ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 2140
Скачиваний: 98
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қыжыл
жүрек айну +
кекіру
құсу
лоқсу
88 Науқас К., 42 жаста, мейіргерге қиын және жиі, ауырсынумен зәр шығаруға, дене температурасының жоғарлауына, жалпы әлсіздікке, бас ауруына, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады. Зәр шығарудың қай бұзылысы жайлы ойласыз?
странгурия
дизурия +
ишурия
поллакиурия
полиурия
89 Науқас М., 52 жаста, ентігуге, тез шаршағыштыққа, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Қарау кезінде жағдайы орташа қанағаттанарлық, терісі қалыпты түсті, тамақтануы жоғары. Ішкі мүшелерінде патология анықталған жоқ. Салмағы-92кг, бойы-168 см. Осы науқастың дене салмағы индексін анықтыңыз:
28,9
32,8 +
35,8
36,9
38,8
90 Науқас М., 63 жаста, соңғы айда ішінің ұлғайғанына, аяқтарында ісінудің және ентігудің пайда болуына шағымданады. Осы науқастың іш аймағын тексеруді шештіңіз. Іштегі патологиялық сұйықтықты анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын таңдайсыз?
іштің беткей пальпациясы
іштің терең пальпациясы
іштің перкуссиясы +
ішті қарау
іштің аускультациясы
91 Миокард инфарктын диагностикалау үшін негізгі анализді таңдаңыз:
қандағы КФК, АСТ, тропониндер +
тимол, сулема сынамасы
қандағы креатинин, несепнәр
қандағы қант, холестерин
қандағы билирубин, ақуыз
92 Анемия кезінде қанда қандай өзгерістер болады?
лейкоциттер санының көбеюі
ЭТЖ жылдамдауы
гемоглобин деңгейінің төмендеуі +
бластты жасушалардың пайда болуы
тромбоциттер санының азаюы
93 Эритроциттер мен гемоглобин ағзада қандай негізгі қызметті атқарады?
қалыпты гемостазды қалыптастырады
қан кетуді тоқтатады және алдын алады
микроциркуляцияны жақсартады
ағзаның қорғаныс қызметін қалыптастырады
тіндерге оттегі тасымалдайды +
94 Қан айналым жеткіліксіздігенің келесі түрінде асцит болады:
сол қарыншалық
оң қарыншалық +
тамырлы
коронарлық
сол жүрекшелік
95 Қалыпты жағдайда жүрек ұшы соққысы V қабырға аралықта орналасады. Ол келесі сызықтан 1-1,5 см. ішке ығысқан:
оң орта бұғана
сол төс маңындағы
сол орта бұғана +
сол алдынғы қолтық асты
сол орта қолтық асты
96 Зимницкий сынамасы бойынша зәр жиналады:
тек күндізгі уақытта 3 сағат сайын
тәулік бойы әр 3 сағат сайын +
тәулік бойы әр сағат сайын
тек түнгі уақытта
кез-келген уақытта
97 Ауырсынуды басу мақсатында науқас мәжбүрлі қалыпта жататын ауруды көрсетіңіз:
құрғақ плеврит +
жедел бронхит
пневмония
туберкулез
созылмалы бронхит
98 Ақпарат жинау барысында медбикеге науқас мазасыздық, бас ауру, ұйқының бұзылуына, жүрек айну, құсуға шағымданады. Берілген симптоматика қай жүйенің патологиясына тән?
