Файл: Кіріспе табии ортаны зерттеу кезінде егжейтегжейлі зерттелген лкен жне р трлі материалмен кездеседі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 231

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мысал ретінде күздік бидай дәнді дақылдарын өсірудің келесі деректерін алуға болады [11]. Бір гектардан 40 центнер өнім түскен кезде, өсімдіктер, топырақтан шамамен 150 кг азотты және 300-500 кг басқа да минералды құнарлы элементтерді (P, S, Ca, Si және микроэлементтер) сіңіреді. Ол үшін кемінде 4500 кг көміртекті сіңіріп, 16 тоннаға жуық суды ыдыратылуына тура келеді, оның ішінде көмірқышқыл газын қалпына келтіру үшін шамамен 2 тонна сутегі пайдаланылады, ал 14 тонна бос оттегі атмосфераға шығарылады.

Фотосинтез үдерісінде көрсетілген көміртегі мөлшерін жинау үшін (4500 кг), 1 гектар жердегі өсімдіктер вегетативті кезеңде 20-25 тонна көмірқышқыл газын сіңіруі тиіс, яғни, тәулігіне 150-300 кг. Мұндай химиялық жұмыс үшін бидай өсімдіктері күн радиациясының 16,72 млрд. кДж-ны сіңіреді, оның 9,2 млрд. кДж фотосинтетикалық активті радиация (толқын ұзындығы 380-710 нм) болып табылады. Өсімдік өнімінің органикалық массасы шамамен 167,2 млн. кДж энергия сақтайды. Қалған энергия жылуға айналады және судың булануына жұмсалынады (транспирация). Осындай бидай үшін талдау белгілі бір жерде және қажетті уақытта болған жағдайда ғана идеалды болуы мүмкін.

Іс жүзінде, өсімдіктердің теңдестірілген құнарлануы белгілі бір элементтердің жетіспеушілігін немесе артықшылығын жоятын тыңайтқыштардың оңтайлы құрамын қолдану арқылы қол жеткізіледі. Бұл мәселені шешудің күрделілігі - өсімдік кезеңінде, өсімдік түрлерінің мұраланған ерекшеліктері мен өсімдік тіршілігінің әрдайым өзгеретін, кешенді, топырақ-климаттық факторларының әсерінен қоректік элементтерге әртүрлі өсімдік қажеттіліктерін нақты ескеру қажеттілігі.

В.М. Боровский [12] өзінің «Генезис және Қазақстан топырағының мелиорациясы» кітабында былай деп жазады: «... шалғынды қара топырақтардың, қарапайым қара топырақтардың және сілтілік топырақтардың субзоналарында, дәнді дақылдарға арналған жерлер қосымша ылғалдандыруды талап етпейді, ал мұнда алынатын максималды өнім қолданатын агротехниканың деңгейіне байланысты. Жердің ең толыққанды игерілуі (субзонаның %) қарапайым қара топырақ субзонасына жатады.

Суарылмайтын егістік дамыған оңтүстік қара топырақ пен күңгірт – күрең топырақтардың субзоналарында меншікті жер жырту салмағы өте жоғары (сәйкесінше 52,3 және 36,2 %). Дегенмен, айта кету қажет, бұл жерлерде құрғақшылық 25% екендігі байқалады. Солтүстік Қазақстанның оңтүстік шекарасында суарылмайтын егістік күңгірт топырақтың субзонасымен шектеледі, және оның егіс алқабы 14,8% құрайды (3,6 млн. гектар). Құрғақшылық 50% -ға дейін қайталанады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  1. Топырақ құнарлылығын арттырудың басты әдістері қандай?

  2. Топырақ құнарлылығының ең маңызды физикалық көрсеткіштері қандай?

  3. Топырақ қасиеттерінің оңтайлы параметрлері деген ұғымды қалай түсінесіз?

  4. Әрбір жеке фактордың әсер ету коэффициентін, олардың жиынтық әсерінде түсіндіріңіз.

  5. Жұмсақ жаздық бидай астығының егінін көрсеткішін түсіндіріңіз.


