Файл: Дріні кззінше жтуын срайды жне ауызын тексереді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 2145

Скачиваний: 98

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, көзінің қарашығы кеңейтілген, клонико-тоникалық конвульсиялар. сіздің болжамды диагнозыңыз?

Гипогликемиялық кома +

Гипергликемиялық кома

Кетоацидотикалық кома

Конвульсиялық синдром

Ацетонемиялық кома

213 Бала 6 жаста, медициналық көмекке жүгінді. Жіті аурды, ангинадан кейін дене қызуы 39 дейін көтерілді, ісінулер пайда болды. Баланын жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, жалпы ісінулер. Қан анализі: лейкоцитоз,ЭТЖ -44 мм сағатына. Зәр анализі: ақуыз -3,8%, эритроциттер -10-15, лейкоциттер -6-8. Қандай ауру туралы айтылған?

Жедел гломерулонефрит +

Жедел пиелонефриті

Несеп-тас ауруы

Созылмалы гломерулонефрит

Созылмалы пиелонефрит

214 Сізге 1 жасар баланың анасы баласының тәбетінің нашарлығына, әлжуаздығына шағымдана келді. Қарап тексергенде: тері жамылғысы мен кілегейлі қабаттары айтарлықтай бозарған. Жүрек ұшы аймағында систолалық шу естіледі. Қанның жалпы анализінде: гемоглобин - 72 г/л; эритроциттер- 3,1х1012/л; түсті көрсеткіші 0,7. Сіздің баланың диагнозы туралы ең дәлірек тұжырымыңыз:

В-12 тапшылық анемиясы

Ақуыз тапшылық анемиясы

Гемолитикалық анемия

Теміртапшылық анемиясы +

Гипопластикалық анемия

215 6 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының 38,60 дейін көтерілуі, жұтынғанда тамағының ауыруы, әлсіздік. Аранын (тамағын) қарағанда: қызарған, ұлғайған бадамша бездерінде ақшыл жұқпа бар. Ішкі мүшелер тарапынан өзгеріссіз. Дифтериямен дифференциалды диагностикалық мақсатпен жүргізілетін қосымша зерттеу әдісін көрсетіңіз

Қанның жалпы анализі

Леффлер бацилласына -жағынды алу +

Несептің жалпы анализі

Қақырықты бактериологиялық зерттеу

Қақырықтың микроскопиясы

216 2 жасар балада түнде кенеттен үрмелі жөтел, дауысының қарлығуы және стридорозды тыныс пайда болды. Бұл белгілер қандай ауруға тән:

Жедел бронхитке

Бронх демікпесіне

Жедел стеноздаушы ларингитке; +

Жедел тонзиллитке

Жедел пневмонияға

217 Балалардың спазмофилиясында тырысуды басу үшін қолданылады:

Д дәрумені

кальций глюконаты

кетотифен

диазепам +

цефазолин

218 Қызылша кезінде бөртпелер бірінші қай жерде орналасады:

бетте +

денесінде

қолдарында

аяқтарында

арқасында

219 Қызамық кезінде қай лимфа түйіндері ұлғаяды?

жақасты лимфа түйіндері

қолтықасты лимфа түйіндері

шат лимфа түйіндері

желке (шүйде) лимфа түйіндері +

шынтақ лимфа түйіндері

220 Медбике жаңа туылған нәрестені қандай жиілікте қарауы керек?


аптасына 1 рет +

аптасына 2 рет

айына 1 рет

айына 2 рет

2 айда 1 рет

221 Асфиксиямен жаңа туылған нәрестеге жедел көмек көрсету барысында медбикенің алғашқы әрекетін көрсетіңіз:

оксигенотерапия жүргізуден

өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізуден

жоғарғы тыныс алу жолдарын шырыштан тазартудан +

жүрекке тікелей емес массаж жүргізуден

баланы анасынан ажыратудан

222 Балада мелена болған кезде медбикенің дұрыс әрекеті қандай болмақ?

дәрігер шақырту, жөргегін сақтау +

гемостатикалық терапия жүргізу,дәрігер шақырту

шырыштан тазарту,дәрігер шақырту

асқазанын жуу,дәрігер шақырту

баланы емізу

223 Диареяны "Б" жоспары бойынша емдеуде медбикенің қай әрекеті дұрыс болады?

регидрон ерітіндісін 75мл\кг салмағына 4 сағат ішінде беру +

регидрон ерітіндісін 50мл\кг салмағына 4 сағат ішінде беру

регидрон ерітіндісін 75мл\кг салмағына 6сағат ішінде беру

регидрон ерітіндісін 70мл\кг салмағына 4 сағат ішінде беру

регидрон ерітіндісін 100мл\кг салмағына 4 сағат ішінде беру

224 Нәрестеде өмірінің 8 –ші күні табиғи қатпарларында қабыну белгісі жоқ мономорфты дақты бөртпелер шықты. Сіздің болжамыңыз:


Нәрестенің флегмонасы

Терінің тілмесі

Тершеңдік (потница) +

Стрептодермия

Везикулопустулез

225 Аймақтық медбике 4 айлық баланың үйіне вакцинацияға шақырту мақсатында келді. Баланың ауырғанына екі күн болғаны белгілі болды. Тәулігіне үш реттен көп сұйық нәжіс мазалайды. Тексеру кезінде қауіптің жалпы белгілері анықталған жоқ. Бала мазасыз, көзі шүңіреймеген, тері қатпарлары тез жазылады. Егер сіз диареяны үйде емдеудің А жоспарын таңдасаңыз, бала қанша сұйықтық мөлшерін ішу керек?

