Файл: Кіріспе табии ортаны зерттеу кезінде егжейтегжейлі зерттелген лкен жне р трлі материалмен кездеседі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 232
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өсімдіктердің топырақтан және тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалану коэффициенті, %
Дақылдар | Топырақтан (орташа және жоғары қоректік заттар болған кезде)* | 1-ші жылғы минералды тыңайтқыштардан | 1-ші жылғы органикалық тыңайтқыштардан | ||||||
| P2O5 | K2O | N | P2O5** | K2О | N | P2O5 | K2O | |
Картоп Қызылша | 5 5 | 20 10 | 60-70 50-60 | 20-25 15-20 | 50-70 50-60 | 20-25 20 | 30 20 | 50-60 50 |
*Топырақтағы қоректік заттардың мөлшері аз болған жағдайда пайдалану коэффициенттері 1,5-2 есе өседі.
*Суперфосфаттан Р2О5 -30-60 % енгізілуде қолданылады.
10т картоп түйнектері сабақпен бірге N‒60 кг, P2O5‒20 кг және K2O‒90 кг шығарады.
Қоректік заттарды топырақтан пайдалануды осылай анықтайды. Топырақ құрамының 100 г-да (картограмма бойынша) орта есеппен P2O5‒7 мг, K2O‒10 мг бар. Демек, 1 га-да егістік қабатынының құрамында P2O5‒210кг және K2O‒300 кг болады. Картоп топырақтан шамамен жылжымалы фосфорды-5 %-тей (10 кг P2O5) және калийді-20% (60 кг K2O) сіңіре алады.
Топырақтан азоттың қолданылуын анықтау қиын. Мұны азоттан кейін минимумда орналасқан элементпен азотты шығару бойынша анықтауға болады. Мәселен, күлгін түсті шым топырақ, орташа сазды топырақтың бірінші минимумында азот, екіншісінде – фосфор орналасқан. Топырақтан 10 кг фосфор, картоп өнімділігін - 5 т/га-ға (0,1 т түйнектер пен сабақтардағы P2O5 шығарылымы 0,2 кг құрайды) қамтамасыз ету үшін қолданылады. 5 т/га түйнектер өнімділігі үшін топырақтан 30 кг азот пайдаланылады, себебі 10 т түйнектер сабақтармен 60 кг азот шығарады.
Картоп топырақтан шамамен 20% немесе 30 кг жеңіл гидролизденетін азот пайдалана алады. Картоп бойынша минералды тыңайтқыштардың жылдық мөлшерлерінің бүкіл барысын есептеуді 19- кестеден көруге болады.
Тау етегіндегі табиғи жағдайлар тыңайтқыштарды егістікте, көкөніс дақылдары және бақшаларда, суармалы түр ретінде, сонымен қатар суарылмайтын жерде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ретте суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі суарылмайтын егіншіліктен 5,2 есе жоғары.
19- кесте
Картопқа қолданатын минералды тыңайтқыш мөлшерін есептеу
Көрсеткіштер | N | P2O5 | K2O |
| 120 - 18 30 90 20 18 54 60 90 | 40 8 (10%) - 10 45 30 13 9 20 45 | 180 16 (20%) - 60 120 50 60 44 60 70 |
Жұмыста [3] ақшыл-қоңырқай топырақтағы қант қызылшасының азот-фосфорлы тыңайтқыштардың арақатынасы мен нормаларына тәуелділігіне байланысты өнімділігі келтірілген. Автор 575-600 ц/га реттіліктегі, 17% қанттылығымен, қант қызылшасының тамырын алу үшін фосфор құрамы аз мөлшердегі ақшыл-қоңырқай топырақтан N:P:K=1:1:1 қатынаста P2O5‒120 кг/га алу қажет деп ұсынады.
Әдеби мәлімет [4] бойынша жылжымалы фосфордың топырақтағы мөлшері негізінен төмен. 500-550 ц/га түйнек дақылдарының өнімділігі және қант қызылшасы сабағына сәйкес мөлшердегі егістік аймағындағы гектардан орташа есеппен сәйкес тамыр егіндерінен орташа есеппен 200 кг азот, 75 кг фосфор және 300 кг калий шығарылады.
Қордай ауданының «Алмалы» өндірістік шаруашылық аймағында сұр топырақты жерлерді суару кезінде құрамындағы қант мөлшері бойынша ерекшеленетін қант қызылшасының өнімі алынды. Қант қызылшасы біздің жағдайда 250-300 ц/га түйнек жемістерін береді. Тамыр жемістерінің құрамындағы қант мөлшері қыркүйек айының басында жинау кезінде 11%-ды құрайды.Кеш жиналған тамыр жемістерінің құрамында қант мөлшері 12,14,15,18 % жоғары болды. Ал, қазан айының соңында жиналған тамыр жемістеріндегі қант мөлшері 22%-ға жетті. Тамыр жемістерінің құрамындағы қант мөлшерінің жоғары пайызда болуы қызылшалардың ұзақ уақыт күн радиациясын алуына байланысты.
Қызылша егу қожалықтарына ауыспалы егістіктің мынандай сызбасы ұсынылады:
Сегіз өрісті. 1. Дәнді дақылдар (бидай, арпа немесе сұлы)+ жоңышқа; 2. 2-жылдық жоңышқа; 3. 3-жылдық жоңышқа; 4. Қант қызылшасы;5. Қант қызылшасы; 6. Күздік бидай + сидерат (жасыл тыңайтқыш); 7. Қант қызылшасы; 8. Жүгері; Ауспалы егістікті қант қызылшасымен қанықтыру – 37,5%.
