Файл: Туелсіз озуы траты ток генераторыны E0f(If) бос жріс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 67

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 4.1 Лабораториялық жұмыс Тәуелсіз қозуы тұрақты ток генераторының E0=f(If) бос жүріс сипаттамасын алу Жұмыстын мақсаты: Тұрақты тоқ генераторыдың бос жұмысын режимдерін зерттеуАппаратуралар тізімі

Э лектр сұлбасыТәуелсіз қозу тұрақты ток генераторының бос жүріс сипаттамасын алуға арналған сұлбасы Тәуелсіз қозу тұрақты ток генераторының қысқа тұйықталу сипаттамасын алуға арналған сұлбасы Тәуелсіз қозу тұрақты ток генераторының сыртқы реттеулік және жүктемелік сипаттамаларын алуға арналған сұлбасыБақылау сұрақтары1.Тұрақты тоқ генераторы якорінің орамасындағы қандай ЭҚК және қандай заң негізінде индукцияланады?2.Тұрақты тоқ генераторлары сыртқа шыққан ұштарында соғатын ЭҚК неге болады және оның соғу деңгейі неге байланысты?3.Тұрақты тоқ генераторының ЭҚК-інің мөлшері неге байланысты?4.Тұрақты тоқ генераторының ЭҚК-інің теңдеуіне кіретін пропорционалдық коэффициентінің шамасын, қандай құрылыстық өлшемдер анықтайды?5.Тұрақты тоқ генераторы якорь қысқыштарындағы кернеу ЭҚК-тен неге аз және қандай мөлшерде?6.Тұрақты тоқ генераторларындағы шамасы өзгермейтін кернеуді өзгермелі жүктеме кезінде қалай ұстап тұруға болады?7.Тәуелсіз қоздыру жүйелі генератордың сыртқы сипаттамаларының кернеуінің өзгеру сипаты, параллель қоздырғышты қарағанда неге қатқылдау болады?4.4. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарТеориялық мағлұматтарЭлектр қозғалтқыштарының қоздырғыштары, жалпы алғанда, сол генераторлардың қоздырғыш жүйесі сияқты. Қозғалтқыштардың ең көп тарағандары да параллель, тізбектей және аралас қоздырғыштары барлар. Қозғалтқыштардың барлық түрлерінің де жұмыс тәртібін талдағанда, электрлік тепе- теңдік теңдеулеріне жылдамдық және механикалық сипаттамаларына сүйенеді.Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының электрлік тепе- теңдік теңдеулері. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының тұрақталған жұмыс кездегі электрлік процестері, оның электрлік тепе- теңдік теңдеуімен сипатталады. Якорь орамасына берілген кернеу тұтынатын электр энергиясына пропорционал, механикалық энергияға айналған пропорционал ЭҚК- тен, якорь тізбегіндегі гистерезис құбылысын, құйынды тоқтарды, щеткі түйіспелері мен механикалық үйкелістерді ескере отырып, кедергілердің әсерінен энергияның шығынына пропорционал шамада артық болуы тиіс. Оны математика тілінде былай жазуға болады: U=Eÿ-IÿRÿТұрақты тоқ қозғалтқы қуатының энергетикалық теңдігі. Қоздырғыштың желіден тұтынған электр энергиясын, якорь білігін айналдыратын механикалық энергияға айналдыру процессі электрлік, магниттік және механикалық шығындармен байланысты. Қозғалтқыштың білігіндегі механикалық қуат Ð2желіден тұтынған электр энергиясынан қозғалтқыштардың өзінде болатын барлық шығындардың шамасындай аз:Ð2=Ð1-Ð мұндағы Ð1-қозғалтқыштың желіден тұтынған электр қуаты:Ð1=UI Ð -электрлік, магниттік, механикалық және қосымша шығындар қосындысы. Ол шығындар мыналардан тұрады:- якорь орамасындағы электр шығыны(Ðÿ);-қоздыру орамаларындағы электр шығындары(Ðâ);-щеткі мен түйіспелі құрылғыларындағы электр шығыны(Ðù);-магнит өткізгіш болаттарындағы электр шығыны(Ðñ);- желдеткіштегі айгөлектің және щеткінің коллектор бетіне үйкелуінен болатын механикалық шығындар(Ðìåõ);-магнит өрісінің тістерінде соғуынан шашырау тасқындарынан және басқа да себептерден болатын қосымша шығындар(кîñ)Ð = Ðÿ+к+Ðù+Ðñ+Ðìåõ+кîñÐÿ=Iÿ2 