әр дәреттен кейін 50-100 мл +

әр дәреттен кейін 100-200 мл

әр дәреттен кейін 20-30 мл

әр дәреттен кейін 10-20 мл

әр дәреттен кейін 30-40 мл

226 Бөлімшеге менингококкты менингитке күдіктенген науқас түсуде. Төменде көрсетілгендердің қайсысын бірінші кезекте жасау керек?

өміргі қажетті қызметтердің көрсеткіштерін анықтау

неврологиялық статусын анықтау

тырысудан қорғау шараларын жасау (кереуетке байлау)

ауалы қорғау шараларын жасау (оқшаулау, бетперделік тәртіп) +

тамырішілік енгізуге катетерлерді дайындау

227 Баланың моторлы қызметтерін бағалауда қай жағдайға назар аудару керек?

2 айлық бала аунамайды

9 айлық бала сүйеніп тұра алмайды +

4 айлық бала тіреусіз отыра алмайды

6 айлық бала еңбектей алмайды

2 айлық бала басын көтереді

228 Бірінші патронаж жүргізу барысында медбике анасында мазасыздықтың жоғары дәрежесі, қорқыныш, сенімсіздікті байқады. Анасы баланы толық қарай алмайтынын айтты. Уақытының көп бөлігінде шаршағыштық сезеді. Айтып жатқан кезде анасы жылады, аналықтың негізгі элементтерін бере алмағанын айтты. Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

педиатрға айту +

психологтың кеңесіне жіберу

емізу бойынша кеңес беру

балаға қарау бойынша кеңес беру

госпитализациялау

229 30 жасар науқаста созылмалы бронхиттің өршу кезеңі, 2 жасар сәбиі бар, ауруханаға жатудан бас тартты, бірақ дәрі-дәрмектерді парентеральді енгізу қажет. Сіз қандай ұсыныс бере аласыз?:

диспансерде емдеуге

күндізгі стационарда емдеуге +

жедел жәрдем бөлімінде емдеуге

емханада емдеуге

шипажайда емдеуге

230 Жиі тыныс алудың шектік маңызын анықтау үшін ерте жастағы балалар жасы 3 кезеңге бөлінеді: 2 айға дейінгі нәрестелер, 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестелер, 12 айдан 5 жасқа дейінгі балалар. 2 айға дейінгі балаларда жиілеген тыныстың шектік маңызын көрсетіңіз:


1 минутта 60 немесе одан көп +

1 минутта 50 немесе одан көп

1 минутта 40 немесе одан көп

1 минутта 30 немесе одан көп

1 минутта 20 немесе одан көп

231 Жиі тыныс алудың шектік маңызын анықтау үшін ерте жастағы балалар жасы 3 кезеңге бөлінеді: 2 айға дейінгі нәрестелер, 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестелер, 12 айдан 5 жасқа дейінгі балалар. 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестелер жасында жиілеген тыныстың шектік маңызын көрсетіңіз:

1 минутта 60 немесе одан көп

1 минутта 50 немесе одан көп +

1 минутта 40 немесе одан көп

1 минутта 30 немесе одан көп

1 минутта 20 немесе одан көп

232 Нәрестеге 20 күн. Анасының айтуы бойынша, балада таңертең емізгеннен кейін бір рет құсу болған. 1 сағаттан кейін құсу қайталанды және анасы жедел жәрдем шақырды. Бір рет тырысу болған. Дене температурасы қалыпты. Баланың есі анық. Анамнезінен: бала бірініші жүктіліктен, бірінші босанудан. 38апта мерзімінде туылды. Жүктілік тыныш өткен, гестоздар болмаған. Инфекциялық аурулармен байланыс болмаған. 20 күн ішінде ауырмаған. Сіздің әрекетіңізді көрсетіңіз:

бақылауды ұсыну және қайтадан шақырту

антибиотик тағайындау

емшекпен емізу бойынша кеңес беру

күтім бойынша ұсыныс жасау

шұғыл госпитализациялау +

233 Ауыр сусызданумен болатын диареяда, егер бала су іше алмаса, сұйықтықты тамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр сусызданумен болатын диареяда қандай ерітінді тамырішілік енгізіледі?

глюкоза 5%

глюкоза 40%

Регидрон ерітіндісі

реополиглюкин

Рингер лактат +

234 Оксигенотерапияның мақсаты ағзаны оттегімен қанықтыру болып табылады. Пульсоксиметрия деген не?