сүйек-бұлшықет жүйесі
ас қорыту жүйесі
жүйке жүйесі +
қан жасау жүйесі
тыныс алу жүйесі
99 Пневмониямен ауыратын науқастың туыстары жөтелдің күшеюіне, мол көлемді, жағымсыз иісті қан аралас іріңді қақырықтың бөлінуіне байланысты "Жедел жәрдем" шақырды. Өкпе аускультациясында амфорлы тыныс, ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар. Науқаста дамыған синдромды көрсетіңіз:
өкпе тінінің тығыздануы
ателектаз
бронх обструкциялық
өкпедегі қуыс +
өкпе тінінің жоғары ауалылығы
100 Медбике науқаста дауыс дірілінің күшеюін анықтады. Осы өзгерістің мүмкін болатын себебі:
бронхит
эмфизема
экссудативті плеврит
пневмония +
пневмоторакс
101 Артқы қолтық асты сызығы бойында өкпенің төменгі шегі анықталады :
7 қабырғааралық
8 қабырғааралық
9 қабырғааралық +
10 қабырғааралық
11 қабырғааралық
102 АИТВ инфекциясымен ауратын пациенттер конфиденциалды түрде медициналық тексеріске міңдетті
Донор +
12 жастан кіші балалар
репродуктивті жастағы әйел адамдар
21 жастан асқан ер адамдар
мектептегі жоғарғы сыныптағы оқушылар
103 ЖИТС-тің жұгуы (АИТВ вирусын қабылдап алу) болу мүмкін:
қол алысқанда
тұрмыстық заттарды ортақ қолданғанда
ауалы-тамшылы жолмен
құшақтасқанда
қан құю +
104 Аурухананың қабылдау бөлімінде науқастың басынан бит табылған. Бастың шаш бөлігін өңдеу үшін сіз қолдануға болатын ерітіндіні таңдаңыз:
Фурациллин
Сабынды ерітінді
Натрий гидрокарбонаты
Медифокс +
ДП-2Т
105 БЦЖ ревакцинациясы алдында балаға Манту сынағы жүргізілген. Нәтижесін қашан бағалайды:
2 сағаттан кейін
12 сағаттан кейін
24 сағаттан кейін
48 сағаттан кейін
72 сағаттан кейін +
106 Алғашқы медико санитарлық көмек деңгейінде ауру қаупі жоғары тұрғындар арасындағы туберкулезді ерте анықтау әдісін атаңыз:
Қақырықты бактериологиялық зерттеу
Флюорография +
Қақырықтың бактериоскопиясы
Компьютерлі томография
Диаскинтест
107 АИТВ - инфекциясына күдік тудыратын симптомдарды белгілеңіз:
Лимфоаденопатия, 1 айдан артық субфебрильді дене қызуы.
Лимфоаденопатия, 3 айдан артық қайталанбалы қызба. +
Ұзақ жөтел, әлсіздік, бұрыс типті қызба
Әлжуаздық, бас ауыру, субфебрильді температура
Тері қышымасы, дақты- папулалы бөртпе, жоғары қызба
108 Жөтелі ұзаққа созылған науқасқа туберкулез микобактериясын анықтауға микроскопиялық зерттеуге қақырық алу тағайындалған. Зерттеуге қақырық алудың ретін белгілеңіз.
2 тәулік ішінде 2 қақырық үлгісін тәуліктің кез келген мезгілінде +
Таңертеңгі мезгілде 2 тәулік ішінде 3 қақырық үлгісін
Кез келген уақытта тәулік бойы 2 қақырық үлгісін
Тәуліктің екінші жартысында 3тәулікте 3 қақырық үлгісін
1 апта ішінде 3қақырық үлгісін
109 Сіз ОСБ стерильденген таңғыш материалдар бар биксті алдыңыз. Фильтрсіз жабық бикстің стерильдігінің сақталу мерзімін көрсетіңіз.
21 тәулік;
3 тәулік; +
1 тәулік;
20 тәулік;
7 тәулік.
110 Инфекциялық ауру анықталған немесе оған күдік туған жағдайда жүргізілетін дезинфекция түрін көрсетіңіз:
Ошақты +
Уақытша
Ауқымды
Профилактикалық
Аралас
111 Бір рет қолданылатын медициналық бұйымдарды утилизациялау тәртібі:
Бөлшектелгеннен кейін
Ағынды суға шайылғаннан кейін
Дезинфекцияланғаннан кейін
Бөлшектелмей және дезинфекцияламай +
Жуғыш ерітіндіге шайылғаннан кейін
112 Хирургиялық бейіндегі бөлімшелердегі, ана мен баланы қорғау ұйымдарындағы сыртқы ортаның эпидемиологиялық маңызы бар объектілерінен алынған жұғындылардың әдісімен жоспарлы өзін-өзі бақылаудың жиілігі
3 айда 1 рет
айына 1 рет +
аптасына 1 рет
6 айда 1 рет
айына 2 рет
113 Сіз хирургия бөлімшесінде мейірбике болып жұмыс істейсіз. Сіз ВГВ және ВГС маркерлеріне тексеруден қаншалықты жиі өтуге міндеттісіз.
Әр 3 сайын
Әр 6 ай сайын +
Әр 8 ай сайын
Әр 10 ай сайын
Әр 12 ай сайын
114 ЕПҰ дезинфекцияның қай тәсілі кеңінен қолданылады?
биологиялық
химиялық +
термиялық
механикалық
физикалық
115 Науқасқа ішке қабылдауға антибиотиктер тағайындалған. Медбике антибиотиктің концентрациясын бірқалыпты ұстау үшін не жасау қажет?