Пайдаланылған әдебиеттер

1 Муравин Э.А., Ромадина Л.В., Литвинский В.А. Агрохимия – М. Изд. Центр «Академия» 2016

2.Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2004

3. Минеев В.Г. История развития агрохимии в России и за рубежом (в 2 томах). – М., 2005

4. Малимбаева А.Ж. Применение удобрений в интенсивном земледелии. Алматы, 2011

5. Успехи почвоведения в Казахстане (к Х Международному конгрессу почвоведов) / Предисловие. – Алматы, 1975. – 300 б.

6. Тюрин И.В. К вопросу о генезисе и классификации лесостепных и лесных почв // Ученые записки Казанского гос. унив-та. - № 3-4. – Казань, 1930.

7. Высоцкий Г.Н. Избранные сочинения. – Т. 1-2. – М.: АН СССР, 1962.

8. Прасолов Л.И. Чернозем как тип почвообразования / Почвы СССР. – Т. 1. – М.: АНСССР, 1939.

9. Черноземы СССР. – Т. 1. – М.: Колос, 1974. – 556 б.

10. Николаев В.А. Ландшафты азиатских степей. – М.: МГУ, 1999. - 287 б.

11. Мальцев Т.С. О методах обработки почвы и посева, способствующих получению высоких и устойчивых урожаев сельскохозяйственных культур // Соч. сельское хозяйство. - № 9. – 1954.

12. Винокуров М.А. Влияние сельскохозяйственной деятельности человека на химико-морфологические черты чернозема лесостепной полосы Западной Сибири / Изд. Запад. Сиб. обл. с/х опытной станции. – Омск, 1927.

13. Орловский Н.В. Исследования почв Сибири и Казахстана. – Новосибирск, 1979. – 326 б.

14. Семанова Е.И. Земельный фонд Казахской ССР и его качественная характеристика / Успехи почвоведения в Казахстане (к Х Международному конгрессу почвоведов). – Алматы, 1975. - С. 36-48.

15. Лебедев С.И. Физиология растений: Учебник для вузов. – М., 1988.

16. Боровский В.М. Генезис и мелиорация почв Казахстана. – Алматы, 1989. – 232 б.
1.3. Заманауи классификацияны құрудың принциптері. Топырақ таксономиясы
Жаңа классификациялық құрылымдар жеке түрде де, топтасқан түрде де жасалады. Кейбір жағдайларда қоршаған ортаның ерекшеліктерімен және топырақтың құнарлығын айтарлықтай дәрежеде анықтаумен байланысты заманауи үдерістер мен топырақтық қалыптасу режимдері бірінші орынға қойылады; олардың жалпы аясында (фон) топырақтық кескін (профиль) мен оның қалдық (реликтік) қасиеттері зерттеледі (Герасимов И.П., Волобьев В.Р., Иванова Н.Н., Розов Н.Н.). Басқа құрылымдар топырақтық кескінді талдаудан, оның геохимиялық және тарихи ерекшеліктерінен басталады, және олардың аясында топырақтың қалыптасуының заманауи үдерістері мен режимдерін қарастырады (Глазовская М.А., Ковда В.А., Зонн С.В.). Бұл айырмашылықтар жоғары классификация бөлімдеріне қатысты.



Заманауи топырақтың жіктелуін өңдеу барысында келесі негізгі қағидаларға сүйенеді:

1. Топырақтың жіктелуі топырақтың негізгі қасиеттері мен режимдеріне негізделіп, оларды құратын процестерді және топырақтың қалыптасу жағдайларын ескеру керек, яғни экологиялық, морфологиялық және эволюциялық амалдарды біріктіретін сөздің кең мағынасында генетикалық болу керек.

2. Жіктеу таксономикалық бірліктердің қатаң ғылыми жүйесіне негізделуі керек.

3. Жіктеу кезінде шаруашылық қызметінің нәтижесі ретінде топырақтан алынған сипаттамалары мен қасиеттерін ескеруі тиіс.

4. Жіктеу топырақтың өндірістік ерекшеліктерін ашып, оларды ауыл және орман шаруашылықтарында ұтымды пайдалануына жәрдемдесуі керек.