Rÿ; к=Iÿ2 Rсқо+ Iº2 Røîâ; Ðù=Uù Iÿ = 2(0,3…1,1) Iÿ; Ðñ=P(1/150) (ƒ/50)βÂ2 G мұнда P– болаттың, В- 1Тл және ƒ=50Гц (анықтамалық мағлұмат) болған кездегі салыстырма шығындары; ƒ- магнит өткізгіштің есептелген бөлігінде болаттың қайта магниттену жиілігі Гц; β=(1,2…1,5)-электрлік болаттың сортына байланысты коэффициент; В- машинаның сәйкес бөлшегінің есепті индукциясы, Тл; G - қарастырылып отырған бөліктің массасы, кг. Механикалық және қосалқы шығындарды анықтау өте қиын, сондықтан оларды қосымша шығындармен біріктіріп мынадай өрнекпен (есептелген) анықтауға болады:кîñ= (0,012..0,008) Ð1Пайдалы әсер коэффициенті мына өрнекпен есептеледі:η=Ð2/Ð1=(1- ΣÐ) / Ð1Қоздыру жүйесі әртүрлі тұрақты тоқ қозғалтқыштарының жылдамдық, механикалық және жұмысшы сипаттамалары. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының қасиеттері жұмысқа қосу, тежеу, жылдамдық (реттеуші) механикалық және жұмысшы сипаттамаларын қоса қарастырғанда анықталады. Алғашқы тқрт сипаттамасы “Электр жетегі” пәнінің құзырына жатады және мұнда қаралмайды немесе қысқарған нұсқада қаралады. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының сипаттамалары жағдайда қоздыру жүйесіне байланысты, оларды талдау кезінде соларға баса көңіл аударылады. Тәуелсіз қоздырғышы бар қозғалтқыштардың қолданылуы шектеулі болғандықтан олардың сипаттамалары мұнда қаралмайды. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының жылдамдық (реттеуші) реттеуші сипаттамасы бұл кернеу Uмен қоздыру тоғы Iâтұрақты болғанда, якорь бөлігінің айналымы мен якорь тоғына Iÿбайланыстылығы (тәуелділігі) немесе:n=ƒ(I) егер U = Const және Iâ = Const болса жылдамдық сипаттамасы мына өрнекпен есептеледі:n = (U –Iÿ ŁRÿ ) / (Cå /Ô)Бұл қозғалтқыштың электрлік тепе- теңдік (4.21) және якорь ЭҚК-тің теңдеулерін бірге шешуінен алынған.Параллель қоздырғышты тұрақты тоқ қозғалтқыштарының жылдамдық сипаттамасы (4.31) –өрнекті талдау, қозғалтқыш білігінің айнымалы якорь кернеуінің қысқыштарындағы кернеуге Uтура пропорционал және якорь орамасындағы тоқIÿпен қоздыру орамасындағы тоққа Iâ(магнит ағынының Ф) кері пропорционал екенін көрсетеді. Қозғалтқыштағы жүктеме артқан сайын якорь реакциясы әсерінен бір мезгілде қоздыру орамасындағы магнит ағыны Ф азаяды да якорьдағы тоқ Iÿөседі. Дегенмен тоқтың Iÿөсуі магнит ағынының азаюына қарағанда айтарлықтай болады және сондықтан да жүктеме артқанда айналу жылдамдығы төмендегенмен айтарлықтай болмайды. Қоздыру орамасы магнит ағынының азаймауын қозғалтқыш білігінің айналу жылдамдығы демеп отырады. Қозғалтқыштың айналу жылдамдығының жүктелуіне тәуелділігінің әлсіздігі параллель қоздырғышты тұрақты тоқ қозғалтқышына тән ерекше қасиеттерінің біріне жатады. Жылдамдық сипаттамасының мұндай түрін “қатаң” сипаттама дейді (4.23-сурет 1–қисық). Параллель қоздырғыштары бар қозғалтқыштардың қоздыру тоқтары көмегімен магнит ағынын (4.31) өзгерту арқылы айналу жылдамдығын біртіндеп және ұтымды реттеуге мүмкіндік беретін тамаша қасиеттері бар. Қоздыру тоғы азайғанда қозғалтқыштың айналу жылдамдығы артады, ал қоздыру тоғы артқанда қозғалтқыштың жылдамдығы азаяды. Бұл электр қозғалтқыштарының айналу жылдамдығын реттеудің ең тиімді тәсілі өйткені қоздыру тоғының аздығынан, қоздыру орамасындағы қуаттың шығыны, электр қозғалтқыштың қалыпты қуаттылығының пайыздық үлесін ғана құрайды. Қоздыру жүйелері әртүрлі тұрақты ток қозғалтқыштарының жылдамдық (1,2,3,4) және моменттік (11,21,31,41) сипаттамалары: 1 мен 11 – қатарласа қоздыру жүйесі; 4 пен 41 – ретімен қоздырғыш жүйесі: 2 мен 3 және 21 мен 31 аралас қоздырғыш жүйесі.