Файл: Кіріспе табии ортаны зерттеу кезінде егжейтегжейлі зерттелген лкен жне р трлі материалмен кездеседі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 229
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
100Р135К130) көп мөлшерге жеткізу (N190Р195К190) егін қорын арттырмай, керісінше олардың сапасын төмендетті.
Орталық қара топырақта орманды аймақтың қаратопырағын бейтараптау ұзақ уақыт минералды тыңайтқыштар мөлшерінің (N45-135Р60-180К45-135) артуы арқылы, бір жағынан агрохимиялық қасиеттер артты- (зот, фосфор, калийдің жылжымалы түрлерінің мөлшері артып) агрохимиялық қасиеттері жақсарды, тағы бір жағынан- бір уақытта топырақтың қышқылдануы нәтижесінде қарашірік мөлшері төмендеді.
Жүйелік (13 жыл бойы) енгізу- бейтараптанған қара топыраққа минералды тыңайтқыштардың мөлшерін арттыру арқылы, Воронеж облысында ВҒЗИ жүгерілерін стационарлық зерттеу шарттарында азот білігінің, жылжымалы фосфордың, алмасушы калийдің топырақтағы мөлшерінің артуына әкелді. Сонымен қатар, гидролитикалық қышқылдығы артып (0,2-1,4 мг∙экв/100 г топырақ), қарашірік мөлшері (0,17-0,38%-ға) төмендеді.
Д.Н.Прянишников көң мен минералды тыңайтқыштар өсімдіктердің қоректі сіңірудің бірінші кезеңі, қоректік заттар әсерінің (көң түрінде) ену уақыты бірге ескеріледі деп санады.
Минералды тыңайтқыштарды асқын мөлшерде көңмен бірге енгізу ақшыл-сарғыш топырақтың агрохимиялық қасиеттерін арттыруға мүмкіндік береді, дегенмен дақылдардың, әсіресе дәнді дақылдардың егіс қорын арттырмайды.
Көп мөлшерде енгізу агрохимиялық қасиеттерді арттырады, бірақ алынатын өнімнің сапасын төмендетуі мүмкін. Ұзақ уақыттық тәжірибе бойынша, минералды тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде 60т/га көң енгізу өнім қорының айтарлықтай мәнге артуына әкелгенмен, түйнегінің сапасы төмендейді- түйнектегі крахмал мен ақуыз мөлшері артады.
Тыңайтқыштарды қолдану әсерінен қоршаған ортаның ластануын бағалаудың агрохимиялық және топырақтық әдістері. Тыңайтқыштарды енгізуде оның мөлшерін дәл анықтау, техниканы қатаң бақылау мен әр түрлі тіршілік кезеңінде олардың қатысуымен, өсімдікпен пайдаланудың кезектілігін талап етіледі. Әр текті тыңайтқыштарды қолдану үшін қажетті мәліметтер топырақта сіңірілетін элементтердің мөлшері болып табылады. Мысалы, фосфор тыңайтқыштарының қолдану қажеттілігі Қазақстанның далалы аймағында дәнді дақылдарды жылжымалы фосформен аз (11-15 мг) және өте аз (10 мг/кг-тан аз) мөлшерде қамтамассыз етілуімен байланысты. Минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшері олардың пайдаланылатын құнарлы заттарын есептеу мәнінен анықталады.
Минералды тыңайтқыштардың сіңірілетін заттарын қолдану коэффициенті азот пен калий 60%, фосфор 30%-ға жетуі мүмкін. Топыраққа азот, фосфор және басқа элементтерді асқын мөлшерде енгізу өсімдіктерді дұрыс қолдана алмай, олардың көп бөлігін су қоймаларына тастауға тура келеді.
Іле Алатауы баурайындағы қою-талшынды топырақты және оңтүстіктегі карбонатты қаратопырақты далаларда жылжымалы фосфорды зерттеулер олардың мөлшерінің жоғары екенін көрсетті. Тыңайтқыштардағы фосфорды қолдану коэффициенті үш жылдың ішінде 6%-дан 13%-ға дейін жетті.
Дегенмен, тыңайтқыштарды енгізу нормасын негізсіз арттыру қоршаған ортаның қосалқы элементтермен ластануына алып келеді. Мысалы, фтор суперфосфатта еріген күйде кездеседі және өсімдікке оғай ене алады. Фтор концентрациясын арттыру фотосинтез, тыныс алу мен өсу үдерістерінің тоқтап қалуына, ассимиляциялық аппараттың құрылымының бұзылуына әкеледі.
Суперфосфаттың әр тоннасымен бірге фтордың 160 кг еніп отырады. Жай суперфосфатта мыстың мөлшері шамамен 20 мг/кг, мырыш- 100, мышьяк- 300 мг/кг. Фосфор тыңайтқыштарымен бірге әдетте топыраққа ванадий және тағы басқа элементтер енеді.
Калий тыңайтқыштары - негізінен калиймен бірге жүретін аниондар: хлоридтер, сульфаттар және т.б. теріс әсер береді. Көп мөлшерде хлор картоп сияқты ауылшаруашылығы өсімдіктеріне кері әсерін тигізеді. Калийдің асқын мөлшері азықтық шөптерге еніп, жануарлардың улануына алып келуі мүмкін [2]. В.Д. Баранников және басқалары минералды тыңайтқыштардағы химиялық элементтердің мөлшері туралы толық ақпарат береді. [4]
Осы сипаттамалардың ішіндегі маңыздысы топырақтағы зат концентрациясы, олардың өсімдіктерге биологиялық тиімділігі, топырақта ыдырауы мен топырақтың тамырлы қабатында өздігінен тазаруы болып табылады. Ластаушы заттардың үздіксіз түсіп отыру әсерінен оның динамика қарқындылығы мен топырақтағы мөлшері тепе-теңдік баллансымен анықталады [4].