Топырақтың заманауи жіктелуі, бұрынғылармен салыстырғанда, топырақ кескінінің морфологиялық және микроморфологиялық құрылымын, топырақтың құрамы мен қасиеттерін, топырақтың қалыптасуының негізгі үдерістері мен режимдерін және қоршаған экологиялық шарттарды толығымен ескереді.

Сондай-ақ органикалық заттардың сапалық құрамын, заттардың биологиялық циклінің ерекшеліктерін, топырақ ішілік желге мүжілу және топырақтың қалыптасу энергетика сұрақтарын есепке алу керек.

Осының барлығы топырақтың негізгі генетикалық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге, олардың агрономиялық сипаттамаларын беруге және олардың топырақтық құнарлылығына (бонитировка) салыстырмалы бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Осы қағидаларға сәйкес, топырақтың жіктелуінің бірқатар сызбалары жасалған. Топырақ түрлері аймақтық-экологиялық топтарға және ылғалдану реттері бойынша топтастырылған.

Әрбір зоналық-экологиялық топтағы өсімдік түрлері (орман-дала, дала, т.б.), жер бетінен 20 см тереңдіктегі топырақ температурасының қосындысымен және аталған тереңдікте топырақтың қатып қалу ұзақтығының ылғалдану коэффициентімен сипатталады.

Зоналық-экологиялық топтар ішінде топырақ биологиялық-физикалық-химиялық қасиеттерге (гумустың құрамы, топырақ реакциясы, карбонаттылық, сортаңдану, тұздану, содалау және т.б.) және ылғалдандыру жағдайына (автоморфтық, жартылай гидроморфты, гидроморфтық) сәйкес бөлінеді. Заманауи топырақ классификациясының негізгі таксономикалық бірлігі ретінде Докучаев В.В. орнатқан генетикалық топырақ түрі болып табылады. Генетикалық типті анықтаудың негізін Л.И.Прасолов былай тұжырымдаған «заттардың шығу тегінің, қоныс аударуының және заттардың жиналуының бірлігі...».


Осыған сәйкес, бір генетикалық типке топырақтың қалыптасатын жыныстарының белгілі бір тобында бірдей типті-байланысқан, биологиялық, климаттық және гидрологиялық шарттарда дамып келе жатқан топырақ

жатады. Мекемеаралық комиссияның анықтамасында көрсетілген әрбір топырақ түрі «бірдей типті-байланысқан биологиялық, климаттық және гидрологиялық шарттарда» дамиды және топырақтың қалыптасу үдерісінің басқа үдерістермен байланысу барысында айқын көрінісімен ерекшеленеді.

Топырақ түрлеріне тән ерекшеліктер анықталады:

1) органикалық заттардың жеткізілімінің және олардың өзгеру мен бөліну процестерінің біртектілігі;

2) минералды массаның ыдырау үдерістерінің және минералды және органоминералдық жаңа түзілімдердің бір типті кешені;

3) заттардың көші-қоны мен жинақталуының біртекті сипаты;

4) топырақтық кескіннің (профиль) біртекті құрылымы;

5) топырақтың құнарлылығын арттыру және бір қалыпта ұстап тұруға бағытталған іс –шаралардың біртекті бағытталуы;

6) қазіргі уақытта топырақтық режимдерінің біртектілігін қосу керек.

Топырақ таксономиясы. Топырақты жүйелі түрде сипаттау және зерттеу кезінде зерттеудің ауқымына байланысты белгілі бір объекті айқындауға болатын дәлдік дәрежесін алдын-ала анықтау керек. Дәлірек айтқанда, «топырақ» деген сөзге дәл қандай топырақ деген мағынаны беретін анықтаманы қосу керек. Топырақ жүйелігінің бұл міндеті таксономикалық бірліктердің жүйесімен немесе деңгейлерін жіктеу арқылы шешіледі.

Таксономиялық бірліктер – бөлшектердің дәрежесі немесе олардың анықталу дәлділігін дәлелдейтін топтар, дәрежелер немесе қандай да бір объектілердің жүйесіндегі орнын көрсететін классификациялық немесе жүйелік бірлік. Қазіргі заманғы топырақтың таксономия негізі топырақ түрлерінің теориясы мен топырақтың қалыптасу түрлерінде дамыған топырақ түрінің Докучаевтық ілім болып табылады.