Тізбектей қоздырғышты тұрақты тоқ қозғалтқышының жылдамдық сипаттамасы “жұмсаққа” жатады, демек, айналу жылдамдығының жүктемеленуге тәуелділігі айқын көрінеді. Жүктеменің болымсыз өзгеруі, айналым жылдамдығын айтарлықтай өзгертеді. Мұндай сипаттамалар гиперболалық сипатта болады, бұл тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштардың ерекше қасиеттері саналады (4–қисық). Сериесті қозғалтқыштардың сериестік сипаттамаларының теңдеуі, параллель қоздырғышты қозғалтқыштардікі сияқты. Тізбектей қоздырғышты қозғалтқыштардың қоздыру тоғы, якорь тоғына тең және сонымен бірге өзгеретін болғандықтан, мұндай қозғалтқыштардың магнит ағындары жүктемеленуден айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады, ол оның жылдамдық сипаттамасының ерекшелік көрінісі. Шағын және орташа жүктемелену кезінде магнит тізбегі қаныққан кезде, магнит ағының өзгеруі,тоқтың өзгеруіне пропорционал және қозғалтқыштың айналу жылдамдығы жүктемеленуге күшті тәуелді болады. Жүктеменің артуынан, қозғалтқыштың магнит тізбегінің қанығуы артады, магнит ағынының Ф өсу қарқыны төмендейді, оның жылдамдығы аз жүктелу аралығына қарағанда аз дәрежеде өзгере бастайды. Жылдамдық сипаттамасы “қаталдау” бола бастайды. Тізбектей қоздырғышты қозғалтқыштың кемшілігі, жүктеме аз болса, тоқ соған сәйкес тиісінше магнит ағыны айтарлықтай азаяды және теңдеуге сай айналу жылдамдығы қатты көбейеді. Қозғалтқыш “басқарудан шығып кетеді” де оның айналуы көптеген есе артады, ол қозғалтқыштың айналу бөліктерінің механикалық күйреуіне әкелуі ықтимал (4–қисық). Сондықтан, сериесті қозғалтқыштарды “бос жүріске” және жүктемесі аз кезінде қосуға болмайды. Аралас қоздырғышы бар қозғалтқыштың жылдамдық сипаттамасы. Аралас қоздырғышты қозғалтқыштың жылдамдық сипаттамасының теңдеуі, параллель қоздырғышы қозғалтқыштікі сияқты, айырмасы бір магнит ағынының орнына бірімен бірі үйлесімді немесе біріне бірі қарсы әрекеттесетін екі магнит ағындары болады: мұндағы Ôøîâжәне Ôñîâ–сәйкес, шунттық және сериесті қоздыру орамаларының “+” үйлесім, ал “-” қарама қарсы қосылуы. Сериестік ораманың орам санын өзгерте отырып және оны шунттық орамамен жалғау арқылы параллель қоздырғышты (1–қисық) қозғалтқыштан тізбектей қоздырғышты қозғалтқыштар орамасын қамтып жатқан топтамасын алуға болады. Сериесті ораманың орам санын өзгерте отырып және оны шунттық орамамен жалғау арқылы параллель қоздырғышы бар (1–қисық) қозғалтқыштан бастап, тізбектей қоздырғышты қозғалтқыштар арасын қамтып жатқан, қатаңдығы әр дәрежедегі жылдамдық сипаттамалары топтамасын алуға болады (4–қисық). Олардың бұл артықшылығы, олардың жүктемесіз жұмыс кезінде де айналым жылдамдығының басқарудан шығып кетуі болмайды. Себебі, айналым жылдамдығының шектен шығып кетуін, якорь орамасына үнемі жалғаулы тұрған шунттық қоздыру орамасының магнит ағыны Ôøîâтежеп отырады. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының механикалық сипаттамалары. U=Const және Iâ=Const кезіндегі n=ƒ(Ì) тәуелділігі механикалық сипаттама деп аталады. Оның теңдеуі жылдамдық сипаттамасы мен тұрақты тоқ қозғалтқышының моменті теңдеулерін бірге шешуден шығады. Ì=ÑìŁIÿ Ôn = ((U/ñåÔ))-(ÌŁRß/ ñnÔ2)мұндағы ñn-тұрақты коэффициент, ол мынаған тең: ñn=ñåŁñìТұрақты қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы оның жылдамдық сипаттамасынан тек абцисса өсінің масштабымен ғана ерекшеленеді.Параллель және аралас қоздырғыштары бар қозғалтқыштардың механикалық сипаттамаларының қатаңдығы әртүрлі дәрежедегі құлдырау сипаты болады (4-қисықтар).