дәріні тамаққа дейін қабылдау
науқастың қолына жеткілікті мөлшерде дәріні беру
препаратты жоғары дозада тағайындау
препаратты қабылдауда дұрыс уақыт ара-қашықтығын сақтау +
енгізу жолын дұрыс қадағалау
116 4 жасар балаға "Жедел ішек инфекциясы, энтероколит синдромы" диагнозы қойылды. Қандай емдік диетаны тағайындау керек:
Диета № 1
Диета №2
Диета №3
Диета №4 +
Диета №5
117 5-жасар балада дене қызуының 40оС-қа көтерлуі, көп реттік құсу, басының ауырсынуы, аурудың басталуынан 10 сағаттан кейін денесінде, басымырақ жамбас, сан, балтыр аймақтарында жұлдызшалы, геморрагиялық бөртпе пайда болды. Ықтимал диагноз:
менингококкты инфекция +
стрептококкты инфекция
геморрагиялық васкулит
тромбоцитопениялық пурпура
иерсиниозды инфекция
118 25-жастағы ер кісіде базардан сатып алынған консервіленген балықты жегеннен кейін 16 сағаттан соң жүрек айну, құсу, әлсіздік, селсоқтық, көзіне екі еселеніп көріну пайда болды.Объективті: бұлшық ет тонусы төмен, анизокория, сіңірлік рефлексі мен жұту әлсіз. Сіздің болжам диагнозыңыз?
Тағамдық токсикоинфекция.
Жедел энцефалит.
Ботулизм. +
Сальмонеллёз.
Жедел менингит.
119 Жамбастың сыртқы өлшемін анықтау үшін акушер әйел адамнан бір қырына жатуын өтінді, үстінгі аяғын созып, ал астынғы аяғын тізе буынынан бүгіп жатуын өтінді. Акушер жамбастың кандай өлшемін анықтайды?
Conjugata externa +
Conjugata lateralis
Conjugata vera
Distancia spinarum
Distancia cristarum
120 Акушер партограммада "10 минут ішіндегі толғақ санында" 5 торды бояды. Босану қандай жиілігімен және толғақ түрімен өтуде?
аз күшпен 5 толғақ
орта күшпен 5 толғақ
жақсы күшпен 5 толғақ +
жақсы күшпен 2 толғақ
ретсіз толғақ
121 39-40 аптада босанудың 1 кезенінде болашақ ана перзентханаға түсті. 5 сағаттан кейін сау қыз баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін ішке пальпация жасады. Құрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткенде акушер қан кетудін алдын алу шараларына кірісті. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданды?
2,0 папаверин, б/е
1,0 метилэргометрин, б/е
1,0 дицинон, б/е
2,0 окситоцин, б/е +
2,0 анальгин т/і
122 6 сағат толғақ басталғаннан кейін 39 жастағы қайта босанатын әйел адам перзентханаға түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Ұрық бойымен орналасқан, басымен шығуда, жүрек соққысы анық, ырғақты. PV: құрсақ мойыны тегіс, жатыр безінің ашылуы 10 см. Ұрық қабы тұтас. Басымен шығуда. Босанудың қандай кезені?
дайындалу кезені
латентті фаза, босанудың І кезені
белсенді фаза, босанудың І кезені
босанудың ІІ кезені +
босанудың ІІІ кезені
123 53 см ұзындығы, салмағы 3500, тірі, сау ұл баланы 28 жастағы босанушы дүниеге алып келді. Сәби туылғанда: жүрек соғысының жиілігі минутына 120, терісі қызғылт, дем алуы ырғақты минутына - 16, гипертонус. Жана туған сәбиге Апгар шкаласы бойынша қанша балл беруге болады?
2-3 балл
4-5 балл
5-7 балл
8-9 балл
9-10 балл +
124 35 жастағы бірінші босанушы әйелге акушерді шақыртты. Жүктілік 35 апта. Күні бойы бас ауруы мазалады, сонғы сағаттарда күшейді, лоқсу пайда болды. Объективті қарау барысында: беттің, қолдың, аяқтың ісінуі анықталды, ҚҚ 170/110 мм. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140. Магнезиальды терапия қолданып акушер ауыр преэклампсия диагнозын қойып шұғыл көмек көрсете бастады. Сульфат магнезиясының старттық дозасын көрсетіңіз?
10-15 минут бойы 20 мл 25 % MgSO4 к/т баяу еңгізу +
10-15 минут бойы 5 мл 25 % MgSO4 к/т баяу еңгізу
10-15 минут бойы 10 мл 25 % MgSO4 к/т баяу еңгізу