Файл: Емтихан сратарыазастан тарихы Туелсіз Казакстанны ылымы, білімі жне мдениеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 567
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Емтихан сұрақтары-Қазақстан тарихы1. Тәуелсіз Казакстанның ғылымы, білімі және мәдениеті. 1985-2000 жылдар аралығында орта білім мен жоғары білім беру саласы түпкілікті өзгерістерге ұшырады. 1990 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің баламалы жүйесі – отбасылық, коммерциялық және мемлекеттік білім беру мекемелері қарқынды дами бастады. Жалпы білім беретін баламалы мектептер, соның ішінде төлем ақысы жоғарылығына қарамастан жеке меншік мектептер көбейді. Осы жылдардағы мектептегі түбірлі өзгеріс – кеңес мектептеріне тән идеологиялық бірсарыңдылықтан арылды, Қазақстан тарихы мен мәдениеті толық, жүйелі түрде оқытыла бастады.1991 жылдан бастап жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы оқу орындары: лицейлер, гимназиялар, кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер ашылды. Жеке меншік мектептер мен колледждердің көптеп ашылып, олардың табысты жұмыс істеп жатқанына қарамастан, 1995 жылғы Конституцияда: «Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті», — деп атап көрсетілді.1999 жылғы маусымда қабылданған «Білім туралы» Заң жалпы білім беретін мектептердегі сатылы оқытуды үш сатылық етіп бөлді: бастауыш (1-4-сыныптар);негізгі (5-9-сыныптар);орта (10-11-сыныптар).Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды2. Кола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескерткіштер . Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.
Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады3. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі шаруашылықтың жаңа түрлерінін пайда болуы.Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).Шаруашылықтуралы айтады мысалы:ауылшаруашылығы,егіншаруашылығы ,бірігіп аң аулау т.б 4. «Казакстан- 2030» стратегиялық даму бағдарламасы.Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.Елбасы 1997 жылдың 16-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. Бұл бағдарлама елімізді әлемдегі ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Қазіргі таңда «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекеттің экономикасы серпінді дамып келе жатқандығын көрсетті. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
1. Ұлттық қауіпсіздік. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.5. «Қайта құру» кезіндегі республиканың коғамдық-саяси өзгерістері.1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 6. 1853-1858 жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы баскарган Сырдария және Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жуз казактарынын көтерілісі.Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтелістердің басты себептері:------Жер мәселесі-------Салық мәселесі-------Бекіністердің салынуы. XІX ғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысы барған сайын ауырлай түсті. Бұл жағдай олардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіне алып келді. Көтерілістің негізгі себептері, Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшейе түсуі еді. Біріншіден, генерал В.Перовский 1853 жылы Ақмешітті (қазіргі Қызылорда облысы) басып алған болатын. Екіншіден, Хиуа хандығы жүргізіп отырған басқыншылық саясат халықтың ашу-ызасын тудырған еді. Шекті руы басқыншылардың бірі Жанғожа қарапайым халықтың арасында беделді болды. Ол сол кездегі Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың, әсіресе егіншілердің отаршылық қанау салдарынан тұрмысы тіпті нашарлап кеткенін жақсы түсінді. Бұның себебі алдымен жер мәселесі еді.
Ақмешітті басып алғаннан кейін патша өкіметі Сырдария әскери шебін құрды. Бұл шеп бойынша бұрын қазақ халқы иемденіп келген көлемді әрі шұрайлы жер орыс-казактар мен Ресейден қоныс аударып келгендерді орналастыру үшін берілді. Жергілікті қазақтарға түтін салығы салынды, көптеген ауыр жұмыстарды орындау жүктелді. Олар жолды жөндеуге, көпірлер салуға, бас арықтарды тазалауға міндетті болды. Оның үстінде жергілікті үкімет орындарының талап етуімен бекіністер салуға, құрылыс материалдарын тасу үшін күш-көлік бөлуге де міндетті еді. Осы сияқты көлденең міндеткерліктер көбіне егіншілердің науқанды жұмыстарымен қабат келіп, олардың жағдайын ауырлата түсті. Егінші қазақтардың бұған дейін пайдаланып келген құнарлы жері күшпен тартылып алынып, казактарға берілді. 1857 жылға дейін 3000-дай қазақ отбасыларының егістікке жарамды жерлері тартып алынып, олар ағын суы жоқ, егістікке жарамсыз жерлерге қуылып тасталады. Осы жағдай 50-жылдардың ортасында шағын шекті руының егіншілерін ашық күреске шығуға әкелді7. Казакстандагы 1916 жылғы көтерілістің басталу себептері, сипаты және қозғаушы күштері. Қазақстанның Орта Азиянын барлық дерлік аудандарын қамтыған. 1916 жылғы Ұлт - азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты 1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттык болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық және тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардын калын тобы, сондай - ақ сол кезде туып келе жаткан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды. 1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі болыс, старшын, жергілікті апаратының қызметкелері және тағы топтардын көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жогары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара басқа ретінде басқару жүйесіне тартылған болатын.Жеке - жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен басып жанышталып, жұмысшыларды реквизициялау мен майданга жөнелту басталды. 6 шілдеде Ақбиіт алқабында болған албан руының 16 болысы өкілдерінің жиналысында көтерілістің Каркара ошағы басшыларының бірі Жәменке Мәмбетов былай деп мәлімдеді: Балалар қырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, Ақ патшанын жарлығын орындаймыз деді
8. Ерте темір дәуірінің ерекшеліктері. Сак және сармат тайпалық одақтары.Темір дәуірі немесе темір ғасыры — тас дәуірі және мысты мен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі тарихи кезең болып табылады. Темір дәуірінің ерте кезеңі ерте темір дәуірі деп аталған. Оның басталу мерзімі әр елде әрқалай. Қазақстан және оған көршілес аймақтарда ерте темір дәуірі б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында басталып, б.з. 1 мыңжылдығының орта шеніне дейін жалғасады. Ал жалпы темір дәуірінің аяқталу уақытын кей ғалымдар Еуропадағы өнеркәсіп төңкерісінің басталу мерзімімен байланыстырса, ал енді бір тарихшылар үшін темір дәуірі бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Себебі темірдің қорытпасы болып табылатын болат пен шойын осы заманның да негізгі конструкциялық материалы болып табылады. Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VIII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты.Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен ГрекБактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректердің маңызы ерекше.Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”,“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады9. 1867-1868 жылдардағы реформалардын Казакстанга әсері.