= VsCa + rCr – (ωCω + gCg + mυCυ + ψa + λσs),
мұндағы σs – ластану тығыздығы (бірлік ауданы бойынша зат саны, г/м2)
Cа –тыңайтқыштағы ластаушы зат концентрациясы (мг/кг); Cr – атмосфералық қалдықтағы ластаушы зат концентрациясы; Cω – судың беткі қабатындағы ластаушы зат концентрациясы (1 л); Cg – судың төменгі қабатындағы ластаушы зат концентрациясы (1 л); Cυ – жер үсті фитомассасындағы ластаушы зат концентрациясы (1 кг); r – атмосфералық жауын-шашын қарқындылығы (тәулігіне л/м2); ω – жер үсті су ағыны (тәулігіне л/м
2); g – грунттық ағын (тәулігіне л/м2); Vs –топырақтың беткі қабатын ластаушы құрғақ шөгінділер жылдамдығы (м/тәулік); mυ – жер үстінен бөлінетін фитомасса (тәулігіне кг/м2); ψa – топырақтан атмосфераға өту қарқындылығы (тәулігіне г/м2); λ – химиялық заттың тұрақты ыдырауы (тәулік)
Теңдеудің оң жақ бөлігіндегі бірінші және екінші мүше химиялық заттың топыраққа енетін мөлшерін тәулігіне есептейді, үшінші және төртінші мүшелер топырақ қабатының бетінен ауытқитын және грунт суларының тәуліктік шамасын анықтайды, бесінші- өнімнің жұмсалуы; алтыншы және жетінші- (атмосфераға) ауысы және ыдырау процестерінің тәуліктік шығыны.
Топырақтағы және қоршаған ортадағы химиялық қосылыстардың дәл сандық мөлшерін анықтау үшін тасымалдануы мен жинақталуын есептеу үшін баланстық есептерді қолдану. Сандық талдау процесі химиялық қосылыстардағы концентрациясын эмпирикалық немесе теориялық есептеулер арқылы жүргізіледі. Нәтижесінде қоршаған ортада зиянды заттардың таралу моделін туындатады.
Әр табиғи компоненттің жалпы концентрациясын анықтай алмаған соң, қоршаған ортадағы химиялық заттардың таралуы мен моделдеу ретін жүргізу дұрысырақ.
Ластанудың потенциалды нүктесінде заттың сандық шамасын анықтау мүмкін емес болған жағдайда, концентрацияға әсер етуін болжауда модель немесе тепе-теңдік баллансын ескеруге болады. Топырақтың әр түрлі аймақтарында минералды тыңайтқыштарды қолдануына байланысты зерттеудің жан-жақты әдістері бар. Тыңайтқыштардың мөлшерін, топырақтың құрылымы мен қасиеттерін, химиялық қосылыстарын қате есептеу, бақылануы қиын өсімдіктердің газ тәрізді күйінде ластаушы заттардың топырақтың ылғалдылығына ауысуын және жинақталуын тудырады.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Муравин Э.А., Ромадина Л.В., Литвинский В.А. Агрохимия – М. Изд. Центр «Академия» 2016
2.Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2004
3. Минеев В.Г. История развития агрохимии в России и за рубежом (в 2 томах). – М., 2005
4. Малимбаева А.Ж. Применение удобрений в интенсивном земледелии. Алматы, 2011
5.Минеев В.Г., Ремпе Е.Х. Агрохимия, биология и экология почвы. – М.: Росагропромиздат, 1990. – 206 б.
6.Агрохимия / под ред. Б.А. Ягодина. – М.: Агропромиздат, 1989. – 655 б.
7.Рыспеков Т.Р. Фосфор в почвах агроландшафтов Северного Казахстана // Актуальные проблемы почвоведения (к 50-летию освоения целинных и залежных земель) / Сборник. – Алматы, 2004. – С. 109-114.
8.Баранников В.Д., Кириллов Н.К. Экологическая безопасность сельскохозяйственной продукции. – М.: Колос, 2006. – 351 б.
9.Почвоведение в 2 частях (Часть 1. Почва и почвообразование) / под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова. – М.: Высшая школа, 1988. – 400 б.
10.Почвозащитная система земледелия. Справочник. – Алма-Ата: Кайнар, 1985. – 199 б.

-
Топырақ құнарлылығына тыңайтқыштардың әсер етуін қалай түсінесіз? -
Тыңайтқыштардың көп мөлшері топырақтың агрохимиялық қасиеттері мен алынатын өнімге қалай әсер ететінін түсіндіріңіз? -
Заттардың тепе-теңдік баллансының қандай критерийлері бар екенін түсіндіріңіз? -
Уақыт бірлігінде топыраққа енетін химиялық заттардың тәуліктік енуіне қандай шарттар әсер ететінін көрсетіңіз? -
Топырақтан тыс қабатта және грунт суларында тәуліктік бөлінетін заттар қандай шарттарды сипаттайтынын көрсетіңіз -
Химиялық заттардың тыңайтқыштардан ажыратылуын сипаттайтын шарттарды көрсетіңіз? -
Агрохимияда балланстық есептерді не үшін қолданатынын көрсетіңіз?