8. Жұлдыздан үшбұрышқа іске қосатын ауыстырып-қосқыш қалай жұмыс істейді? https://www.youtube.com/watch?v=gpYG15SPxk0


[Н·м],

М2 қозғалтқыштың электромагниттік моментінің мәндерін 3.2 кестеге жазыңыз
3.2 кесте

n, мин-1































М, Н∙м


































  • 3.2 кестенің мәні бойынша тұрақты ток қозғалтқышының ізделінді статикалық механикалық сипаттамасын n=f(M) тұрғызыңыз


Электр сұлбасы


Параллель қозу тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сипаттамасын анықтауға арналған сұлбасы

Бақылау сұрақтары

1.Тұрақты тоқ машиналарының қызметі және олардың қолдану аймағы.

2.Тұрақты тоқ машиналар статорының табаны неге құйма болаттан, ал якорь электрлік болаттың оқшауландырылған қаңылтырынан жасалады?

3.Тұрақты тоқ машиналарының негізгі және қосымша полюстерінің қызметі.

4.Тұрақты тоқ машинасының қоздыру орамасының қызметі.

5.Тұрақты тоқ машинасы якоры мен роторы орамасының қызметі.

6.Тұрақты тоқ машинасы коллекторының қызметі.

7.Тұрақты тоқ машиналары якорь орамаларының типтері жәнеолардың негізгі айырмашылықтары.

8.Тұрақты тоқ қозғалтқышымен қандай энергияны қандай энергияға айналдыруға болады?

9.Тұрақты тоқ қозғалтқышының электр энергиясын білікті айналдыратын механикалық энергияға өзгертуін қай диаграмма көрсетеді?

4.6 Лабораториялық жұмыс

Параллель қозу тұрақты ток қозғалтқышының жұмыс сипаттамаларын n=f(P2), M=f(P2), η=f(P2) анықтау
Жұмыстын мақсаты: Параллель қозу тұрақты ток қозғалтқышының жұмыс режимдерін зерттеу

Аппаратуралар тізімі


Белгілінуі

Атауы

Типі

Параметрлері

G2

Бір фазалы ток көзі

218

220 В/1,6 А

G4

Бұрыштық орын ауыстыруды түрлендіргіш

104

6 сигнал шығу

M1

Асинхронды қозғалтқыш

106

120 Вт; 220/380 В;

1350 мин-1

М2

Тұрақты ток машинасы

101.1

90 Вт; 220 В

2,4 А (якорь)

220 В (қозу)

А1, А5

Реттелетін автотрансформатор

318.1

0...240 В; / 2 А

А2, А6

Түзеткіш

322.1

400 В / 2 А

Р1

Мультиметрлер блогі

508.2

3 мультиметр

0...1000 В

0...10 А

0...20МОм

Р2

Айналу жиілігін көрсеткіш

506.2

2000...0...2000

мин-1



Тәжірибе өткізуге арналған нұсқаулық

  • Тәжірибеде қолданылатын құрылғы ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

  • Тәжірибеде қолданылатын құрылғының жерге оқшауландыру ұяшығын А1 автотрансформаторының «РЕ» ұяшығымен қосыңыз

