Файл: 5блім. Компьютер жне ауіпсіздік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлімі:

5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік


Педагогтің аты-жөні:

Аманкелді Санжар

Күні:




Сыныбы:5 «а»

Қатысушылар саны: 12 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Шағын жобалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.4.2.2 құжаттарға арналған пароль орнату;

5.2.2.1 құжатты басып шығару үшін тиімді ұйымдастыру (бет параметрлерін орнату, алдын ала қарауды орындау);

5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

құжаттарға пароль орнату, жалпыға қолжетімді файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу және баспаға беруді орындайды.

Көпшілік оқушылар үшін:

құжаттарға пароль орнату, жалпыға қолжетімді файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу және баспаға беруді салыстырады.

Кейбір оқушылар үшін:

құжаттарға пароль орнату, жалпыға қолжетімді файлдарын орна-ластыру, редакциялау, жүктеу және баспаға беруді орындаудың маңыздылығын сипаттайды.

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресрустар

Сабақтың басы

3 мин

7 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Өткен сабақты пысықтау:

«Ыстық орындық» ойыны.

Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен сабаққа байланысты сұрақтар қояды. Оқушы жылдам жауап бермесе күйіп қалады.

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Жоба жұмысын орындаудың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Жобалық жұмыстарын дайындау қандай қадамдардан тұрады?

  • Жобаны рәсімдеуге қандай талаптар бар?

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.

Сабақтың ортасы

3 мин


Сәйкестендіру кестесімен жұмыс

Оқушылар кестедегі мәліметтерді сәйкестендіреді.


Тәжірибелік жоба

Белгілі бір нысан немесе программа жайлы ақпаратты жинауға бағытталған. Мысалы, компьютерде бірлескен жұмыстарды орындау туралы ақпаратты жинап, көпшілікке таныстыру.

Зерттеу жобасы

Информатикаға бағытталған кештер, топсеруендер, фотоколлаждар жасау сияқты жобаларды қамтиды. Мысалы «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында фотоколлаж жасау.

Ақпараттық жоба

Таңдалған тақырыптың өзектілігін анықтап, идея ұсыну және алынған нәти-желерді талқылау. Мысалы, «Сенімді парольді қалай құру керек?» жобасында түрлі парольдар жасау жолдарын зерттеу.

Шығарма-шылық жоба

Нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Мысалы, «Телефон анықтамалығын» жасау тәжірибелік жобасында нақты нәтиже телефон анықтамасын беретін программа жасау болып табылады.

Дескриптор:

  • жоба ұғымын анықтайды;

  • жоба түрлерін анықтайды;

  • жоба түрлерін салыстырады.




Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.




Топтық жұмыс

Зерттеу элементтері бар жобалық іс-әрекетті жоспарлау парағының сызбасын жасаңдар.

Оқушылар оқулықта танысқан жобалық іс-әрекетті жоспарлау парағының сызбасын оқулыққа қарамай жасайды.


Дескриптор:

Жоба жұмысын жоспарлау парағын жасайды.

«Мозайка» әдісі бойынша жұмыс.

Жобаны рәсімдеу үлгісіндегі мәліметтер парақшаларға бөлініп жазылады. Оқушылар үлгіні орнымен құрастырады.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин


Сөзжұмбақ дайындап келу.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша оқушылар екі жақсы анықтама, түсінбеген бір сұрақ айтады.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.