Файл: дістсілдер тізбесі А б в А,В,С Айдаар Айын масат оя отырып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 161
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Атомдар мен молекулалар»
Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал,жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт,бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар)айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.
Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
«Ашық және Жабық сұрақтар»
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады.Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін не істедіңіз?
Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз. Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.
«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
-
бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. -
бүгін сабақта қуантқаны..... -
мен өзімді.....үшін мақтар едім. -
маған ерекше ұнағаны..... -
сабақтан соң маған........келді. -
бүгін маған..........сәті түсті. -
қызықты болғаны..... -
......қиындық тудырды. -
менің түсінгенім..... -
енді мен......аламын.
«Әдебиет лотосы»
Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтыру. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған шығармаларды да пайдалануға болады.
Шығарма атауы | Авторы | Кейіпкері | Қандай? | Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды? | Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір. |
| | | | | |
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы
- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».
«Әйнек арқылы сөйлесу»
Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.
«Ән шырқау»
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды (« Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз елім»т.б.).
«Әңгімелесетін әріптестер»
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
-
жаңа оқылған 3 факті туралы; -
оларға жеңіл болып көрінгендер туралы -
оларға қиын болып көрінгендер туралы -
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
«Әріптер мен сандар»
Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.
«Әуенді өрімдер»
Саз өнері – қазақ халқының ерекше мән беріп дәріптейтін құнды қазынасы, ұлттың тілі мен ділінің айнасы. Ештеңеге қызықпайтын бала ән мен күй тыңдауға елітіп, елеңдері, қосыла айтуға құмартуы сөзсіз. Олай болса, сөзді сазды иіріммен айту, бір-бірмен әуендете өру – тамаша көмек көзі. Бірақ шәкірттеріміздің көптің алдына шыға алмайтын ұяңдығы, әнді нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат. Сонымен қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн көріп, тартынып отыратын баланың әнді тебірене орындайтын сәттерін де сан рет байқадық. Әр сөздің мағынасын әуен арқылы тербей, жүрегімен сезінген шәкіртімізді басқа қырынан танып, тәнті боламыз. Үзілісте бала жанына шымырлай еніп жататын халық әндері мен күйлері, халық композиторларының шығармалары, қазіргі таңдаулы қазақы туындылары үнтаспада ойналып, бала жанына бұлақтай мөлдіреп құйылып жатса, нұр үстіне нұр!
Жалпы сабақтардың, үзілістің музыкамен тығыз байланыста болуы баланың ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз.
«Бағдаршам»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Немесе:
«Балалар философиясы»
Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.
«Балық, құс, аң»
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
- Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
«Барлық оқушылармен жұмыс»
Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.
«Бас бармақ»
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
«Батискаф»
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.
«Баяндама»
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
«БББ»
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?
Олар нені білгісі келеді?
Олар нені білді?
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).
Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.
«Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
«Биографиялық поэма» (Биопоэма)
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:
-
Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз) -
Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз). -
Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби) -
Неден қорқамын, сескенемін?(Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз) -
Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз) -
Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?) -
Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?) -
Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?) -
Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз) -
Тегім
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді.Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын тереңдете түскені дұрыс.
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана қолданбай, бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір қырынан ашады.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?»деген сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін)атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.
«Блиц кездесу»
Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.
«Блок ортасында бағалау»
Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік береді.
«БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» теориясы бойынша жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
Бос орындарға қажет сөздерді қойып,мысал келтір.
-
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді. -
Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып, басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
-
Балам, қайданкелдің? – Балам, (сен) қайдан келдің? -
Астанадан. – (Мен) Астанадан (келдім).
Ереже:Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.
-
Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру үшін не істеу керек?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
-
Біріншісі:өзара желілес сөйлем тобында; -
Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
-
Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.