  • 2.1 суретте көсетілген схема бойынша аппаратураны жалғаңыз

  • А1 және А5 автотрансформаторларының реттегіш тиектерін сағат тіліне қарсы шегіне дейін бұраңыз

  • Қорғау үшін сондіретін құрылғыны және G2 бір фазалы ток көзінің автоматты ажыратқышын іске қосыңыз

  • Р1 блок мультиметрлерінің «СЕТЬ» ажыратқышын және Р2 айналу жиілігін көрсеткішті іске қосыңыз

  • Тәжірибеде қолданылған Р1 блогының мультиметрлерін іске қосыңыз

  • А1 автотрансформаторының «СЕТЬ» ажыратқышын іске қосыңыз

  • А1 автотрансформаторының реттегіш тиегін айналдыру арқылы М2 қозғалтқышын n айналу жиілігіне орнатыңыз, мысалы, 1500 айн/мин тең

  • А5 автотрансформаторының «СЕТЬ» ажыратқышын қосыңыз

  • А5 автотрансформаторының реттегіш тиегін айналдыру арқылы М2 қозғалтқышының якорінің Iя тогын 0...0,6 диапазонында өзгертіңіз. Амперметрдің (Iя тогы), вольтметрдің (М2 қозғалтқышының якорь орамының Uя кернеуі), амперметрдің (М1 қозғалтқышының қозу тогі If) және Р2 көрсеткішінің мәндерін 3.2 кестеге түсіріңіз


3.2 кесте

Iя, А































Uя, В































If, В































n, мин-1


































  • Тәжірибе аяқталысымен бірінші А5 автотрансфматорының, кейін А1 автотрансформаторының реттеуіш тиектерін сағат тіліне қарсы шегіне дейін бұраңыз және «СЕТЬ» ажыратқышын сөндіріңіз. Р2 айналу жиілігін көрсеткішін және Р1 блок мультиметрінің «СЕТЬ» ажыратқышын сөндіріңіз. G2 бір фазалы ток көзінің автоматты ажыратқышын сөндіріңіз.

  • 3.2 кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, М2 қолғалтқышының қозу орамының rf активті кедергісінің өлшенген мәнін және Uf қозу кернеуін n айналу жиілігінің әрбір мәніне есептеп, шыққан мәндерді 3.3 кестеге енгізіңіз:


  • М2 қолғалтқышының пайдалы активті қуатын эмпирикалық формуламен (If=0…0,8 A және n=500…1750 мин-1)

, [Вт];

  • M2 қозғалтқышының желіден алатын активті қуатын

, [Вт];

  • Келесі формула бойынша M2 қозғалтқышының электромагнитті моментін табыңыз

, [Н·м];

  • Келесі формула бойынша M2 қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентін табыңыз

, [%],

3.3 кесте

n, мин-1































P2, Вт































P1, Вт































M, Н·м































η, %


































  • 3.3 кестедегі мәліметтерді қолданып тұрақты ток қозғалтқышының ізделінді жұмысшы сипаттамаларын M=f(P2), η=f(P2) тұрғызыңыз



Бақылау сұрақтары

1. Жұмыстын мақсаты қандай

2.Тұрақты тоқ қозғалтқышының білігіндегі механикалық қуат, желіден қоректенетін электрлік қуаттан неге және қаншалықты аз?

3.Тұрақты тоқ қозғалтқышының жылдамдық сипаттамасы деген не?


4.Тізбектей қоздырылатын тұрақты тоқ қозғалтқышын жұмысқа жүктемесіз қосуға неге болмайды, ал параллель қоздырылатын тұрақты тоқ қозғалтқышын неліктен жұмысқа жүктемесіз қосуға болады?

5.Көліктік электр жетегінде тұрақты тоқ қозғалтқыштары қандай қоздыру жүйемен қолданылады және неге?

6.Тұрақты тоқ қозғалтқышының айналу бағытын өзгерту деген не және оны қалай жүзеге асыруға болады?


Электр сұлбасы



Параллель қозу тұрақты ток қозғалтқышының жұмыс сипаттамаларын анықтауға арналған сұлбасы
Әдебиеттер тізімі

1.Негізгі әдебиеттер

1 Электр машиналары. ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Р.М. Шидерова, К.О. Гали, А.Н. Бестерекова 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБУ, 2015. – 82 бетhttps://libr.aues.kz/facultet/eef/kaf_e_i_apu/21/umm/eiapu_45.pdf

2. Электр машиналары. ҚҰРАСТЫРҒАН: Ахметов А,К, Кәсіптік білім беретін жоғары оқу орындарының бакалавр және магистрлар мамандықтарының студенттерінеарналған, Оқулық. Астана. 2015ж. 772б, ил. ISBN 978-601-302-104-1.

3.Электрические машины- русс и каз лекции и методички, Электромеханика и электротехническое оборудование ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Р.М. Шидерова, К.О.

https://libr.aues.kz/alfavit/schiderova/home.htm

4. Автоматты жүйелердің арнайы электр машиналары. Оқу құралы.

Цыба Ю.А., Алмуратова Н.К7 АЭжБУ: Алматы, 2011 - 87 бет.: Без.75, әдеб. көрсеткіші. – 7 атау.https://libr.aues.kz/facultet/eef/kaf_e_i_apu/16/umm/eiapu_2.htm

5. Б.Р.Калыков, М.И. Сылкин. Электр машиналар- - Алматы, КазНАУ. 2005. - 178 с.

6. Ќалыќов, Б.Р. Электр машиналары және электр жетегi: Оќулыќ/ Б.Р.Ќалыќов, М.Ж.Исаханов, Ш.Өмiрзаќов. - Алматы : Сґздiк-Словарь, 2005. - 272 б.

7 Проектирование электрических машин. / Под общей редакцией И.П.Копылова. –Люберцы: Юрайт, 2016.-267с.

8. Иванов-Смоленский А.В. Электрические машины. В двух томах. 3-издание.-М.: Издательский дом МЭИ, 2016-652(656) б.
2.Қосымша әдебиеттер
1. Кацман М.М." Справочник по электрическим машинам: Учеб. пособие " «Академия», 2015 год, 480 стр., (5.47 мб djvu)

2. Иванов-Смоленский А.В., Гончаров В.И., Ширинский С.В. Расчет электромагнитных полей и параметров электрических машин. – М.: Издательский дом МЭИ, 2014. – 40 с.

3. Иванов-Смоленский А.В., Кузнецов В.А. Метод расчета магнитных полей с учетом трехмерной неоднородности сердечников электрических машин // Электричество. – 2015. 


4. Мальц Э.Л. Электротехника и электрические машины для студ. ВУЗов– Учебное пособие/Э.Л.Мальц-СПб.;Корона-Век –, 2013. – 304 с.

3 Электронды ресурстар

  1. http://kazatu.kz С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, ресми сайт.

  2. http://portal.kazatu.kz/e-books С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, электронды кітапхана.

  3. http://rmebrk.kz Республиканская межвузовская электронная библиотека.

  4. https://openu.kz/kz Қазақстанның ашық университеті.

  5. https://www.coursera.org coursera жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба.

6. https://ru.khanacademy.org Академия Хана – некоммерческая образовательная организация.

7. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыш Конструкция двигателя с короткозамкнутым ротором

https://www.youtube.com/watch?v=0rdyz3DFPV8&list=LLQo1KamgaY_EmfwhJjbNW9g&index=341

8. Жұлдыздан үшбұрышқа іске қосатын ауыстырып-қосқыш қалай жұмыс істейді? https://www.youtube.com/watch?v=gpYG15SPxk0


9. Трансформатордың жұмыс істеу қағидасы https://www.youtube.com/watch?v=JTtmCnJ0EuM

10. Трансформатор және оның түрлері

https://www.youtube.com/watch?v=JDi4dlNv81s

11. Трансформатор орамының түрлері

https://www.youtube.com/watch?v=HuMw-OQGI40

12. Үш фазалы төмендеткіш күштік трансформатор. Конструкция трехфазный трансформатора https://www.youtube.com/watch?v=CjLabxxWuiM

13. Айнымалы тоқ генераторының жұмыс істеу қағидасы

https://www.youtube.com/watch?v=Fk-0M74iT7I

14. Синхронды электрқозғалтқыштың жұмыс қағидасы

https://www.youtube.com/watch?v=4yjsBdlpq7c

15. Асинхронды электрқозғалтқыштың жұмыс істеу қағидасы

https://www.youtube.com/watch?v=0ws-C4Bkta4

16. Бір фазалық асинхронды электрқозғалтқышының жұмыс істеу қағидасы

https://www.youtube.com/watch?v=AH4iATwQaik