артериялық қысымды өлшеу

қанның оттегімен қанығуын өлшеу +

бойы мен дене салмағын өлшеу

кеуде айналымын өлшеу

бас айналымын өлшеу

235 Пульсоксиметр-қанның оттегімен қанығу деңгейін өлшейтін құрал. Перифериялық қанда оттегінің қай мөлшері қалыпты болып саналады?

80-90%

85-90%

95-100% +

90-94%

85-90%

236 Бала заттарды қысқыш тәрізді ұстайды, кейін шымшып алады,ойыншықты бір қолынан екінші қолына салады, геометриялық мүсіндерді бояиды. Баланың қай дамуы жайлы ойлауға болады?

коммуникативті

эмоциялық

когнитивті +

адаптивті

физикалық

237 Бала былдыры, өз есіміне қарау, дауысты дыбыстар, бөлек сөздерді түсіну. Баланың қай дамуы жайлы ойлауға болады?

коммуникативті

эмоциялық

нервті-психикалық +

адаптивті

физикалық

238 Балаға 2 ай. Барлық екпелерін ҚР Мемлекеттік күнтізбеге сай алған. Бір айдан соң 3 айлығында екпе салуға шақырылған. 3 айлық бала қандай екпелерді алу керек?


АбКДС ,ИПВ

АбКДС, ВГВ, ИПВ

АбКДС, ИПВ +

БЦЖ, ВГВ

ККП, ОПВ

239 Бала 7 айлық. Қосымша тамақтанудың 2 түрін алуда. Медбике анасына құрамында гемдік темір бар тағамдар ұсынды. Қай өнімдердің құрамында гемдік темір бар?

бұршақ тұқымдастар

ет +

жұмыртқа

сүт

жемістер

240 Аймақтық медбике 4 айлық баланы екпеге шақыру мақсатында үйіне келді. 4 айлық бала қандай екпелерді алуы керек?

БЦЖ, ВГВ

АбКДС, ИПВ, ВГВ +

ККП,ИПВ

БЦЖ, ККП, ВГВ

АбКДС, ИПВ,ХиБ

241 2 жастағы балада 10 күн бойы сол құлағынан іріңді бөлінді бөлінуде. Ортаңғы құлақтың қабынуы қалай аталады?

мастоидит

евстахиит

отит +

фронтит

фарингит

242 Нәрестеге 10 күн. Мерзімінде туылған, асқынусыз. Туылған кездегі салмағы 3200 г. Кезекті патронажда медбике склерасы мен терісінің сарыға боялғанын байқады. Нәрестеде осы жағдай қалай аталады?

физиологиялық эритема

гемолитикалық сарғаю

механикалық сарғаю

физиологиялық сарғаю +

гормональды криз

243 Бірінші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинациясының алдында Манту сынамасын жүргізу барысында 2 оқушының нәтижелері оң мәнді болды. Манту сынамасының қай нәтижесі оң мәнді болып саналады?

папула 5 мм жоғары +

папула 2-4 мм

папула 0-2 мм

папула 17 мм және жоғары

инъекция орнында гиперемия

244 Баланың дене салмағымен қатар бойының да нормадан төмен болуы:

дистрофия

гипотрофия

паратрофия

гипостатура +

авитаминоз

245 Қыз бала 13 жаста. Созылмалы тонзиллитпен ауырады. Тонзиллиттен кейін, 2 апта өткесін, аяқ-қолдың дірілдеуі, жүріс-тұрысы бұзылған, тез ашуланшақ, эмоциялық беріксіздік пайда болған. Тексеру кезінде қозғалыс координациясының бұзылуы мен бұлшық ет гипотониясы анықталды. Болжам диагнозыңыз?

кіші хорея +

энцефалит

неврастения

мишық ісігі

шектен тыс қимыл неврозы

246 11 жастағы қыз бала 1,5 ай бойы ауырған. Бетінде «көбелек» тәрізді бөртпе шыққан, қайталамалы полиартрит көріністері, деформация қалдырмаған. Ауыз қуысында ұсақ жаралар байқалады. Жүрек аускультациясында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. НЬ-73 г/л, Эр-2,8х10*12/л, ЭТЖ- 61 мм/сағ. Протеинурия-0,33-0,66 г/л. Бұл көріністер мына ауруға тән

жүйелі қызыл жегі +

ревматоидты артрит

түйінді периартрит

ревматизм

дерматомиозит

247 Жоғары тыныс алу жолының вирусты инфекциясымен ауырған үш жастағы баланың 4-ші күні түнде жағдайы нашарлап кетті, дауысы ақырын шығып, жөтелі қатайып, дем алуы қиындап, шу пайда болды, қабырға аралық аймақтары ішке тартылып жатқаны байқалды. Диагнозы – жедел ларинготрахеит (жалған круп). Шұғыл көмек көрсету кезіндегі мейірбикенің қатесін анықтаңыз: