ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 255
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
***ОТВЕТ*** Цефазолин
23 жастағы ер адам, ауыл тұрғыны, ауруханаға ауруының 14-ші күні ауыр жағдайда, қызбаға, ішінің ауыру сезіміне, тәулігіне 2-4 рет іштің өтуіне шағымданып түсті. Өз бетімен левомицетин, фуразолидон қабылдаған. Ауруының 12-ші күні бөртпе, буындарыны ауыру сезімі пайда болған. Эпид.анамнез: жеке меншік үйде тұрады, жертөлесінде (в подвале) – тышқандар мен егеуқұрықтар байқаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Қолдары мен денесінде дақты бөртпе анықталады. Полилимфоаденопатия. Гепатомегалия. Іші жұмсақ, кіндік маңында және оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Патогенетикалық емге кіреді:
***ОТВЕТ*** Дезинтоксикация, десенсибилизация
37 жастағы ер адам, 27.06.96ж аэропорттан жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, түскендегі жағдайы ауыр, дене температурасы 410С , басы қатты ауырады, көп рет құсқан. 26.06.96ж. Сьерр-Лионда бір ай әскери іссапарда болғанда ауырған. Аурулардың алдын алу үшін делагил ішкен. Қарап тексергенде: сандырақтайды, басын ұстап жатыр, қарап тексергеде құсты. Беті қызарған, склералары инъецияланған. Басқа ағзалар жағынан өзгерістер жоқ. Қан жағындысында көп мөлшерде тропикалық безгектің барлық даму сатысындағы плазмодийлері анықталады. Тропикалық безгектің ауыр түрін емдеуде қолданылатын ЕҢ тиімді дәрі қандай?
***ОТВЕТ*** Хинин
43 жастағы ер адам жақын жердегі емханаға «Вирусты гепатит В» болжама диагнозбен жеткізілген. Науқасты алып келуші адамның сөзі бойынша науқастың ауырғанына 10 күндей болған. Ауруының 8-ші күнінде қайталамалы құсу, «кеңістікке құлау» сезімі, ұйқының бұзылуы, қорқынышты түстер көруге шағымданған. Қарап тексергенде: есі шатасқан, түнде дұрыс ұйықтамаған, науқаста қозу байқалады және сұрақтарға адекватсыз жауап береді. Тері жабындыларының түсі сарғайған, бауыр өлшемі қысқарған. Жүрек тондары бәсеңдеген, дұрыс ритмді, пульс 100 с/мин., АД 100/70 мм с.б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық. Аймақтық терапевт дәрігердің дұрыс тактикасы қандай?
***ОТВЕТ*** Дезинтоксикациялық ем тағайындап, ЖАК дәрігерін және жедел жәрдем шақырады
17 жастағы бойжеткен, ауыр жағдайда ең жақын ОРА жеткізілді. Анамнезі анасының сөзіен жиналған.Ауырғанына 6 күн болған. Аймақтық дәрігер: Қазалша, ауыр түрі деген диагноз қойған. Қарағанда: есі - сопор, қарашықтары екі жақта да орташа, жарыққа реакциясы жоқ, клонико-тоникалық құрысулар байқалып, аузынан көбік шыққан. Бүкіл денесінде майда, дақты-папулезді бөртпе анықталады. Акроцианоз. Тынысы шулы, ТЖ-28рет минутына. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі ритмді, әлсіз минутына 110 рет АҚҚ– 110/70 мм с.б. Қандай асқыну дамыған
***ОТВЕТ*** Менингоэнцефалит
32 жастағы әйел Африка тұрғыны. Аудандық ауруханаға ес-түссіз ауыр жағдайда жеткізілді. Жеткізген адамның сөзіне қарағанда ауырғанына 3-4 күн болған. Ыстықтау, қалтырау, тершеңдік, бас ауыруы, іштің ауыру сезімі байқалып, аспирин, левомицетин қабылдаған. Объективті қарап тексергенде: гипертермия, ернінде герпесті бөртпелер, тері жабындылары сарғайған. Іші жұмсақ, ішектердің спазмы жоқ, бауыры және көкбауыры ұлғайған. ҚҚ – 60/40 мм с.б., зәрі кешеден бері болмаған.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау қате болады?
***ОТВЕТ*** Адреналин 0,5 физ.еріт. т/і
20 жастағы ер адам тыныс алудың қиындауына, ауа жетпеу сезіміне, қысылу, қатты жөтел, қиын бөлінетін қақырыққа, кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 380 С –қа көтерілуіне, ентігу шағымдарымен ауруханаға келіп түсті. Анамнезінен: ауырғанына 3 күн болған, ауру катаральді белгілермен басталған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ жағдайында, тынысы шулы. Мазасыз, акроцианоз, ентігу, тыныс алу жиілігі-32 рет минутына, өлімнен қорқу сезімі мазалайды. Аускультативті тыңдағанда өкпенің екі жағында да орташа және үлкен көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысының тұйықталған. ҚҚ 130/90мм сын.бағ.Тамыр соғысы минутына120 рет. Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?
***ОТВЕТ*** Вирусты пневмония. Өкпе ісінуі
18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімшесінің дәрігері Менингококкты инфекция, менингококцемия диагнозын қойған. Бөлімшеде пенициллинді тәулігіне 12 млн б/е, ыстық түсіруші препаратын енгізген. Бүгін науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, психомоторлық қозу пайда болған, тыныс алу жиілігі - 25 рет мин., тамыр соғысы 130 с/мин, жіптәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б., дене температурасы 36,20С. Таңертеңнен бері кіші дәретке шықпаған.Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?
***ОТВЕТ*** Инфекциялық-токсикалық шок
Ауруханаға 18 жастағы жас қыз дене қызуының көтерілуіне, қатты бас ауыруына, 2 рет құсу шағымдарымен келіп түсті. Үйінде кіші інісі ЖРВИ – мен ауырып жазылған. Ауруханада пенициллин тәулігіне 12 млн, ыстық түсіруші препарат, осельтамивир (тамифлю) препаратын тәулігіне 75г, көп сұйықтық ішу, аскорбин қышқылын тағайындаған. Бүгін науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, психомоторлық қозу, денесінің барлық жерінде геморрагиялық бөртпелер пайда болған, тыныс алу жиілігі – 25 рет мин., тамыр соғысы 130 рет/мин, жіптәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б., дене температурасы 36,2
0С. Таңертеңнен бері кіші дәретке шықпаған.Науқастың жағдайы қай препараттан кейін нашарлаған болуы мүмкін?
***ОТВЕТ*** Бактерицидтік антибиотик тағайындау
26 жастағы әйел ауруханаға ауыр жағдайда келіп түсті. Туыстарының айтуы бойынша кеше кешкі сағат шамамен 22.00 де қалтырау, дене қызуы 400С – қа көтерілуімен, басының қатты ауыруымен басталған. Парацетомол ішіп сосын ұйықтауға жатқан. Таңертең әйел төсектен тұрмайды, денесінің барлық жерінде бөртпе пайда болған, дене қызуы 39,80С жоғарылап ыстық түсіруші препараттар көмектеспеген. Жағдайы ауыр, есі анық. Менингеальді симптомдар жоқ. Кеудесінде және аяқ-қолдарында геморрагиялық «жұлдызша тәрізді» бөртпелер пайда болған. ҚҚ – 90/60 мм сын.бағ., ЖСЖ 120 рет мин., пульсі әлсіз толымды, таңертеңнен бастап кіші дәрет болмаған. Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін?
***ОТВЕТ*** Инфекциялық- токсикалық шок
36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің жиі өтуі шағымыдармен ауылдық ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 80/60 мм сын.бағ. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші ауру сезімсіз. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
***ОТВЕТ*** Тамыр ішіне тұзды ерітінділер құю
26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 5-6 ретке дейін сұйық нәжіс шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезі: таңертең қуырылған тауық жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, сасық иісті, жасыл түсті. Клинико-эпидимиологиялық мәліметтеріне негізінде отырып «Сальмонеллез, гастроинтестинальді түрі, ауыр ағымды. Асқынуы Гиповолемиялық шок» диагнозы қойылған.Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
***ОТВЕТ*** Асқазанды жуу, т/і және оральді тұзды ерітінділерді енгізу
Урология бөлімшесіне оң жақтық орхит диагнозымен науқас жатқызылды. Анамнезінен:15 күннен бері ауырады, алғашқы 3 күнінде дене температурасы 380С.құлақ маңының ауыратынын және ісінгенін байқаған,1апта бұрын ішіндегі ауру сезімі мазалаған, жүрегінің айнуы, 5-6 реттік құсу, диарея. 2күн бұрын температурасы көтерілген, кеше оң жұмыртқасының ауыратынын және ісінгенін байқаған.Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
***ОТВЕТ*** Паротитті инфекция
Ер адам, 19 жаста ауруының 3-күні келесі шағымдармен түсті: құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі, қатты бас ауруы, қайталамалы құсу. Пальпация кезінде сілекей бездері ұлғайған, қамырлы консистенциалы, аздап ауырсынулы, сиптом Мурсу оң, дене қызуы 39ºС, менингиальді симптомдар оң(мойын бұлшық еттерінің ригиттілігі 3 саусақ, Кернига симптомы «оң» ). Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ. Ликворда: цитоз 85 жасуша 1 мкл3, лимфоциттер – 76, нейтрофилдер – 9, белок - 0,066%, Панди реакциясы, қант – 2,7 ммоль/л. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?
***ОТВЕТ*** Паротитті инфекция, серозды менингит
Ер адам, 19 жаста ауруының 3-күні келесі шағымдармен түсті: құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі, қатты бас ауруы, қайталамалы құсу. Пальпация кезінде сілекей бездері ұлғайған, қамырлы консистенциалы, аздап ауырсынулы, сиптом Мурсу оң, дене қызуы 39ºС, менингиальді симптомдар оң(мойын бұлшық еттерінің ригиттілігі 3 саусақ, Кернига симптомы «оң» ). Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ. Қандай зерттеуді ЕҢ бірінші жүргізу керек?
***ОТВЕТ*** Жұлын сұйықтығын алу
Ер адам, 36 жаста ауруының 5-күні мынадай шағымдармен түсті: дене температурасының жоғарлауы, бас ауыру, терісінде қышымайтын бөртпе, тамағындағы ауру сезімі. Жақында отбасында үш бала герпестік баспамен ауырған. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықта, t -39,50С. Менингиалды белгілері жоқ. Ауыз жұтқыншақта: айқын қызару, жумсақ таңтайда көптеген серозды папулалар, теріде жайылған майда нүктелі бөртпелер байқалады, бауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?
***ОТВЕТ*** Энтеровирусты инфекция
Ер адам 21 жаста, жедел ауырған. Әлсіздік, температурасының жоғарылауы 38°С, аздаған тамақтағы ауырсынуы мазалайды. Анкасында қызару цианотикалық түсте, ұлғайған бадамшада сыртына шықпайтын, қиын алынатын сұр жабынды анықталады. Мойын шел қабатында ісіну жоқ.Күлдік антитоксиннің қандай дозасын беру керек ?
***ОТВЕТ***10000-20000 ЕД
Әйел 20 жас, ауруының 3ші күні мынандай шағымдармен түсті: жоғары дене қызуы 390С, әлсіздік, аздаған тамағының ауыруы. Жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,40С. Пальпация кезінде жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырсынусыз. Аңқада-цианотикалық түсті қызару, бадамшалары жұтқыншақ доғашықтарынан шығыңқы, ісіңген, сұр түсті жабындымен жабылған, шпательмен алынбайды. Анамнезінде: 2 күн алдын қызметтесі баспа ауруымен ауруханаға жатқызылған.Науқасты шығару үшін қанша теріс бактериологиялық зерттеу алу керек?