығы неше партия ойналды?

  1. 45

  2. 55

  3. 35

  4. 50

14. Қарттың 7 ұлы бар, олардың әрқайсысының 7 ұлы бар, ал қарттың әрбір немересінің 3 қызы бар. Қарттың неше шөбере қызы бар?

  1. 343

  2. 147

  3. 70

  4. 98

15. Төмендегі бос торкөздерге көлденең де, тігінен де қосындысы 21 болатындай етіп 9 және 3 сандарын жазып шығу керек. Сонда жазылғандардан басқа 9 сандарының қосындысы қанша?

9













9




9




  1. 27

  2. 54

  3. 24

  4. 36

Дұрыс жауаптар кілті
1. D 6. C 11. С

2. D 7. B 12. А

3. А 8. C 13. А

4. D 9. С 14. В

5. C 10. А 15. А