Тоғыз өрісті 1. Дәнді дақылдар (бидай, арпа немесе сұлы)+ жоңышқа; 2. 2-жылдық жоңышқа; 3. 3-жылдық жоңышқа;4. Қант қызылшасы; 5. Қант қызылшасы; 6. Күздік бидай + сидерат (жасыл тыңайтқыш); 7. Қант қызылшасы; 8. Жүгері; 9. Күздік бидай+жоспарлау. Қант қызылшасының үлес салмағы-33,5%.
Аймақтарға бірнеше ауыспалы егістікке әртүрлі дақылдарды қолданудың келесі сызбасы беріледі. Алқа тұқымдасты дақылдардың көкөністі ауыспалы егістік үлес салмағы - 33% құрайды: 1. Алқа тұқымдастар (қызанақ, бұрыш); 2. Қияр; 3. Кеш егілген қырыққабат; 4. Бұршақ (жем); 5. Алқа тұқымдастар (қызанақ, картоп); 6. Тамыр жемістері, пияз. Алқа тұқымдасты дақылдардың көкөністі-картопты ауыспалы егістіктің үлес салмағы – 25% - ға: 1. 1-ші жылдық шөптер; 2. 2-ші жылдық шөптер; 3. Қызанақ ; 4. Қияр; 5. Қырыққабат; 6. Қызанақ; 7. Пияз, тамыр жемістері; 8. Дәнді дақылдардың көпжылдық шөптермен егілуі.
Алматы облысының барлық көкөніс-картопты және көкөністі ауыспалы егістік сызбаларында ең жақсы тыңайтқыштар орташа дозалы органо-минералды органикалық тыңайтқыштар (20-40 т/га) болып саналады. Әр түрлі типтегі және типтес топырақтар үшін минералды тыңайтқыштардың сәйкес мөлшері 20-кестеде берілген.
Бұл тыңайтқыштар қоректік элементтермен топырақтарды орташа байытуға арналған, сондықтан топыраққа тыңайтқышты енгізбес бұрын аймақты агрохимиялық картограммамен анықтап және тыңайтқыш мөлшерін диффренциалдау керек.
Тыңайтқыштарды қолдану жоспарын құра отыра, бірнеше заттарды ескеру керек.
20-кесте
Алматы облысының картопты және көкөніс-бақша дақылдарына (200-350ц/га егістіктерде) қолданылатын минералды тыңайтқыштардың сәйкес мөлшері (Ц/га стандартты тыңайтқыш)
Дақылдар | Сұр топырақтар | Ақшыл-қоңырқай топырақтар | Қара-қоңырқай топырақ | Қара топырақтар | |||||||||||
| N | P | K | N | P | K | N | P | K | N | P | K | |||
Ерте егілген картоп | 5 | 5 | 1 | 4,5 | 5 | 1 | 4 | 5 | 1 | 3 | 1 | 5 | |||
Орта-кеш егілген картоп | 5,5 | 5,5 | 1,2 | 5 | 5,5 | 1,5 | 4,5 | 5 | 1,5 | 3,5 | 1 | 5 | |||
Орта-кеш егілген қырыққабат | 6 | 3 | 1 | 5,5 | 4 | 1,2 | 4,5 | 5 | 1,5 | - | - | - | |||
Қызанақ, баклажан | 7 | 4 | 1,2 | 6,5 | 4,2 | 1,5 | 6 | 4,5 | 2 | - | - | - | |||
Пияз | 7 | 5 | 1 | 5,5 | 6 | 1,5 | 4,5 | 7 | 2 | - | - | - | |||
Қияр | 6 | 3 | 1 | 4,5 | 3 | 1 | 4 | 3 | 1 | - | - | - | |||
Сәбіз, асханалық қызанақ | 5 | 3 | 1 | 5,5 | 3 | 1 | 4,5 | 3 | 1 | - | - | - | |||
Бақша тағамдары | 6 | 4 | 1 | 5 | 4 | 1 | 4 | 4,5 | 1,5 | - | - | - |
Сонымен, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштарға қажеттіліктің өсу себебі, жоғары техникалы аймақтарда және ескі топырақтарда, көпжылдық шөптің қабатында және ауыспалы егіске көкөніс-бақша дақылдары және картопты енгізу салдарынан болады. Бұрын жоңышқа егілген және көп жылдық емес шөп өскен ауыспалы егістіктік аймақтары үшін тыңайтқыштың азот және органикалық түрін қолданған тиімді.
Бес-алты өрісті ауыспалы егістіктерде органикалық тыңайтқыштар екі жазықтықтағы егістіктерден кем енгізілмеуі тиіс, көпжылдық шөптер қабатымен енгізілмесе, бірінші кезекте қияр, қырыққабат, картоп астына орналасады. Тамырлы жемістері, пияз және қызанақтарды органикалық тыңайтқыштардан кейін екінші дақылдар ретінде енгізген дұрыс.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
-
Топырақ-климаттық жағдайлар минералды тыңайтқыштардың тиімділігіне қалай әсер етеді? -
Түрлі ауыл шаруашылық техникасының тыңайтқыштарды қолдану жүйесінің тиімділігіне әсерін сипаттаңыз. -
Топырақтың қандай агрохимиялық көрсеткіштері тыңайтқыштардың әсерінен тез өзгеруі мүмкін? Және олардың қайсысы өте баяу? -
Негізгі тыңайтқышты енгізудің әртүрлі деңгейлерінде бірқатар тыңайтқыштардың рөлі қандай? -
Түрлі дақылдар үшін бірқатар тыңайтқыштардың құрамы қандай? -
Әртүрлі сабан дақылдарын жем ретінде қашан қолдану орынды?