Топырақтануда топырақтың номенклатурасы - топырақтың қасиеттеріне және жіктеу позициясына сәйкес олардың атаулары. Топырақ түрлерінің номенклатурасы топырақ қасиеттерін сандық сипаттайтын және топырақ процестерінің айқын көрінетін сөздерінен тұрады. Терминдердің үш санаты қолданылады: құрамы туралы айтатын (төмен, орташа, көп гумусты, карбонатты және т.б); жекелеген топырақ қабаттарының қуаттылығы және жалпы бейінді немесе пайда болу тереңдігіне сілтейтін (төмен қуатты, орташа қуатты, қуатты, жоғары қуатты, терең-, қатты қайнайтын және т.б.); құбылыстардың айқындылығын сипаттайтын (әлсіз, орташа, қатты күлденген, кермектелген және т.б.).


Топырақ түрлестерінің (әртүрлілігі) номенклатурасы үшін механикалық құрамның атаулары және топырақтың дәрежелері (разряд) номенклатурасы үшін - литологияны немесе топырақ қалыптастырушы жыныстардың генезисін сипаттайтын терминдер пайдаланылады.

Топырақтың толық атауы топырақ түрін атаудан басталады, кейін тип тармағы (подтип), шығу тегі (род), түрі (вид), түрлестігі (әртүрлілігі), дәрежесі (разряд) аталады. Мысалға, қара топырақ (тип), қарапайым (тип тармағы), сортаңданған (шығу тегі), орташа гумусталған орташа қуатты (түрдің терминдері), ауыр саздалған (түрлестігі), ормантектес ауыр қыртысталған (дәрежесі). Егер топырақ екі мүшелі тау жынысында пайда болса, онда оның екі мүшесін де көрсету қажет: мысалы, қойтас (бума) саздақпен немесе орташа түйіршікті құмдармен төселген ауыр саздалған сортаң.

Топырақтың түрі – біртекті түйінделген биологиялық, климаттық және гидрологиялық жағдайлардың дамитын және басқа үдерістермен әрекеттесуі мүмкін, топырақтың пайда болуының негізгі үдерісінің айқын көрінісімен сипатталатын топырақтың үлкен топтары.

Топырақ диагностикасы – топырақтардың бөлінуі және қандай да бір классификациялық топқа жатқызылатын топырақ қасиеттерінің жиынтығы. Топырақты диагностикалау үшін топырақтық зерттеулерде, топырақтық кескінді морфологиялық зерттеуде және қарапайым талдауларда оңай анықталатын белгілерді қолданады. Топырақтанудың орыс генетикалық мектебінде топырақтың диагностикасы негізіне бірнеше қағидалар бар:

1) кескіндік (профильдік) әдіс;

2) кешенді тәсіл;

3) салыстырмалы-географиялық талдау;

4) генетикалық принцип.

Осы қағидаларды ұстану пайдаланылатын топырақтың агроэкологиялық мәнін неғұрлым толық көрсетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, топырақтардың түрін анықтау үшін осы ерекшеліктер жиі жеткіліксіз болады. Сол жағдайларда аса күрделі талдау нәтижелері (сіңірілген негіздердің құрамы, гумустың құрамы, бүкіл топырақтың жалпы химиялық құрамы және шөгінді фракциясы және т.б.), сондай-ақ топырақтың гидротермиялық режимін сипаттайтын кейбір материалдар пайдаланылады. Топырақтың гидротермиялық режимін сипаттайтын материалдар топырақтың жекелеген түрлері мен тип тармағын құру кезінде аса маңызды.

Топырақтың өз кескінінің (профилінің) құрылымы негізінде бөлінуі топырақтың тәуелсіз объект ретінде жіктелуіне мүмкіндік береді. Топырақ кескінінің құрылымы – бұл оның тік бағытта горизонттардың белгілі бір өзгеруіне байланысты сыртқы көрінісі болып табылады.